Н. С. Сейітов г-м.ғ. д., профессор Оқулықта «Геология және пайдалы қазбалар кен орындарын барлау»


Жуу сұйықтарының дисперстік жүйе деп есептелуі



жүктеу 8,17 Mb.
Pdf просмотр
бет73/168
Дата08.12.2022
өлшемі8,17 Mb.
#40519
түріОқулық
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   168
Бурение

 
Жуу сұйықтарының дисперстік жүйе деп есептелуі. 
Бір заттың ішінде 
екінші заттың біркелкі таралып орналасуын ерітінді дейді. Еріткіш заттың 
ішіндегі еріген зат бөліктерінің іріліктеріне қарай ерітінділер нағыз, коллоидты 
және суспензиялы болып үш топқа бөлінеді. 
Нағыз ертінділер
мөлдір келеді және ерітілген заттардың бөліктері көп 
уақытқа дейін өзгерместен өз қасиетін сақтайды. Тұз, қышқыл және сілті 
ерітінділері нағыз ерітіндіге мысал бола алады. 
Коллоидты ерітінділер
ішіндегі бөлшектер көптеген молекулалардан 
тұрады. Бұл ерітіндінің сапасы еріген бөлшектерінің ірілігіне байланысты 
болады. Қатты фазаның ірілігі аз болса, көп уақытқа дейін коллоидты ерітінді 
өз қасиетін бұзбайды. Қатты фаза сұйық фазадан ертіндінің барлық көлемінде 
тор болып бөлінеді.Осындай ертінділерді коллоидтық ертінділер дейді. Қатты 
фазаның қандай мөлшерде ұсатылғанын дисперсиялық көрсеткіш дейді. 
Коллоидтық ерітінділер біраз уақыттан кейін өздерінің қасиетін жоя бастайды. 
Еріген зат тұнба болып көшеді де, іркілдек масса тәрізденеді. Коллоидтық 
ерітінділерге сұйық шыны, желатин, желім т.б. жатады. 
Суспензиялық ерітінділердің
ішіндегі зат бөлшектерінің іріліктері 
коллоидтық ерітіндінің бөлшектерінен де ірірек келеді. Суспензиядағы 
бөлшектердің ірілігі 0,0001 мм-ден 1 мм-ге дейін жетуі мүмкін. 
Балшық ерітіндісі су мен балшықтан тұрады. Ол екеуін механикалық 
әдіспен араластырғанда тұрақты қасиеті бар, физико-химиялық қосынды 
шығады. Оны 
балшықты суспензия
дейді. 
Балшық ерітінділерін коллоидты-суспензиялы ерітінді деп айтады. 
Себебі, оның ішіндегі заттардың бөлшектерінің іріліктері коллоидты және 
суспензиялы ерітінділер бөлшектеріндей бола береді. Балшық ерітіндісінің 
қасиетін коллоидты ерітіндінің қасиетіндей деуге болады. 
Ерітінді ішіндегі бөлшектерді сипаттайтын ерекшеліктердің бірі - олар 
қатты ірімтіктерге айналып сұйық фазадан бөлінеді. Мұндай құбылысты 
коагуляция
дейді. Коагуляцияның екі түрі болады: гидрофобты және 
гидрофильді. Егер ертіндінің қатты фазасы ертінді түбіне тұнса, ондай 
коагуляцияны гидрофобтық коагуляция дейді. Гидрофобтық коагуляция 
суспензияларға тән. Ал қатты фаза сұйық фазадан ертіндінің барлық көлемінде 
тор болып бөлінсе, ондай коагуляцияны гидрофильді дейді. Мұндай коагуляция 
коллойдты ертінділерге тән. Коллойдтық ертінділерде бөлшектер арасындағы 
тартылыс күшінің мәні, бірін-бірі тебу күшінің мәнінен кем болады. Бұл жағдай 
балшық ертіндісіндегі балшық жапырақшаларын айналдыра қоршап тұрған су 
қабығының әсерінен туады.


Егер жер асты суы немесе бұрғыланушы жыныс агрессиялы болса, онда олар 
бұрғылау кезінде балшық ертіндісіне физико-химиялық әсер беріп оны 
коагуляциялайды. Агрессиялы жыныстарға ізбестастар, гипстер, ангидриттер, 
әсіресе тұздар кіреді. Минералды су немесе агрессиялы тұзы бар жыныс 
кездескен жағдайда олардың кесірлі әсерінен балшық ерітіндісін сақтау үшін, 
тұрақтылықты көбейтетін реагенттер қолдану керек.
Балшықтың әрбір ұсақ бөлшектері пластина тәрізді жапрақшалар болады. 
Ерітінді ішіндегі әрбір балшық бөлшектерінде электр заряды бар. Ол көбінесе 
теріс заряд. Коллоидтық жүйенің барлық қатты бөлшектерінің тұнбастан 
қалықтап тұратынын және өзгермеушілігін көрсететін дәрежені 
тұрақтылық
дейді.
Балшық ертіндісінің жапрақшалары Броундық қозғалыста болады. 
Қозғалыс кезінде бөлшектер өзара соғылысып бір-бірімен жабысады. Ондай 
жабысулар жапырақшаларды қоршаған су қабыршағының ең жұқа тұсында-
жапрақшалардың екі шетінде болады. Өзара жабысқан жапрақшалардан тор 
тәрізді қаңқа құрылады. Коллоидтық ерітіндіде кездесетін мұндай құбылысты 
құрылым пайда болу 
дейді. Мұндай құрлымы бар дененің ішінде қозғалыс 
тудыру үшін әжептеуір күш жұмсалады. Ерітінді өз құрлымын жойып аға 
бастағанда, оның 1 см
2
ауданына берілетін күш мөлшерін 
ығысудың 
статикалық кернеуі
дейді. Ол мг/см
2
- мен өлшенеді. Балшық ерітіндісінде 
құрылымының пайда болуы оған өз сыбағалы салмағынан ауырырақ 
бөлшектерді қалықтатып, тұндырмастан ұстап тұра алатын қасиет береді. 
Балшық ерітіндісі қозғалмай тұрса, іркілдек түрге келеді. Оны былғаса 
қайтадан қозғалмалы сұйық қалпына түседі, ал қозғалысты тоқтатса, ол 
іркілдекке қайтадан айналады. Ерітіндінің қозғалыссыз жағдайда іркілдек түрге 
келіп, оны былғаған кезде қайтадан сұйылып кетуін 
тиксотропия
, ал оның 
қайтадан құрылым құруын тиксотроптік қасиет дейді. Ерітіндінің шыр айналма 
ағыс тоқтаған кезде іркілдек түрге түсіуі, бұрғылаудан пайда болған жыныс 
ұнтақтарының қалықтап тұруына септігін тигізеді. Бұл жағдай бұрғылаушы 
аспаптың ұңғы түбінде ұсталынып қалмауы үшін қажет. Бірақта, бір ескеретін 
жағдай, тиксатропия үлкейген сайын балшық ерітіндісінің тұтқырлығы көбейіп, 
осының салдарынан насостың жұмыс істеуі ауырланып, ерітінді талқандалған 
жыныс бөлшектерінен нашар тазаланады. Сол себептен балшық ерітіндісінің 
тиксотропиясын белгілі бір мөлшерде ұстаған жөн. Ол жағдай - насос жұмыс 
істей бастағанда ерітіндінің жылдам сұйық түрге келуі, ал ұңғыда бұрғылау 
жұмысы тоқтағанда жылдам бұрынғы құрлымына қайта келуі. 

жүктеу 8,17 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   168




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау