|
Ндірістерді автоматтандыру«Төменгі» деңгейдегі контроллерлер
|
бет | 22/23 | Дата | 26.09.2022 | өлшемі | 0,99 Mb. | | #39410 | түрі | Конспект |
| Лекция- каз5.2 «Төменгі» деңгейдегі контроллерлер
«Төменгі» деңгейдегі контроллерлер (бағдарламаланатын логикалық контроллерлер) басқарылатын алгоритмдерді іске асыру және технологиялық процесстің жүруі туралы ақпаратты жинау, өңдеуге арналған құрылғы.
Контроллерлер дербес компьютерлердің алдында бір қатар артықшылықтары бар:
- Бағдарламаланатын контроллерлер бірінен соң бірі жүретін алгоритмді қадамдар және процедуралар қатаң белгілі уақыт аралығында орындалатындай, нағыз уақыт режимінде жұмыс істейді. Осындай жұмыс режимі оңай бағалауға немесе басқару жүйесінің реакциясының максимальды уақытын өлшеуге мүмкіндік береді. Басқару бағдарламасының орындалу циклінің асыру уақыты (жүйе ракциясының максималды уақыты) контроллер міндетті түрде әрекет ететін жағдайлардың бірі болып табылады.
- Стандартты ДК (өндірістік орындау ДК емес) аппарттық қамтамасыз етілуі сенімділік жағынан бағдарламаланатын контроллерлерге орын береді. Сол сияқты жүйелік бағдарламалық қамтамасыз етуге де қатысты себебі ол ДК қарағанда бағдарламаланатын контроллерлерде қарапайымырақ.
- Контроллерде компьютерге қарағанда батареядан қоректенетін және электроқоректендіргіште кідіріс жағдайларын анықтайтын ЖЕСҚ-сы бар.
- Контроллерлерді қолдану кезінде аппараттық қамтамасыз етудің масштабтау мүмкіншіліктері көп (бағдарланатын контроллерлер түрінде ДК номенклатурасына қарағанда қуат класстары әртүрлі көптеген құрылғылар түрлері бар).
Бірақ контроллерлерде бірқатар кемшіліктер бар:
- ЖЕСҚ көлемі аз
- Контроллерлер базасында жүйенің «жабықтығы». Бағдарламалық және аппараттық қамтамасыз етілуі өндірушінің нақтылы фирмаға байланысты.
- Ақпаратты қөрудің қиыншылығы
- Қатысты өнімділігі төмен
Контроллерлерді таңдау критерийі көп жағдайда «төмен» деңгейлі ЭЕМ таңдау критерийімен ұқсас:
- Шапшаңдығы. Орнатылған процессордың тактілі жиілігі немесе кіріс/шығыс каналдардың таспаға шығарудың максимальды уақыты немесе 1кбайт логикалық операцияларды орындау уақыты көрсетіледі. Қызмет көрсететін кіріс/шығыс каналдардың санына, жоспарланатын бағдарламалық қамтамасыз етудің барлық БАЖ-нің шапшаңдығына байланысты анықталады.
- Кіріс және шығыс каналдардың саны мен түрі
- Порттардың саны және түрі
- ТЕСҚ және энергияға байланыссыз ЖЕСҚ көлемі
- Бағдарламалық қолдау
- Пайдалану шарттары
- Бағасы.
6 БАҒДАРЛАМАЛЫҚ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ (БҚ) ТАҢДАУ
Бағдарламалық қамтамасыз ету көбінесе жүйенің есепті шешуге жарамдылығын, оның тиімділігін, сенімділік пен жеңілдік модификациясын анықтайды. Бағдарламалық қамтамасыз етуді таңдау келесі негізгі критерилерге сай іске асады.
Дұрыс таңдалған бағдарламалық қамсыздандырылу:
- Қосымшаның өңделуі мен орындалуы үшін барлық қажетті компоненттерден тұрады.
- Бар құрылғыны толықтай қолдайды.
- Керекті жағдайда қосымшаны дамытуға және модификациялауға рұқсат беред.
- Қолданыста қарапайым.
- Өңдеушіге ыңғайлы интерфейске ие.
Достарыңызбен бөлісу: |
|
|