ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ШЕТ ТІЛДЕР ЖӘНЕ ІСКЕРЛІК КАРЬЕРА УНИВЕРСИТЕТІ
«БЕКІТЕМІН»
Шет тілдер және іскерлік карьера
университетінің ректоры, доктор,
профессор
______________ Сабри Хизметли
«______» ___________________ 2017ж.
ШЕТ ТІЛДЕР ЖӘНЕ ІСКЕРЛІК КАРЬЕРА УНИВЕРСИТЕТІНІҢ
АКАДЕМИЯЛЫҚ АДАЛДЫҚ ЕРЕЖЕСІ
Алматы, 2017
Шет тілдер және
іскерлік карьера
университеті
ЕРЕЖЕЛЕР
Құжат №: ШТІКУ–
ПЖ-024- KAZ
Ревизия №:
Ревизия тарихы:
Басым тарихы:
Бет:5
Анықтама
Академиялық адалдық – білім беру бағдарламаларын игеру және білім беру қызметін
жүзеге асыру, оның ішінде жазбаша (бақылау, курстық эссе, дипломдық, диссертациялық)
жұмыстарды орындау кезінде, білім беру үдерісіне қатысушылардың өзара қарым-
қатынасында өз ұстанымдарын білдіру барысында мінез-құлық нормаларын белгілейтін
құндылықтар мен қағидаттар жиынтығы.
Білім беру үдерісіне қатысушылар – білім алушылар, профессор-оқытушылар құрамы,
әкімшілік-басқару және оқу-көмекші персоналы.
Білім алушы – университетте білім алып жүрген тұлға.
Оқытушы – өз мамандығы мен ғылыми біліктілігіне сай және еңбек шартына сәйкес
бакалавриат, магистратура мен PhD докторантураның білім беру бағдарламалары
бойынша білім алушылардың даярлығын жүзеге асыратын жоғары оқу орнының ғылыми-
педагогикалық қызметкері.
Қызметкерлер – білім беру үдерісіне қатысатын университеттің әкімшілік-басқару және
оқу-көмекші персоналы.
Жалпы бақылау – ағымдағы, аралық, қорытынды бақылау және мемлекеттік
аттестаттауды өткізу кезінде университеттің білім беру үдерісінде қолданылатын
мониторинг рәсімдері.
– Құжаттамалық бақылау – бұрмалаудың алдын алу мақсатында құжаттардың
дұрыстығын, дәлдігін зерттеу және талдау негізінде жүргізілетін бақылау түрі.
– Бағаланатын жұмыс – білім алушының белгілі оқу кезеңінде оқудағы жетістіктерін
анықтау үшін ағымдағы, аралық және қорытынды бақылау аясында орындайтын жұмысы
немесе тапсырмасы (жазбаша жұмыс, бақылау жұмысы, зертханалық жұмыс, тәжірибелік
жұмыс, өздік жұмысы, зерттеу жұмысы, тесттер, курстық жұмыс, диссертация, жоба және
т.б.).
1. Жалпы ережелер
Академиялық адалдық ережесі 2008 жылғы 18-наурыздағы № 125 Жоғары оқу
орындарында білім алушылардың үлгерімін ағымдағы бақылау, аралық және қорытынды
аттестаттау өткізудің Үлгілік ережелерінің талаптарына (07.04.2017 ж. берілген өзгерістер
мен толықтырулармен), ШТІКУ-нің этика кодексіне сәйкес жасалған.
Осы ереже академиялық адалдықтың негізгі ұғымдары мен қағидаттарын, оларды
қолдану мақсаттары мен міндеттерін айқындайды, білім беру үдерісіне
қатысушылардың академиялық адалдықты сақтау бойынша құқықтары мен
міндеттерін белгілейді, академиялық адалдықты бұзу түрлерін және олар жасалған
жағдайда шара қолдану тәртібін анықтайды.
Академиялық адалдық ережесін қабылдау мамандарды сапалы даярлау, Университет
миссиясы міндеттерін жүзеге асыруға ықпал етеді.
Академиялық адалдық ережесі білім алушылар, профессор-оқытушылар құрамы,
әкімшілік-басқару
және
оқу-көмекші
персоналы
тәрізді
оқу
үдерісіне
қатысушылардың барлығы үшін бірыңғай болып табылады.
Қазақстан Республикасында білім беру қызметін реттейтін нормативтік актілер,
Университет Жарғысы мен оның даму стратегиясы өзгертіліп, білім беру
бағдарламаларына қойылатын талаптар қайта қаралған жағдайда Ереже қайта қаралуы
мүмкін.
Шет тілдер және
іскерлік карьера
университеті
ЕРЕЖЕЛЕР
Құжат №: ШТІКУ–
ПЖ-024- KAZ
Ревизия №:
Ревизия тарихы:
Басым тарихы:
Бет:5
2. Академиялық адалдықтың мақсаты, міндеттері мен қағидаттары
2.1 Осы Ереженің мақсаты – академиялық адалдық регламентін белгілеу, білім беру
үдерісіне қатысушылардың (білім алушылардың, профессор-оқытушылар құрамының,
әкімшілік-басқару және оқу-көмекші персоналдың) санасында Академиялық адалдық
ережесін сақтау қажеттілігі туралы түсінікті қалыптастыру.
2.2 Академиялық адалдық саласындағы міндеттер:
1. Мамандарды даярлау сапасын арттыруға жәрдемдесу.
2. Білім алушылардың, ПОҚ және қызметкерлердің академиялық адалдығын қамтамасыз
етуге мүмкіндік беретін жағдай жасау.
3. Проблемалық мәселелер мен жағдайларды реттеу арқылы академиялық адалдықты
бұзу жағдайлардың алдын алу.
2.3 Академиялық адалдық қағидаттары:
1) адалдық – білім беру үдерісі субъектілерінің өз міндеттерін мұқият орындауы.
2) автордың және оның құқық мирасқорларының құқықтарын қорғау – авторлықты
тану және басқа біреудің сөзін, ойларын дұрыс жеткізу және бағаланатын жұмыстарда
ақпарат көздерін көрсету арқылы авторлық құқық объектісі болып табылатын
туындыларды қорғау;
3) ашықтық – білім беру үдерісіне қатысушылардың арасындағы айқындық, өзара сенім,
ақпаратпен және идеялармен алмасу;
4) теңдік – білім беру үдерісінің барлық субъектілерінің құқықтары мен бостандықтарын
өзара құрметтеу, білім беру үдерісіне қатысушылардың осы Ережені сақтауы және оны
бұзғаны үшін тең жауапкершілікке тартылуы.
3. Академиялық адалдықты бұзу түрлері
Алдау – белгілі бір жағдайларға, оқиғаларға, фактілерге қатысты саналы түрде
жаңылыстыру. Академиялық ортада бұл:
Плагиат — басқа адамның немесе ғылыми ұжымның ғылыми еңбегін өз еңбегі ретінде
ұсыну, сондай-ақ бөтен туындыны өз атынан жариялау, Қазақстан Республикасының
қолданыстағы заңнамасымен анықталған авторлық құқықты бұзу;
Көшіру – білім алушылардың үлгерімін ағымдағы, аралық және қорытынды бақылау,
сондай-ақ қорытынды мемлекеттік аттестаттау өткізу барысында бағаланатын
жұмыстарды орындау кезінде пайдалануға тыйым салынған материалдарды қолдану.
Бұрмалау – ақпаратты, пікірді немесе деректерді әдейі бұрмалау/ауыстыру (жалған
медициналық анықтаманы ұсыну; білім алушылардың оқу жетістіктері базасына
рұқсатсыз қол жеткізу; оқу құжаттарын, деректер мен есептер нәтижесін қолдан жасау;
электрондық және транскриптке жалған баға мен қол қою; барлық деңгейдегі жұмыстар
мен құжаттарда бағаларды түзету).
Бағаланатын жұмысты, тест тапсырмаларын орындау барысында ақпаратты немесе
техникалық құрылғыларды заңсыз пайдалану және тарату; бағаланатын жұмыстың
кез келген жауабын заңсыз жолмен иемдену; рұқсат етілмеген жасырын бейне немесе
аудиожазба жүргізу.
4. Университеттің білім беру үдерісіне қатысушылардың құқықтары мен
міндеттері
4.1. Білім алушылар:
1) осы Ережемен танысуға;
Шет тілдер және
іскерлік карьера
университеті
ЕРЕЖЕЛЕР
Құжат №: ШТІКУ–
ПЖ-024- KAZ
Ревизия №:
Ревизия тарихы:
Басым тарихы:
Бет:5
2) білім алу барысында өз пікірін еркін білдіруге, ғылыми және оқу ақпаратты және
идеяларды еркін алуға және таратуға құқылы. Осы бостандықтарды жүзеге асыру
этикалық нормаларды сақтау, сондай-ақ заңмен көзделген, ұлттық қауіпсіздікті, аумақтық
тұтастықты немесе қоғамдық тәртіпті сақтау, басқа тұлғалардың беделін немесе
құқықтарын және т.б. қорғауда қажет шектеулер қажеттілігіне ұласады;
3) Академиялық адалдық ережесін бұзғаны жайында негізсіз айыптаудан барлық заңды
тәсілдермен қорғалуға құқылы.
4.2. Білім алушылар:
Оқу тапсырмалары мен ғылыми-зерттеу жұмыстарын орындау барысында
академиялық адалдықты бұлжытпай сақтауға;
дұрыс және сенімді ақпарат көздерін пайдалануға;
студенттің ОӘК және ЖОЖ-бен көзделген жазбаша жұмыстарды (рефераттар,
курстық жұмыс, эссе, іс-тәжірибе бойынша есептер, дипломдық жұмыстар, магистрлік
және докторлық диссертациялық жұмыстар, ғылыми мақалалар) өз идеялары негізінде
басқа адамдардың авторлығы мен идеяларын көрсетумен сапалы орындауға;
бағаланатын жұмыстардың барлық түрін өз бетінше орындауға;
Университеттің этика кодексінің және Ішкі тәртіп ережесінің нормаларын
сақтауға міндетті.
4.3 Университеттің профессор-оқытушылар құрамы:
Білім беру үдерісіне қатысушылардан академиялық адалдықтың негізгі қағидаттарын
сақтауды талап етуге;
білім беру барысында өз пікірін еркін білдіруге, ғылыми ақпаратты және идеяларды
еркін алуға және таратуға құқылы. Осы бостандықтарды жүзеге асыру этикалық және
нормаларды сақтау, сондай-ақ заңмен көзделген, ұлттық қауіпсіздікті, аумақтық
тұтастықты немесе қоғамдық тәртіпті сақтау, басқа тұлғалардың беделін немесе
құқықтарын және т.б. қорғауда қажет шектеулер қажеттілігіне ұласады.
Академиялық адалдық қағидаттарына сәйкестігін анықтау үшін білім алушылардың
оқу және ғылыми-зерттеу жұмыстарына (жариялау үшін ұсынылатын рефераттар,
курстық жұмыс, эссе, іс-тәжірибе бойынша есептер, дипломдық жұмыстар, магистрлік
диссертациялық жұмыстар, ғылыми мақалалар) сараптама жасауға құқылы.
4.4 Университеттің профессор-оқытушылар құрамы:
академиялық адалдық қағидаттарын ұстануға;
білім алушыларды дұрыс және сенімді ақпарат көздерін таңдау барысында үйретуге
және қолдауға;
нұсқаманы, сілтемені, пайдаланылған әдебиеттер тізімін ресімдеу тәсілдерін үйретуге;
академиялық бақылауды Университетте және пәннің оқу-әдістемелік кешенінде
(ОӘК) белгіленген бағалау критерийлерін қатаң ұстана отырып, жүзеге асыруға;
Университеттің Корпоративтік этика кодексінің және Ішкі тәртіп ережесінің
нормаларын сақтауға міндетті.
4.5 Университеттің оқу-көмекші персоналы:
1) ағымдағы тапсырмалар мен оларды сапалы орындау үшін қажет мерзім туралы нақты
ақпарат алуға құқылы.
4.6 Университеттің оқу-көмекші персоналы:
1) Академиялық адалдық ережесін сақтауға;
2) білім беру үдерісіне қатысушыларды Академиялық адалдық ережесіне енгізілген
өзгерістер мен болған бұзушылықтар туралы уақтылы хабардар етуге;
Шет тілдер және
іскерлік карьера
университеті
ЕРЕЖЕЛЕР
Құжат №: ШТІКУ–
ПЖ-024- KAZ
Ревизия №:
Ревизия тарихы:
Басым тарихы:
Бет:5
3) ағымдағы, аралық, қорытынды бақылаудың, курстық жұмыс, есептерді қорғау
ведомостілері мен оқу үдерісінің басқа да құжаттарының нәтижелері бойынша
номенклатуралық құжаттаманы ресімдеуді қамтамсыз етуге міндетті.
4.7 Университеттің әкімшілік-басқару персоналы:
1) өз өкілеттігі аясында білім беру үдерісіне қатысушылардың барлығына орындау үшін
міндетті бөлімшелердің академиялық адалдық қағидаттарын қамтамасыз ету бойынша
жұмысын реттейтін актілерді шығаруға;
2) өкілеттігіне жататын мәселелерді талқылау және шешу үшін Университеттің кез келген
құрылымдық бөлімшесінің жұмысына қатысуға;
3) факультеттің және университеттің алқалы органдарының қарауына академиялық
адалдық қағидаттарын жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізуге құқылы.
4.8 Университеттің әкімшілік-басқару персоналы:
1) Академиялық адалдық ережесін ұстануға;
2) Ереже нормалары бұзылған жағдайда осы Ережемен қарастырылған шара қолдану
бойынша жұмысты үйлестіруге;
3) білім беру үдерісіне қатысушылардың академиялық адалдықты сақтау мониторингі мен
бақылауды жүргізуге;
4) университеттің барлық қызметкерлері мен білім алушыларға қатысты әдептілік
сақтауға;
5) академиялық адалдықты бұзу фактілері анықталған кезде туындайтын тартысты
жағдайларды осы Ережеге, Университеттің этика кодексіне, Университеттің Ішкі тәртіп
ережесіне, сондай-ақ қолданыстағы заңнамаға сәйкес шешуге;
6) Академиялық адалдық ережесін бұзуға жол бермеуге және Университетпен бекітілген
лауазымдық нұсқаулықтарға сәйкес оның қатаң сақталуын қамтамасыз етуге;
7) академиялық адалдық қағидаттарын бұзудың әрбір жағдайын қатаң есепке алуға;
8) Университеттің кодексінің және Ішкі тәртіп ережесінің нормаларын сақтауға міндетті.
5. Рәсімдер
5.1 Білім беру үдерісіне қатысушылар (білім алушылар, профессор-оқытушылар құрамы,
әкімшілік-басқару және оқу-көмекші персоналы) тарапынан осы Ережені бұзу жағдайы
анықталған болса, бұзушылық сипаты мен тәртіптік ықпал ету шаралары
жөнінде хабарлама жіберіледі;
5.2 Білім беру үдерісіне қатысушылар Академиялық адалдық ережесін бұзғаны жөніндегі
нұсқаумен
немесе
тәртіптік
ықпал
ету
шарасымен
келіспеген
жағдайда, апелляция өткізіледі, ол өтініш түрінде ресімделіп, Академиялық адалдық
ережесін бұзу фактісі тіркелеген сәттен бастап тәулік ішінде деканатта тіркелуі тиіс.
Әкімшілік апелляцияға берілген материалдарды әділдікпен қарап шешу үшін жауапты
болады.
Плагиатты болдырмау үшін білім алушылардың барлық жазбаша жұмыстары
(курстық, дипломдық, диссертациялық жұмыстар) түпнұсқалық деңгейін анықтау
үшін тексеруден өткізіледі. Тексеру тәртібі мен рәсімі Университетпен анықталады.
6. Жауапкершілік
6.1. Білім беру үдерісіне қатысушылар академиялық адалдық қағидаттарын бұзғаны үшін
моральдық және тәртіптік жауапкершілікке ие болады.
6.2. Орындалу барысында академиялық адалдық қағидаттары бұзылған жұмыстар
қабылданбайды және бағаланбайды.
Шет тілдер және
іскерлік карьера
университеті
ЕРЕЖЕЛЕР
Құжат №: ШТІКУ–
ПЖ-024- KAZ
Ревизия №:
Ревизия тарихы:
Басым тарихы:
Бет:5
6.3 Академиялық адалдық ережесі бұзылған жағдайда білім беру үдерісіне қатысушыларға
қатысты келесі тәртіптік жазалардың қолданылуы мүмкін:
– ескерту;
– сөгіс;
– қатаң сөгіс;
– университеттен шығару/босату.
7. Қорытынды ережелер:
Осы Ереже Университеттің Ғылыми кеңесінде бекітілген сәттен бастап күшіне енеді және
жаңа Ережені қабылдау кезіне дейін әрекет етеді.
Document Outline - Шет тілдер және іскерлік карьера университетінің ректоры, доктор, профессор
- ШЕТ ТІЛДЕР ЖӘНЕ ІСКЕРЛІК КАРЬЕРА УНИВЕРСИТЕТІНІҢ АКАДЕМИЯЛЫҚ АДАЛДЫҚ ЕРЕЖЕСІ
Достарыңызбен бөлісу: |