Негіздері оқу құралы Қостанай, 2017 1



жүктеу 0,88 Mb.
Pdf просмотр
бет10/28
Дата25.11.2017
өлшемі0,88 Mb.
#1748
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   28

22 

 

A) Құн. 



B) Баға. 

C) Тұтыну құны. 

D) Еңбек. 

E) Тауар құнының шамасы. 

10.Тауарлар мен қызметтерді құнын көрсету – бұл ақшаның: 

А) құн өлшеуіш қызметі 

В) айналыс құралы қызметі 

С) төлем құралы қызметі 

D) қор жинау қызметі 

Е) дүние жүзілік ақшалар қызметі 



 

 

5  Капитал теориясы  

5.1  Негізгі капиталдың мәні, оның құрамы 

5.2  Амортизациялық аударым жарнасы 

5.3  Негізгі қорларды пайдаланудың тиімділігі 

 

Мақсаты: Мақсаты-капитал теориясыың мазмұнын ашу. 



 

5.1 Негізгі капиталдың мәні, оның құрамы 

 

     Негізгі  капитал  бұл  материалдық  құндылықтың  ұзақ  кезеңдегі  жұмыс  істеп  тұруы 



ретіндегі  негізгі  қорлардың  ақшалай  бағалануы.  Осыған  орай  негізгі  капитал 

құндылығының  бір  бөлігі  осы  капиталды  пайдалану  арқылы  өндірілетін  өнімге  көшеді. 

Қолданылып  жүрген  топтастыруға  сәйкес  негізгі  қорлардың  құрамына  өндірістік  және 

өндірістік  емес  объектілер  кіреді.  Біріншіге  жататындар  -  өндірістің,  құрылыстың,  ауыл 

шаруашылығының,  автомобиль  көлігінің,  байланыстын,  сауданың  және  басқа  да 

материалдық өндіріс түрлерінің  негізгі қорлары. Өндірістік емес негізгі  қорлар  – тұрғын 

үй,  коммуналдық  шаруашылық,  денсаулық,  білім,  мадениет,  спорт  салаларына  қатысты 

объектілер. 

     Натуралды  –  заттық  принциптерге  сәйкес  негізгі  қорларды  мыналардан  тұрады  – 

ғимараттар,  құрылыстар,  табыстау  қондырғылары,  жұмыс  және  күш  машиналары  мен 

жабдықтар,  өндірістік  –  шаруашылық  құрал  –  саймандар,  өнім  беретін  мал,  көпжылдық 

егістер,  шаруашылықтың  ішкі  жолдары,  сол  сияқты  кәсіпорындардың,  мекемелердің 

меншігіндегі жер телімдері. 

Өндіріс  процесіне  қатысу  барысына  қарай  негізгі  қорлар  активтік  және  пассивтік  болып 

бөлінеді.  Актив  бөлігі  (машиналар,  жабдықтар)  тікелей  өндіріске,  өнімнің  мөлшері  мен 

сапасына  (қызмет)  ықпал  етеді  де,  пассивтік  элементтер  (ғимарат,  құрылыс)  өндірістік 

процестер үшін қажетті жағдайды қамтамасыз етеді.  

     Кәсіпорынның  негізгі  өндірістік  қорлары  өндіріс  барысында  мынадай  сатылардан 

өтеді:  негізгі  қорлардың  тозуы,  амортизация,  негізгі  қорларды  толық  қалпына  келтіру 

үшін қаражаттың қорлануы, оларды күрделі қаржы жұмсау арқылы ауыстыру. 

     Негізгі  қорлардың  кез  келген  объектілері  табиғи  және  сапалық  тозуға  ұшырайды 

(материальный и моральный износ), яғни адам күшімен,  техникалық және экономикалық 

факторлардың  әсерінен  олар  өзіндік  ерекшелігін,  үлгісін  бірте  –  бірте  жояды,  сөйтіп 

алдағы  кезде  өз  қізметін  атқаруға  орындауға  мүмкіндіктері  болмай,  жарамсыз  болып 

қалады.  Табиғи  тозуды  жөндеу,  қайта  құру  және  негізгі  қорларды  жаңғырту  арқылы 

ішінара  қалпына  келтіруге  болады.  Сапалық  тозуға  ұшырау  барысында  негізгі  қорлар 

өзіннің конструкциялық, өнімділік, үнемділік, шығарылған өнімнің сапасы жөнінен жаңа 



23 

 

үлгіден қалып қоятынын білдіреді. Сондықтан, негізгі қорларды әсіресе, олардың активтік 



бөлігін дүркін–дүркін ауыстырып отыру қажеттілігі туады. Кәсіпорынның негізгі міндеті 

– ол негізгі өндірістік қордың шамадан тыс ескіруіне жол бермеу (әсіресе, активтік бөлігі), 

себебі,  олардың  сапалық  тозуының  деңгейі  және  кәсіпорынның  жұмысының  нәтижесі 

осыған байланысты болады. 

 

5.2  Амортизациялық аударым жарнасы 



 

     Негізгі  қорлардың  табиғи  және  сапалық  тозуы  амортизациялық  аударым  түрінде  өнім 

өндіруге кеткен шығындарға қосылады. Басқаша сөзбен айтқанда амортизация дегеніміз – 

бұл негізгі өндірістік қор құнының шығарылатын өнімге бірте – бірте ауысуы. Ол ақшалай 

қаражаттың  қорлану  мақсатында  негізгі  қорлардың  толық және  ішінара  қалпына  келтіру 

үшін іске асырылады. 

     Нарықтық 

қатынастар 

жағдайында 

амортизациялық 

аударымның 

мөлшері 


кәсіпорынның  экономикасына  елеулі  үлес  қосады.  Дегенмен,  бір  жағынан, 

амортизациялық  аударымның  тым  жоғарғы  деңгейі  өндіріс  шығындарының    мөлшерін 

көбейтеді, осыған орай өнімнің бәсекеқаблеттілігі  төмендеп, таза пайда мөлшері азаяды. 

Екінші жағынан, амортизациялық аударым мөлшері тым мардымсыз болса негізгі қорды 

сатып алуға құралған қаржының  айналым мерзімін ұзарып олардың ескіруіне әкеп соғады 

да, мұның өзі таға да бәсекеге жарамдылықты төмендетеді.  

     Амортизациялық  аударымды  өтелім  мөлшеріне  және  өзінің  балансында  тұрған  негізгі 

құрал  –  жабдықтардың  баланстық  құнына  сәйкес  кәсіпорын  ай  сайын  жасап  отырады. 

Өтелім мөлшері мемлекет белгілеген негізгі қорлардың  құнын өтеудің жылдық процентті 

болып табылады және өтелім мөлшерінің жылдық сомасын анықтайды. Басқаша айтқанда, 

өтелім  мөлшері–  бұл  жылдық  амортизация  аударымның  негізгі  өндірістік  қорлардың 

құнына процент есебіндегі қатынасы. 

     Амортизациялық аударымның мөлшері төмендегі формуламен есептеледі: 

 

МА= ((Қ



бқ

 - Қ


ж

)/( Қ


бқ

 • М


қ

 ))·100%, 

 

мұндағы    МА – негізгі қорлардың жыл ішіндегі амортизация мөлшері,(%), 



      Қ

бқ

 – негізгі қорлардың бастапқы (баланстық) құны,     Қ



ж

 – негізгі қорлардың жойылу 

құны, 

     М


қ

 – негізгі қорлардың қызмет мерзімі. 

Негізгі  қорлардың  қызмет  мерзімдерін  мына  төмендегі  факторларға  сай  дұрыс  анықтай 

білу қажет: 

 

Негізгі қорлардың төзімділігі; 



 

Сапалық тозу (бірінші және екінші түрлері); 



 

Техникамен қайта жарақаттандырудағы келешекке арналған жоспар; 



 

Жабдықтау балансы; 



 

Жаңғырту және күрделі жөндеу мүмкіндігі. 



 

 

5.3  Негізгі қорларды пайдаланудың тиімділігі 



 

Кәсіпорындарда негізгі қорларды тиімді пайдалануды сипаттайтын басты көрсеткіш мына 

формуламен есептеледі: 

 

                                Қ



қ

 =V/Қ, 


 

Мұндағы, 

V- жыл ішінде өндірілген өнімнің заттай немесе ақшалай құны 



жүктеу 0,88 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   28




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау