Mathcat - тың негізгі мүмкіндіктері
Компьютерлік математика – ғылымы техникадағы жаңа бағыт. Ол классикалық математика мен информатиканың түйісумен туындайды. Компьютерлік математиканың маңыздылығы оның программалық жүйемен қамтамасыз етілуінде және кез - келген математикалық есептерді шешу қабілетінде. Компьютерлік математика жүйесі батыстың mathsost,, Maple, Wolsrom секілді фирмаларда жасалған. Mathcad ғылыммен білімнің және техниканың әр түрлі аймақтарын автоматтандыру үшін математикалық есептеулерге арналған. Жүйенің аталуы екі сөзден құралған, яғни MATHematica ( математика) және САД (Computer Aided Desing – автоматты жобалау жүйесі немесе АЖЖ ).
Сондықтан MATHCAD математикалық автоматты модельдеу жүйесі деп аталады. MATHCAD - тың көмегімен кітап, диссертация, ғылыми есеп дипломдық және курстық жобаларды тек әртүрлі үлгідегі сапалы мәтін мен ғана емес, ең күрделі математикалық формула жиынтығымен, есептеулермен, графиктік көріністермен дайындауға болады. MATHCAD программасының мұндай мүмкіндіктері электрондық сабақтар, лекциялар курсы, электронды кітаптар жазуда маңызы жабдыққа айналып отыр. Сонымен бірге компьютерлік математика жүйесі көркем өнер, графика, лингвистика саласында кеңінен қолданыс табылды. MATHCAD - тың жаңа нұсқасында құжаттардың көркем түсті эффектілі құрылғы және графикті анимациялау, дыбысты қосып шығару мүмкінділігі қосылған. Осы артықшылықтарына байланысты мәтіндік, формулалық және графиктік редакторлар қуатты есептеуіш потенциялды орта жүйесімен беріледі. Өте күрделі тапсырмаларды шешу үшін математикалық және графикалық жүйелер және олардың бірігуі қарастырылған. Бұл жүйе әртүрлі математикалық, графикалық және офистік жүйе қатарымен кеңейтетін интегралды қамтамасыз етеді. MATHCAD жүйесінің файлдары. mcd кеңейтілуіне ие болады. Мұндай файлдар текстік форматта болады, сондықтан оларды кез келген текстік редакторда оқуға болады. MATHCAD файлдарының құжатында программаның толық тексті болады. MathCad бағдарламасы зерттеліп,оның информатика, физика – математика пәндерінде пайдалану маңыздылығы көрсетіледі.
Зерттеу барысында Қазақстан 2050 саясатын іске асыру үшін білім алу мәселелерін жеңілдетуге, одан әрі қызықты етуге ұсыныстар анықталды. Ұсыныстар:
MathCad бағдарламасын оқытуды мектеп бағдарламасына енгізу;
MathCad бағдарламасын меңгеруге әдістемелік нұсқаулар шығару.
MathCad бағдарламасын мемлекетіміздің ғылыми-зерттеу орталықтарына таныстыру.
шетелдік мамандардан тәжірибе жинақтап, бәсекеге қабілетті маман кадрларды даярлауға аса мән беру керек;
Достарыңызбен бөлісу: |