61
циклда, фазада ұқсастық болмайды. Олардың тарихи көзқараспен қарасақ та, кеңістіктік,
аймақтық көзқараспен қарасақ та олар ерекше таңқаларлық құбылыс. Циклдік даму – бұл,
кем дегенде ұлттық экономиканың деңгейінде бір макроэкономикалық теңсалмаққа қарай
қозғалысы. Нақтылап айтқанда бұл нарықтық экономиканың, оның ішінде салалық
жүйенің өзін-өзі реттеу тәсілдерінің бірі болып есептелінеді. Сонымен қатар, циклді даму
ұлттық экономикаға және әлемдік экономикаға мемлекеттік реттеу жүргізу әрекетіне өте
сезімтал болады. Экономикалық теория экономикалық циклдің мынадай төрт фазаларын
анықтайды: дағдарыс, депрессия (құлдырау, күйзелу) жандану, өсу «көтерілу»).
Нарықтық экономика дамуының шеткі нүктесі экономикалық өсу (бум) және дағдарыс.
Экономикалық өсу жанданудан басталады, нәтижесінде, шаруашылықтардың жаңа
келісімдері пайда болады. Біртіндеп жұмыс күшіне сұраныс өседі, осыған байланысты
жұмыссыздық азаяды. Содан кейін таза өсу басталады, яғни тауар және қызмет көрсетудің
көлемі ұдайы өсуде болады. Бұл өсудің ең жоғарғы нүктесі «бум» деп аталады. Бұл
уақытта экономикада жұмыспен толық қамтылады., ал өндірістің қуаты жоғары деңгейде
жұмыс істейді. Бұл кезеңде өндірістің нақты көлемі ең жоғарғы максимальды нүктесіне
көтеріледі. Тиісінше баға да көтеріледі. Өндіріс ресурстармен толық қамтамассыз етіліп,
жұмыспен қамтамасыз ету деңгейі ең жоғарғы нүктесіне жетіп тоқталу, қозғалыссыз қалу
процесіне тап болады. Дағдарыс - өндірістің кілт құлдырауымен сипатталады. Бұл
құлдырау өнім өндірудің ақырындап қысқаруынан басталады. Дағдарыстың белгілі бір
тауарға, болмаса шаруашылық саласына сұраныс пен ұсыныстың бұзылуынан
айырмашылығы сол, дағдарыстың пайда болуы өнімді артық өндіру сипатында осыған
байланысты бағаның құрт төмендеуі, банктердің банкротқа ұшырауы, кәсіпорындар
(фирмалар) жұмысының тоқтауы, жұмыссыздық пен пайыздың өсуі. Өндірілетін өнімнің
жылдан-жылға төмендеуінің жоғары қарқыны нарықтық экономиканың құлдырауын
сипаттайды. Мұндай құлдыраудың ең төменгі нүктесін дағдарыс деп атайды.
Экономикалық дағдарыс тек төменгі нүктені көрсетіп қана қоймайды, сонымен қатар
экономикалық дамуға импульс беру, өндірісті ынталандыру қызметін атқарады. Дағдарыс
кезеңінде өндіріс шығындарын азайту, пайданы молайту, жаңа техникалық,
технологиялық негізінде жұмыс істеп тұрған капиталды жаңарту мәселелерін шешуге
қозғаушы дәлелдер пайда болады. Дағдарыс процесімен өткен даму кезеңі аяқталып,
келесі кезең басталады. Дағдарыс нарықтық шаруашылық жүйесінің өзін-өзі реттейтін
механизмінің маңызды элементі ретінде қызмет істейді. Дағдарыс кезеңінен кейін
депрессия кезеңі басталады. Ол нарықтық экономиканың тоқырау жағдайын бейнелейді,
азық-түлік тауарларына сұраныстың азаюын, жаппай жұмыссыздықты, халықтың өмір
сүруінің төмендеуін сипаттайды. Бұл кезеңде шаруашылықтарда экономиканың жаңа
жағдайлары мен талаптарына бейімделу процесі жүреді. Келесі фаза – жандану. Жандану
өндірісті оның дағдарыс алдындағы деңгейіне жеткізеді. Тауар қорларының мөлшері
нарықты үздіксіз қамтамассыз ету дәрежесіне жетеді. Төлем қабілеті бар сұраныстың
жандануы арқылы бағалардың өсуі басталады, жұмыссыздар саны қысқарады. Ақша
капиталына сұраныс өсіп, пайыз мөлшерлемесі ұлғайады. Бұл кезде жандануға сұраныс
пен ұсынысты көтермелейтін жұмысбастылық пен табыстардың өсуі қоса дамиды.
Сұраныс пен ұсынысқа ынталандыру, яғни кезекті серпініске (бумға) немесе шыңдап өсу
процесі жүреді. Ең соңынан көтерілу фазасы өмірге келеді (ағылшын тілінде бум). Ол
кезде тауарды өндіру мөлшері дағдарыс алдындағы деңгейден асады. Осыған байланысты
жұмыссыздық қысқарады. Төлем қабілеті бар сұраныстың өсуіне байланысты
тауарлардың бағасы өседі. Өндірісте пайда мөлшері жоғарылайды. Несиелік қаржыларға
сұраныс өсіп, тиісінше банк пайызының нормасы өседі. Барлық циклдар немесе кез
келген циклдар бір-біріне ұқсас емес, әрқайсысының өзіне тән арнайы ерекшеліктері,
қиысуы бар. Әрбір дағдарыс күтпеген жерден шығады және белгілі бір жеткілікті
айрықша жағдайлармен пайда болады. Дағдарыстар аралығындағы кезеңдер теңіздегі ауа-
райы сияқты толқындардың жекелеген, кіші және аралық құлдырауы түрінде болуы
мүмкін, бұл экономикалық дағдарыстардың әр түрлі типтері туралы айтуға негіз болады.
62
Айталық, 2008 жылдан басталған қазіргі заман әлемдік экономикалық кризиске жаһандық
қаржы кризисі деген ат беріледі.
12.2 Циклдік ауытқудың себептері мен циклдің түрлері және дағдарыстар
ерекшеліктері
Циклдар деп өндірістің өсуінің мерзімдік ауытқуын айтады. Ауытқудың үш түрі бар:
1) нарықтық сұраныстың тауар мен қызмет көрсетуге ұсыныстың ауытқуы, бұл қысқа
мерзімді және ұзақ мерзімді болады; 2) құрал-жабдыққа, құрылысқа және тағы басқа
сұраныстың өзгеруіне байланысты ауытқу; 3) өндірісте технологиялық тәсілдің бір
түрден екінші түрге өтуінің ауытқуы. Бұл ауысулар өндірістің барлық элементтерін
алмасуға әкеледі, бір топ жұмысшыларын басқасымен ауыстыру немесе қайта білім алу
саласын енгізеді. Макроэкономикаға екі қасиет тән: 1. Теңсалмақтық қасиеті, қоғамдық
өндіріс пен қоғамдық тұтыну, ал нарықта тиісінше, ұсыныс пен сұраныс жеткілікті
шамада теңестірілген. Сол кезде экономикалық өсу түзу траекторияда, өнімдердің өсу
қарқыны өндіріс факторларының өсу қарқынына тікелей пропорционалды болатыны
байқалады. 2. Теңсалмақсыздық қасиеті, өндіріс пен қоғам деңгейінде теңестірілмеген.
Бұл кезде ұлттық экономикадағы байланыстар мен тепе- теңдіктер бұзылып,
дағдарыстардың белгілері пайда болады. Теңсалмақсыздықтың пайда болуы негізгі
экономикалық көрсеткіштердің - өндіріс көлемінің, баға деңгейінің, еңбекке жарамды
адамдардың жұмыспен қамтамассыз етілуінің, пайда нормасының, пайыз нормасының
экономикалық тұрақты жағдайларынан ауытқуымен байланысты. Экономика бұл
жағдайға душар болған кезде экономикалық өсу алғашқы кезде баяулап, кейіннен
тоқталады да дағдарыс басталады. Циклдардың ауытқу себептерін бүгінде көп тараған
зерттеудің келесідей бағыттары бар: Бірінші көзқараста өндірістің құлдырауы халық
бұқараларының толық тұтынбауымен немесе тұтынуының біркелкі болмауымен
түсіндіріледі.
Екінші көзқарас, дағдарыстың болуын салалар мен аймақтардың арасында дұрыс тепе-
теңдіктің
болмауымен,
кәсіпкерлердің
іс-әрекеттері
реттелуге
келмейтінімен
байланыстырылады, банк жүйесі мен ақша айналымының толқынынан деп түсіндіріледі.
үшінші көзқарас, экономиканың циклді дамуының себептерін іздеудегі көп тараған пікір –
бұл, тауарды өндіру мен сату арасындағы қайшылық, қақтығыс өндірісті кеңейтуге
ұмтылған талаппен оған сәйкестеніп өсе алмайтын төлем қабілеті бар сұраныстың
арасында туындаған қайшылықтар деп есептейді. Экономикалық дағдарыс жиынтық
ұсыныс пен жиынтық сұраныстың айтарлықтай өзгеріске ұшырауын көрсетеді.
Сондықтан да дағдарыс қоғамдық өндірістің даму процесінде тепе-теңдіктің бұзылу
нәтижесі емес, қайта ұлттық экономиканың теңгерілуіне және теңсалмақтылықтың
орындалуына әкелетін құбылыс. Маркстік концепцияда дағдарысты капитал ұдайы
өндірісімен байланыстырып, негізгі қайшылық өндірістің қоғамдық сипаттамасы және
капиталистік өзіндік иелену, өндіріс құрал-жабдығына капиталистік жеке меншік
формасында қарастырылды. Кейнсиандық теория ауытқу жүйесін нарықтық механизм
теңдігінің әлсіздігі деп және осыдан туындайтын өндіріске мемлекеттің араласуын
қолдады. Осындай көзқарастың көп болуы экономикалық циклдің күрделілігі мен
маңыздылығына байланысты. Қазіргі экономикалық теорияда цикл себебін келесі
тәсілдермен түсіндіреді: 1-ші тәсіл – сыртқы фактормен; 2-ші тәсіл – ішкі фактормен; 3-
ші тәсіл – синтезді көзқараспен түсіндіреді. Міне енді осы көзқарастарға толығырақ
тоқталайық. Сыртқы факторлар. Сыртқы факторларға экономикалық жүйеден сырт
болатын фактор жатқызылады. Олар халық санының өзгеруі, соғыс, революция және
басқа саяси күйзелістер мен қақтығыстар, жаңа аумақты игеру, алтынның, уранның,
мұнайдың және басқа да жаңа кен байлық көздерінің ашылуы, технология мен
инновациадағы жаңалықтар. Сыртқы факторлардың әсерінен болатын экономикалық
циклді түсіндірілетін теорияны экстриалды деп атайды. Ішкі факторлар. Ішкі факторлар