Назарбаев Зияткерлік мектептерінің 7-сыныптарына түсу үшін
байқау тестілеуін ұйымдастыру және өткізу туралы
ереже
1.
Жалпы ережелер
1.
Назарбаев Зияткерлік мектептерінің
7-сыныптарына
түсу үшін байқау
тестілеуін ұйымдастыру және өткізу туралы ереже (бұдан әрі – Ереже)
«Назарбаев Университеті», «Назарбаев Зияткерлік мектептері» және
«Назарбаев Қоры» мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Заңына,
«Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының (бұдан әрі –
ДББҰ) жарғысына, ДББҰ жеке және заңды тұлғалар тарапынан ақылы қызмет
көрсету түрлерін (жұмыс пен тауарлар) жүзеге асыру және көрсетілген қызмет
түрлеріне (жұмыс пен тауарлар) қаражат жұмсау ережесіне, ДББҰ
«Педагогикалық өлшеулер орталығы» филиалы туралы ережесіне (бұдан әрі –
ПӨО) сәйкес құрастырылған, жүзеге асырушы ДББҰ, оның филиалдары мен
еншілес ұйымдарының ақылы қызметтер тізімі (жұмыс пен тауарлар),
Назарбаев Зияткерлік мектептеріне түсу үшін байқау тестілеуін өткізу
бойынша ПӨО көрсететін қызметтердің бағалар көрсеткішіне сәйкес
құрастырылды және басты қызмет нысаны білім беру қызметі (бұдан әрі –
Мектептер) болып табылатын ДББҰ филиалдарында ақылы түрде байқау
тестілеуін ұйымдастыру мен өткізу тәртібін қарастырады.
2.
Осы Ережеде төмендегідей негізгі ұғымдар қолданылады:
1)
қатысушы – орта білім беру мекемелерінде, сондай-ақ Зияткерлік
мектептерінде білім алатын бала;
2)
заңды өкіл – ата-аналар, бала асырап алушылар, жанашыр, қамқоршы,
патронат тәрбиеші және оларды Қазақстан Республикасы заңнамаларына
сәйкес балаға қамқорлық жасау, білім, тәрбие беруді, оның құқықтары мен
мүдделерін қорғауды жүзеге асыратын алмастырушы басқа да тұлғалар;
3)
байқау тестілеуі – Назарбаев Зияткерлік мектептерінің 7-сыныбына
түсу үшін конкурстық іріктеудің тест тапсырмалары үлгісімен
қатысушыларды таныстыру мақсатында ақылы негізде жүзеге асырылатын
тестілеу;
4)
онлайн тіркеу порталы – байқау тестілеуіне қатысу үшін
қатысушылардың атынан заңды өкілдеріне тіркелуге мүмкіндік беретін
ғаламтор ресурсы;
5)
келісімшарт жасасу туралы ұсыныс (оферта) – ПӨО белгілеген
шарттар бойынша қатысушының заңды өкіліне келісімшарт жасасу туралы
ПӨО ұсынысы;
6)
келісімшарт жасау туралы келісімі (акцепт) – ПӨО ұсынған ұсынысты
(оферта) қатысушының заңды өкілінің толық және сөзсіз қабылдайтыны
туралы жауабы мен ұсынысты (оферта) қабылдауға қосылуы (ПӨО ұсынған
ақылы қызметке төлем төлеу жолымен);
2
7)
оператор – мектептердің базасында байқау тестілеуін ұйымдастыру
және өткізу үшін техникалық қолдау көрсететін Мектептің қызметкері;
8)
әкімгер – аудиторияда байқау тестілеуін өткізуді жүзеге асыратын
Мектептің қызметкері;
9)
тіркеуші – байқау тестілеуі күні қатысушыларды тіркеуді жүзеге
асыратын әкімгерлердің қатарындағы Мектептің қызметкері;
10)
жауапты тұлға – байқау тестілеуін ұйымдастыруға және өткізуге,
төлемді қайтару үшін байқау тестілеуі қатысушыларының заңды өкілдерінен
өтініштер қабылдауға, сондай-ақ оларды ПӨО-на уақтылы бағыттауға
жауапты Мектептің қызметкері;
11)
компьютерлік тестілеу жүйесі – байқау тестілеуін өткізуге арналған
бағдарламалық жасақтама;
12)
тест үйлестірушісі – байқау тестілеуін мектепте ұйымдастыру мен
өткізуге жауапты ПӨО қызметкері.
2.
Байқау тестілеуін өткізу тәртібі мен шарттары
3.
Назарбаев Зияткерлік мектептерінің 7-сыныптарына конкурстық
іріктеудің байқау тесті екі кешенді тестілеуден тұрады:
1)
жаратылыстану-математикалық бағыттығы пәндерді зерделеу
қабілеттерін бағалау бойынша тест;
2)
тілдік тест.
Жаратылыстану-математикалық
бағыттағы
пәндерді
зерделеу
қабілеттерін бағалау бойынша тест үш бөлімнен тұрады:
1)
«Математика»;
2)
«Сандық сипаттамалар» (сандарды пайдалану дағдылары мен
олардың арасындағы өзара байланысты көре білу қабілетін анықтау);
3)
«Жаратылыстану».
Тілдік тест қазақ, орыс және ағылшын тілдері пәндері бойынша тест
тапсырмаларынан тұрады.
4.
Байқау тестілеуін орындауға 215 минут уақыт бөлінеді, оның ішінде:
1)
жаратылыстану-математикалық
бағыттағы
пәндерді
зерделеу
қабілеттерін бағалау бойынша тесттің «Математика» бөлімі бойынша 60
минут, «Сандық сипаттамалар» – 5 минут, «Жаратылыстану» – 30 минут;
2)
тілдік тесттің «Қазақ тілі» пәні бойынша 40 минут, «Орыс тілі» – 40
минут және «Ағылшын тілі» – 40 минут.
5.
Қатысушы байқау тестілеуін өз таңдауы бойынша мемлекеттік тілде
немесе орыс тілінде тапсырады.
6.
Мектептерде компьютерлік және/немесе қағаз түрдегі тестілеу
түрінде өткізіледі.
7.
Байқау тестілеуін өткізу күні мен орны, тестілеу түрі, онлайн
тіркеудің мерзімі, төлем тәртібі және максималды қатысушылар саны ПӨО-
мен белгіленеді және ДББҰ ресми сайтында, онлайн тіркеу порталында
жарияланады.
3
8.
Байқау тестілеуін өткізу жұмысы ПӨО, «NIS Ақпараттық
технологиялар және қызмет көрсету орталығы» (бұдан әрі – АТҚКО) және
Мектептер бірлесе әрекет етуді және төмендегідей функционалдық
міндеттерді қарастырады:
8.1. ПӨО:
1)
ДББҰ ресми сайты мен онлайн тіркеу порталына орналастыру үшін
АТҚКО-ға байқау тестілеуін өткізу күні мен орны, тестілеу форматы, онлайн
тіркеудің мерзімі, төлем тәртібі, қатысушылардың максималды саны туралы
ақпаратты және осы Ереженің 1-қосымшасына сәйкес келісімшартты (оферта)
жолдайды;
2)
байқау тестілеуі өткізілгенге дейін тест үйлестірушілеріне,
Мектептердегі жауапты тұлғаларға байқау тестілеуіне қатысушылардың
тізімін жасап, аты-жөні, ЖСН мен тестілеу тілін көрсетіп жібереді;
2-1) ПӨО қызметкерлерінің ішінен тест үйлестірушілерін тағайындайды;
3)
төлемді растайтын мәліметтерді жинауды жүзеге асырады;
4)
компьютерлік тестілеу жүйесінде байқау тестілеуін тапсыру бойынша
нұсқаулық материалдарын мемлекеттік және орыс тілдерінде құрастырып,
тест үйлестірушілеріне, жауапты тұлғаларға, әкімгерлерге және операторларға
жібереді;
5)
бағалау құралдарын құрастыру мен сараптама жасауды қамтамасыз
етеді, байқау тестілеуін өткізу үшін емтихан материалдарын дайындайды;
6)
мектептердегі
байқау
тестілеуіне
жауапты
тұлғалармен,
әкімгерлермен және операторлармен құпия ақпаратты жарияламау туралы
келісім жасасуды қамтамасыз етеді;
7)
компьютерлік тестілеу жүйесінің жұмыс істеуін қамтамасыз етеді;
8)
байқау тестілеуінің нәтижесін жинауды жүзеге асырады;
9)
қатысушылардың
жауап
нәтижелерін
автоматтандырылған
статистикалық өңдеу әдісі арқылы байқау тестілеуі нәтижелерінің бағалау
рәсімдерін жүргізеді;
10)
бағалау рәсімдерін өткізгеннен кейін 5 (бес) жұмыс күнінен
аспайтын мерзімде тестілеудің қорытындысы туралы қатысушылардың заңды
өкілдеріне онлайн тіркеу порталы немесе электрондық пошта арқылы
хабарлайды.
8.1.1. Тест үйлестірушісі емтихан материалдары мазмұнының
құпиялылығын қамтамасыз ету, тестілеу рәсімдерінің тәртібі мен талаптарын
сақтау мақсатында байқау тестілеуін ұйымдастыру және өткізуді үйлестіру
мен бақылауды жүзеге асырады.
8.1.2. ПӨО АТҚКО-мен бірлесіп онлайн тіркеу порталын әзірлеуді,
техникалық сүйемелдеуді және оның үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз етеді.
8.2. Мектеп:
1)
Мектептердің қызметкерлері арасынан жауапты тұлғаларды,
әкімгерлерді, тіркеушілерді және операторларды тағайындайды;
2)
жауапты
тұлғаларды,
әкімгерлерді,
тіркеушілерді
және
операторларды осы Ережемен таныстырады.
4
3)
байқау тестілеуін өткізу үшін Мектептердің негізінде компьютерлер
саны туралы ақпаратты ПӨО-на жібереді.
8.2.1. Жауапты тұлға:
1)
операторлармен бірге байқау тестілеуін өткізу үшін аудиторияларды
анықтайды, қолайлы жағдай жасайды (шудан оқшаулау, температуралық
жағдайды ұстау) және қатысушылардың қауіпсіздігіне жауап береді;
2)
қатысушының байқау тестілеуіне қатыспауына байланысты төлемді
қайтару бойынша өтініш білдірген жағдайда байқау тестілеуі өткізілген
күннен бастап 6 (алты) ай ішінде алушының мәліметтерін растайтын
реквизиттердің, құжаттардың көшірмелерімен бірге, байқау тестілеуіне
қатысушылардың заңды өкілдерінің жеке өтініштерін (төлемді жіберушілер)
қабылдайды және оларды ПӨО-на жібереді;
3)
байқау
тестілеуі
аяқталғаннан
кейін
байқау
тестілеуіне
қатысушылардың келгені/келмегені көрсетілген тізімді және қатысушыны
тестілеу аудиториясынан шығару туралы актілердің көшірмелерін (бар болған
жағдайда) ПӨО-на жібереді.
8.2.2. Тіркеуші:
1)
байқау тестілеуін өткізуден 1 сағат бұрын қатысушыларды тіркеуді
және тыйым салынған заттардың болмауын (абоненттік ұялы байланыс
құралдары, смарт сағат, (бейне)камера және басқа да жазу құралдары) жүзеге
асырады;
2)
байқау тестілеуі өтіп жатқан кезде кезекшілік міндетін атқарады;
3)
тіркеу аяқталғаннан кейін байқау тестілеуіне қатысушылардың
келгені/келмегені көрсетілген тізімді жауапты тұлғаға береді.
8.2.3. Әкімгер:
1)
байқау тестілеуінің басталуына 20 минут уақыт қалғанда
қатысушыларды аудиторияға алып барады және қатысушыларды отырғызуды
жүзеге асырады;
2)
нұсқаулықты оқиды және байқау тестілеуінде қатысушылардың
тәртіп ережесін сақтауын бақылауды жүзеге асырады;
3)
байқау тестілеуі аяқталғаннан кейін қатысушыларды Мектептің шыға
берісіне бағыттайды және заңды өкілдеріне тапсырады;
4)
тыйым салынған заттар табылған жағдайда осы Ереженің 2-
қосымшасына сәйкес қатысушыны шығару туралы Актіні толтырады,
қатысушыны аудиториядан шығару туралы шешім қабылдайды.
8.2.4. Оператор:
1)
заңды өкілдерге тіркеу мәселелері бойынша техникалық қолдау
көрсетеді;
2)
байқау тестілеуін өткізу кезінде компьютерлер мен бағдарламалық
қамтамасыз етудің үзіліссіз жұмысын қамтамасыз етеді және техникалық
қолдау көрсетеді;
3)
әр
аудиторияда
байқау
тестілеуінің
қатысушылары
үшін
бейненұсқаулықтың қосылуын қамтамасыз етеді;
5
4)
байқау тестілеуінің барлық қатысушыларының компьютерлік
тестілеу жүйесіне сәтті кіруін қамтамасыз етеді, осы Ереженің 3-қосымшасына
сәйкес себептерін көрсете отырып, техникалық ақау фактілері бойынша акт
толтырады ПӨО-на жібереді.
8.3. АТҚКО ДББҰ-ның ресми сайтында және онлайн тіркеу порталында
байқау тестілеуін өткізу туралы хабарландыруды және осы Ереженің
қосымшасына сәйкес келісімшарт жасасу туралы ұсынысты (оферта)
орналастырады.
8.3.1. Алынып тасталды.
9.
Қатысушылардың
байкау
тестілеуі
жауаптары
нәтижелері
шағымдануға жатпайды. Қателік жіберілген тест тапсырмалары анықталады
және автоматты бағдарламалық қамсыздандыру жолымен жойылады.
Байқау
тестілеуі нәтижелері қатысушыларға Назарбаев Зияткерлік мектептерінің 7-
сыныптарына конкурстық іріктеудің кешенді тестілеуінен өту кезінде
ешқандай артықшылық бермейді.
3.
Қатысушыларды тіркеу тәртібі мен шарттары
10.
Байқау тестілеуіне қатысу үшін тіркелу онлайн тіркеу порталы
арқылы онлайн тәртіпте жүзеге асырылады.
Онлайн тіркеу порталы:
1)
заңды өкілдердің, қатысушылардың жеке мәліметтерін (аты-жөні,
ЖСН, электрондық поштасы, байланыс телефоны, тестілеу тілі) жинау үшін;
2)
осы Ереженің 1-қосымшасына сәйкес офертаны орналастыру,
қатысушылардың заңды өкілдері мен олардың толық және сөзсіз акцептіні
жүзеге асыру үшін;
3)
байқау тестілеуіне қатысу үшін онлайн төлемді жүзеге асыру немесе
төлем туралы растайтын мәліметті енгізу үшін;
4)
байқау тестілеуіне қатысу үшін қатысушының деректері көрсетілген
жеке рұқсатнамаларды алу үшін;
5)
байқау тестілеуі нәтижелерін алу үшін қызмет етеді.
11.
Байқау тестілеуіне қатысушының заңды өкілі келесідей әрекеттерді
жүзеге асыруы қажет:
1)
онлайн тіркеу порталында тіркелуді жүзеге асыру;
2)
ДББҰ ресми сайтында және онлайн тіркеу порталында көрсетілген
тіркеудің белгіленген уақытында қатысушыны байқау тестілеуіне тіркеу;
3)
онлайн тіркеу порталы арқылы немесе Қазақстан Республикасының
екінші деңгейлі банк бөлімшелері немесе филиалдары арқылы төлемақыны
ДББҰ ресми сайтында және онлайн тіркеу порталында белгіленген уақытында
аудару арқылы офертаның шарттарын қабылдау;
4)
байқау тестілеуіне қатысу үшін жеке рұқсатнаманы алып, басып
шығарылған түрде қатысушыға беру;
5)
байқау тестілеуі басталардан 1 сағат бұрын қатысушының байқау
тестілеуі өткізілетін орынға келуін қамтамасыз ету;
6
6)
байқау тестілеуі кезінде қатысушыны тәртіп ережесімен таныстыру.
12.
ПӨО келесідей жағдайларда байқау тестілеуіне қатысуға рұқсат
етпейді:
1)
заңды өкіл қатысушыны ПӨО белгілеген мерзімнен кеш тіркеген
болса және/немесе қатысу үшін төлемді ПӨО белгілеген мерзімнен кеш
жасаған жағдайда;
2)
заңды өкіл қатысушыны ПӨО белгілеген қатысушылардың
максималды санына жеткеннен кейін тіркеген және/немесе қатысу үшін
төлемді жасаған жағдайда;
3)
заңды өкіл қатысушыны байқау тестілеуіне тіркемеген және/немесе
қатысу үшін төлемді жасамаған жағдайда.
4.
Байқау тестілеуіне қатысу үшін төлем төлеу тәртібі мен шарттары
13.
Назарбаев Зияткерлік мектептеріне түсу үшін байқау тестілеуін
өткізу бойынша ДББҰ Басқармасының шешімімен бекітілген ПӨО қызмет
көрсету құнының баға көрсеткішіне (прейскурантына) сәйкес байқау
тестілеуін өткізу қызметінің бағасы анықталады.
14.
Байқау тестілеуіне қатысу үшін төлем онлайн немесе қатысушының
заңды өкілі онлайн тіркеу порталы арқылы қатысушыны тіркеген кезде
берілетін ПӨО-ның есеп айырысу шотына Қазақстан Республикасының екінші
деңгейлі банк бөлімшелері немесе филиалдарына ақша аудару жолымен
жүзеге асырылады.
15.
Осы Ереженің 1-қосымшасына сәйкес келісімшарт жасасу туралы
ұсыныста (оферта) көрсетілген тәртіп бойынша қатысушы байқау тестілеуіне
қатыспаған жағдайда, байқау тестілеуіне қатысу үшін төлемнің қайтарылымы
жүзеге асырылады немесе қатысушы тіркеуден өткен жағдайда сол төлеммен
келесі байқау тестілеуіне ауыстырылады.
16.
Байқау тестілеуі кезінде қатысушы тәртіп ережесін бұзған жағдайда
(бір орыннан екінші орынға отыру, көшіру, шпаргалка, ұялы телефон
қолдану), ПӨО тарапынан қатысушының заңды өкіліне байқау тестілеуіне
қатысу төлемін кері қайтару жүзеге асырылмайды.
5.
Байқау тестілеуі кезіндегі қатысушылардың тәртіп ережесі
17.
Байқау тестілеуін өткізу барысында қатысушыға:
1)
бір орыннан екінші орынға ауысып отыруға;
2)
көшіру, шпаргалка, калькулятор, абоненттік ұялы байланыс
құрылғысы, смарт сағат және басқа да жазу мен байланыс құралдарын
қолдануға тыйым салынады.
18.
Байқау тестілеуін өткізу барысында әкімгер байқау тестілеуі
кезіндегі тәртіп ережесін бұзған жағдайда қатысушыны аудиториядан
шығаруға және оның нәтижелерін жоюға құқылы. Әкімгер Мектеп
директорының және/немесе тест үйлестірушісінің, сондай-ақ қатысушының
7
қатысуымен осы Ереженің 2-қосымшасына сәйкес қатысушыны тестілеу
аудиториясынан шығару туралы актіні толтырады. Қатысушы аудиториядан
шығарылған жағдайда, Мектеп директоры қатысушыны өзімен бірге ертіп
апарып, оның заңды өкіліне тапсырады.
19.
Аудиторияға(дан) кіру/шығу тек әкімгердің келісімімен ғана рұқсат
етіледі.
20.
Аудиториядан шығу үшін қосымша уақыт берілмейді.
6.
Тараптар жауапкершілігі
21.
Байқау тестілеуінің тест тапсырмалары туралы құпия ақпаратты
жариялағаны және байқау тестілеуін өткізу кезінде өзінің функционалдық
міндеттерін тиісті деңгейде орындамағаны үшін Мектеп, ПӨО, АТҚКО
басшылары, жауапты тұлғалар, тест үйлестірушілері, әкімгерлер, тіркеушілер
мен операторлар дербес жауапкершілікке тартылады.
22.
ПӨО ақылы қызметтерді іске асырудан алынған ақшалай қаражатты
мақсатты және тиімді пайдалану жауапкершілігін өз мойнына алады.
23.
Заңды өкіл байқау тестілеуіне қатысуға қатысты өтініштегі
мәліметтердің дұрыстығына толығымен жауапты болады.
Назарбаев Зияткерлік мектептерінің 7-сыныптарына түсу үшін
байқау тестілеуін өткізу Ережесіне
1-қосымша
Келісімшарт жасау туралы ұсыныс (оферта)
Нұр-Сұлтан қ.
«___» ____________20___ ж.
Осы
оферта
Қазақстан
Республикасы
Азаматтық
кодексінің
395-397-баптарына сәйкес «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім
беру ұйымының (бұдан әрі – ДББҰ) «Педагогикалық өлшеулер орталығы»
филиалы (бұдан әрі – ПӨО) туралы ережесі және №_____ сенімхат
бойынша
әрекет
етуші
ПӨО-ның
директоры
тұлғасындағы
______________________________________
атынан, төмендегі ережеде
көрсетілген шарттарды қабылдайтын Назарбаев Зияткерлік мектептеріне
түсу үшін байқау тестілеуіне қатысушының заңды өкілі болып табылатын кез
келген тұлғаға (бұдан әрі – Тапсырыс беруші) байқау тестілеуін өткізу,
www.trialtest.nis.edu.kz
онлайн тіркеу порталында тіркелу және келісімшартқа
отыру (бұдан әрі – Келісімшарт) ұсынысы болып табылады.
1.
Жалпы ережелер
1.1 Бірлесе Тараптар деп аталатын Тапсырыс беруші мен ПӨО арасында
келісімшартқа отырған және Тапсырыс беруші сөзсіз және толығымен
офертаны қабылдап, келесі іс-әрекеттерді Тапсырыс беруші орындаған
уақыттан бастап келісімшарт жасаған болып есептелінеді:
1)
www.trialtest.nis.edu.kz
мекенжайы бойынша онлайн тіркелу
порталында жарияланған бекітілген мерзімнен кешіктірілген онлайн тіркелу
және төлем жасау;
2)
келісімшарттың 3.2. тармағына сәйкес __________________
мекенжайы бойынша онлайн тіркеу порталы немесе Қазақстан
Республикасының екінші деңгейдегі банк филиалдары мен бөлімшелері
арқылы байқау тестілеуіне қатысу үшін төлем жасау.
1.2. Байқау тестілеуіне қатысудан бас тартудың негізі болуы мүмкін:
1)
ДББҰ www.nis.edu.kz сайтында және www.trialtest.nis.edu.kz
мекенжайы бойынша онлайн тіркеу порталында көрсетілген мерзімнен кеш
онлайн тіркелу және/немесе кешіктіріп төлем жасау;
2)
ДББҰ
www.nis.edu.kz
сайтында
және
www.trialtest.nis.edu.kz
мекенжайы
бойынша
онлайн
тіркеу
порталында
көрсетілген
қатысушылардың максималды санына жеткеннен кейін онлайн тіркелу
және/немесе төлем жасау;
3)
байқау тестілеуіне қатысу үшін төлемді растауының болмауы.
2
1.3. Осы Келісімшарттың 1.2. тармағында қарастырылған жағдайлардан
басқа ПӨО-ның есеп айырысу шотына төлем түскеннен бастап Келісімшарт
жасалған болып есептелінеді.
2.
Келісімшарттың мәні
2.1. Осы Келісімшарт бойынша ПӨО Назарбаев Зияткерлік мектептеріне
түсу үшін ақылы негізде байқау тестілеуін өткізу қызметін (бұдан әрі –
Қызметтер) көрсетуге, ал Тапсырыс беруші аталған Келісімшарттың
талаптарына сәйкес қызметтерді төлеуге міндетті.
2.2. Қатысушының байқау тестілеу нәтижелері Тапсырыс берушіге
онлайн тіркеу порталы немесе электрондық пошта арқылы ұсынылғаннан
кейін қызмет көрсетілген болып есептелінеді.
3.
Келісімшарт бағасы және төлем тәртібі
3.1. Осы Келісімшартының бағасы _______________ теңгені құрайды
және қосымша құн салығын қоспайды.
3.2. Байқау тестілеуіне қатысу үшін Тапсырыс беруші міндетті түрде
төлем белгісіне төлем коды (NIS-ХХХХХХХ) мен тестілеуге қатысушының
аты-жөнін
көрсете
отырып,
төлемді
онлайн
немесе
Қазақстан
Республикасының екінші деңгейдегі банк филиалдары мен бөлімшелерінде
осы Келісімшарттың 10-бөлімінде көрсетілген ПӨО есеп айырысу шотына
ақшалай қаражатты аудару арқылы жүргізеді.
3.3. Барлық банк комиссиялары Тапсырыс берушінің өз есебінен
төленеді.
4.
Қызмет көрсету тәртібі
4.1.
Осы Келісімшарттың талаптарына сәйкес, қызметтер толық
көлемде ПӨО-мен көрсетіледі.
4.2.
ПӨО-ның есеп айырысу шотына ақшалай қаражат түскеннен кейін
қызметтер көрсетіледі.
4.3.
Оферта шартында көрсетілгендей төлем төленгеннен кейін ұсыныс
қабылданады және Келісімшарт жасалған болып есептелінеді.
4.4. ПӨО-ның бақылауынан тыс жағдайларға байланысты ПӨО-ның
қызметтерді көрсету мүмкіндігі болмаған және/немесе форс-мажор болған
жағдайда ПӨО осы Келісімшарттың 4.5 тармағына сәйкес Тапсырыс
берушіге ақшалай қаражатты қайтарады.
4.5. Қатысушы байқау тестілеуіне қатыспаған жағдайда, байқау
тестілеуіне қатысу үшін төлемнің қайтарылымы жүзеге асырылады немесе
қатысушының тіркелуі болған жағдайда сол төлеммен келесі байқау
тестілеуіне келесі жағдайларда ауыстырылады:
3
байқау тестілеуіне қатысушының келмеуі;
ДББҰ тарапынан байқау тестілеуін өткізуге кедергі болатын
жағдайлар;
форс-мажор.
Байқау тестілеуіне қатысу үшін төлемді қайтару келісімшарт жасау
туралы ұсыныстың (оферта) 1-қосымшасына сәйкес заңды өкiлiнiң
(қаражатты жіберуші) жеке өтініші бойынша және алушының мәліметтерін
растайтын құжаттардың көшірмелерінің негізінде, қатысушының шотына
ақша қаражатын аудару арқылы жүзеге асырылады:
1) жеке куәлік;
2) IBAN нөмерімен банктен анықтама;
3) төлем жөнінде құжаттар (түсімдер мен касалық кіріс ордері).
Қаражатты қайтару үшін өтініш тестілеу күннен бастап 6 (алты) ай
ішінде қабылданады. Қаражатты қайтару өтініш түскен куннен бір ай ішінде
ПӨО жүзеге асырылады
4.6. Байқау тестілеуінде тәртіп ережелерін бұзғаны үшін (бір орыннан
екінші орынға ауысу, көшіру, шпаргалка, абонеттік ұялы байланыс
құралдарын, смарт сағат және басқа да жазу мен байланыс құралдарын
қолдану) қатысушы шығарылған жағдайда ПӨО Тапсырыс берушіге ақшалай
қаражатты қайтаруды жүзеге асырмайды.
5.
Тараптардың міндеттері
5.1.
ПӨО міндеттенеді:
5.1.1. Төлем төленгеннен кейін байқау тестілеуіне қатысуға мүмкіндік
беруге;
5.1.2. Байқау тестілеунің өткізілу мерзімі өзгерген жағдайда Тапсырыс
берушіге __________________ онлайн тіркеу порталы арқылы байқау
тестілеуін өткізуден 5 (бес) жұмыс күні бұрын хабарлауға;
5.1.3. Тапсырыс беруші туралы үшінші тұлғаға мәлімет бермеуге және
жарияламауға;
5.2.
Тапсырыс беруші міндеттенеді:
5.2.1. Осы Келісімшарттың талаптарына сәйкес қатысушыны байқау
тестілеуіне тіркеуге және Қызметтерді төлеуге.
6.
Тараптар жауапкершілігі және дауларды шешу тәртібі
6.1. Тапсырыс беруші байқау тестілеуіне қатысуға берген өтінішіндегі
мәліметтердің дұрыстығына толығымен жауап береді.
6.2. Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларына сәйкес
осы Келiсiмшарт бойынша қарсы тұруға болмайтын күш жағдайынан (форс-
мажор) басқа міндеттемелерді орындамаған немесе лайықсыз орындаған
жағдайларда Тараптар жауапты болады.
4
6.3. Осы Келiсiмшартты орындау кезінде туындауы мүмкін даулар мен
келіспеушіліктер Тараптар арасындағы келіссөздер арқылы шешіледі.
7.
Форс-мажор
7.1. Егер Келiсiмшарт міндеттемелерінің орындалмауы форс-мажор
жағдайының нәтижесі болып табылса, Тараптар оған жауапты болмайды.
7.2. «Форс-мажор» Тараптардың бақылауынан тыс төтенше сипаты бар
оқиғаны білдіреді. Мұндай іс-шаралар: әскери әрекеттерді, табиғи немесе
өзге де апаттарды қамтуы мүмкін.
8.
Басқа да шарттар
8.1. Тапсырыс беруші осы офертаны қабылдаған кезден бастап
Келісімшарт күшіне енеді және Тараптар өз міндеттемелерін толық
орындағанға дейін жарамды болып табылады.
8.2. ПӨО тапсырыс берушінің келісімінсіз Келісімшарт бойынша өз
міндеттемелерін орындату үшін үшінші тұлғаны тартуға құқылы.
8.3.
Тапсырыс
берушінің
сұрақтары
туындаған
жағдайда
info@cpi.nis.edu.kz мекенжайы бойынша ПӨО-на жүгінуге құқылы.
9.
Қорытынды ережелер
9.1. Осы оферта __________________ онлайн тіркеу порталында
жарияланған сәттен бастап күшіне енеді және Қызметтер көрсетілгенге дейін
әрекет етеді.
9.2. ПӨО осы офертаның шарттарын өзгерту немесе өз қалауы бойынша
кез келген уақытта офертаны қайтарып алу құқығын өзіне қалдырады. Осы
офертаға енгізілген өзгертулер күшіне енген күні офертаның немесе
офертаны қайтарып алу туралы ақпараттың __________________ онлайн
тіркеу порталында жарияланған күні болып табылады.
9.3. Осы офертадағы шарттарды акцепт жолымен қабылдай отырып,
Тапсырыс беруші өз еркімен және офертада көрсетілген барлық шарттарға
келісу арқылы Келісімшартқа отыруды растайды.
9.4. Осы оферта бір данада жасалды және __________________ онлайн
тіркеу порталында жарияланды.
Келісімшарт жасау туралы ұсынысқа (оферта)
1-қосымша
ҮЛГІ
«Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ
«Педагогикалық өлшеулер орталығы» филиалының
директорына
____________________________________________
(тегі, аты-жөні)
Тұрғылықты мекенжайы: ______________________
____________________________________________
Электрондық поштасы: ________________________
Тел.:________________________________________
Өтініш
Мен, _________________________________________________________,
(
төлемшінің тегі, аты-жөні
)
Сізден, «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ «Педагогикалық өлшеулер
орталығы» филиалы шотына Назарбаев Зияткерлік мектептерінің
7-сыныптарына түсу үшін байқау тестіне қатысу үшін
төленген ________
(___________) теңге көлеміндегі соманы
______________________________
(жазбаша)
(тестілеуге
қатысушының
__________________________________________ байқау тестілеуіне қатысуға
тегі, аты-жөні және ЖСН)
мүмкіндігіміздің жоқ болғандығына байланысты қайтаруыңызды сұраймын.
Қаражатты қайтаруды жүзеге асыру үшін келесі құжаттардың
көшiрмелерiн ұсынамын:
1)
жеке куәлік көшірмесі;
2)
IBAN нөмірі бар банктен алынған анықтама көшірмесі;
3)
төлем жөніндегі құжаттар (түбіртек және кассалық кіріс ордері)
көшірмесі;
« ____»__________ 20__ж.
______________________
(төлемшінің қолы)
____________________________________________________________
(
төлемшінің тегі, аты-жөні
)
Назарбаев Зияткерлік мектептерінің 7-сыныптарына түсу үшін
байқау тестілеуін өткізу Ережесіне
2-қосымша
Қатысушыны тестілеу аудиториясынан шығару туралы
АКТ
_______________________________________________
(мектеп атауы)
«____» _____________ 20 ____ ж. _____сағ._______ мин.
Мектеп директоры __________________________________________
(аты-жөні)
Тест үйлестірушісі _________________________________________
(аты-жөні)
Әкімгер____________________________________________
(аты-жөні)
Қатысушы_________________________________________________
(аты-жөні)
Байқау тестілеуін өткізу кезінде № ________ аудиторияда байқау тестілеуін өткізу
талаптарын бұзу фактісі, атап айтқанда:
_____________________________________________________________________________
(бір орыннан екінші орынға ауысу, көшіру, шпаргалка пайдалану, ұялы байланыстың абоненттік
құрылғысын, смарт сағатты және басқа да жазып алу, коммуникация құралдарын қолдану)
анықталды.
Аталған фактіні ескере отырып, қатысушының жазбаларында құпия ақпараттың
болуы тексерілді және байқау тестілеуі нәтижелерін жою арқылы тестілеу
аудиториясынан шығарылды.
Мектеп директоры __________________________________________
(қолы)
Тест үйлестірушісі _________________________________________
(қолы)
Әкімгер____________________________________________
(қолы)
Актімен таныстым:
________________________________________________________
(қатысушының қолы, аты-жөні)
________________________________________________________
(қатысушының заңды өкілінің қолы, аты-жөні)
Назарбаев Зияткерлік мектептерінің 7-сыныптарына түсу үшін
байқау тестілеуін өткізу Ережесіне
3-қосымша
«Техникалық ақау фактілері туралы»
АКТ
Күні _________ Мектеп __________________
Қатысушыда ___________________________________________________________
(қатысушының аты-жөні)
________________________________________________________байланысты
(ақаудың себептері)
техникалық ақау айқындалды
______________________________________________________________________.
(ақаудың сипаттамасы)
Орын алған жағдайға байланысты мынадай шешім қабылданды:
__________________________________________________________________
(қабылданған шешім)
№ _____________ аудитория
Оператордың аты-жөні, қолы
__________________________________________________________________
Әкімгердің аты-жөні, қолы
__________________________________________________________________
Тест үйлестірушісінің аты-жөні, қолы
__________________________________________________________________
Document Outline - Правила пробного тестирования_КАЗ
- Приложени 1 Каз
- Приложени 1 к оферте Каз
- Приложени 2 Каз
- Приложени 3 Каз
Достарыңызбен бөлісу: |