Н. А. Маженова экономикалық теория



жүктеу 1,3 Mb.
Pdf просмотр
бет25/50
Дата14.11.2018
өлшемі1,3 Mb.
#19409
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   50

Экономикалық теория 
 
85 
келеді.  Айналымның  жылдамдатуының  нақты  жолдарын 
айқындау  үшін  капитал  айналымының  уақыт  құрылымын  білу 
қажет.  Капитал  айналымының  уақыты  –  авансталған  барлық 
құнының өндіріс аясы мен айналыс аясын өтуге кеткен уақыт.  
Қор  айналымының  уақытын  қысқарту  жолдары  өндіріс 
техникасы  мен  технологиясын  жетілдіруден,  ресурстарды 
үнемдеуден, жұмыс уақытын жоғалтуын жоюдан, ауысымдылық 
коэффициентін  арттыру,  шикізатты  жеткізу  ырғақтылығын 
қамтамасыз  ету  және  өндірістік  қорларды  минималдаудан, 
жабдықтау жүйесін жақсартудан, өткізуден және т.б. тұрады.  
Өндіріс  уақыты  -  бұл  өндірістік  өрісте  капиталдың  болу 
кезеңі.  
Капитал  айналымының  ұзақтылығы  айналыс  уақытының 
азаю  есебінен  қысқарады.  Ол  тауарларды  сатып  алу  уақытынан 
(Д  –  Т)  және  дайын  өнімді  өткерілу  уақытынан  (Д'  –  Т') 
құрылады.  Капитал  айналымының  жалпы  уақыты    өндірістік 
капиталдың құрамын жақсартуға байланысты азаяды. 
Капиталдың  әртүрлі  бөліктері  бизнес  жасайтын  адамға  бір 
уақытта қайтып келмейді. 
 
7.4.  Инвестиция және оның түрлері 
 
Ұлғаймалы    ұдайы  өндіріс,  ол  сандық  және  сапалық 
қатынаста  өсуін  білдіреді.  Капитал  мөлшерінің  өсуі    жинақтау 
есебінен  көбейеді.  Капиталдың  жинақталуы  –      ұлғаймалы 
ұдайы  өндіріске    кететін  ақшалай  және  материалдық 
қаржылардың қосылуы.  
      Мұндай  қосымша  капитал  түрін  болашақ  салымы  деп 
атаса  болады,  себебі  ол  келешек  ұрпақтың  өмірін  жақсартуға 
жұмсалады.  
Жинақтаудың мәні келесілерден тұрады: 
1.  Ең  алдымен  жеке  фирманың  өзіндік  пайдасы.  Олардың 
барлығы өндірістің ұлғаюына мүдделі. Осының арқасында олар 
тек  өздерінің  өмірлік  деңгейін  ғана  емес,  өндірістік  мәндегі 
мүліктерді де арттыруға мүмкіндік алады. 
2. Бәсеке де әсерін тигізеді. Мұнда кім өзінің экономикалық 
потенциалын  арттырады,  сол  жеңеді.  Мысалы,  қазіргі  кезде 


Н. А. Маженова 
 
86 
АҚШ-та  нарықта  тұрақты  орын  алу  үшін  бірнеше  ондаған 
миллион доллар капитал болуы керек. 
Жинақтаудың екі қайнар көзі болады:  
1.  Пайда  бөлігі  ұлғаймалы  ұдайы  өндіріске  бөлінген, 
амортизациялық аударым, қаржы қоры. 
2. Банктік және басқа да қарыздар. 
Өндірістік жинақтау (инвестициялар) өндіріс құралдарының 
санын  арттыруға  (өндірістік  аймақтар  мен  жаңа  ғимарат, 
үймерет,  станоктар,  жабдықтарды  кеңейтуге)  жұмсалады  және 
экономикадағы  капитал,  материалдық  қорларды    арттыруға 
жұмсалады. 
Инвестиция мынадай түрге бөлінеді:  
-  тәуекелділік (венчурлық); 
-  тура; 
-  портфельді; 
-  аннуитетті. 
Венчурлік  капитал  –    тәуелділігі  жоғары  жаңа  сфераларға 
ақшасы жылдам өтелетін салынатын салымдар. 
Тура  инвестициялар –  басқаруға қатысуға құқық алу үшін 
компанияның жарғылық капиталына салынатын салымдар. 
Портфельді инвестициялар – «портфельдің» (акциялардың, 
облигациялардың,  сақтандыру  және  т.б.  сертификаттары)  және 
бағалы қағазбен  басқа  активтерді құрылуымен байланысты. 
Аннуитетті инвестициялар – салымшыға белгілі бір уақыт 
мөлшерінде табыс әкелетін өзіндік инвестициялар. Көбінесе бұл 
қаржылар сақтандыру және зейнетақы қорларына салынады. 
Жаңа талаптарға сай жинақтаудың ерекшеліктері төмендегідей: 
1.  Шығындарды  ғылыми  зерттеуге  және  тәжірибелік-
құрастырушылық  өңдеулерге  жұмсауды  арттыру.  Ғылыми 
сыйымдылығы  жоғары  прибор 
жасау, 
ракета-космостық 
кешенін салу. 
2.  Өнімді  жаңартуға  бағытталған  (зерттеушілік  өңдеу 
идеялары, жаңа үлгінің нарыққа шығуы). 
3.  Ғылыми-техникалық  өңдеулер  нарығы,  «НОУ-ХАУ» 
нарығы. 
Мұндай 
әзірлемелер 
іргелі 
және 
қолданбалы 
зерттеулерден 
кейін 
туындайды 
(машинаның 
жаңа 
конструкциясы, барынша жетілген технология).  


Экономикалық теория 
 
87 
Жаңа  заманға  сай  жинақтау  өндіріске  жаңа  ҒТР-ның 
жетістіктерін  енгізуге  бағытталады,  жоғары  технологиялардың 
негізінде кәсіпорындарды жабдықтауға бағытталады (информатика, 
телекоммуникация, 
биотехнология). 
Өндірістің 
жетекші 
салаларындағы 
заманауи 
қор 
ҒТП 
жаңа 
жетістіктерді 
(информатика,  телекоммуникация,  биотехнология)  өндіріске 
ендіруге,  жаңа  технологиялар:  аз  адамды,  адамсыз  өндіріс, 
ресурстарды  сақтайтын,  экологиялық  таза  өндірістер  негізінде 
кәсіпорындарды  қайта  жабдықтауға  бағытталған.  Өндірістің 
барынша тиімділігін қамтамасыз ету. 
АҚШ,  Германия,  Ұлыбритания,  Жапония,  Оңтүстік  Корея, 
Франция  және  т.б.  секілді  ірі  мемлекеттер  ҚР-ға  капитал 
салатын 
негізгі 
инвесторлар 
болып 
табылады. 
Олар 
инвестициялық  климатты  жандандырып  қана  қоймай,  отандық 
экономиканың дамуына жәрдемдеседі.  
Экономиканың басты секторы болып келесілер табылады:  
1) 
өндірістік инфрақұрылым;  
2) 
өңдеуші өнеркәсіп;  
3) 
Астана объектілері;  
4) 
тұрғын үй, әлеуметтік сала және туризм объектілері; 
5) 
ауыл шаруашылығы.  
 
Қайталауға арналған  сұрақтар 
 
1.  Негізгі капитал дегеніміз не және оның құрылымы? 
2.  Негізгі қорлар қалай бағаланады? 
3.  Капиталдың  айналымы  мен  шеңбер  айналымының 
байланысы қандай? 
4.  Амортизация не үшін қолданылады? 
5.  Инвестиция дегеніміз не және оның қандай түрлері бар? 
 
Жаңа терминдер мен ұғымдар 
 
Ұдайы өндіріс 
Капиталдың ауыспалы айналымы 
Негізгі капитал 
Айналым капитал 


жүктеу 1,3 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   50




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау