Құрастырған:
Қаралды: институттың ҒК
отырысы
Бекітілді: ҚазҰТЗУ ОӘК
95-тің 30- беті
- еркін диспутация және ұтымды шешімдер қабылдау дағдылары;
- кәсіби қызметтегі этикалық принциптер дағдылары.
Құрастырған:
Қаралды: институттың ҒК
отырысы
Бекітілді: ҚазҰТЗУ ОӘК
95-тің 31- беті
Мамандыққа кіріспе (Геодезия)
КОД – MAT453
КРЕДИТ – 3 (1/0/2)
ПРЕРЕКВИЗИТ – жоқ
КУРСТЫҢ МАҚСАТЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ
Курстың мақсаты студенттерді жер беті мен оның жеке учаскілерінің
пішіні мен өлшемдерін өлшеу арқылы, инженерлік, кадастрлық және басқа да
есептерді шешу үшін өлшеулерді математикалық өңдеуде қолданылатын
карталарды, жоспарларды құруды оқытатын ғылыммен таныстыру. Зерттеу
негізінде қазіргі заманғы техника мен технологияны пайдалана отырып, бір-
біріне қатысты геометриялық пропорцияларды, өлшемдерді және аса маңызды
объектілердің орналасуын анықтау әдістері жатыр.
Курстың міндеттері: практикалық және қолданбалы дағдыларды
қалыптастыру:
-оптикалық-механикалық және электрондық геодезиялық аспаптармен
бұрыштық және сызықтық өлшеулерде;
- нұсқаулық талаптарына сәйкес тура және кері геодезиялық есептер
негізінде далалық өлшеулерді математикалық өңдеуде;
- координаталардың бірыңғай жүйесіндегі жер бетінің координаттары
мен нүктелерінің белгілерін анықтау;
- жоспарда немесе профильде өңделген деректерді құруда.
КУРСТЫҢ ҚЫСҚАША СИПАТТАМАСЫ
Курс жер көлемі мен пішіні, геодезия жүйесінде қолданылатын
координаталар жүйесі, жергілікті жердегі сызықтарды бағдарлау туралы,
жоспарлар, карталар, профильдер, масштабы, жер бедері туралы, бұрыштық
және сызықтық өлшемдер, әртүрлі пландық-биіктік түсірістер туралы негізгі
түсініктер беретін оқу бағдарламасын қамтиды. Курс студентті негізгі
ұғымдарға ғана емес, сонымен қатар әр түрлі пландық-биіктік түсірістердің
далалық жұмыстарын орындауға, әр түрлі пландық-биіктік түсірістердің
далалық өлшеулерін өңдеуге, еңбек нарығының талаптарына сәйкес техника
мен технологияны қолдана отырып инженерлік міндеттерді шешу кезінде
жоспар немесе профильді құрастыруға және ресімдеуге үйрету үшін құрылған.
КУРСТЫ АЯҚТАУ БОЙЫНША БІЛІМ, БІЛІК, ДАҒДЫ
Студент біледі:
- негізгі геодезиялық аспаптардың құрылысы,
- жер бетінде бұрыштық, сызықты және биіктік өлшеулерді орындау
әдістемесі,
- геодезиялық өлшемдерді камералдық өңдеу ережелері,
Құрастырған:
Қаралды: институттың ҒК
отырысы
Бекітілді: ҚазҰТЗУ ОӘК
95-тің 32- беті
- топографиялық құжаттарды жасауға қойылатын негізгі талаптар.
Студент істей алады:
- жергілікті жерде бұрыштық, сызықтық және биіктік өлшеулерді
орындау кезінде геодезиялық аспаптармен жұмыс істеу,
- негізгі геодезиялық түсірілімдерді орындау,
- геодезиялық өлшеу нәтижелерін өңдеу кезінде есептеу-графикалық
жұмыстарды орындау
- жоспар, карта және профильдер бойынша инженерлік мәселелерді
шешу.
Құрастырған:
Қаралды: институттың ҒК
отырысы
Бекітілді: ҚазҰТЗУ ОӘК
95-тің 33- беті
Топографиялық графика
КОД – MAP449
КРЕДИТ – 3 (2/1/0)
ПРЕРЕКВИЗИТ – жоқ
КУРСТЫҢ МАҚСАТЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ
Бұл пәнді оқып үйрену картография, геодезия, жерге орналастыруда
қолданылатын картографиялық материалдарды графикалық ресімдеудің
теориясы мен әдістері болып табылады. Сонымен қатар графикалық
бағдарламалар пакетін қолдану (Corel DRAW, AutoCAD және т.б.).
Топографиялық картаны, жерге орналастыру жоспарын жасау –
геодезиялық
және
топографиялық
жұмыстарды
орындауды,
аэрофототүсірісті, карталарды жасау мен редакциялауды, шығаруға
дайындауды және басып шығаруды қамтитын күрделі процесс. Картаны
жасаудың әрбір кезеңінде қандай да бір шамада сызба және безендіру
жұмыстары орын алады, оларды орындау үшін материалдарды, сызбалық
керек-жарақтарды білу, карталарды сызу және рәсімдеу әдістері мен
тәсілдерін меңгеру қажет.
КУРСТЫҢ ҚЫСҚАША СИПАТТАМАСЫ
Топографиялық сызу геодезиялық және басқа да түсіріс түрлерінің
нәтижесінде алынған топографиялық карталар мен пландардың, сондай-ақ
топографиялық жұмыстардың нәтижесінде алынатын өзге де графикалық
құжаттардың түпнұсқаларын жасау ерекшеліктерін зерттейді.
Топографиялық сызу ерекшеліктері
Топографиялық пландар (1 : 500 – 1 : 5 000) және топографиялық
карталар (1 : 10 000 – 1 : 100 000) далалық құрал-аспаптық түсірістердің
нәтижелері бойынша далалық материалдар бойынша жасалатын елдің
картографиялық қорының негізін құрайды (95% - ға аэрофотүсірістер негізінде
орындалған).
КУРСТЫ АЯҚТАУ БОЙЫНША БІЛІМ, БІЛІК, ДАҒДЫ
Студенттер біледі:
сызу аспаптары мен құралдарының мақсаты мен құрылысы; -
қаріптердің жіктелуі, оларды таңдауға қойылатын талаптар; - топографиялық
және жерге орналастыру сызуда қолданылатын шартты белгілердің жіктелуі;
- фондық және шартты белгілерді орындау әдістемесі; - алаңдарды бояу
техникасы мен тәсілдері; - топографиялық және кадастрлық жоспарлар мен
сызбаларда объектілерді ресімдеу мен шартты бейнелеу жөніндегі
мемлекеттік стандарттардың негізгі ережелері.
Студенттер істей алады: