С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті
География және туризм кафедрасы
Тәжірибелік жұмыстарды орындауға арналған
ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР
Ландшафттану пәні бойынша
050609 – География мамандығының студенттері үшін
Павлодар
Әдістемелік нұсқаулардың Ф СО ПГУ 7.18.1/05
бекіту парағы
БЕКІТЕМІН
БХФ деканы
___________ К.Х.Жапарғазинова
«__»_______________200 ж.
Құрастырушы: оқытушы А.Е. Егінбаева __________
Тәжірибелік жұмыстарды орындауға арналған
ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР
Ландшафттану пәні бойынша
050609 – География мамандығының студенттері үшін
География және туризм кафедрасы
«__»_______________ 200__ж., хаттама № кафедра мәжілісінде ұсынылды
Кафедра меңгерушісі ______________ А.А. Калиева
Биология-химия факультетінің оқу-әдістемелік кеңесімен мақұлданды
«__»_______________ 200__ж., хаттама №
ОӘК төрайымы __________________ Г.К.Даржуман
Аңдатпа
Әдістемелік нұсқаулар бұл пәнді оқитын университеттің география мамандығындағы студенттерге арналған. Әдістемелік жобаның мақсаты: студенттердің әдістемелік дайындығы, олардың теориялық білімдерді қабылдауы, мұғалімнің болашақтағы жұмысына қажетті іс-тәжірибелік икемділіктер мен дағдыларды қалыптастыру. Студенттер осы оқу нәтижесінде білім беру әдістемесінің даму ерекшелігін, география білімнің мазмұны мен құрылымын, географияны оқытудың әдістері мен жолдарын, сыныптан тыс жұмыстардың мақсаты мен маңызын меңгере отырып, алған білімдері мен шеберліктерін географияны оқытудағы жаңа технологияны іс жүзінде қолдана отырып пайдалана білулері керек. Тапсырмалары студенттерде географияны және экологияны оқыту әдістемесі туралы жалпы түсінікті қалыптастырады.
Әдістемелік нұсқаулық мамандықтың оқу жұмыс жоспарына сәйкес жүргізіледі.
Мазмұны
Аңдатпа
|
3
|
Мазмұны
|
4
|
Әдебиет
|
5
|
ТАҚЫРЫП 1. Кіріспе. Ғылым ретіндегі география және экологияны оқыту әдістемесі. География және экологияны оқыту әдістемесінің проблемалары. Ғылымның басқа географиялық және экологиялық ғылымдармен, дидактикамен, психологиямен байланысы. Тәжірибелік жұмыс № 1
|
6
|
ТАҚЫРЫП 2. Мектептегі географияны оқыту мақсаттары. Мектептегі экологияны оқыту мақсаттары. Тәжірибелік жұмыс № 2
|
7
|
ТАҚЫРЫП 3. География және экология пәндерін оқыту әдістері мен тәсілдері. География және экологияны оқыту әдістемесінің сипаттамасы және жүйеленуі: сүреттеп-түсіндіру, репродуктивті, мәселені мазмұндау, бөлшекті-ізденіс, зерттеу. Тәжірибелік жұмыс № 3
|
9
|
ТАҚЫРЫП 4. География және экологиялық білімдер мен біліктердің қалыптасуы. Тәжірибелік жұмыс № 4
|
10
|
ТАҚЫРЫП 5. География және экология пәнін оқытудағы көрнекі және техникалық құралдар. Карта, сызбалы көрнекілік әдістер.
Тәжірибелік жұмыс № 5
|
12
|
ТАҚЫРЫП 6. Оқу-тәрбие жұмыстарын ұйымдастыру формалары. Тәжірибелік жұмыс № 6
|
13
|
ТАҚЫРЫП 7. География және экология сабағында сыныптан тыс жұмыстар. Тәжірибелік жұмыс № 7
|
14
|
ТАҚЫРЫП 8. Құрлықтар және мұхиттар география оқытудың негізгі әдістемелері. Тәжірибелік жұмыс № 8
|
15
|
ТАҚЫРЫП 9. Физикалық географияны оқытудың негізгі әдістемелері. Тәжірибелік жұмыс № 9
|
16
|
ТАҚЫРЫП 10. Экономикалық-әлеуметтік географияны оқытудың негізгі әдістемелері. Экология және табиғаттану оқытудың негізгі әдістемелері. Тәжірибелік жұмыс № 10
|
18
|
ТАҚЫРЫП 11. Шет елдер экономикалық және әлеуметтік география оқытудың негізгі әдістемелері. Тәжірибелік жұмыс № 11
|
19
|
ТАҚЫРЫП 12. География және экология пәндері бойынша факультатив сабағы. География пәні бойынша оқу экскурсиялары. Экология пәні бойынша оқу экскурсиялары. Тәжірибелік жұмыс № 12
|
20
|
Әдебиет
Негізгі:
1. Баранский Н.Н. Методика преподавания экономической географии.
М. Учпедгиз 1960.
2. Герасимова Т.П. Основы методики обучения начальному курсу физической географии. М. Педагогика. 1978.
3. Грюнберг Г.Ю. Картографические понятия в школьной географии. М. Просвещение. 1979.
4. Даринский А.В. Методика преподавания географии. М. Просвещение. 1975.
5. Методика обучения географии в средней школе. Под. Редакцией Л.М.Панчешниковой. М. Просвещение 1983.
6. Мамирова К.Н. Роль школьного учебника в подготовке учителя географии. Вест.КазГУ. Сер.географ. 1997№5.
7. Лехто К., Полонский В. Официальное руководство Microsoft по Front-Paqe1998
8. Панченшникова Л.М. Основы методики обучения экономической географии зарубежных стран. М. Педагогика. 1975.
9. Кушимова А.Ғ. Географияны оқыту әдістемесі: Оқу құралы. – Алматы: Қазақ университеті, 2003. – 57 бет
Қосымша:
10. Бунакова Т.М., Родионова И.А., Пособие по географии для поступающих в вузы. М.Уникум-центр. 1997.
11. Ермаков В.А Казахстан в современном мире. Экономико-географический очерк. Адматы. Каржы-каражат. 1998
12. Картель Л.М. Дидактические материалы по физической географии. (5-7 классы). М. Просвещение. 1987
13. Кучер Т.В. Экологическое образование учащихся и обучение географии М. Просвещение. 1990
14. Климанов В.В., Климанова О.А. География в таблицах. Справочное пособие. М. «Дрофа» 1997
15. Максаковский В.П. Методическое пособие по экономической и социальной географии мира. М. Просвещение 1994
16. Смирнова В.А. Дидактические материалы по экономической и социальной географии. М. Просвещение . 1996
17. Тесты и практические задания по географии. Уч. Пособие. Под. Ред. И.А. Родионовой М. 1997
18. Сиротин В.И. Самостоятельные и практические работы по географии. 6-10 классы. М.Просвещение. 1991
19. Экзерцева Е.В. Кроссворды для школьников. География Ярославль. Академия развития. 1998.
ТАҚЫРЫП 1. Тәжірибелік жұмыс №1 –
Кіріспе. Ғылым ретіндегі география және экологияны оқыту әдістемесі. География және экологияны оқыту әдістемесінің проблемалары. Ғылымның басқа географиялық және экологиялық ғылымдармен, дидактикамен, психологиямен байланысы.
Мақсаты – география және экологияны оқыту әдістемесінен тәжірибелік сабақтар педагогикалық үрдістің жеке компоненттерін – оқытудың мазмұны мен тәсілдерін және оқушылардың үйренуі арасындағы өзара байланыстарды студенттердің біртіндеп игеруін қамтамасыз етеді.
Міндеті - география және экология сабағында мектеп бағдарламасының барлық бөлімдерін терең оқып білу, оқулықтармен оқу құралдарын меңгеру, оқушылардың таным қабілетін дамыту мүмкіндіктерін шеше білу, әртүрлі проблемалық мәселелерді шешуде талап қоя білу және жолдарын анықтау білімді іскерлікті және дағдыны рет-ретімен игерудің және оларды қалыптастырудың әдістері мен тәсілдерін меңгерудің ерекшеліктерін зерттеу.
Әдістемелік нұсқау: студенттің өзіндік жұмысы.
Жұмыс барысы:
Тапсырма: дәптерге жазбаша сипаттама беріңдер:
Пәндер туралы ұғым.
География және экология ғылымдарының уақыт кеңістіктегі біртұтастығы.
Мектеп бағдарламасындағы география және экология пәндерінің алатын орны.
Қазіргі кездегі экологиялық білім жүйесін қалыптастыру.
1-Тапсырма Орта мектептерде тақырыптық және күнделікті сабақ жоспарын құрастыру және мектеп бағдарламасына (6-10 сынып) талдау жасау. Тәжірибелік сабақтар неше топқа бөлінеді және әрбір топ оның мазмұнын ашып беріңіздер? Сонымен қатар мектеп оқулығына (6-10 сынып) география пәнінен сипаттама беріңіздер.
Берілген сұрақтар бойынша талдау жасаныздар:
Оқушыларға білім мен тәрбие берудегі мектеп географиясы және экология курсының мазмұны мен маңызына;
География және экологияны оқытудың әдіс - тәсілдері;
Оқу жұмысын жоспарлау, ұйымдастыру формалары;
Жеке курстар бойынша география және экологияны оқыту әдістемесі;
География сабағының оқыту үрдісінде қайталау және қорытындылау;
Географиядан сыныптан тыс жұмыстар.
2-Тапсырма География және экологияны оқыту әдістемесінде жүргізілетін аудиториялық сабақтар оқу жұмысын ұйымдастыру формасы жағынан айырмашылықтар жасайды. Сондықтан сабақтың түрлерімен таныса отырып, олардың сабақ денгейін арттыруға, қызықтыруға, іскерлік пен дағдыны қалыптастырудағы рөлін анықтау.
М. Сабақ түрлері: Семинар, коллоквиум, практикалық және лабораториялық семинар, конференция, логикалық тірек конспектісі (ЛТК). Топпен жұмыс т.б.
3-Тапсырма 6-8 сыныптардағы физикалық географияның жеке курстар бағдарламасының мазмұны және құрылысымен танысып, мектептегі географияны оқытудың мақсаты мен міндетін анықтау.
4-Тапсырма Бағдарлама құрудың әдістемелік негізін, әсіресе ұғымдарды таңдап алып, оларды жүйелеу қағидаларын пәнаралық байланыстарды жүзеге асыруды анықтау.
Әдебиет
1. Баранский Н.Н. Методика преподавания экономической географии. М. Учпедгиз 1960.
2. Герасимова Т.П. Основы методики обучения начальному курсу физической географии. М. Педагогика. 1978.
3. Грюнберг Г.Ю. Картографические понятия в школьной географии. М. Просвещение. 1979.
4. Даринский А.В. Методика преподавания географии. М. Просвещение. 1975.
5. Методика обучения географии в средней школе. Под. Редакцией Л.М.Панчешниковой. М. Просвещение 1983.
6. Мамирова К.Н. Роль школьного учебника в подготовке учителя географии. Вест.КазГУ. Сер.географ. 1997№5.
7. Лехто К., Полонский В. Официальное руководство Microsoft по Front-Paqe1998.
8. Панченшникова Л.М. Основы методики обучения экономической географии зарубежных стран. М. Педагогика. 1975.
9. Кушимова А.Ғ. Географияны оқыту әдістемесі: Оқу құралы. – Алматы: Қазақ университеті, 2003. – 57 бет.
Бақылау сұрақтары:
География және экологияны оқыту әдістемесінің зерттеу нысанын атап көрсетіңіздер?
География оқыту әдістемесі қандай мақсаттар мен міндеттерді көздейді.
Мектеп бағдарламасының маңызына тоқталыңыздар?
Құрал-жабдықтар:
1) География оқулығы (6-8, 9-10 сыныптар);
2) Кесте;
3) Карталар.
ТАҚЫРЫП 2. Тәжірибелік жұмыс №2 –
Мектептегі географияны оқыту мақсаттары. Мектептегі экологияны оқыту мақсаттары.
Мақсаты - география және экологияны оқыту мақсаты қазіргі мектептерде негізінен оқушыларды тәрбиелеу мен жалпы оқыту мақсатымен оқулықтардың мазмұнын терең және жан-жақты оқып білуіне байланысты.
География және экология курстарының оқыту үрдісінің үш топқа бөлуге:
Білім беру;
Дамытушы;
Тәрбиелік .
Міндеті – материалдарды іріктеп алатын және әрбір сыныпқа арналған тақырып бойынша оқу – тәрбиелік міндеттерді шешудің жолдарын жүзеге асыру болып табылады.
Әдістемелік нұсқау: студенттің өзіндік жұмысы.
Жұмыс барысы:
Тапсырма: дәптерге жазбаша сипаттама беріңдер:
География және экологияны оқыту құрылымы.
Мектептегі география және экология пәнінің мазмұны.
Мектеп бағдарламасының сипаттамасы.
1-Тапсырма Мектеп оқулығының құрлысы мен мазмұнымен танысып, оның теориялық және тәжірибелік дәрежесін бағалау.
1. Оқулық құрылымының құрлысы мен мазмұнын оқып білу;
2. Оқулықтың жеке бөліктері мен тақырыптары арасындағы байланыстың қалай жүзеге асырылғандығын нақты мысалдармен көрсету;
3. Оқулық мазмұнының ғылыми негізін ашу және пәндер арасындағы өзара байланыстар (экологиялық, экономикалық және т.б.) ерекшеліктеріне баға беру.
2-Тапсырма География сабағында экологиялық ілім, яғни көзқарастар жүйесін (геоэкология) қалыптастыру.
1 Сызба нұсқа
Мектеп географиясының мазмұнындағы экологиялық мәселелер
Тірі және өлі табиғатты сақтау
|
Ресурстарды (табиғи) пайдалану және қорғау
|
Антропогендік әрекеттерден қоршаған ортаны қорғау
|
Осы сабақтың мазмұнын ашатын терминдермен жұмыс жасау (экология, экономика, география пәндері бойынша).
3 - Тапсырма Мектеп географиясының мазмұнының элементтері (білім, дағды мен біліктілік, шығармашылық іс-әрекет тәжірибесі, әлемді танудағы эмоциональды біртұтас көзқарас тәжірибесі т.б.) арасындағы байланыстардың анықтамасын беріңіздер. Себеп-салдар (ССБ) байланыстар, түсінік, зандылықтар, елестету, деректер, басқа терминдерге түсінік беру.
Әдебиет
1. Баранский Н.Н. Методика преподавания экономической географии. М. Учпедгиз 1960.
2. Герасимова Т.П. Основы методики обучения начальному курсу физической географии. М. Педагогика. 1978.
3. Грюнберг Г.Ю. Картографические понятия в школьной географии. М. Просвещение. 1979.
4. Даринский А.В. Методика преподавания географии. М. Просвещение. 1975.
5. Методика обучения географии в средней школе. Под. Редакцией Л.М.Панчешниковой. М. Просвещение 1983.
6. Мамирова К.Н. Роль школьного учебника в подготовке учителя географии. Вест.КазГУ. Сер.географ. 1997№5.
7. Лехто К., Полонский В. Официальное руководство Microsoft по Front-Paqe1998.
8. Панченшникова Л.М. Основы методики обучения экономической географии зарубежных стран. М. Педагогика. 1975.
9. Кушимова А.Ғ. Географияны оқыту әдістемесі: Оқу құралы. – Алматы: Қазақ университеті, 2003. – 57 бет.
Құрал-жабдықтар:
Мектептегі география оқулығы (6-10 сыныптар).
ЛТК сызба нұсқасы.
ҚР экологиялық білім беру жөніндегі бағдарламасы.
Экология туралы заңдар және құжаттар.
Бақылау сұрақтары:
Біліктілік пен дағды мағыналарын анықтаныздар?
География және экологияны оқытудағы себеп-салдар түсінік және заңдылықтар қалай анықталады?
Экологиялық білім берудің географиядағы орны?
Мектеп оқулығының мазмұнына сипаттама беріңіздер?
ТАҚЫРЫП 3. Тәжірибелік жұмыс №3 –
География және экология пәндерін оқыту әдістері мен тәсілдері. География және экологияны оқыту әдістемесінің сипаттамасы және жүйеленуі: суреттеп-түсіндіру, репродуктивті, мәселені мазмұндау, бөлшекті-ізденіс, зерттеу.
Мақсаты – ауызша әнгіме, түсіндіру, картографиялық т.б. әдіс-тәсілдер негізінде оқушылардың білім деңгейін арттыру.
Міндеті – сабақта алған білімді меңгеріп, дағдыларды бекітіп, икемділіктерін арттыру болып табылады.
Әдістемелік нұсқау: студенттің өзіндік жұмысы.
Жұмыс барысы:
Тапсырма: дәптерге жазбаша сипаттама беріңдер:
Тақырыптық және күнделкті сабақ жоспарын құрастыру.
(ЛКТ) мектеп бағдарламасына талдау жасау.
Тапсырма Оқу үрдісінде карта және глобуспен жұмыс ауызша баяндау әдіс тәсілдерін пайдалану:
1-Тапсырма Материалды ауызша баяндау әдістерімен пайдалану арқылы жүргізіледі. Әңгіме карта, көрнекі құралдармен ұштасуы керек. Әрбір сынықтың тақырыбы сабақтың мазмұнына байланысты құрастырылады. Тапсырманы аудиториядан тыс жағдайда орындауы қажет. Мысалы 6 сынып «Физикалық география» сабағында әртүрлі сурет, деректер, бейне-фильм, слайд т.б. негізінде елестету арқылы немесе зерттеушілер, саяхатшылар туралы тақырыптарға әңгіме құрастыру. Тапсырма жазба түрінде орындалады. Сонымен ауызша баяндау оқытушының тағайындауымен болады. Сонымен қатар оқушылар жазғы демалыстағы туристік жорықтарын, экскурссия кезіндегі алған әсерлерін әңгіме жүзінде баяндап беруі тиіс. (өз өлкесі туралы мәліметтер беру).
2 Тапсырма «Карта – географияның екінші тілі» - деп Н.Н.Баранский айтқандай, оның география сабағындағы рөлі ерекше, сонымен бірге жинақы да, түсінікті. Көрнекі құралдардың ең негізгісі болып табылатын картасыз сабақ үрдісі қызықсыз өтетіні шындық. Физикалық карталар табиғат компоненттері арасындағы күрделі өзара байланыстарды, ал экономикалық карталардан – нысандардың орналасуын және олардың өзара байланыстарының заңдылықтарын игеруді оқушыларға үйретудің тәсілдерін білу, топографиялық карталар жер бедерінің пішіндерін оқытуда маңызды рөл атқарады. Топографиялық карта масштабы
1: 100000 негізінде Павлодар қаласының маңындағы нысандарды оқып горизонталдар арқылы жер бедерінің салыстырмалы және абсолютті биіктігін анықтау.
3 Тапсырма Атластан жердің планы мен физикалық картаны ашыңыздар, сонымен қатар глобусты (масштабы 1:50000000) пайдаланып жер бетінің осындай үш түрлі бейнеленуін салыстыру кестені толтырыңыздар.
1 - Кесте Жер бетінің планын, физикалық карта мен глобусты салыстыру
Белгілері
|
Жердің планы
|
ТМД елд. физ. картасы
|
Глобус
|
|
|
|
|
Кестені толтыру үшін қойылатын сұрақтар:
Масштабы қандай?
Көлемді аумақтар бейнеленген бе?
Қандай табиғи нысандар бейнеленген?
Жер бетіндегі жасыл түс нені білдіреді?
Осы тапсырма орындағаннан кейін мына сұрақтарға жауап беріңдер:
Жердін планы мен физикалық карталардың қандай ұқсастықтары бар?
Географиялық карталардың көмегімен қандай тапсырмаларды орындауға болады?
Жердің планы және карта бойынша кез-келген әдіспен бағдарлауда қандай ортақ әрекеттер жасалады?
Әдебиет
1. Баранский Н.Н. Методика преподавания экономической географии. М. Учпедгиз 1960.
2. Герасимова Т.П. Основы методики обучения начальному курсу физической географии. М. Педагогика. 1978.
3. Грюнберг Г.Ю. Картографические понятия в школьной географии. М. Просвещение. 1979.
4. Даринский А.В. Методика преподавания географии. М. Просвещение. 1975.
5. Методика обучения географии в средней школе. Под. Редакцией Л.М.Панчешниковой. М. Просвещение 1983.
6. Мамирова К.Н. Роль школьного учебника в подготовке учителя географии. Вест.КазГУ. Сер.географ. 1997№5.
7. Лехто К., Полонский В. Официальное руководство Microsoft по Front-Paqe1998.
8. Панченшникова Л.М. Основы методики обучения экономической географии зарубежных стран. М. Педагогика. 1975.
9. Кушимова А.Ғ. Географияны оқыту әдістемесі: Оқу құралы. – Алматы: Қазақ университеті, 2003. – 57 бет.
Құрал-жабдықтар:
Карта;
Глобус;
Топографиялық карталар;
ҒАЖ-дың көмегімен жасалған карталар (жердің жасанды серігімен түсірілген фотосуреттер).
Бақылау сұрақтары:
Географияны оқыту әдістері қандай топтарға бөлінеді?
Түсіндіріп – суреттеу, репродуктивті әдістердің мағынасы неде?
География сабағында геоақпарат жүйесі (ҒАЖ) қалай қолданады?
Ізденіс және проблемалық сипаттама әдістерін қандай жағдайда пайдалануға болады?
ТАҚЫРЫП 4. Тәжірибелік жұмыс №4 –
География және экологиялық білімдер мен біліктердің қалыптасуы.
Мақсаты – сабақ үрдісінде түсініктердің қалыптасуы пәнаралық байланыстарды зерттеу және заңдылықтарды түсіндіру болып табылады.
Міндеті – аталған мақсатқа сай оқушыларды пәнаралық байланыстар арқылы құбылыстар мен компоненттер арасындағы заңдылықтарды үйретіп, қоршаған ортаға оқушылардың ғылыми көзғарастарын арттыру.
Әдістемелік нұсқау: студенттің өзіндік жұмысы.
Жұмыс барысы:
Тапсырма: дәптерге жазбаша сипаттама беріңдер:
1. Сабақ түрлерін жіктеп көрсету, суреттеу, репродуктивті, проблемалық сипаттама, дәстүрлі сабақтар.
1-Тапсырма География сабағындағы жалпы географиялық түсініктерге индуктивті, дедуктивті сипаттама беріңіздер.
2-Тапсырма «6 сыныпта жазықтардың пайда болуы және өзгеруі» тақырыбын қарастырғанда оқушылар жергілікті жерге әсер ететін географиялық факторларды атап көрсетіп, олардың әсер ету нәтижесін анықтауы қажет (кесте 2):
Кесте 2
Жазықтың өзгеру себептері
|
Жазық беті қалай өзгереді
|
1. Өзендер
|
Жер бедері шайылып шұңқырлар пайда болады (су эрозиясы)
|
2. Жауын және көктемгі қар сулары
|
Топырақтың жоғары қабаты шайылып, ой шұнқыр және сойлар қалыптасады (су эрозиясы)
|
3. Желдін әрекеті
|
Әсіресе көтеріңкі жерлерде топырақтың жоғары қабаты ұшырады (эрозия, дефляция)
|
3-Тапсырма Сабақтың жеке фрагментіне талдау жасау. Тақырыпты әркім өз еркінше тандап алады. Мысалы «Атмосфера» тарауына байланысты тақырыптар беріледі. «Ауа – райын бақылау және болжау» график кесте жүзінде беруге болады. Климат картасы, аспаптар қолданылуы тиіс. Осы сабақта пәнаралық байланыстар мен себеп-салдар, географиялық заңдылықтарға ерекше мән берілуі тиіс.
Әдебиет
1. Баранский Н.Н. Методика преподавания экономической географии. М. Учпедгиз 1960.
2. Герасимова Т.П. Основы методики обучения начальному курсу физической географии. М. Педагогика. 1978.
3. Грюнберг Г.Ю. Картографические понятия в школьной географии. М. Просвещение. 1979.
4. Даринский А.В. Методика преподавания географии. М. Просвещение. 1975.
5. Методика обучения географии в средней школе. Под. Редакцией Л.М.Панчешниковой. М. Просвещение 1983.
6. Мамирова К.Н. Роль школьного учебника в подготовке учителя географии. Вест.КазГУ. Сер.географ. 1997№5.
7. Лехто К., Полонский В. Официальное руководство Microsoft по Front-Paqe1998.
8. Панченшникова Л.М. Основы методики обучения экономической географии зарубежных стран. М. Педагогика. 1975.
9. Кушимова А.Ғ. Географияны оқыту әдістемесі: Оқу құралы. – Алматы: Қазақ университеті, 2003. – 57 бет.
Құрал жабдықтар:
1) Карта, кесте, диаграммалар;
2) Глобус әртүрлі тақырыптағы карталар.
Бақылау сұрақтары:
Географиялық және экологиялық көзқарастар мен түсініктерге сипаттама беріңіздер?
Географиялық елестету дегеніміз не?
Себеп-салдар байланыстарды зерттеу кезінде мұғалім қандай оқыту әдісін пайдаланады?
Дағды мен біліктілік, икемділік оқу үрдісіне қалай әсер етеді?
ТАҚЫРЫП 5. Тәжірибелік жұмыс №5 –
География және экология пәнін оқытудағы көрнекі және техникалық құралдар.
Карта, сызбалы көрнекілік әдістер.
Мақсаты - мектеп географиясы және экология сабақтарында қолданылатын құрал- жабдықтар жүйесімен танысу.
Міндеті – құрал – жабдықтар жүйесін оқу үрдісінде пайдалану және меңгеру болып табылады.
Әдістемелік нұсқау: студенттің өзіндік жұмысы.
Жұмыс барысы:
Тапсырма: дәптерге жазбаша сипаттама беріңдер:
1. Географиялық карта, сызбалы-көрнекілік әдістер, техникалық құрал жабдықтармен жұмыс.
1-Тапсырма Мектеп географиясының оқыту құралдарына: оқу бағдарламасы, оқулық, карта, журнал, сурет кесте, сызба-нұсқа, диаграмма, үлгі, (макет), диапозитив (слайд), бейнефильм, компьютерлік бағдарламасы (ҒАЖ) т.б. сонымен қатар, олардың қатарына географиялық алаң, оқу базаларын жатқызуға болады. Қазіргі танда табиғи нысандардан басқа өндірістік орындар, ауылшаруашылық жерлерді оқыту құралдарына енгізу болады. Л.М.Панчешникова бойынша «Географияны оқытудағы құрал-жабдықтар жүйесі» атты сызба нұсқаны құрастырыныздар (оқулық 123 бет 6 сурет).
2-Тапсырма Атлас және географиялық карталарды жіктеп, талдау жасаңыздар, жалпы географиялық және тақырыптық карталарға (оқушылардың өз таңдауы бойынша).
Л.М.Панчешникова Г.Ю. Грюнбергтің еңбектерін пайдаланып (оқулық 147 бет 7 сурет) «Мектеп географиясындағы географиялық карта және оның элементтері» атты сызба нұсқаны толтырып, сипаттама беріңіздер.
Әдебиет
1. Баранский Н.Н. Методика преподавания экономической географии. М. Учпедгиз 1960.
2. Герасимова Т.П. Основы методики обучения начальному курсу физической географии. М. Педагогика. 1978.
3. Грюнберг Г.Ю. Картографические понятия в школьной географии. М. Просвещение. 1979.
4. Даринский А.В. Методика преподавания географии. М. Просвещение. 1975.
5. Методика обучения географии в средней школе. Под. Редакцией Л.М.Панчешниковой. М. Просвещение 1983.
6. Мамирова К.Н. Роль школьного учебника в подготовке учителя географии. Вест.КазГУ. Сер.географ. 1997№5.
7. Лехто К., Полонский В. Официальное руководство Microsoft по Front-Paqe1998.
8. Панченшникова Л.М. Основы методики обучения экономической географии зарубежных стран. М. Педагогика. 1975.
9. Кушимова А.Ғ. Географияны оқыту әдістемесі: Оқу құралы. – Алматы: Қазақ университеті, 2003. – 57 бет.
Құрал – жабдықтар:
1. Аталған оқыту құралдары.
Бақылау сұрақтары:
Мектеп оқулығының маңызы неде?
Карталармен жұмыс істеудің маңыздылығы неде?
ТАҚЫРЫП 6. Тәжірибелік жұмыс №6 –
Оқу-тәрбие жұмыстарын ұйымдастыру формалары.
Мақсаты - мектеп географиясы және экология сабақтарында қолданылатын құрал -жабдықтар жүйесімен танысу.
Міндеті – құрал – жабдықтар жүйесін оқу үрдісінде пайдалану және меңгеру болып табылады.
Әдістемелік нұсқау: студенттің өзіндік жұмысы.
Жұмыс барысы:
Тапсырма: дәптерге жазбаша сипаттама беріңдер:
1. Көрнекі құрал жабдықтарды; техникалық, сызбалы көрнекілік әдістерді, карта, глобус т.б. пайдалану.
1-Тапсырма мектеп оқулығын пайдаланып, негізгі компоненттеріне сипаттама беріңіздер. Сонымен қатар электронды оқулықты пайдалану жүйесін қалыптастыру (8-10 сыныптар). ҒАЖ-оның оқыту құралы ретіндегі рөлі.
2-Тапсырма Өздігінен графикалық (кестелі) жұмыстардың бір түрін даярлау (схема, картосызба, диаграмма, график таңдауы бойынша сурет). Мысалы оқушылардың «профиль» және «план» (қима, жоспар) деген ұғымдарды, сол сияқты, өзен ағысы мен өсімдіктер арасындағы өзара байланысты түсіну үшін Ертіс өзенінің анғарының қимасы мен планын сызып көрсету. Шартты белгілер арқылы және белгілі масштаб (1:25000) негізінде құрастырылуы қажет. Тапсырманы орындау үшін топокартаны (Павлодар облысының масштабы 1 : 100000) пайдалану қажет.
Әдебиет
1. Баранский Н.Н. Методика преподавания экономической географии. М. Учпедгиз 1960.
2. Герасимова Т.П. Основы методики обучения начальному курсу физической географии. М. Педагогика. 1978.
3. Грюнберг Г.Ю. Картографические понятия в школьной географии. М. Просвещение. 1979.
4. Даринский А.В. Методика преподавания географии. М. Просвещение. 1975.
5. Методика обучения географии в средней школе. Под. Редакцией Л.М.Панчешниковой. М. Просвещение 1983.
6. Мамирова К.Н. Роль школьного учебника в подготовке учителя географии. Вест.КазГУ. Сер.географ. 1997№5.
7. Лехто К., Полонский В. Официальное руководство Microsoft по Front-Paqe1998.
8. Панченшникова Л.М. Основы методики обучения экономической географии зарубежных стран. М. Педагогика. 1975.
9. Кушимова А.Ғ. Географияны оқыту әдістемесі: Оқу құралы. – Алматы: Қазақ университеті, 2003. – 57 бет.
Құрал – жабдықтар:
1. Аталған оқыту құралдары.
Бақылау сұрақтары:
Статистикалық деректердің оқыту үрдісіндегі орны?
ГАЖ (геоақпараттық жүйе) маңыздылығын сипаттап беріңіздер?
ТАҚЫРЫП 7. Тәжірибелік жұмыс №7 –
География және экология сабағында сыныптан тыс жұмыстар.
Мақсаты – сыныптан тыс оқу жөніндегі тапсырмалар мен жаттығуларды орындауға кірісе отырып, студенттер география және экология пәндері бойынша сыныптан тыс сабақтардың жүйесін қалыптастыру.
Міндеті – сыныптан тыс жұмыстарды, яғни факультативтік сабақтар ұйымдастыру арқылы оқушылардың қоршаған ортаға деген сүйіспеншілігін арттыру.
Әдістемелік нұсқау: студенттің өзіндік жұмысы.
Жұмыс барысы:
Тапсырма: дәптерге жазбаша сипаттама беріңдер:
1. Лекция, конференция, бақылау, экскурсия, үйірме , географиялық кешен, апталық, секция сабақтары, географиялық алаң.
1-Тапсырма Географиялық үйірмені ұйымдастырудың жоспарын жасау.
а) Оқушылардың қызықтыра алатын және үйірме ұйымдастырудың бастамасы бола алатын географиялық үйірмелер, викториналар, мақалалар жазу, баяндамалар дайындау, экскурсия, туристік жорық т.б. ұйымдастыру негізінде сыныптан тыс сабақ жоспарын жасау;
б) география және экология сабағынан үйірме ұйымдастыру Мысалы: «жас эколог», жас физгеографтар үйірмелерінің жоспары мен мақсаты, міндеті жүргізетін іс-шаралары болуы тиіс. Әртүрлі географиялық ойындар, кеш, викторина т.б. ұйымдастыру.
2-Тапсырма Сабақтан тыс жұмыстарды жүргізудің әдістерін: ауызша, практикалық бақылау, тәжірибелік-эксперименттік әдіс, конструкциялар мен модельдеу, экскурсиялық әдіс картографиялық әдіс түрлерінің ерекшелігін атап көрсетініздер.
3-Тапсырма География сабағында өткізілетін географиялық кеш, географиялық апталық бағдарламасын құрастырыңыздар.
4-Тапсырма Географиялық қоғам, географиялық конференция, географиялық алаң, экскурсия ұғымдарына сипаттама беріңіздер. Олардың айырмашылықтарын түсіндіріп, қоғамдағы рөлін атап көрсетініздер.
5-Тапсырма Л.М. Панчешникова оқулық (307-308 б) пайдаланып, орта мектептегі сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру формаларын (сурет 18,19) географиялық үйірменің сұлба сызбасын құрастырыңыздар.
Әдебиет
1. Баранский Н.Н. Методика преподавания экономической географии. М. Учпедгиз 1960.
2. Герасимова Т.П. Основы методики обучения начальному курсу физической географии. М. Педагогика. 1978.
3. Грюнберг Г.Ю. Картографические понятия в школьной географии. М. Просвещение. 1979.
4. Даринский А.В. Методика преподавания географии. М. Просвещение. 1975.
5. Методика обучения географии в средней школе. Под. Редакцией Л.М.Панчешниковой. М. Просвещение 1983.
6. Мамирова К.Н. Роль школьного учебника в подготовке учителя географии. Вест.КазГУ. Сер.географ. 1997№5.
7. Лехто К., Полонский В. Официальное руководство Microsoft по Front-Paqe1998.
8. Панченшникова Л.М. Основы методики обучения экономической географии зарубежных стран. М. Педагогика. 1975.
9. Кушимова А.Ғ. Географияны оқыту әдістемесі: Оқу құралы. – Алматы: Қазақ университеті, 2003. – 57 бет.
Құрал – жабдықтар:
1. Әртүрлі аспаптар, топокарталар, географиялық алаң, компас, деректер бейне фильмдер, тапсырмалар.
Бақылау сұрақтары:
Сабақтан тыс жұмыстардың географияны оқытудағы рөлі?
География пәні бойынша сабақтан тыс жұмыстар қандай түрлерге бөлінеді?
Факультатив курстың мағынасы неде?
Географияны оқыту процесіндегі оқу экскурсияларының рөлі?
Өз өлкеңіздің табиғатына экскурссия ұйымдастыру жоспарын құрастырыңыздар?
ТАҚЫРЫП 8. Тәжірибелік жұмыс №8 –
Құрлықтар және мұхиттар география оқытудың негізгі әдістемелері.
Мақсаты – бұл курста оқушылар картаның тілін үйреніп, географиялық номенклатураның қажетті материалдарын меңгереді. Табиғаттану пәнінен алған мағлұматтарына сүйене отырып, ел-тану ғылымының келесі курстарын меңгеру үшін қажетті білімге, іскерлікке және дағдыларға ие болады. Сонымен қатар оқушылар құрлық бетінің пішіндері, мұхит және құрлық сулары, климат, табиғат кешендері, жалпы физикалық-географиялық ұғымдар, жайлы толық мағлұматтар алады.
Міндеті – бұл курс өлкетану ісіне баса назар аударып, жергілікті жерде жүргізілетін практикалық жұмыстардың жүйесін анықтайды.
Әдістемелік нұсқау: студенттің өзіндік жұмысы.
Жұмыс барысы:
Тапсырма: дәптерге жазбаша сипаттама беріңдер:
Іс-тәжірибелік жұмыстар өткізу шаралары.
Құрлық географиясын оқыту мақсаты.
Курстың оқыту мақсаты мен құрылымы.
Логикалық тірек конспектісін құрастыру.
Жалпы зандылықтарды зерттеу.
1-Тапсырма «Атмосфера» тақырыбы бойынша оқытушының басшылығымен қарапайым сабақтық-тақырыптық жоспар жасау (кесте жүзінде), (Кесте 3).
«Атмосфера» тақырыбының сабақтық жоспары
3 кесте
Тақырыптың аты және мақсаты
|
Сабақтың мазмұны (қандай мәселелер ұғымдар қарастырылады)
|
Оқушыларға тірек болатын білімдер
|
Әдістер түрі
|
Көмекші құралдар
|
|
|
|
|
|
Практика сабағында студенттер сабақтың түсіндерме бөлігін сыныпта сабақ жүргізгендегідей етіп өтеді: түсіндіреді, сұрақтар қояды, тақтаға жазулар жазып, суреттер салады, тәжірибелер жасалып, сабақты бекіту үшін сұрақтар қояды.
2-Тапсырма «Еуразияны жалпы шолу» тақырыбынан сабақтардың қысқаша тақырыптық жоспарын даярлау. Тапсырманы орындау кезінде сабақтың мазмұнына, мақсатына, міндетіне сәйкес оқытудың әдістері мен тәсілдерін тандап алу керек. ЛТК пайдалану арқылы және аталған тақырыптарға қажетті құрал-жабдықтар дайындау қажеттілігін ұмытпау керек.
3-Тапсырма «Географиялық қабық» деп аталатын тақырыпқа конференция сабағын өткізу. Мұнда алған білімді жүйелендіруге, курстың ғылыми құндылығын көтеруге, оқушылардың дүниетанымдық көзғарастарына тоқталу керек. Осы тақырыптың мазмұнын ашатын географиялық заңдылықтар, зоналылық, тұтастылық, табиғат компоненттері адамзаттық проблемалар т.б. терминдерді пайдалану қажет. Қазіргі кезде қалыптасқан экологиялық проблемаларды көтеру және шешу жолдары.
Әдебиет
1. Баранский Н.Н. Методика преподавания экономической географии. М. Учпедгиз 1960.
2. Герасимова Т.П. Основы методики обучения начальному курсу физической географии. М. Педагогика. 1978.
3. Грюнберг Г.Ю. Картографические понятия в школьной географии. М. Просвещение. 1979.
4. Даринский А.В. Методика преподавания географии. М. Просвещение. 1975.
5. Методика обучения географии в средней школе. Под. Редакцией Л.М.Панчешниковой. М. Просвещение 1983.
6. Мамирова К.Н. Роль школьного учебника в подготовке учителя географии. Вест.КазГУ. Сер.географ. 1997№5.
7. Лехто К., Полонский В. Официальное руководство Microsoft по Front-Paqe1998.
8. Панченшникова Л.М. Основы методики обучения экономической географии зарубежных стран. М. Педагогика. 1975.
9. Кушимова А.Ғ. Географияны оқыту әдістемесі: Оқу құралы. – Алматы: Қазақ университеті, 2003. – 57 бет.
Құрал – жабдықтар:
1. Дүние жүзінің физикалық, жарты шарлар картасы, глобус, план және карта тақырыбына байланысты топокарталар , аспаптар.
Бақылау сұрақтары:
План және карта анықтамасына сипаттама беріңіздер?
Физикалық географияның бастапқы курсының мазмұнының негізін құрайтын білім мен іскерліктің құрлымы неден тұрады?
Физикалық географияның мазмұны экономикалық географиядан айырмашылығы неде?
Физикалық карталардың түрлерін топтастырыңыздар?
Мұхиттар және материктер географиясының құрлымы мен мазмұнын жаңа бағдарлама арқылы салыстыру?
ТАҚЫРЫП 9. Тәжірибелік жұмыс №9 –
Физикалық географияны оқытудың негізгі әдістемелері.
Мақсаты – бұл курсты студенттер Қазақстан Республикасының физикалық географиялық – орны, жер бедері, геологиялық құрлымы, климат, топырағы мен өсімдік жамылғысы, жануарлар дүниесі, табиғи зоналық, табиғатты қорғау, өз өлкесін қорғау т. б. ұғымдар жайлы толық мағлұмат алады.
Міндеті – жалпы физикалық географиялық ұғымдардың рөлі мен орнын анықтыру және оқушылардың икем мен дағдылар жүйесін қалыптастыру. Сондықтан бұл курстың алдында өзінің мақсаттары мен әдістемелік мәселелері тұр.
Әдістемелік нұсқау: студенттің өзіндік жұмысы.
Жұмыс барысы:
Тапсырма: дәптерге жазбаша сипаттама беріңдер:
Іс-тәжірибелік жұмыстар өткізу шаралары.
Іс-тәжірибелік жұмыстар өткізу шаралары.
1-Тапсырма Бейсенова Ә.С., Карпенов Қ. Қазақстанның физикалық географиясы: Алматы 2004 оқулығының пайдаланып, әрбір бөлімге сипаттама беріп, оқулық құрылымының тақырыптарына сипаттама беріңіздер. Сонымен қатар «Қазақстанның зерттелу тарихы» тақырыбына баяндама сабағын өткізу және зерттеген саяхатшылар жолын кескін картаға түсіру.
2-Тапсырма Қазақстан физикалық географиясы курсы бойынша, өз тандауы бойынша, тақырыптық – сабақ жоспарын құрастыру.
3-Тапсырма. ТМД елдерінің физикалық географиясы жалпы шолуды кездегі жұмыстың әдістері мен мазмұнының мақсатқа құрылғандығын анықтау қажет. Казіргі кездегі ТМД елдерінің физикалық картасын кескін картаға түсіріңіздер.
4-Тапсырма Павлодар облысының географиясына ғылыми тұрғыдан талдау жасау, оқулықты пайдаланып, өлкетанулық тапсырмаларды орындау. Сонымен қатар ғылыми-көпшілік әдебиеттер мен журналдардың табиғатына сипаттама беріңіздер.
Әдебиет
1. Баранский Н.Н. Методика преподавания экономической географии. М. Учпедгиз 1960.
2. Герасимова Т.П. Основы методики обучения начальному курсу физической географии. М. Педагогика. 1978.
3. Грюнберг Г.Ю. Картографические понятия в школьной географии. М. Просвещение. 1979.
4. Даринский А.В. Методика преподавания географии. М. Просвещение. 1975.
5. Методика обучения географии в средней школе. Под. Редакцией Л.М.Панчешниковой. М. Просвещение 1983.
6. Мамирова К.Н. Роль школьного учебника в подготовке учителя географии. Вест.КазГУ. Сер.географ. 1997№5.
7. Лехто К., Полонский В. Официальное руководство Microsoft по Front-Paqe1998.
8. Панченшникова Л.М. Основы методики обучения экономической географии зарубежных стран. М. Педагогика. 1975.
9. Кушимова А.Ғ. Географияны оқыту әдістемесі: Оқу құралы. – Алматы: Қазақ университеті, 2003. – 57 бет.
Құрал – жабдықтар:
ТМД және Қазақстанның физикалық географиясы бойынша әртүрлі тақырыптағы карталар.
Әдістемелік нұсқалар.
Фотосурет, бейнефильмдер.
Бақылау сұрақтары:
Қазақстанның физикалық географиясы курсының зерттеу нысанын анықтаңыздар?
Қазақстан мемлекетінің тәуелсіздігі қандай саяси - әлеуметтік өзгерістер әкелді?
Қазақстанға физикалық – географиялық тұрғыдан сипаттама беріңіздер?
Аумақтың шаруашылық жағынан игерілуіне байланысты туған қандай экологиялық проблемалар бар?
ТМД елдерінің шекарасын көрсетіңіздер?
Қазақстанда қанша қорық, табиғи ұлттық парк бар және экологиялық мәселелерді шешуде олардың маңызы қандай?
Өз өлкеңнің табиғатын зерттеудің маңыздылығы неде?
ТАҚЫРЫП 10. Тәжірибелік жұмыс №10 –
Экономикалық-әлеуметтік географияны оқытудың негізгі әдістемелері.
Экология және табиғаттану оқытудың негізгі әдістемелері.
Мақсаты – экономикалық білім беру жүйесі оқушыларды дайындауда маңызды рөл атқарады. Дүние жүзінің және Қазақстанның шаруашылығын, өнеркәсібін халқын және елдер типологиясы және т.б. мәселелерді оқыту барысында экономикалық тұрғыдан талдау жасау.
Міндеті – географиялық бағалауды физикалық географиялық экономикалық географиялық тұрғыдан жүргізіп сипаттама беру.
Әдістемелік нұсқау: студенттің өзіндік жұмысы.
Жұмыс барысы:
Тапсырма: дәптерге жазбаша сипаттама беріңдер:
Логикалық тірек конспектісін құрастыру.
Іс-тәжірибелік жұмыстар өткізу шаралары.
1-Тапсырма Оқулық және бағдарламаны пайдаланып, экономикалық-географиялық ұғымдар мен терминдердің тізімін жасау.
2-Тапсырма Қазақстаның халық шаруашылығы салалаларының біріне (өнеркәсіп, ауылшаруашылығы, көлік) т.б. оқып үйреніп, әдістемелік тұжырым жасау арқылы талдау жасау.
Тұжырымдарға:
а) нысан сипаттамасының негізгі мәселелері;
б) картографиялық деректер мен көрнекі құралдар;
в) шаруашылықтың жеке салалары арасындағы өндірістік байланыстар сызбанұсқасы;
г) статистикалық деректер арқылы салыстыру.
Әдебиет
1. Баранский Н.Н. Методика преподавания экономической географии. М. Учпедгиз 1960.
2. Герасимова Т.П. Основы методики обучения начальному курсу физической географии. М. Педагогика. 1978.
3. Грюнберг Г.Ю. Картографические понятия в школьной географии. М. Просвещение. 1979.
4. Даринский А.В. Методика преподавания географии. М. Просвещение. 1975.
5. Методика обучения географии в средней школе. Под. Редакцией Л.М.Панчешниковой. М. Просвещение 1983.
6. Мамирова К.Н. Роль школьного учебника в подготовке учителя географии. Вест.КазГУ. Сер.географ. 1997№5.
7. Лехто К., Полонский В. Официальное руководство Microsoft по Front-Paqe1998.
8. Панченшникова Л.М. Основы методики обучения экономической географии зарубежных стран. М. Педагогика. 1975.
9. Кушимова А.Ғ. Географияны оқыту әдістемесі: Оқу құралы. – Алматы: Қазақ университеті, 2003. – 57 бет.
Құрал-жабдықтар:
1. Дүние жүзінің саяси картасы, бейне-фильм, кесте, диаграммалар, глобус т.б.
Бақылау сұрақтары:
Географияны оқытудағы экономикалық білім берудің мақсаты мен міндетін атаңыздар?
Мамандану, комбинат, микроэкономика, экономикалық көрсеткіш т.б. ұғымдарды талқылаңыздар?
ТАҚЫРЫП 11. Тәжірибелік жұмыс №11 –
Шет елдер экономикалық және әлеуметтік география оқытудың негізгі әдістемелері.
Мақсаты – экономикалық білім беру жүйесі оқушыларды дайындауда маңызды рөл атқарады. Дүние жүзінің және Қазақстанның шаруашылығын, өнеркәсібін халқын және елдер типологиясы және т.б. мәселелерді оқыту барысында экономикалық тұрғыдан талдау жасау.
Міндеті – географиялық бағалауды физикалық географиялық экономикалық географиялық тұрғыдан жүргізіп сипаттама беру.
Әдістемелік нұсқау: студенттің өзіндік жұмысы.
Жұмыс барысы:
Тапсырма: дәптерге жазбаша сипаттама беріңдер:
Қазақстан Республикасында географияны оқытудағы жаңа әдістер шет елдердің тәжірибесін пайдалану.
Географияны оқыту процесінде жаңа технологияларды қолдану.
1-Тапсырма Дүние жүзінің экономикалық және әлеуметтік географиясы курсы бойынша тақырыптық сабақ жоспарын құрастыру (өз тандауы бойынша).
2-Тапсырма «Қазақстанның экономикалық байланыстары» атты тақырыпта конференция сабағын өткізу.
Әдебиет
1. Баранский Н.Н. Методика преподавания экономической географии. М. Учпедгиз 1960.
2. Герасимова Т.П. Основы методики обучения начальному курсу физической географии. М. Педагогика. 1978.
3. Грюнберг Г.Ю. Картографические понятия в школьной географии. М. Просвещение. 1979.
4. Даринский А.В. Методика преподавания географии. М. Просвещение. 1975.
5. Методика обучения географии в средней школе. Под. Редакцией Л.М.Панчешниковой. М. Просвещение 1983.
6. Мамирова К.Н. Роль школьного учебника в подготовке учителя географии. Вест.КазГУ. Сер.географ. 1997№5.
7. Лехто К., Полонский В. Официальное руководство Microsoft по Front-Paqe1998.
8. Панченшникова Л.М. Основы методики обучения экономической географии зарубежных стран. М. Педагогика. 1975.
9. Кушимова А.Ғ. Географияны оқыту әдістемесі: Оқу құралы. – Алматы: Қазақ университеті, 2003. – 57 бет.
Құрал-жабдықтар:
1. Дүние жүзінің саяси картасы, бейне-фильм, кесте, диаграммалар, глобус т.б.
Бақылау сұрақтары:
Қазақстанның дүниежүзілік сауда ұйымына (ДСҰ) ену үшін қандай алғышарттар жасау керек?
Адамзаттық проблемаларды шешу жолдарын қарастырыңыздар?
ТАҚЫРЫП 12. Тәжірибелік жұмыс №12 –
География және экология пәндері бойынша факультатив сабағы. География пәні бойынша оқу экскурсиялары. Экология пәні бойынша оқу экскурсиялары.
Мақсаты – экологиялық ақпарат жүйесі арқылы экологиялық ойлау қабілетін қалыптастыру.
Міндеті – аумақтың геоэкологиялық мәселелерін шешуде (ҒАЖ) негізінде табиғатты пайдалану және қорғау шараларын жүргізу болып табылады.
Әдістемелік нұсқау: студенттің өзіндік жұмысы.
Жұмыс барысы:
Тапсырма: дәптерге жазбаша сипаттама беріңдер:
Факультатив курстың мақсаты мен мазмұны.
Оқыту әдістемесі мен ұйымдастыру түрі.
Экскурсияны ұйымдастыру.
1-Тапсырма «Қазақстанның геоэкологиялық проблемалары» тақырыбына сабақтық-тақырыптық жоспар құрыңыздар. Мысалы: Каспий теңізі, Арал теңізі, Балхаш-Алакөл алаптары Ертіс өзенінің проблемалары, Қалалар экологиясы т.б. тақырыптарды алуға болады.
2-Тапсырма Геоэкологиялық проблемаларды шешу үшін ойын сабағын ұйымдастыру. Пәнаралық байланыстарды (химия биология, география т.б.) жүзеге асыру.
Терминдер: геоэкология, табиғатты ұтымды пайдалану, қоршаған орта, ландшафт, өнеркәсіп, өндіріс, қалдық, ластану т.б.
3 Тапсырма Өз өлкеңіздің табиғатын зерттеудегі «экологиялық сақпақ» маршрутын құрастырыныздар. Маршрутты өз тандауларыңыз бойынша алыңыздар. Сонымен қатар топокарта (м-бы 1: 100000) негізінде жер бедерінің ерекшеліктерін және маршрут жолдарын атап көрсетіңіздер.
Әдебиет
1. Баранский Н.Н. Методика преподавания экономической географии. М. Учпедгиз 1960.
2. Герасимова Т.П. Основы методики обучения начальному курсу физической географии. М. Педагогика. 1978.
3. Грюнберг Г.Ю. Картографические понятия в школьной географии. М. Просвещение. 1979.
4. Даринский А.В. Методика преподавания географии. М. Просвещение. 1975.
5. Методика обучения географии в средней школе. Под. Редакцией Л.М.Панчешниковой. М. Просвещение 1983.
6. Мамирова К.Н. Роль школьного учебника в подготовке учителя географии. Вест.КазГУ. Сер.географ. 1997№5.
7. Лехто К., Полонский В. Официальное руководство Microsoft по Front-Paqe1998.
8. Панченшникова Л.М. Основы методики обучения экономической географии зарубежных стран. М. Педагогика. 1975.
9. Кушимова А.Ғ. Географияны оқыту әдістемесі: Оқу құралы. – Алматы: Қазақ университеті, 2003. – 57 бет.
Құрал – жабдықтар:
1. Топографиялық карта, экскурсия маршруттары белгіленген, статистикалық басқарманың деректері т.б.
Бақылау сұрақтары:
VI-X сыныптарда геоэкологиялық мәселелер мен ұғымдар қалай оқытылады?
Географиялық білім беру жүйесінде экологиялық әдістер мен тәсілдер өте тиімді ме?
Неліктен экологиялық білім беру мәселелері пән аралық байланыстарды қамтиды?
Өз қалаңызда геоэкологиялық экскурсия құрастырыңыздар?
Павлодар облысының экологиялық мәселелерін шешу жөнінде экологиялық білім беру жүйесін қалыптастыру?
Достарыңызбен бөлісу: |