283
12. Ұңғы білігі – ұңғының оқпанының дәл ортасынан өтетін ойша
жүргізілген сызық.
13. Ұңғы түбі – ұңғының тау жынысын талқандау үрдісі жүретін бет .
14. Зениттік бұрыш – ұңғыма білігінің өсі нүктесінде жүргізілген
жанама мен тік сызықтың арасындағы бұрыш.
15. Азимут бұрышы – таңдалған бағыт пен сағат тілімен алынған ұңғы
білігінің горизонтальды жазықтыққа проекциясы арасындағы бұрыш.
16. Желонка – ұңғыны соққылама бұрғылау тәслімен бұрғылау кезінде
талқандалған тау жынысынан тазалау үшін қолданатын технологиялық
аспап.
17. Гидросоққыш – сұйықтықпен
жұмыс жасайтын соққылау
генераторы, гидравликалық машина.
18. Пневмосоққыш – пневматикалық машина, газбен жұмыс жасайтын,
жекелегенде ауамен жұмыс жасайтын соққылау генераторы.
19. Бұрғы қондырғысы – бұрғылау үрдісінің негізгі жұмыстарын
атқаратын, бір рамаға орнатылған, агрегаттардың жиынтығы.
20. Сорап – сұйықтықты айдайтын гидравликалық машина.
21. Бұрғылау сорабы – ұңғыны талқандалған тау жыныстарынан
тазалау және оны жер бетіне көтеруге арналған гидравликалық машина.
22. Бұрғылау режимінің параметрлері –
ұңғыны бұрғылау кезіндегі
әсер ететін жағдайлардың жиынтығы және оларды бұрғылау кезінде реттеуге
болатын, реттелетін жағдайлар.
23. Ауырлатылған бұрғылау құбырлары (АБҚ) – керекті өстік күшті
беретін және бұрғы құбырларының т.с.с төменгі бөлігін созып, тік қалпында
ұстап тұруға арналған ауыр салмақты, қалың қабырғалы бұрғы құбырлары.
24.Контактылық кернеу – қашауға берілген өстік күштің қашаудың
забойымен түйісу ауданына қатынасы.
25.
Ағу шегі – серпімді деформациядан иілімді деформацияға өту
нүктесіне сәйкес күштің штапмтың ауданына қатынасы.
26.Магнитострикция – ферромагниттің өлшемдерінің айнымалы магний
өрісінде өзгерілуі.
27. Қатты қорытпа – вольфрам мен кобальттың қоспасы.
28.Шарошка – тау жынысына кесіп-қопара әсер ететін қашау.
29.Айналма бұрғылау – забойдағы
тау жынысы айналдырғыш
моменттің және өстік күштің әсірімен тұрған құралмен талқандалатын
әдіс.
30.
Соққылап бұрғылау - забойдағы тау жынысы қашау мен
соққылап талқандалатын әдіс.
31.
Айналсоқ бұрғылау – забойдағы
тау жынысын айналдырғыш
моменттің, өстік күштің әсерімен тұрған құралға арнаулы
механизмдермен соққылап әсер етіп талқандайтын әдіс.
284
32.
Геология - Жер туралы ғылым,
Достарыңызбен бөлісу: