Негіздері оқу құралы Қостанай, 2017 1



жүктеу 1,47 Mb.
Pdf просмотр
бет24/28
Дата14.11.2018
өлшемі1,47 Mb.
#19411
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   28

55 

 

пропорцияның  оңтайлануына  сұраныс  және  ұсыныс  механизмі  арқылы  қол  жеткізіледі. 



Бұл  сұрақты  капитал  мен  жұмыс  күшінің  иелеріне  қатысты  сұраныс  пен  ұсыныс 

үйлесімділігі  мәселесін  ескере  отырып  қарастырамыз.  Фирмалар  өнім  өндіріп,осы  үшін 

ақша  алады  да  жұмыс  күшіне  деген  сұранысты  тудырады.  Жұмысшылар  өзінің  жұмыс 

күшін  ұсынып,осы  үшін  сыйақы  алып  өндірілген  өнімге  сұраныс  тудырады.  Фирмалар 

мен үй шаруашылықтарының өзара қарым-қатынасы негізінде тауар және қызмет көрсету 

рыногында  жалпы  ұлттық  өнімді  қор  жинауға  бөлу  пропорциясы  қалыптасады.  Тұтыну 

адамдардың  материалдық  және  рухани  қажеттілігін  қағаттандыруға  бағытталған  тұтыну 

құндылығын  жеке  және  ортақ  тұтынуды  білдіреді.  Құндық  пішінде  –  ол,халықтың 

материалдық игіліктерді сатып алуға жұмсаған ақша сомасы.Халық тұтынуы  –экономика 

жағдайын анықтайтын негізгі компоненттердің бірі.Жинақтау  –бұл,табыстың тұтынылуы 

кейінге  қалдырылған  немесе  қазіргі  уақытта  тұтынылмайтын  бөлігі.Олар  табыс  пен 

ағымдағы   тұтыным  арасындағы  айырмашылық.Қор жинау-болашақтағы  өндірістік  және 

тұтынушылық қажеттіліктерді қамтамасыз етуге байланысты  үрдіс. Осыған сай,жинақтау 

–бұл,инвестициямен  байланысты  экономикалық  үрдіс;ағымдағы  өндірістік  және 

тұтынушылық  қажеттілікке  жұмсалу  барысында  пайдаланылмай  қалатын,жинақталатын 

табыс  бөлігі.Жинақтау  фирмаларда  да,сол  сияқты  үй  шаруашылықтарымен  де 

жасалады.Фирмалар өндірісті кеңейту және пайданы арттыру үшін қор жинақтайды. 

Үй шаруашылықтары көптеген себептерге байланысты;берекелі кәрілікті қамтамасыз ету 

және  балаларына  мұра  қалдыру,жер  жылжымайтын  мүлік  сатып  алу,материалдық 

игіліктерін қордалауға тырысады. Жинақтау және инвестициялау бір-біріне байланыссыз 

түрлі  экономикалық  субъектілерге  және  түрлі    себептерге  байланысты  іске  асады. 

Микроэкономикалық  тепе-теңдік  –бұл  барлық  рынок  түрлерінің,атап  айтқанда,тауарлар 

рыногының,жұмыс 

күші 


рыногының,өндіріс 

құрал- 


жабдықтары 

рыногының 

сәйкестелінген  тепе-теңдік  рыногы.  Нарықтардың  тепе-теңдік  дамуға  қол  жеткізуі,тепе-

теңдікті  орнатуы  экономикадағы  барлық  салалардың,     сфералардың,  элементтердің  

тепе- теңдік  жүйелі  дамуы,өзгеруі  процесінде  ішкі  және  сыртқы  рыноктардың  өзара  

байланысуы  арқылы,  ұлттық  шаруашылықтың  әлемдік  шаруашылықпен  байланысуы  

негізінде  қол  жеткізіледі. Бүкіл  әлем  дәрежесінде  тарихи  аспектіде  қарағанда,  жалпы  

экономикалық  тепе-теңдік  теориясын  экономист-математик  Л.Вальрас  жасап  ұсынған.  

Оның    теориясы    бойынша    кез    келген    рыноктық    шаруашылықтың    тепе-теңдікке  

ұмтылуы  беталыс  (тенденция)  түрінде  жүргізіледі.  Ол  тепе- теңдікке  қол жеткізудің  

негізгі  құралы – айырбас  деп  есептеген. Л.Вальрас,  В.Перето,  Дж.Хикс  экономикадағы  

тепе  –  теңдіктің    шарттары    мен    оларға    қол    жеткізу    әдістерін    қалыптастырды. 

Нарықтық  экономика  кезінде  тепе – теңдікке  қол  жеткізу – өте  күрделі,  қайшылығы  

көп,   ұзақ   мерзімді    экономикалық   процес. Тепе-теңдікке,    тиімділікке  қол  жеткізуге  – 

әлеуметтік-экономикалық,  жүйелік,    институциалдық    қайта    құрулар,    экономикалық  

реформалар   арқылы   жүзеге    асады.  Тепе  –  теңдіктің  негізгі  реттеушілері  болып  рынок 

механизмінің  элементтері  –  сұраныс,  ұсыныс,  баға,  бәсеке  болып  саналады.  Рыноктық 

экономика  жағдайында  барлық өндірілген өнімдер (жиынтық өндіріс) тауарға айналуға 

тиісті  (жиынтық  ұсыныс),  яғни  сатылуға  тиісті  (сатудың  жиынтық  көлемі),  ал  барлық 

табыстар  (жиынтық  табыс)  тұтынылуға  тиісті,  яғни  жиынтық  сұраныс  жиынтық 

тұтынысқа айналуы тиіс. Тек осы жағдайда ғана төлем қаблеті бар сұраныстың жиынтық 

көлемі және тауарлық ұсыныс көлемі сәйкестелінеді, теңдеседі. Нарықтық экономикадағы 

осындай  мінсіз  (идеальный),  іс  жүзінде  қол  жете  бермейтін  жағдайдағы  «экономикалық 

тепе  –  теңдік»  дейтін  ұғымы  қалыптасқан.  Солай  бола  тұра  рыноктық  экономика  үнемі 

қозғалыста, даму үстінде болғандықтан жиынтық сұраныс пен жиынтық ұсыныстың тепе 

–  теңдігі  үнемі  тепе  –  теңсіздікке    айналып,  үнемі    бұзылу  процесінде  болады.    Басқа 

сөзбен айтқанда рыноктық экономика кезінде даму тепе – теңдік,  тепе – теңдіктің ‰немі  

бұзылып,  үнемі  қалпына  келтіру  процесі    тепе-теңдіктің  үнемі  ауытқу  процесі  арқылы  

дамуда болады.   



56 

 

Сонымен,  экономикалық  тепе-теңдік  жиынтық  сұраныс  пен  жиынтық  өндірістің 



сәйкестігінің  тең болуын талап етсе, экономикалық даму тепе – теңсіздікке  әкеледі, яғни 

тепе  –  теңдікті  бұзып,  оның  орнына,  қайта  қалпына  келтіріп  отырады.    Рыноктық 

экономика өзінің табиғи жаратылысымен, әр түрлі реттеуші әдістерімен қайшылығы мол  

осы  екі  өзара  кері  талапқа  жауап  беріп  отырады.    Табиғи-  рыноктық  институционалдық 

механизм  осындай    таңқаларлық тепе-теңдік    құбылыстарға  макроэкономикалық  үлгілер 

(модельдер)  жасау  арқылы  шешуге  тырысады.  Бұдан  шығатын    қорытынды:  жиынтық 

сұраныс – бұл, тұтынушылар, кәсіпорындар, үкімет тарапынан мүмкін болған баға арқылы 

сатып  алуға  дайын  ұлттық  өнімнің  нақты  көлемі.  Мұндай  өнім  көлемінің    қалыптасуы 

көптеген  факторлар  мен  жағдайларға  байланысты.    Солай  бола  тұра,  мұнда  келесідей 

заңдылық  бар:  баға  деңгейі  неғұрлым    төмен  болса,  соғұрлым  тұтынушылар, 

кәсіпорындар,  үкімет  ішкі  рынокқа    ұлттық  өндірістің    үлкен  бөлігін  сатып  алуға 

тырысады.  Жиынтық  ұсыныс  ел  ішінде  түрлі    түрлі  баға  деңгейінде    өндірілетін  ұлттық  

өндірістің  нақты  көлемінен  тұрады.  Бір  мезгілде  неғұрлым    жоғары  баға  деңгейі    жаңа 

тауар өндіруде  тауар өндірушілер үшін  қосымша ынталандырушы, қызықтырушы болып 

табылады.    Осындай  жағдайда    ұлттық  өнім  көлемі  мен  баға  деңгейінде  тура  тәуелділік 

туындайды.    



 

Бақылау сұрақтары: 

1.Жалпы экономикалық талдаудың ерекшеліктері қандай? 

2. Табыстар және шығындар айналымының жалпы экономикалық үлгісі? 

3. Жалпы экономикалық саясаттың мақсаттары ата? 

4. Қоғамдық өндірістің нәтижелері және олардың ЖҰӨ көрсеткішіндегі көрінісі атаңыз? 

 

11 тақырыпқа арналған тесттік тапсырмалар

1.  Макроэкономика –бұл: 

A)  Экономиканың  даму  заңдылықтарын    адам,  отбасы  және  кәсіпорын  деңгейінде  

зерттейтін экономикалық теорияның бір бөлімі. 

B)  Экономиканың  даму  заңдылықтары  мен  тенденцияларын  мемлекет  деңгейінде 

зерттейтін экономикалық теорияның бір бөлігі. 

C)  Ресурстар  мен  өндіріс  факторларының  шектеулі  болу    жағдайында  адамдардың  іс-

әрекетін зерттейтін ғылым. 

D) Экономикалық  ойдың даму кезеңдерін зерттейтін ғылым. 

E)  Негізгі  экономикалық  заңдар  мен  категориялармен  таныстыратын  экономикалық 

терияның бір бөлімі. 

2. c+v+m формуласы нені көрсетеді 

A) Қосымша құн массасын. 

B) Ауыстырлған құнды. 

C) Жаңадан жасалған құнды.  

D) Тауар құнын. 

E) Тұрақты капиталды. 

3.  … макроэкономиканың пәнi болып есептелмейдi. 

A) мемлекеттiк салық саясаты; 

B) елдiң экономикалық өсуiнiң темптерi; 

C) дефляция; 

D) жеке жұмыскерлердiң жал ақы деңгейi; 

E) мемлекеттiк бюджеттiң тапшылығы. 

4. Макроэкономика микроэкономикадан  немен ажыратылады? 

A) «басқа тепе – тендiк жағдайдағы» қағидасын пайдаланады; 

B) гипотизаны пайдаланбайды; 

C) агрегатталған ұгымдарды пайдаланады; 

D) экономикалық тепе – тендiк ұғымын пайдаланады; 




жүктеу 1,47 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   28




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау