1-жүргізуші:
«Наурыз» тойға жиналған халқым менің,
Бәріңнің ойға алғаның жарқын сенім.
Бүгінгі той, ертеңгі ардақты ісің,
Ғажап болсын, таппайтын тепе-теңін
2-жүргізуші:
Наурыз мейрам жүректерге нұр сепкен,
Маңдайымнан сүйіп жатыр күн көктем.
Жарығыңмен, шуағыңмен күн-ана,
Алып келді жер бетіне гүл көктем.
Ән:- «Наурыз»
2-жүргізуші:
Наурызды тәңір бізге нәсіп еткен,
Мейірін танысын деп тасып өткен.
Наурыз-сән-салтанат, ұлттық рух,
Бақытты наурызы бар халқым неткен!
1-жүргізуші:
Халықтың пейілінен жаралғандай,
Сұлу күн шуағынан таралғандай.
Ел мен жер елжірескен, қуанысқан,
Наурызда ажар қандай, арай қандай!
2-жүргізуші:
Ауру да сырқатынан суығардай,
Жоқ-жітік уайымсыз тойынардай.
Наурыздың шаттық шашқан шашуынан,
Қыс қыспаққа дәу нүкте қойылардай.
-Ұлыстың ұлы күні «Наурыз» мерекесіне Айгнагүл өзінің ән шашуын ала келген екен.
Ххалық әні «Алтын бөрік» әні.
1-жүргізуші:
Уа, халайық! Бүгін ұлыстың ұлы күні. Ата-бабаларымыздың сөзімен айтсақ, ақ түйенің қарны жарылған күн. Наурыз мейрамы. Наурыз салтанаты.
2-жүргізуші:
Наурыз-жаңа күн, яғни жаңа жылдың алғашқы күні. Жыл басы. Бұл біздің халқымызда Күн мен Түн теңелер мезгіл-Наурыз айының 22-ші жұлдызына сәйкес келеді. Бұл күні аталарымыз бен әжелеріміз үй-үйді, ауыл-ауылды аралап, наурыз көжеден дәм тататын. Үлкен-кішіге ақ баталарын беріп ізгі тілек тілесетін.
1-жүргізуші:
«Ұлыс күні қазан толса, ол жылы ақ мол болар,
Ұлы кісіден бата алса, сонда олжалы жол болар» деп нақыл айтып, ауыл арасын ауыз бірлікке, татулыққа, ынтымаққа шақыратын. Жыл басы-Наурыз күні айтылған бұл тілектер ақ болып, толық орындалады деп ырым ететін.
2-жүргізуші:
Ғасырлар бойына атадан балаға мұра болып жатқан дәстүрлі осы Наурыз тойы бүгін, міне тағы есігімізді ашып отыр.
Құрметті халайық қадірменді жамиғат. Біздің өткен барыс жылына еш өкпеміз жоқ.
Солай ма?...
Әжелер адыраспанмен аластайды.
1 әже:
Алас, алас, көзі жаманның көзінен алас,
Алас, алас, тілі жаманның тілінен алас.
2 әже:
О, құдайым, зарыға күткен жаңа жылым келді.
Жаңа жыл жарылқа,
Ескі жыл есірке!
3 әже:
Менің ұрпақтарымды аман ет!
Пәле жаладан сақтай гөр!
Жамандық әрі кет, әрі кет!
(Халыққа қарап иіледі де, сахнадан шығып кетеді)
Анардың орындауында халық әні: « Шынар-ай»
1-жүргізуші:
Көргенде қуанасың таза әуені,
Құлаққа естілгендей жаз әуені.
Жыл сайын тойланатын мәңгі – бақи,
Наурызың құтты болсын, қазақ елі.
2-жүргізуші:
Жақсылық жүрегіне жыр еселер,
Биікке шарықтатар киелі өнер,
Наурызың құтты болсын, апа - әкелер,
Наурызың құтты болсын, ата - әжелер.
(ӘУЕН ОЙНАП ТҰРАДЫ)
Достарыңызбен бөлісу: |