Н тарму 5 12-2018 баспа 05. 05. 2018



жүктеу 2,27 Mb.
Pdf просмотр
бет5/16
Дата15.01.2020
өлшемі2,27 Mb.
#26821
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16

Есеп

Н ТарМУ  15/1.12-2018

1 баспа 05.05.2018

7.  М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті әскери кафедрасының акт

залында 2018 жылдың 23 қазаны күні сағат 16.00. әскери кафедраны бітірушілермен және

жоғары курс студенттерімен 80 адам санында, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштеріне

әскери қызметке шақырылу бойынша  үгіт-насихат шаралары өтті.

Алғашқы   сөз   кезегін     әскери   кафедра   бастығы   полковник   С.А.Мукушев   алып,

қатысушыларға «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы  мамандар бөлімінің бастығы полковник

М.Т.Имангазин   мен   Жамбыл   облыстық   қорғаныс   істері   жөніндегі   Департаментінің   өкілі

отставкадағы полковник М.М.Байжановты таныстырды. 

Сөз сөйлеу барысында қазіргі уақыттағы Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері

туралы бейнеролик қоса көрсетілді.

Осы іс-шара соңында «запастағы лейтенент» әскери атағын алған 15 әскери кафедра

бітірушілері   Қазақстан   Республикасы   Қарулы   Күштері   қатарында   қызмет   атқаруға   өз

тілектерін білдірді.

8.   24 қазанда облыстық жастар саясаты басқармасы мен Жамбыл облысы бойынша

Қорғаныс істер жөніндегі департаментінің ұйымдастыруымен  М.Х.Дулати атындағы Тараз

мемлекеттік   университеті   әскери   кафедрасының   оқытушылары   және   студенттерінің

қатысуымен  Тараз қаласы «Жеңіс» саябағының «Ерлік» монументінің жанында   Қазақстан

Республикасы Қарулы Күштері қатарына жастарды салтанатты шақыру бойынша «Мен өз

елімнің патриотымын» атты облыстық әскери-патриоттық акция өтті.

9.  Әскери   кафедрада   Қазақстан   Республикасының   Президенті   Нұрсұлтан

Назарбаевтың   «Ұлы   даланың   жеті   қыры»   бағдарламалық   мақаласын     түсіндіру   және

талқылауға арналған қызметкерлермен және студенттермен сабақ болып өтті.

Сабақтың   негізгі   мақсаты   Елбасы   мақаласының   мәнін   жеткізу   -   Отанға   деген

сүйіспеншілік   пен   патриотизмге   тәрбиелеу,   этникалық   қатынастарды   нығайту,   өз

мәдениетімізді,   салт-дәстүрімізбен   тілімізді   сақтау,   еліміздегі   әлеуметтік   және   саяси

тұрақтылық, тарихымызды білу.

«Ұлы даланың жеті қыры» мақаласын «Рухани жаңғыру» бағдарламасының жалғасы

ретінде қарауға болады, тұтас алғанда бұл жастарға арналған ұлттық бағдарламаның жаңа

компоненттері.

Әскери кафедрада «Ұлы даланың жеті қыры» ақпараттық стенді жасалды.

Бұдан басқа, осы бағдарламалық мақаланы талқылауға арналған іс-шара шеңберінде

әскери   кафедра   студенттері   университеттің   тәрбие   бөлімі   ұйымдастырған   флешмобқа

қатысты.


10.    Әскери   кафедрада   лаңкестік   пен   экстремизмнің   алдын   алу   бойынша   үнемі

дәрістер мен әңгімелесулер жүргізіледі.

Ағымдағы жылдың 22 қарашасы күні Жамбыл облысы бойынша Ұлттық қауіпсіздік

комитетінің Терроризмге қарсы орталық бөлімінің өкілі Б.К.Атамқұлов әскери кафедраның

қызметкерлері   мен   студенттеріне   халықаралық   аренадағы   террористік   ұйымдардың

мақсаттары, күштері мен құралдары туралы, осы бағытта Қазақстан Республикасының құқық

қорғау   органдары   жүргізіп   жатқан   алдын-алу   жұмыстары   туралы   егжей-тегжейлі   айтып

берді.


Дәріс   терроризмге   қарсы   қауіпсіздік   туралы   бейнероликтерді   көре   отырып,   оларға

түсініктемелер беру және тыңдаушылардың сұрақтарына жауап берумен жалғасты.

2018   жылдың   23   қарашасында   әскери   кафедрада   «Экстремизмге   қарсы   іс-қимыл

туралы» Қазақстан Республикасының Заңы тақырыбында дәріс өтті.

Дәріс   Жамбыл   облысы   бойынша   полиция   Департаментінің   қызметкері   Д.С.

Сәуірбаймен кездесу форматында өткізілді.

Бұл дәрістің мақсаты студенттер мен қызметкерлерге экстремизмге қарсы іс-қимыл

туралы   Қазақстан   Республикасының   қолданыстағы   заңнамасының   негізгі   нормаларын

10



Есеп

Н ТарМУ  15/1.12-2018

1 баспа 05.05.2018

жеткізу болды.

11.  2018 жылы желтоқсан айында екі кезеңде іс-шаралар өткізілді:

1 кезең – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арналды. 

26.11.2018ж.   мен   30.11.2018ж.   аралығында   (студенттердің   әскери   кафедраға   келу

күндері) взводтарда «Қазақстан Республикасының   Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың

тәуелсіз   мемлекет   құрудағы   және   дамуындағы   сіңірген   еңбектері   мен   тарихи   ролі»

тақырыбында  видео көрсетіліммен бірге дәріс оқылды.

Сондай-ақ осы мерекеге арналған ең үздік қабырға газетіне байқау өткізілді. 

2 кезең - «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 27 жылдығына арналды. 

2018 жылдың 10 мен 14 желтоқсан аралығында (студенттердің әскери кафедраға келу

күндері)   «Қазақстан   Республикасы   Тәуелсіздігінің   26-жылдығына»   тақырыбында     видео

көрсетіліммен бірге дәріс оқылды.

14 желтоқсан күні әскери кафедрада студенттер арасында  №12, 13 «Қаруды толық

емес бөлшектеу», «Толық емес бөлшектеуден кейін қайта жинау» нормативтерін орындаудан

жарыс болып өтті.

Екінші курс студенттері арасында жүлделі орындар иеленгендер:

1 орын 528 

 

оқу взводы –  Туленди Дархан Галимулы



2 орын 118  оқу взводы –  Саудақұлов Сұлтан Бақбергенұлы

   


3 орын 518  оқу взводы –  Маткаримов Сардорбек Султанович

Үшінші курс студенттері арасында 

1 орын 247 оқу взводы –  Умаров Мухамет Фурутдинович

2 орын 267 оқу взводы –  Рүстембеков Дулат Сейфуллаұлы

   

3 орын 417 оқу взводы –  Жамбылқызы Айгерім



Барлық жарыс жеңімпаздарына дипломдар тапсырылды.

12.   2018   жылдың   26  желтоқсанында   «Жеңіс»   мемориалдық   кешенінде   Бауыржан

Момышұлының   ескерткіші   жанында   оның   туған   күнімен   орайластырылған   патриоттық

акция болып өтті.

Осы іс-шараның соңында «Болашақ сардар» әскери-патриоттық клубының мүшелері,

оның   жетекшісі   запастағы   подполковник   Ж.П.   Наурызбаевпен   бірге   Бауыржан

Момышұлының ескерткішіне гүл шоқтарын қойды.

13.   Жыл сайын әскери кафедрада «Инженерлік әскерлер күні» аталып өтеді.   2019

жылдың 21 қаңтары күні осы мерекеге орай әскери кафедрада салтанатты жиналыс өтті.

14.  7 ақпан күні М.Ф. Үркімбаев атындағы Жастар сарайында М.Х. Дулати атындағы

Тараз мемлекеттік университетіндегі Жастар жылының салтанатты ашылу рәсімі өтті.

Әскери кафедрадан  «Бүркіт» полициямен бірлескен студенттік жасағы (ПБСЖ) мен

жақында құрылған «Болашақ сардар» әскери-патриоттық клубы (ӘПК) ұсынылды. 

«Бүркіт»   ПБСЖ-ның   негізгі  міндеті   қоғамдық   қауіпсіздікті   қамтамасыз   ету,

студенттік   қалашықтар,   университеттің   оқу   корпустары   аумағында,   студенттік

жатақханалардағы құқық бұзушылықтың алдын алу, университеттің қоғамдық іс-шараларын

өткізу кезінде тәртіпті сақтау болып табылады. 

Жастар   жылы   аясында   «Болашақ   сардар»   ӘПК   жоспары   әзірленіп,   бекітілді,   оған

сәйкес   жастарды   әскери-патриоттық   тәрбиелеу   бойынша   түрлі   іс-шаралар   жоспарланған

және өткізіледі: 

әскери-спорттық   ойындар,   жарыстар,   конкурстар,   дөңгелек   үстелдер   ұйымдастыру

және өткізу; 

әскери-патриоттық бағыттағы қалалық және облыстық іс-шараларға қатысу; 

Қазақстан   тарихын   зерделеу   және   Қазақстан   Республикасы   Қарулы   Күштерінің

әскери-патриоттық дәстүрлерімен жан-жақты танысу және тағы басқалар.

11



жүктеу 2,27 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау