Есеп
Н ТарМУ 15/1.12-2018
1 баспа 05.05.2018
Оқу жылы барысында «Нашақорлық – ХХІғ. дерті!», «Маскүнемдік пен нашақорлық –
қылмыстар мен оқиғалардың, ВИЧ инфекциясын жұқтырудың көзі», «Есірткісіз өмір»,
темекі тарту, ішімдік және басқа да психикалық белсенді зиянды заттарды қолдану мәселесі
бойынша арнайы «нарколог», «психолог» мамандардың қатысуымен кездесулер жүйелі
ұйымдастырылып, оқу жылы барысында технологиялық, гидро медициналық кабинеттерінде
студенттік жатақханаларда университет студенттеріне, арнайы қыздарға арналған
медициналық профилактикалық тексеру бойынша ашық есік күндері өткізілді.
Сонымен қатар қыркүйек-мамыр айларында университет медбикесі А.Асанованың
ұйымдастыруымен:
– Жатақхана студенттерінің жұқпалы, тері ауруларына, бит аурулары бойынша
профилактикасы жүргізілді.
– 1-5 курс студенттерінің тізімі жасақталып, 278 формаға енгізілді.
– оқу кешендерінің буфеттері мен жатақхана тазалығы тексерілді.
– Барлық факультет студенттері флюорографиядан өтіп, денсаулық сақтау пунктінде әр-
түрлі алдын-алу бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, алғашқы медициналық көмектері
көрсетілді.
– Диспансерлік есепте тұратын студенттер аймақтық дәрігерлердің бақылауынан тыс қалмай,
тиісті жұмыстары тұрақты жүргізілді.
–Оқу корпустарымен буфеттердің санэпидемиялық жағдайы және №1, №2 жатақханалардың
тазалығы тексерілді.
X.
Кәсіби-еңбек тәрбиесі
Университетте жастарды әлеуметтендіруге басымдық танытылып, оларды жұмыспен
қамтуға бағытталған Студенттік еңбек жасақтарының штабы араға жылдар салып, бірлікті де
белсенді түрде жазғы еңбек маусымының даңқты дәстүрін жалғастырып, жұмысын
үйлестіріп, аймағымызда «Ең үздік» жасақ қатарында тек жоғары сатыларда көрініп,
жеңімпаз аталынып келуде. Биылғы 2019 жылы кезекті еңбек маусымында жұмыс жасауға
335 студент өтініш білдіріп, медициналық тексеруден 299 студент жарамды болып танылып,
оның ішінде 103-і оқу төлем ақыларынан жеңілдік алатын студенттер қатарынан болып,
былтырғы жылмен салыстырғанда жұмыс істеуге ниет білдірген жастардың 100 % -ға
артқанын көрсетеді. Студенттердің жалақы мөлшерлері 50000-70000 теңге көлемінде
беріледі деген жоспарда. Жамбыл облысы әкімдігінің жастар саясаты басқармасының,
құрылыс басқармасының және мердігер компаниялардың арасындағы келісім-шартқа сәйкес
бойынша университет студенттерін жұмыспен қамту үшін 14 мердігер компаниялардың
құрылыс нысандарына арнайы квота бөлінген. Квотаға сәйкес әр факультеттің
студенттерінің санына қарай мердігер компанияларға бөлінген болатын.
Университет ректорының №245-ст, 25.05.2019ж. бұйрығымен маусым-шілде айлары
аралығында Тараз қаласы және Жамбыл облысы аудандарындағы Энергетика
басқармасының және «Тур Ахмет и Компания», «Құрылыс ТЭД», «Агроспецстрой»,
«Бином», «ТАРАЗСТРОЙ-2004», «Тараз Құрылыс Дизайн», «Андас групп», «Barat & Co»,
«Султан Б», «Астана UP», «Жамбылхимстройинженеринг», «Базис Дор Строй», «Тараз-
Ісмер» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерінің құрылыс нысандарына 289 студент
(194
ұл, 95 қыз) Оның ішінде 98 студент оқу төлем ақыларынан жеңілдік алатындар) жіберілді.
р/с
Факультет
Жалпы саны
Оның ішінде
жеңілдік алатын
студенттер
1. Ақпараттық технологиялар,
14
6
28
Есеп
Н ТарМУ 15/1.12-2018
1 баспа 05.05.2018
автоматика және
телекоммуникациялар факультеті
(8 ұл, 6 қыз)
2. Су шаруашылығы, экология және
құрылыс факультеті
144
(124 ұл, 20 қыз)
44
3. Экономика және бизнес факультеті
7
(7 қыз)
4
4. Гуманитарлық-әлеуметтік ғылымдар
факультеті
14
(6 ұл, 8 қыз)
3
5. Заң факультеті
52
(33 ұл, 19 қыз)
15
6. Технологиялық факультеті
28
(4 ұл, 24 қыз)
10
7. Мұнай, газ және механика факультеті
30
(26 ұл, 4 қыз)
16
БАРЛЫҒЫ:
289
98
2019 жылдың 5 маусым күні «Жастар» аллеясында Студенттік құрылыс жасақтары
еңбек маусымының ашылу салтанаты өтті.
Алайда Жамбыл облысы әкімдігінің құрылыс басқармасымен Жастар саясаты
мәселелері басқармасы тарапынан уәде етілгендей 289 студент жұмыспен қамтылмады.
Небәрі 166 студент жұмысқа орналасты. Атап айтсақ:
1. «Султан Б» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің Байзақ ауданының Сарыкемер
ауылындағы Желтоқсан көшесінде №59 орналасқан №3 колледжінің спорттық залын,
асханасының құрылыс салу нысанына «Айбын» құрылыс жасағы (5 студент) жіберілді. Бірақ
құрылыс нысанында қыз балаға қолайлы жағдай болмағандықтан 2 қыз бас тартты. Айлық
еңбек ақысы 50000 теңгені құрайды, 3 мезгіл ыстық тамақпен, жататын орынмен қамтылды.
Жалпы жұмыс атқарып жатқан 3 студент.
2. «Астана UP» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің Байзақ ауданы Ақшолақ ауылында
120 оқушыға орта мектеп құрылысын салу нысанына «Жібек» құрылыс жасағы (15 студент)
жіберілді. Бірақ құрылыс нысанында жатып жұмыс жасайтын болғандықтан ата-аналары
рұқсат бермей 6 қыз бас тартты. Мекеме басшыларымен қосымша келісім жасалынып тағы
да 10 ұл жұмысқа қабылдады. Жалпы жұмыс атқарып жатқан 19 студент. Айлық еңбек
ақысы нақты 60000 теңгені құрайды, 3 мезгіл ыстық тамақпен, жататын орынмен қамтылды.
3. «Андас групп» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің Меркі ауданы Қазақ-Дихан
ауылына 120 оқушыға арналған орта мектеп құрылысын салу нысанына «Арыстан» құрылыс
жасағы (12 студент) жіберілді. Жіберілген 12 студент жұмысқа қабылданып, айлық еңбек
ақысы 70000 теңгені көрсетіп, 3 мезгіл ыстық тамақпен, жататын орынмен қамтылды.
4. «Құрылыс ТЭД» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің Т.Рысқұлов ауданы Жалпақсаз
ауылындағы 48 оқушыға бастауыш мектеп құрылысын салу нысанына «Дулат» құрылыс
жасағы (8 студент) жіберілді. Жіберілген 8 студент жұмысқа қабылданып, айлық еңбек
ақысы 70000 теңгені көрсетіп, 3 мезгіл ыстық тамақпен, жататын орынмен қамтылды.
5. «Агроспецстрой» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің Тараз қаласы Ы.Сүлейменов
көшесінің соңындағы тұрғын үй алқабындағы 80 және 60 пәтерлі көп қабатты 8 тұрғын
үйлердің құрылыс нысандарына «Құрылысшы» құрылыс жасағы (50 студент) жіберілді.
Бірақ құрылыс нысанында жұмыстың басталмағаннына және қаржыландыру бөлінбегеніне
байланысты 6 құрылыс нысанында жұмыс тақтатылып тұр. Жұмыс жүргізіліп жатқан 2
құрылыс нысанға 24 студент жұмысқа қабылданып, айлық еңбек ақысы 70000 теңгені
көрсетіп, 1 мезгіл ыстық тамақпен қамтылды.
29