Нормативтік сілтемелер


 Академиялық адалдықты бұзу түрлері



жүктеу 0,85 Mb.
Pdf просмотр
бет3/7
Дата04.02.2020
өлшемі0,85 Mb.
#28140
1   2   3   4   5   6   7

 

3 Академиялық адалдықты бұзу түрлері 

 

Бұл  бөлімде  Академиялық  адалдық  қағидаларының  нормалары  мен 



қағидаттарының негізгі бұзушылықтары қарастырылады.  

Плагиат: 

 -  бөтен  адамның  жұмысын  немесе  жұмысының  үзінділерін  авторды 

көрсетпей,  өзінің  атын  жамылып  әдейі  пайдалану,  оның  ішінде  алыс-берісті 

рәсімдемей, дереккөздермен жұмыс істеу кезінде “copy-paste” тәсілін пайдалану 

арқылы ауыстыру;  

- авторды көрсетпей, біреудің идеяларын өзіне тиісті етіп әдейі көрсету;  

-  қабылданған  ережелерге  сәйкес  мәтін  арасында  сілтемедердің, 

библиографияның,  дәйексөздерді  көрсетудің  түріндегі  дереккөздерге  (мәтін, 

иллюстрация, фотосурет) сілтемелердің болмауы. 

Көшіріп жазу (емтиханда, Quiz-де, бақылау жұмысында): 

емтиханда/бақылау  жұмысында  пайдалануға  тыйым  салынған 



материалдар мен заттарды (шпаргалкалар мен басқа да жазбалар, баспа көздері; 

телефондар, планшеттер, компьютерлер мен басқа да электронды құрылғылар)  

пайдалану және/немесе оларға қандай да бір қолжетімділікті қамтамасыз ету; 

- басқа жұмыстан көшіру

- ауызша сыбыр сөздерді пайдалану.  

Сөз байласу: 

-  берілген  жұмысты  көшіріп  жазу  және  жұмысты  өз  бетінше  жасалған 

ретінде тапсыру, сонымен қатар жұмысты көшіруге рұқсат беру;  

-  оқытушының  рұқсатынсыз  қандай  да  бір  тәсілмен  емтиханның/бақылау 

жұмысының нақты тапсырмалары туралы ақпаратты ұсыну;  

- ұжымдық алдаудың түрлі нысандары, кімді болса да сөз байласу арқылы 

ұжымдық түрде алдау.  

Бұрмалау: 

-  мәліметтерді ойдан  шығару  және  бұрмалау  (шын  мәнінде  орындалмаған 

тәжірибенің,  сауалнаманың,  орындалған  жұмыс  туралы  есептің,  ақпарат 

көздерінің тізімдерін); 

- жалған құжат жасаудың түрлі нысандары.  

Мазмұнын бұрмалау: 

Білім  алушылар  жалған  тапсырмаларды,  зерттеулерді,  сертификаттарды 

және  басқа  да  құжаттарды  ұсынбауы  немесе  академиялық  мақсаттарды 

фактілерді искажать етпеуі тиіс.  

Бұрмалауларқамтиды (бірақ олармен ғана шектелмейді): 

- өзгертілген материалдар мензерттеу нәтижелері; 

- ойдан шығарылған фактілернемесе дерек көздері; 

- жалған медициналықанықтамалар; 

- оқуға түсу үшін жалған құжаттар; 

- жалғанұсынужәне басқа да хаттар; 

- жалғантранскриптілер, дипломдарнемесе басқа тіркеу мәліметтері

- тапсырманы тапсырудың күні мен уақытын өзгерту;  




10 

 

- бағалау мәліметтерін немесе емтихандық материалдарды өзгерту;  



- қайталама тапсыру үшін бағаланған жұмысты өзгерту. 

Өзін басқа тұлға ретінде ұсыну:  

Академиялық адалдықтың қағидаларын бұзушылық болып емтихандарды, 

тестілерді  тапсыру,  зертханалық  немесе  тәжірибелік  жұмыстарды,  басқа 

тапсырмаларды  орындау  кезінде  академиялық  пайданы  алу  мақсатында  өзін 

басқа адам ретінде танытып, ұсыну.   

Түрлі кедергілерді жасау: 

Академиялық  адалдықтың  қағидаларын  бұзушылық  болып  әділетсіз 

академиялық  пайданы  алу  мақсатында  басқа  адамдардың  оқу  немесе  ғылыми 

қызметіне кедергі жасау болып табылады. Ол келесіні қамтиды (бірақ онымен 

ғана  шектелмейді)  мәліметтерді,  файлдарды,  қолжазбаларды  немесе  басқа 

материалдарды  (мысалы,  суреттерді,  мүсіндерді,  бағалы  қағаздарды),  жалған 

ғылыми  жұмыстарды  жасау,  аспаптарды  немесе  кітапхананың  мүлкін, 

академиялық  мақсаттарда  пайдаланылатын  электронды  немесе  басқа 

материалдарды бүлдіру.   

Рұқсат етілмеген қолжетімділік: 

Осы  Қағидаларды  бұзушылық  болып  академиялық  пайданы  алу 

мақсатында,  емтихандық  материалдар,  тестілеу  сұрақтары  және  басқа 

материалдар  секілді  құпия  ақпаратқа  рұқсат  етілмеген  қолжетімділік  болып 

табылады.  

Мәліметтерді рұқсатсыз тарату: 

Осы Қағидаларды бұзушылық болып алдын ала келісімсіз құпия ақпаратты 

жариялау, тарату немесе үшінші тұлғаларға жария ету болып табылады. Құпия 

ақпарат  –  ортақ  қолжетімділігінің  болмауы  шартында  жинақталған  және 

сақталатын академиялық ақпаратты, мәліметтер мен құжаттарды қамтиды.  

Академиялық адалдық ережелерін бұза отырып көмек көрсету:  

Академиялық  адалдық  ережелерін  бұза  отырып  әдекімге  болса  да  көмек 

көрсетудің  өзі  академиялық  адалдықтың  қағидаттарын  бұзушылық  болып 

табылады. Мысалы, басқа сабақта  өткізілгентапсырманы, басқа білім алушыға 

беріп жіберу және тапсырмалардың бір бөлігін көшіруге және оны жеке өзінің 

тапсырмасы  ретінде  тапсыруға  рұқсат  беру,  осы  Қағидаларды  бұзу  болып 

табылады.  

Арсыздықты танытудың басқа да түрлері: 

-  жеке  өзіндік  орындалу  үшін  берілген  тапсырманың  жеке  жұмысын 

ұжымдық жұмыспен алмастыру;  

- жұмыстың топтық нысаны / топтық тапсырмалар жағдайында жұмыс пен 

нәтижесі үшін жауапкершіліктен әдейі қашқақтау; 

қандай  да  бір  артықшылықтарды  алу  мақсатында  келісімдерді,  жұмысты 

орындау мерзімдерін сақтамау.  

Осылайша,  академиялық  тұрғыдан  лайықсыз  жүріс-тұрыс  білім  алушыға 

әділетсіз  артықшылықты  қамтамасыз  ететін  немесе  басқа  білім  алушының 

нәтижелеріне әсер ететін кез келген жүріс-тұрысты қамтиды.  

 



11 

 

4 Процедуралар 



 

Университетпен  даярлықтың  сапасын  арттыру  және  білім  алушылармен 

жазбаша  жұмыстардың  барлық  түрлерін  (СӨЖ  үшін  тапсырмалар,  курстық 

жұмыстар,  бітіру  біліктілік  жұмыстары)  жазу  кезіндегі  плагиатты  алдын  алу 

үшін  түрлі  шаралар  қолданылады.  Осы  мақсатпен  «Etxt  Антиплагиат» 

бағдарламалық қамсыздығы пайдаланылады, ол мәтіннің бірегейлігін тексеруге 

арналған бағдарлама болып табылады. Плагиатқа тексеру Яндекс, Google, Mail, 

Poisk,  Genon,    Nigma,  Qip,  Bing  іздестіру  жүйелерінің  көмегімен  жүзеге 

асырылады.  Әмбебаптылығы  мен  пайдаланудың  ыңғайлығы  оны  кеңінен 

танымал етеді.  



 

4.1 Өзіндік жұмыс тапсырмаларының шеңберінде жасалған жазбаша 

жұмыстарды тапсыру мен қабылдау 

 

Білім  алушылардың  өзіндік  жұмыс  ретінде  орындалған  жазбаша 



жұмыстары үшін (рефераттар, эссе, баяндамалар, шолулар және т.б.), жетекші 

жұмысты  қорғау  үшін  жіберетін  мәтін  бірегейлігінің  шекті  мағынасы  кем 

дегенде    70%  құрауы  қажет.  Егер  ұсынылған  жұмыс  аталған  талапқа  сәйкес 

келмейтін  болса,  оқытушы  жұмысты  плагиатты  жою  үшін  қайтарады. 

Қайталама бұзушылық жағдайында оқытушы бұл жұмысты қабылдамауға және 

ол  үшін  «қанағаттанарлықсыз»/Ғ  бағасын  қоюға  құқылы.    Білім  алушы,  өз 

кезегінде,  оқытушыға  жұмыспен  бірге  «Etxt  Антиплагиат»  бағдарламасының 

көмегімен  өздігінен  қалыптастырылған  тексеру  нәтижелері  туралы  есепті 

ұсынуға құқылы.  

Зертханалық жұмыстарды, тәжірибелік жұмыстарды, бақылау және өзіндік 

жұмыстарын көшіру фактісін анықтаған жағдайда, оқытушы өз мәтінін көшіру 

үшін 


әдейі 

ұсынған 


және 

мәтінді 


көшірген 

білім 


алушыларға 

«қанағаттанарлықсыз»/Ғ  бағасын  қоюға  құқылы.  Мәліметтерді  ауыстыру 

немесе  бұрмалау  фактісі  анықталған  жағдайда,  тәртіптік  жаза  шаралары 

мәліметтерді  ауыстыру  немесе  бұрмалаудың  барлық  қатысушыларына,  білім 

алушыларға қатысты қодлданылады.    

Оқытушы  Академиялық  адалдық  қағидаларын  бұзу  кезінде  көзге  түскен 

барлық  білім  алушылардың  жұмыстарын  жояды,  және  олардың  әрқайсысы 

бағалаудың  барлық  критерийлері  бойынша  «қанағаттанарлықсыз»/Ғ  бағасын 

алады.  

 

4.2 Курстық жұмыстарды (жобаларды)  



тапсыру мен қабылдау 

 

Бакалавриатта  білім  алушылар  үшін  курстық  жұмыстың  (жобаның) 



болуы және оны қорғау кезіндегі қанағаттанарлық бағаның болуы, аталған пән 

бойынша 


емтиханды 

тапсырудың 

рұқсаттамасы 

болып 


табылады. 

Магистранттардың  курстық  жұмысы  (жобасы)  нақты  пәнге  байланбаған  және 




жүктеу 0,85 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау