59
ұсыным арасындағы диспропорциялар тұрақты пайда болуын байқатады. Егер осы
диспропорциялар ұзақ сипатқа ие болса, онда өндіріс пен тұтыныс аясында ұсыныс
масштабының сұранымға өзгеруіне алып келеді. үшіншіден – бұл капиталдың артық
қорлануы. Өндірістің ұлғаюы төлем сұранымымен салыстырғанда тым артық болып
келеді. Сондықтан да экономикалық дағдарыстарды әдетте, артық өндіру дағдарысы деп
те айтады. Экономикалық дағдарыстар динамикасы артық өндірудің ХІХ-шы ғасырдағы
құбылысы 1825 жылдан бастап үнемі әрбір 8-11 жылдан соң пайда болып отырған: 1825,
1836, 1847, 1857, 1866, 1873, 1882, 1891. Ал, ХХ-шы, ғасырда дағдарыстар арасындағы
мерзім 8 жылдан 3-4 жылға дейін қысқара бастады: 1900, 1907, 1917, 1921, 1929 – 33, 1937
– 38. Әсіресе дағдарыстар арасындағы мерзім екінші дүниежүзілік соғыстан соң айқын
байқала бастады: 1945, 1953, 1957, 1960, 1969, 1973, 1979, 1981. Егер екінші дүниежүзілік
соғысқа дейін экономикалық дағдарыстар негізінен әлемдік сипатқа ие болса,
экономикалық дағдарыстың бір мемлекетте пайда болуы мұң екен, сол мезетте өзінің
орбитасына әлемдік қауымдастықтағы көптеген елдерді үйіріп алады. Екінші
дүниежүзілік соғыстан соң экономикалық дағдарысы үш ақ рет байқалды: 1958, 1974,
1980 жылдары, ал ХХ-шы ғасырда бұдан 3 рет артық болды. Артық өндіру экономикалық
дағдарыстары екі қызметті атқарады: бұзушылық және сауықтырушылық. Сөйтіп өндіріс
пен тұтынушы арасындағы қалыптасқан диспропорцияны бұзады. Өндіріс мына жағдайда
тоқтайды: бағаның төмендеуі оның қызметінің пайдасыздығына ұрынады және ол кәдімгі
пайданы таппайды да. Шығар жол біреу ғана – өндірістік қорларды жаңалау: машина,
күрделі жабдықтарды және аз шығын жұмсайтын пайдалылық әрі пайда әкелетін өнім
өндірісіне кірісу қажет. «Бәсекелестік күрес, әсіресе техникадағы шешуші төңкеріс
кезінде, ескі еңбек құралдарын оның табиғи өлуіне дейін жаңасымен ауыстыруды талап
етеді. Катастрофа, дағдарыстың басты қояр нәрсесі – кәсіпорындағы ірі жабдықтарды кең
қоғамдық масштабта мерзімінен ертерек жаңалауға итермелейді». Өндірістің және оның
негізгі капиталының жаңару мерзімі – бұл кезекті дағдарыстың материалдық негізін жасау
мерзімі болып табылады. ТМД елдерінде 1990-ныншы жылдары экономикалық
дағдарыстың жаңа типі пайда болды – бұл өндіруі жетпеген дағдарыс. Себеп КСРО – ның
құлауына байланысты бұрынғы одақтас республикалардың өзара экономикалық
байланыстарының үзілуі және жаңадан егеменді мемлекеттердің құрылуы. Сондай-ақ
статистикалық
мәліметтердің
көрсетуінше,
өндіруі
жетілмеген
экономикалық
дағдарыстың алғы шарттары КСРО-ның құлдырауынан ұзақ уақыт бұрын қалыптаса
бастаған, дәлірек айтсақ 70-нші жылдардың өзінде басталған. Сол кездің өзінде жанар-
жағар және шикізат салаларының өндірісінде құлдырау байқалған: көмір мен мұнай, темір
рудасын өндіру қысқарған, шойын мен болат балқыту кеміген. Бұл экономикалық ұдайы
өндіріс мүмкіндіктерінің тығырыққа тірелгендігін көрсетті және ол жағдай ауыл
шаруашылығында байқалды. Нәтижесінде соңғы 20 жылда астық, картоп, көкөніс басқа
да өнімді өндіру көлемі өзгеріссіз қалып, ал елдегі тұрғыдан саны шамамен 20%-ға артты.
Мәселенің бұлай күрделенуі әскери шығындарға қаражаттың мол жұмсалуымен және
тұрғындардың ақшалай табысының кәдімгідей өсуімен байланыстырылады. Тіпті 1990-
шы жылы тұрғындардың ақшалай табысы 17%-ға өсіп, ал тауар мен қызмет көрсетуді
қанағаттандырыла алмаған сұраным 238 млрд. рубльге жетті. Қазақстан жалпы одақтық
шаруышылығы кешенімен тығыз интеграцияда болғандықтан, бұл жерде де өнеркәсіп
өндірісінің қысқаруы белең алды. Ақшалай табыстың өсуі, өнеркәсіп өндірісінің
қысқаруы тауар мөлшерімен қамтамассыз етілмеді. Қанағаттандырылмаған сұраным
республикада 1990-шы жылы 16,5 млрд.рубльден асып кетті немесе 76%-дан астам
жылдық тауар айналымы мен ақылы қызмет көрсетуді құрады. Өндірістің құлдырауы
соңғы 4 жылда да жалғасты. Мәселен, 1995 және 1997-ші жылдары Республикада өндіріс
құлдырауы жалғасып, 1990-шы жылғы деңгейдің 40%-на жетті. Қазіргі кезде циклдық
дамудың өзіндік ерекшеліктері бар. Олар екінші дүниежүзілік соғыстың, ғылыми-
техникалық революцияның әсерінен және мемлекеттің экономикалық ролінің өсуімен
туындаған. Экономикалық дағдарыстар тым жиіледі және ерекшеленеді. Мұндай
60
құбылыстар 1974- 1975-ші және 1980-1982-ші жылдардағы экономикалық дағдарыстар
кезеңінде байқалды. Бұл құбылыстар көптеген индустриялды – дамыған елдердің
экономикасын қамтыды. Дағдарыс кезеңі сипатында жаңа құбылыс – инфляция пайда
болды. Дағдарыс құбылысының инфляциямен қосылуы стагфляция деп аталды. ҒТР
жағдайында, әлемдік қауымдастықтағы көптеген елдерде экономикалық салалық
құрылымында өзгерістер болуда. Бір жағынан макроэкономиканың ғылым сіңіргіш жаңа
салалар – прибор құрау, робот құрау қарқынды дамуда, екінші жағынан дәстүрлі салалар –
көмір, металлургия, тоқыма және т.б. құлдырады, бұл олардың техникалық,
технологиялық артта қалумен түсіндіріледі. Осылай құлдырау құбылысы құрылымдық
дағдарыс деп аталады. Циклдық теорияны жасауды айрықша орынды Николай
Дмитриевич Кондратьев (1982-1938) алады. Ол Петербург университетінің түлегі,
кейіннен сонда профессор болған. Экономика институты ғылыми кеңесінің мәжілісінде
1926-шы жылы 6-шы ақпанда жасаған «Коньюктураның үлкен циклдары» баяндамасы
оған үлкен атақ әкелді.Зерттеудің толық нәтижесі осы атпен 1928-шы жылы шыққан
кітапта баяндалды. Экономикалық циклдардың 7-11 жылға созылатындығы белгілі болса,
бұдан басқа да 48-55 жылға созылатын ұзақ циклдардың бар екендігі белгілі бола бастады.
Мәселен, Н.Д. Кондратьев мынадай үлкен циклдарды қарастырды. Ол (цикл) қоғамдық
өндірістің технологиялық базасының радикалды өзгеруімен және оның құрылымдық
қайта құрылыуымен түсіндірілді. Өрлеу Құлдырау 1789-1814 ж.ж. 1814-1849 ж.ж. 1849-
1873 ж.ж. 1873-1896 ж.ж. 1896-1920 ж.ж. Әдетте циклдарды классификациялағанда екі
критерий қолданылады: ұзақтығы немесе циклдың мерзімділігі; оны қозғаушы циклдар,
бұл соңғысы оны жүзеге асырудың генезисі мен механизмін алдын-ала анықтайды. Осы
критерийлерге сәйкес циклды классификациялаудың белгілі айқындамалары қабылданған.
Экономикалық цикл – бұл дағдарыстар арасындағы мерзім және осы кезде оның төрт
фазасы ауысады. Фазаның бірінші (бастапқы) циклы - өндіріс құлдырауының дағдарысы.
Дағдарыс құбылысының болуы сұраным төлем қабілеттілігімен салыстырғанда тауарды
артық өндірумен түсіндіріледі. Дағдарыс кезеңінде өткерілмеген өнім саны тез ұлғайып,
жұмысшылар
босатылады,
жұмыссыздық
ұлғайып,
несие-ақша
байланыстары
бұзылып,құлдырау толқыны ұлғаяды және кәсіпорындар құлдырап, жойыла бастайды.
Экономикалық циклдың келесі фазасы депрессия (“depression’ – латын сөзі, төмендеу,
тереңдеу дегенді білдіреді). Бұл фазада өндірістің құлдырауы тоқталады. Жайлап болса да
запастағы тауарлар өткеріледі және еркін ақша капиталы пайда болады. Келесі фаза –
тірілу, бұған тән нәрсе өндірісті ұлғайту, демек пайда бар деген сөз. Ол кезегінде
өндірістің дамуын ынталандырады. Циклдың кезекті фазасы - өрлеумен алмасады. Өрлеу
өнім өндірудің қарқындылығымен сипатталады және ол дағдарыс алдындағы деңгейден
жоғары, жұмыссыздық тартылады, қарыз капиталы ұсынымы ұлғаяды және банк
пайызының (%) нормасы төмендейді. Экономикалық дамудың циклдік сипатын түсіну
үшін мынадай жағдайларды қарастыру керек. Біріншіден, барлық экономикалық
циклдардың құрылымы, жүйесі бірдей, бірақ әрбір келесі цикл, алдыңғы циклдің
қайталауы болмайды, дөңгеленіп жүрмейді, спираль сияқты жүзеге асады. Циклдік
прогрессивті пішінде дамиды. Екіншіден, циклдің фазаларының жиынтығы спиральдік
тізілуін құрайтын сияқты, экономикалық өсуді көрсетеді.
Үшіншіден, бір уақытта экономикада бір-біріне байланысты көптеген кезеңдер іске
асырылып отырады. Төртіншіден, осы кезеңдердің байланыстылығы экономикалық
процестердің толқынды қозғалысын, жетістіктерін немесе динамикалық тепе-теңдігін
анықтайды. Экономикалық циклдар – бұл, қоғамдағы оның белсенді құрамы – қоғамдық
өндірістің дүркін-дүркін ауытқуы. Цикл – бұл, нарықтық тауар және қызмет көлемінің
өсуі, содан кейін солардың төмендеуі, құлдырауы, жандануы, ақырында қайта өсуінің
қарқыны. Өндіріс циклі – толығымен орындалуының нәтижесінде дайын өнім шығаратын
жұмыс айналымы. Өнеркәсіп циклі елдегі бір дағдарыстан екінші дағдарысқа дейінгі
дәуір, кезең. Әрбір циклдің өзіне тән фазасы, өзінің ұзақтығы бар. Фазалардың
сипаттамасы: олар өздерінің нақты көрсеткіштерін әсте қайталамайды. Әрбір нақтылы