Нұсқаулары Қарағанды 2010 «Әлеуметтік жұмыстың әдістері және технологиялары»



жүктеу 300,58 Kb.
Дата12.02.2018
өлшемі300,58 Kb.
#9421
түріНұсқаулар

ҚАЗТҰТЫНУОДАҒЫ

ҚАРАҒАНДЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

Әлеуметтік жұмыс және әлеуметтік-саяси пәндер кафедрасы

«Әлеуметтік жұмыстың әдістері және технологиялары» пәнінен

050905 – Әлеуметтік жұмыс мамандығының

студенттеріне арналған курстық жұмыстардың әдістемелік нұсқаулары

Қарағанды 2010
«Әлеуметтік жұмыстың әдістері және технологиялары» пәнінің типтік бағдарламасының негізінде курстық жұмыс жазуға арналған әдістемелік нұсқауды құрастырған п.ғ.к., доцент С.А.Муликова

Кафедраның оқу-әдістемелік семинарында бекітілген

№2 хаттама «14» қазан 2010ж.
Кафедра меңгерушісі

п.ғ.к.,доцент Абдакимова М.К.

Кіріспе

«Әлеуметтік жұмыстың әдістері және технологиялары» пәні өзара байланысты бірнеше бөлімдерден тұрады. «Әлеуметтік жұмыстың әдістері және технологиялары» пәнің оқудағы бекітуші кезең курстық жұмысты орындау болып табылады.



Куртық жұмыс студенттің өзіндік жұмысының маңызды бөлігі, курстың логикалық аяңы болып табылады.

Курстық жұмысты орындай отырып, студенттер күрделі теориялық сұрақтарды талдау барысында өз ойларын нақты жеткізу, жалпы теорияларды күнделікті ақиқатпен байланыстыру, өз мамандығымен байланыстуры үйренеді.

Курстық жұмысты жазу барысында студенттер қажеттік тарихи әлеуметтік әдебиеттерді өз бетімен іріктеуді, нақты статистикалық материалдар жинауды, әлеуметтік құбылыстарды талдау икемін қалыптастырады.

Курстық жұмысты оындай отырып, студенттер баяндама, реферат және өзіндік жұмыстың басқа да түрлерін дайындауды үйренеді.

Осылайша, оқу процесіндегі курстық жұмыстың маңызы мен ролі:



- ғылыми-зеттеу жұмысының икемін қалыптастыру;

- талдау және шығармашылық мүмкіндіктерін дамыту;

- өзіндік жұмыстың икемін қалыптастыру;

- пән бойынша білімді тереңдету, жүйелеу және жалпылау;

- теориялық білім мен тәжірибелік дағдыларды интеграциялау;

- білімді бақылау.

Берілген әдістемелік нұсқауда курстық жұмысты жазу бойынша нұсқаулар берілген. Олар студентке өзіндік зерттеужұмысын жүргізуде көмек көрсетеді.
Курстық жұмысты орындау мақсаты және міндеттері

«Әлеуметтік жұмыс» мамандығының студенттерін дайындаудың оқу бағдарламасына сәйкес курстық жұмыстың негізгі мақсаты мен міндеттеріне жататын:



- оқытылатын пәндер бойынша білімді жалпылау және бекіту, оларды нарықтық қатынастардың қалыптасу жағдайында белгілі әлеуметтік міндеттерді шешуде пайдалану;

- жүйелік талдау ойын дамыту, зерттеу әдістемесін меңгеру, әдебиеттермен жұмыс жүргізк, жүйелік ақпаратты талдау;



- ғылыми зерттеу жұмысының икемін қалыптастыру, қазіргі жағдайдағы экономикалық мәселелерді талдауда шығармашылық баыт, өзіндік жұмыс жүргізу;

- студенттерде тәжірибелік икемді қалыптастыру;

- тәжірибелік жұмысты бекіту.
Курстық жұмысты орындау бойынша ұйымдастырушылық

жұмыстар

Кафедрамен ұсынылатын тақырыптар тізімінен өзге, ұйымдар мен мекемелер өзекті мәселелер бойынша тапсырыс арқылы өз тақырыптарын ұсынады.



Курстық жұмыс тақырыбын таңдау студенттің өзімен жұмыс орнына немесе тәжірибеден өзу объектісіне байланысты таңдалып алынады. Сонымен бірге студент ғылыми теориялық және тәжірибелік маңызын негіздей отырып өзінің жеке тақырыбын ұсынуы мүмкін. Ұқсас жұмыстарды болдырмау мақсатында бірдей мекемеде тәжірибеден өтетін студенттеге бірдей тақырып алуға болмайды. Осыған сәйкес комплекстық тақрыптарды да таңдауға болмайды.

Әр студентке курстық жұмыс жүргізілетін пәнді оқытатын оқытушы беітіледі. Ғылыми жетеші студентке тақырыпты қалыптастыруда, зерттеу объектісін таңдауда, жұмыс жоспарын жасауда, әдебиеттер тізімін таңдауда көмек көрсетеді.

Студент берілген мәселесе бойынша әдебиеттерді зерттейді, зерттеу объектісі болып табылатын белгілі бір мекеме бойынша тәжірибелік мәліметтерді жинайды.

Ғылыми жетекші курстық жұмыстың орындалу үрдісін қадағалайды, негізгі сұрақтар бойынша консультациялар жүргізеді, біртіндеп тарауларды тексереді, және жұмыстың уақытылы орындалуын тексеріп отырады. Егер ұсынылған материал мазмұны бойынша тақырыпқа сәйкес келмесе, қойылған сұрақтарды толық ашпаса, дұрыс ұсынылмаса, редакциондық қателер оын алса, онда жетекші жұмысты толықтыруға жібереді.



Дайын жұмыс рецензиялауға және қорғалуға жіберледі. Рецензент қызметіне жұмысты келесі критерийлер бойынша баалау кіреді:

- қарастырылып отырған сұрақтардың өзектілігі және жаңашылдығы;

- студент мәселесінің зерттелу деңгейі;

- теориялық және тәжірибелік сұрақтардың ашылу деңгейі мен талдау сапасы;



- нәтижелердің тәжірибелік маңыздылығы;

- автордың қытындылары мен ұсыныстарының негізделгендігі мен оларды тәжірибе жүзінде қолдану мүмкіндігі;

- мазмұндау әдістемесі, ғылыми стилі және логикасы;

- барлық стандарттарға, басылым және жазу еңбектерінің ережелеріне сәйкестік.

Курстық жұмыс берілген критерийлерге сәйкес болмаса, қорғауға ұсынылмайды; егер толықтырулар қажет болса, қосымша жұмысқа жіберіледі.
Курстық жұмыстың мазмұнына қойылатын негізгі талаптар

Курстық жұмыстың мазмұны толығымен тақырыпқа сәйкес келіп, студент зерттеп отырған мәселені толық ашуға мідетті. Жұмыс жоспары негізгі теориялық және тәжірибелік сұрақарды толық ашп қамту керек. Жұмыс жоспарын құру барысында студент келесі ережелергесүйенуге тиісті:



- берілген мәселе бойынша алдын алаәдебиеттер тізімімен танысу, зерттелетін сұрақар шеңберін анықтау, негізгі сұрақтарды зерттеу, зерттеу мәселесін конкретизациялау, тәжірибелік сұрақтардызерттеу;

- жоспар объект пен пәннің қазіргі жағдайн ғана емес, сонымен бірге оның даму тенденциясын ескеруге тиісті;

- жоспраға ақпаратжинауға мүмкін сұрақтарды енгізу.

Жұмысты жазу барысында пайдалануға ұсынылады:

- әлеуметтік жұмыс саласын сипаттайтын нормативтік-құқықтық актілер (Қазақстан Республикасының Заңдары, Қаулылары).

- әлеуметтік жұмыс бойынша қазіргі кездегі ғылыми-зерттеу әдебиеттері;

- отандық және шетелдік баспасөз материалдары;

- ғылыми зерттеу институттарының статистикалық ақпаратын, инструктивтік-нормативтік, әдістемелік, болжамдық, аналитикалық материалдарын

Әдебиетпен жұмыс және ақпаратты жинау – шығармашылық процесс. Сондықтан жеке сұрақтар бойынша монография, статья, брошюраларды жүйелеу және топтау керек, цитаталарды пайдалану бойыншақойылатын талаптарды ескеру қажет.



Курстық жұмыс келесі тараулардан тұрады:

- мазмұны;

- кіріспе;

- негізгі бөлім;

- қорытынды;

- пайдаланылған әдебиеттер тізімі;

- қосымша.

Курстық жұмыстың мазмұнына қойылатын негізгі критерийлерге жататын:

- сауатты және логикалық тұрғыда құрастырылған жұмыс жоспары;

- жүйелі және сыни тұрғыда қарастырылған теориялық материалдың болуы;

- тәжірибелік кесте (3-5 тен аз емес) материалы мен оынң түсідірмесінің орын алуы;

- зерттеу мәселесіне байланысты бар көзқарастарды жүйелі талдау және тәжірибелік түсіну;

- курстық жұмыстың құрылымы мен мазмұнының қойылатын талаптарға сәйкес келуі;

- өзіндік қорытындылар, қойылған мідеттер бойынша ұсынылатын шешімдер.

Курстық жұмыс, көп жағдайда кіріспе, екі немесе үш тараудан (студенттің өзіне байланысты), қорытынды, пайдаланылған әдебиеттер тізімі және қосымшадан тұрады.

Курстық жұмысты жазу процесі бірнеше кезеңдерден тұрып, әрқайсысында әртүрлі зерттеу міндеттері шешіліп, әртүрлі ақарат жинақталып оырады.

Ең қиын әрі маңызды кезең – зерттеу тақырыбын таңда болып табылады. Зерттеу тақырыбын дұрыс таңдау, оның орындалуын жартылау жүзеге асыру болып есептеледі. Тақырып өзекті болып, жаңашылдыққа ие болып, ғылыми тұрғыда қарастыылуға міндетті.

Келесі кезең тақырыпты әдебиетер арқылы зерттеу болып табылады.



Тақырыпты алдын ала таңдағаннан кейін, студент берілген сала бойынша библиографиялық ізденіс жүргізуге тиісті.

Әдебиеттерді таңдау барысында ең алдымен кең ауқымды шеңберде қарастыру ұсынылады.

Ғылыми публикацияларды зерттеу келесі кезеңдермен жүргізілуге тиісті:

- шығармамен мазмұны бойынша жалпы танысу;

- шығарманыжалпы қарастыру;

- материалдың орналасу әртібіойынша қарастыру;

- шығарманың жеке бөлімін таңдап оқу;

- қызығушылық көрсететін материалдарды жазып алу;

- жазылған материалға сын көзбен қарау, өз жұмысыңа пайдалану мүмкіндігін анықтау.

Таңдалған тақырып нақты болуға тиісті.

Кейін курстық жұмыстың бастпқы жоспарн құрастыру қажет. Жоспарды құру барысында ең алдымен курстықжұмыс тақырыбының өзектілігін анықтап алған жөн. Мұнда берілген тақырыптың қадай ғылыми егіздерге байланысты таңдалып алынғанын ипаттаған жөн. Мұнда әлеуметтік жұмыс,әлеуметтік ылым алдында бүгінді таңда қойылған мәсеелер, қоғам дамуына байланысты оын алатын экономикалық мәселелерді кең ауқымда ашып қарастырғн дұрыс.

Кейіннен жұмыстың объектісі және пәні анықталады. Гносеологиядағы объект таным субъектісіне, басқаша айтқанда зерттеу аторына қарсы тұрады. Зерттеу пәні бұл жалпы объектіні зерттеушінің тануы болып табылады. Ол зерттеу объектісін асолюттық ақиқатқа жақындатады. Зерттеу объектісі мен пәні арасында өзара байланыс бар. Бір объект әртүрлі зерттеу жұмыстарының пәні болуы мүмкін.

Содан кейін зерттеу мақсаты анықталады. Ол студенттің өз жұмысын жазу барысында қандай жетістіктерге қол жеткізуге тырысатындығын сипаттайды.

Курстық жұмысты жазу логикасын анықта барысында жеке зерттеу мідеттері анықталады. Олар жалпы алғанда жұмыс мақсатына қол жеткізуді жүзеге асыруға міндетті.

Курстық жұмыстың міндеттері жұмыс пәнінен туындайды. Мазмұн мен міндеттер саны курстық жұмыстың пәнін толық ашатындайболуға тиісті.

Курстық жұмыстың міндеттері студент өз алдына қойған жоспарланған нәтижелер мен мақсаттарды сипаттайды. Курстық жұмыстың міндеттері коцепцияларды, бағыттарды, теорияларды сипаттау, анықтау, негіздеу, жүйелеу, дамыту, конкретзациялау, талдау болуы мүмкін.

Курстық жұмысты жазу процесінің маңызды сипаттамасы оны нәтижесі болып табылады. Нәтиже негізделген және дәлелденген болуға тиісі. Ол ғылыми және тәжірибелік маңызға ие болу керек.

Ғылыми жұмыстың, соның ішінде курстық жұмыстың кемшілігі – оның қазіргі кезде көбінесе сипаттық тұрғыда орын алуында болып табылады. Құбылыстарды талдау әрекеті жасалғаныменен, ол тек қарапайым және көзге көрінетін жақтарды ғана қарастырады.

Осылайша курстық жұмысты жазу логикасы материалдардыжинауәдісімен ғана шектелмей, сонымен бірге жиналған материалдарды талдау және интерпретациялаумен байланысты болады.

Курстық жұмысты жазу нәтижелерін мазмұны, ғылыми тәжірибесі жағынан, дәлелділікті алу деңгейімен ашуға болады. Курстық жұмысты жазу барынысда алынған нәтижелер сәйкесінше сипатталуға міндетті болып табылады.

Курстық жұмыстың нәтижелерін талдаумен қоса, оларды жұмыста қалай сипаттау керектігін ойлаған жөн. Зерттелетін жеке құбылыстардың арасындағы өзара байланыстарды әртүргі диаграмма, кесте, математикалық формулалар арқылы сипаттауға болады. Көбінесе берілген әдістердің барлығын бірге пайдалануға болады. Себебібұл жұмыс нәтижелілігі мен тәжірибе жүзіндегы маңыздылығын түсінікті сипаттайды.

Курстық жұмысты жазудың соңғы кезеңіне жататын – рәсімдеу болып табылады. Жұмыс көлемі суденттің зерттеу тақырыбының мазмұнын қысқа әрі нұсқа сипаттауын көрсетеді. Ғылыми жұмыста ерекше маңыздылыққа жазу стилі ие болады. Ғылыми шығармалардың тіліне көбіне жатқызылатын қасиеттер: сөзді пайдалану, ресми тілі, қатаң анықтау және сипаттау болып табылады. Ойлар мен фактыларды жеткізу барысында оны мамандарға түсінікті тілмен жеткізу керек.



Арнайы терминдер мен белгілердің, стандартты және халықаралық белгілердің арқасында қысқа және экономды тұрғыда ғылыми фактылар, түсініктер, процестер мен құбылыстардың кең ауқымды анықтамасын беруге болады. Әрине кез-келген түсініктің кең ауқымды берілген анықтамасы оны түсіну мүмкіндігін береді. Сәйкесінше, ғылыми терминдер мен анықтамаларды өте сақ таңдап қолдану керек.

Жұмысты жазу барысында қабылданған теориялық позицияны, материалдарды сипаттау логикасын жүзеге жүйелі түрде асыру керек. Ғылыми сипаттаудың тағы бір көрсеткіші теориялық жағдайлардың өзара терең байланысы болып табылады. Мұнде ғылыми тілдің тереңдігіне назар аудару керек. Тілдің тереңдігіне бір түсініктерді қайталануы кедергі келтіреді. Сондықтан белгілібір ұғымдардың неғұрлым көп синонимдерін пайдалана білу керек.

Курстық жұмысты орындау келесі ережелерді орындауды талап етеді:

- материал нақты, қысқа, жүйелі тұрғыда сипатталуға тиісті;



- әр тараудың соңында белгілі бір сұрақтар бойыншақосынды жасау керек;

- ғылыми және оқу әдебиетінен көшірмелер жасауға болмайды, автордың ойын өз ойым деп тануға болмайды;

- мәтінде қайталау, ойдың толық жеткізілмеуі, орфографиялық және стилистикалық қателер орын алмау керек.

Курстық жұмысты рәсімдеуге қойылатын талаптар

Курстық жұмыс стандартты формат А4 (210x297) жазылады, ал таблицалар A3 (297x420) беттерге жазылуға тиісті болып табылады. Мәтін және курстық жұмыстың басқа да элементтері түсінікті жазумен немесе компьютер арқылы 1 интервал жолымен жазылады. Курстық жұмысты жазу барысында «Times New Roman», №14 кегльді пайдалану талабы қойылады. Поля: оң жағы - 10 мм, үстінгі - 20 мм, сол жағы - 30 мм және төменгі - 25мм.

Курстық жұмыстың көлемі 25-30 беттен тұрады (компьютер арқылы жазылған және қосымшаларды ескерек отырып). Беттердің номері беттердің оң жоғарғы жағынан араб сандары арқылы қойылуға тиісті.

Бірінші бет – титулдық бет және екінші бет – мазмұнға бет номері қойылмайды, алайда ескеріледі. Мәтін үшінші беттен басталады.

Курстық жұмыстың әр тарауы жаңа беттен басталуға тиісті. Тараулар жұмыс көлемінде реттік номерге ие болып, абар әріптерімен көрсетілуге міндетті болып табылады. Тараулардың атаулары абзацтық шектеуден белгіленеді. Тараудың тармақтары әр тарау аралығында нумерацияға ие болады. Тармақтың номеры нүктемен ажыратылатын тарау және тармақ номерінен тұрады. Тараулар, тармақтар сияқты бірнеше бөліктерден тұруы мүмкін. Тармақ, тарау атауынан интервал қалдырғаннан кейін абзацтан басталады. Екінші және кейінгі параграфтар екі интервалдан кейін жазылады. Тараулардың атауы басәріптермен, ал параграфтар кішкентай әріптермен жазылады. Курстық жұмыстың жоспары және мәтіні рәсімделгенде тармақтардың атауы жаылған кезде «Тарау» деген сөз жазылмайды. Абзацтық интервал барлық мәтіндебірдейболуға тиісті.


Тараулар мен тармақтардың рәсімделу үлгілері:

1 ТҮРЛЕРІ ЖӘНЕ НЕГІЗГІ СИПАТТАМАЛАРЫ

1.1 Техникалық сипатталар

1.2 Өлшеу әдістері

Курстық жұмыс элементтерін келесі тізбек бойынша орналастырған жөн:

  1. Титулдық бет;

  2. мазмұны;

  3. кіріспе;

  4. негізгі бөлім;

5) қорытынды;

6) пайдаланылған әдебиеттер тізімі;

7) қосымша.

Барлық талаптарға сәйкес келмейтін, ретсіз рәсімделген жұмыс студентке қайтарылады.

Тараулар мен тармақтардың мазмұны кесте, график, сурет, фото сурет түріндегі иллюстрациялармен сипатталуға тиісті. Осыған байланысты оларды рәсімдей тәртібін қарастырайық.

Кесте жақсы сипаттау және салыстырмалы материалдарды түсінікті етіп орналастыру үшін қолданылады. Кестенің атауы оның мазмұнын сипаттап, қысқаболу керек. Барлық кестелер абар сандарымен нумарациялануға тиісті болып табылады. «Кесте» деген сөз бір рет кестенің жоғарғы сол жағынан жазылып, онда «№» белгі жазылмайды, және келесіде «Кестенің жаласы» деген сөз орын алуға міндетті. Кесте атауынан кейін нүкте қойылмайды. Егер кесте беттің соңғы жағында орын алып, аяқталмаса, онда оның астыңғы жағынан сызық қойылмайды. Барлық кестелер атауына және сілтемеге ие болады. Жұмыста кестені ол аталған мәтіннен кейін бірден сол бетке немесе келсі бетке орналастыру керек.

Курстық жұмыста барлық кестелерге сілтеме берілуге тиісті. Сілтемеде «кесте» сөзін жазып, оның номерін жазу керек.


Курстық жұмыс мәтініндегі кестені рәсімдеу үлгісі.
Кесте 2 – Әлеуметтік технологияларды пайдалануға байланысты бағыттардың ауысуы






































































Мәтіндегі иллюстрациялар мәтінді түсіндіру үшін жеткіліктіболу керек. Иллюстрациялар құжат мәтінінде немесе одан кейін орналасуы мүмкін. Иллюстрацияларды араб сандарымен белгілеу керек. Иллюстрацияның атауы болу керек, одан кейін нүкте қойылмайды. Егер сурет жалғыз болса, ол «Сурет 1» деп белгіленеді. Иллюстрациялар атауға ие болу керек. Қажет болса түсіну мәтіні орын алуға тиісті. «Сурет» сөзі және оның атауы келесі түрде рәсімделеді: Сурет — Кәсіпорын құрылымы. «Сурет» сөзі және оның атаы жол ортасынан жазылады. Тарау ішіндегі иллюстрацияларға нумерация қою мүмкіндігі бар. Иллюстрциялар компьютерлық тұрғыда, әртүрлі түсте бейнеленуі мүмкін. А4 форматынан кіші фото суреттер стандартты ақ параққа жабыстырылу керек. Курстық жұмыстағы барлық иллюстрацияларға сілтеме берілу керек.


Сурет және мәтін арасындағы ара-қашықтық 2 интервал немесе 1 «бос жол» болу керек.
Курстық жұмыстағы иллюстрацияларды пайдалану.

Сурет 1 – Әлеуметтік қызметкердің тұлғалық сапалары
Құжат мәтінін толықтыратын материалдарды қосымшаларға енгізеді. Қосымшаларға жататын: графикалық материалдар, үлкен форматтағы кестелер, есептер, аппаратура сипаттамас, алгоритмдар мен бағдарламалар сипаттамасы және т.б. Қосымша құжаттың жалғасы ретінде келесі беттен немесе жекеқұжат болып орын алуы мүмкін. Курстық жұмыстың мәтінінде барлық қосымшаларға сілтеме берілу керек. Қосымшалар мәтінде пайдаланынуына байланысты сілтеме тәртібімен беріледі. Әр қосымшаны жаңа парақтан бастап, беттің жоғарғы жағынан «Қосымша»және атауын берумен бастау керек. Қосымша міндетті түрде атауға ие болу керек. Қосымшалар әліппенің әріптерімен кезекпен орналасады. Көбінесе қосымшалар А4 форматындағы беттерге жазылады. А3, А4хЗ, А4х4, А2 және AI форматына да қосымшаларды орналастыруға болады.

Пайдаланылған әдебиеттерге сілтеме жасағанда, оны квадратты жақшаға алған дұрыс. Егер жұмыс барысынды бір әдебиетке бірнеше рет сілтеме берілсе, оның бірінші рет пайдаланылғанда берілген номерін жазу керек. Мұнда берілген әдебиеттің беттері ғана ауысып отырады. Нүкте-үтір арқылы бөлінген әдебиеттер олардың бірнеше санын сипаттайды (мысалы, [8;11;13]).


Библиографиялық тізімді жазу мысалы:

Козлов А.А. Социальная работа за рубежом: состояние, тенденции, перспективы: Сб. науч. очерков. – М.: «Флинта», МПСИ, 1998. – 224 с.

Мудрик А.В. Введение в социальную педагогику. – М.: Институт практической психологии, 1997. – 365 с.

Фирсов М.В., Студёнова Е.Г. Теория социальной работы. – М.: ВЛАДОС, 2000. – 432 с.

Томпсон Д.Л., Пристли Д. Социология: Вводный курс./ Пер. с англ. – М.: ООО Фирма «Издательство АСТ»; Львов: «Инициатива», 1998. – 496 с. – (Классики зарубежной психологии).

Ромм Т.А., Ромм М.В., Скалабан И.А. Исторические очерки российской социальной работы: Учебное пособие. – Новосибирск: Изд-во НГПУ, 1999. – 134 с.

Ромм Т.А. и др. Исторические очерки российской социальной работы: Учебное пособие. – Новосибирск: Изд-во НГПУ, 1999. – 134 с.

Из глубины: Сборник статей о русской революции./ С.А. Аскольдов, Н.А. Бердяев, С.А. Булгаков и др. – М.: Изд-во Моск. ун-та, 1990. – 298 с.

Советский простой человек. Опыт социального портрета на рубеже 90-х./ А.А. Голов и др. Отв. ред. Ю.А. Левада. – М., 1993. –300 с.

Социальные институты общества

http//www.socialinst.org.ru/

Социальное пространство в контексте глобализации



http://www.ibci.ru/konferencia/page/statya01.htm
Курстық жұмысты қорғау тәртібі

Курстық жұмыс қойылған талаптарға сәйкес болған жағдайда ғана қорғауға жіберіледі. Курстық жұмысты қорғау кафедраның 2-3 оқытушысынан құралған комиссияның алдында жүзеге асады. Қорғауға топ студентерінің қатысуы мүмкін.

Студент қорғауға дайындау керек: өз баяндамасының мәтінін, рецензиямен таныс болу керек, рецензияда ескертулер орын алған жағдайда, оған сәйкес жауап даярлап қоюға міндетті.

Курстық жұмыс мазмұнын баяндауға студентке 10-15 минут беріледі.

Курстық жұмыс ондықүйе арқылы ғылыми жетекші, рецензент және кафедра мүшелерінен тұратын комиссиямен бағаланады.

Кафедра курстық жұмыстарды қорғау тізімін дайындайды.

Курстық жұмыстың мазмұны мен қорғауын бағалаудың негізгі критерийлеріне жататын:

- оның құрылым, мазмұн, логикалық баяндау талаптарына сәйкес келуі;

- арнайы мәліметтерді жинауы және ұсыныстар құруы;

- мәселені шешудегі шығармашылық бағыттылығы, ғылыми-зерттеужұмысына икемділігі;



- зерттеу мәселесіне байланысты студенттің логикалық ойы, жүйелік талдауы, сын көзқарасы;

- экономикалық-математикалқ әдістер мен модельдерді пайдалана білуі;

- студенттің курстық жұмыс пәні бойынша жалпыбілім дәрежесі, оның эрудициясы;

- студенттің аудтория алдында сауатты әрі қызықты тұрғыда сөз сөйлеу өнері;

- иллюстрациондық материалды қолдануы.

Крстық жұмыс жетекшісі жұмыс мазмұнына қойылатын талаптарға сәйкестік дәрежесін ескере отырып, соңғы бағаны қояды.

Қорғау барысында студент комиссия мүшелері қойған сұрақтарғажауап бере білу керек.

Жағымды баға қойылмаған курстық жұмыс айта қорғалуға жіберіледі.

Сынақ кітапшасы жоқ студент «Әлеуметтік жұмыстың әдістері және технологиялары» пәні бойынша курстық жұмысты қорғауға жіберілмейді.



Қорғаудан кейін курстық жұмыс кафедрада сақтауға қалдырылады.
Қорытынды
Берілген әдістемелік нұсқауда студент курстық жұмыс жазу барысында ескеруге міндетті негізгі мәліметтер берілген. Соңында курстық жұмыстардың тақырыптары берілген, олардың ішінен студент өзіне қолайлы тақырыпты таңдап алуына болады. Сонымен бірге курстық жұмысты жазу барысында студент студенттің семинар сабағының жоспарларын, пән бағдарламасын қолдануына болады.
Курстық жұмыс тақырыптары

  1. Әлеуметтік әрекеттің технологизациясы: себептері және мазмұны.

  2. Әлеуметтік жұмыстағы әлеуметтік технологияның спецификасы.

  3. Қазақстандағы әлеуметтік жұмыс ұйымдарының ерекшеліктері.

  4. Әлеуметтік жұмыс тәжірибесін ұйымдастырудағы қарым-қатынас және рөлдік теориялардың спецификасы.

  5. Әлеуметтік жұмыс технологиясындағы әлеуметтік диагностика.

  6. Әлеуметтік жұмыстағы әлеуметтік сараптама.

  7. Әлеуметтік жұмыстағы әлеуметтік болжам технологиясы.

  8. Коммуникативтік қызметтегі білікті қарым -қатынас.

  9. Әлеуметтік жүмыстағы ұйымдастырушылық -басқарушылық техологиясы.

  10. Түрғындарға қолдау көрсетудің әлеуметтік -экономикалық әдістер технологиясы.

  11. Әлеуметтік жұмыстағы социологиялық технологиялар.

  12. Әлеуметтік жұмыстағы әлеуметтік - педагогикалық әдістер, және оларға сипаттама.

  13. Әлеуметтік технологияларды таңдаудың сындары ретіндегі түлғаның психланалитикалық және психодинамикалық модельдері.

  14. Әлеуметтік жұмыстағы отбасы терапиясының технологиялары.

  15. Қарт адамдармен жүргізілетін әлеуметтік жұмыстың жаңашыл технологиялары

  16. Жастар субмәдениеті және әлеуметтік жұмыстың мүмкіншілікттері

  17. Мүмкіндігі шектеулі балаларды әлеуметтік реабилитациялау технологиялары

  18. Баспанасыздық мәселелерін шешудің жолдары мен әдістері

  19. Тұрғындардың аз қамтылған топтарын әлеуметтік қолдаудағы қайырымдылық іс-әрекетінің мәні мен мазмұны


Оқу-әдістемелік қамтамасыздану

  1. Агафонов А.Н., Менлибаев К.Н., Черная Г.Г., Туганбекова К.М. Социальная работа: теории и технологии. – Астана, 2005.

  2. Авдеев В. Психотехнология решения проблемных ситуацийю – М., 1994.

  3. Баймагамбетов С.З. Современная социально-культурная политика Республики Казахстан: разработка, реализация, проблемы. – Астана, 2001.

  4. Григорьев А.Д. История социальной работы. В 2-х частях. Часть 1. (до начала 20 в.) – Минск, 2006.

  5. Гуслякова Л.Г., Кувшинникова В.А., Синцова Л.К. Сборник задач и упражнений по социальной работе. – М., 1994.

  6. Кожамкулова Л.Г. Социальная работа города: принципы и направления. – Алматы, 2003.

  7. Козлов А.А., Иванова Г.Б. Практикум социального работника. – М., 2001.

  8. Кузьмин К. В., Сутырин Б. А. История социальной работы. - М.2003.

  9. Кузьмин В.П., Сутырин Б. А. История социальной работы за рубежом и в России. – 4 изд., доп. и испр. – М.: Екатеринбург, 2006.

  10. Леонова А.Б., Кузнецова А.С. Психопрофилактика стресса. – М., 1993.

  11. Менлибаев К.Н., Туганбекова К.М., Черная Г.Г., Каргин С.Т. Социальная работа. – Кар-да, 2000.

  12. Павленок П.Д. Теория, история и методика социальной работы. – М., 2007.

  13. Плотинский Ю.М. Модели социальных процессов: Учебное пособие для вузов высших учебных заведений. - Изд. 2-е, перераб. И доп. - М.: Логос, 2001.

  14. Основы социальной работы: Учебник / Отв. ред. П.Д.Павленок. - 2-е изд., испр. и доп. - М.: ИНФРА - М, 2002. - 395С.

  15. Основы социальной работы: Учеб. пособие для нач. проф. образования / Е.В. Ханжина. - М.: Издательский центр «Академия», 2001. - 144с.

  16. Фирсов М.В. История социальной работы в России. - М., 2001.

  17. Фирсов М.В., Студенова  Е.Г. Теория социальной работы: Учеб. пособие для студ. высш. учеб. заведений. - М.: Гуманит. изд. центр ВЛАДОС, 2000. - 432с.

  18. Социальные технологии: Толковый словарь / Отв. ред. В.Н. Иванов. - Москва-Белгород: Луч - Центр социальных технологий, 1995. - 309с.

  19. Тетерский С.В., Введение в социальную работу: Учебное пособие. - М.: Академический Проект, 2000. - 496с.

  20. Циткилов П.Я. История социальной работы. – Ростов- н/Д., 2006.

  21. Алексеева Л.С. Социальная реабилитация подростков //Семья в России. - 1995. - №2.

  22. Альперевич В.Г. Социальная геронтология. - Ростов - на /Д Феникс, 1997. - 483с.

  23. Альтшулер Е.А., Колосов А.В. Наука о долголетии. - М: Союз,1974. - 252 с.

  24. Гордон Л.А. Социальная адаптация в современных условиях // Социологиче­ские исследования. - 1994. - №№ 8, 9.

  25. Добровольская Т.А., Шабалина И.Б., Демидов Н.А. Социальные проблемы ин­валидности // Социологические исследования. - 1998. - № 4.

  26. Дощинин Ю.П., Лапин Н.Н. Социальная значимость факторов вынужденной миграции // Социологические исследования. - 2001. - № 1.

  27. Дыскин Л.А., Сосин М.Я. Пожилой человек в семье и обществе. - М., 1984.-126с.

  28. Исупова О.Г. Социальный смысл материнства в современной России // Со­циологические исследования .- 2001. - № 7.

  29. Капитонов Э.А. Социология XX века. История и технология. - Ростов—на/ Д: Феникс. - 1996. - 512 с.

  30. Ковалёв Н.Г. Пожилые люди: социальное самочувствие // Социологические исследования. - 2001. - № 7.

  31. Кон И.С. Ребёнок и общество. Историко-этнографическая перспектива. - М.: Наука, 1988, 325 с.

  32. Корель Л.В. Социальная адаптация: этюды апологий. - Новосибирск, 1997. - 158с.

  33. Кузина И.Г., Кузнецова Л.П., Осмачко Н.В. Социология: Учеб. пособие.-Владивосток: Изд-во ДВГТУ, 1997. - 109 с.

  34. Назарова Е.А. Особенности миграции // Социологические исследования. - 2000. - № 7.

  35. Основы социальной работы. Отв. ред. Павленок П.Д. - М.: ИНФРА-М.-2001.-395 с.

  36. Поппер К. Открытое общество и его враги. В 2-х т. - М.: Междунар. фонд «Культурная инициатива», 1992.

  37. Подшивалкина В.И. Социальные технологии: проблемы методологии и практики. - Кишинёв: Центральная типография, 1997. - 326 с.

  38. Радаев В.В. Работающие бедные: велик ли запас прочности? // Социологи­ческие исследования.- 2000.- № 8.

  39. Холостова Е.И. Социальная политика: Учеб. пособие. - М.: ИНФРА - М, 2001. -204с.

  40. Российская энциклопедия социальной работы. В 2-х т. - М., 1997.

  41. Словарь-справочник по социальной работе. - М.: Юристь, 1997.

  42. Социальная работа / Общ. ред. проф. Курбатова В.И. - Ростов-на/Д: Феникс, 1999.- 576 с.

  43. Социальная реабилитация дезадаптированных детей и подростков в специа­лизированных учреждениях. - М., 1996.

  44. Социальная работа: теория и практика / Отв. ред. Холостова Е.И., Сорвина А.С..- М.: ИНФРА-М, 2001.- 427 с.

  45. Социальные технологии: Толковый словарь. - М., 1994, 286 с.

  46. Справочное пособие по социальной работе / Отв. ред. Панов A.M., Холосто­ва Е.И. - М.: Юристь, 1997.- 168 с.

  47. Теория и практика социальной работы. В 2-х т. - М.: Союз.- 1994.

  48. Теория и практика социальной работы: Методические материалы / Отв. ред. Попов A.M., Холостова Е.И. - М.: Ин-т соц. работы, 1997.- 113с.

  49. Технология социальной работы / Под ред. Зайнышева И.Г.- М.: ВЛАДОС, 2000.- 240 с.

  50. Франкл В. Человек в поисках смысла. - М.: Прогресс, 1990.- 367 с.

  51. Холостова Е.И. Пожилой человек в обществе. - М.: 1999.- 85 с.

  52. Шабанова М.А. Социальная адаптация в контексте свободы // Социологи­ческие исследования.- 1995.- № 9.

  53. Шеляг Т.В. Толерантность как принцип социальной работы // Российский журнал социальной работы.- 1995.- № 2.

  54. Штомпка П. Социальные изменения как травма // Социологические иссле­дования.- 2002.- № 1.

  55. Энциклопедия социальной работы. В 3-х т. - М.: Центр общечеловеческих ценностей, 1996.

  56. Юрлов Ф.Н. Социальные издержки глобализации // Социологические иссле­дования.- 2001.- № 7.

  57. Технологии социальной работы: Учебник // Под ред. Е.И.Холостовой. – М., 2001.

  58. Территориальные службы: теория и практика функционирования. – М., 1995.

  59. Технология социальной работы в различных сферах жизнедеятельности: Учебное пособие / Под общей ред. Профессора П.Д.Павленка. – М., 2004.

  60. Технологии социальной работы: Учебник / Под ред. А.А.Чернецкой. – Р/н/Д., 2006.

Қосымша А
Әлеуметтік жұмыс және ӘСП

кафедрасының меңгерушісі

п.ғ.к., доцент Абдакимоваға М.К.

СОЦ-21к тобының студенті

Абишева А.К.

Өтініш
Маған «Әлеуметтік жұмыстың әдістері мен технологиялары» пәні бойынша «Әлеуметтік жұмыстағы отбасы терапиясының технологиялары» курстық жұмыс тақырыбын бекітуіңізді сұраймын.
Күні

Қолы
Қосымша Б


Титулдық бет үлгісі
ҚАЗТҰТЫНУОДАҒЫ

ҚАРАҒАНДЫЭКОНОМИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
Әлеуметтік жұмыс және әлеуметтік-саяси пәндер кафедрасы

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
пән: «Әлеуметтік жұмыстың әдістері және технологиялары»


тақырып:___________________________________________
___________________________________________________
Орындаған

Студент

____________атыөні

(қолы)

Тексерген

____________аты-жөні

(қолы)

Қарағанды 200_

Қосымша В
Курстық жұмыстың жоспарын жазу үлгісі
МАЗМҰНЫ
Бет




КІРІСПЕ













1

ЖАСТАР ӘЛЕУМЕТТІК ЖҰМЫСТЫҢ ОБЪЕКТІСІ РЕТІНДЕ




1.1

Жастар қоғамның әлеуметтік демографиялқ обы ретінде




1.2

Жастар субмәдениеті




1.3

ҚР жастарының өзекті мәселелері













2

МЕМЛЕКЕТТІҢ ЖАСТАР САЯСАТЫ – ЖАСТАРМЕН ЖҮРГІЗІЛЕТІН ӘЛЕУМЕТТІК ЖҰМЫСТЫҢ НЕГІЗІ РЕТІНДЕ




2.1

Мемлекеттің жастар саясаты: түсінігі, мақсаты және принциптері




2.2

Қазақстан Республикасындағы жастар саясаты













3

ЖАСТАРМЕН ЖҮРГІЗІЛЕТІН ӘЛЕУМЕТТІК ЖҰМЫСТЫҢ ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫ




3.1

Жастармен жүргізілетін ілеуметтік жұмыс технологияларының мәні мен ерекшеліктері




3.2

Жастармен жүргізілетін әлеуметтік жұмыстың инфрақұрылмы
















ҚОРЫТЫНДЫ
















ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
















ҚОСЫМША








жүктеу 300,58 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау