«музыкалық білім» кафедрасы



жүктеу 1,07 Mb.
бет3/6
Дата17.02.2018
өлшемі1,07 Mb.
#10044
1   2   3   4   5   6

Увертюра ” Эгмонт”.

Неміс ақыны Гетенің “Эгмонт” атты трагедиясына арнап, 1810 ж. Жазылған. Уақыйғада, 16 ғасырдағы Нидерланды халықтарының, испандықтарға қарсы күресі және осы күресті бастаған граф Эгмонт туралы баяндалады. Ол жүректі, күшті- күрескер адам болған. Осы күресте қайтыс болады. Бірақ, жергілікті халықтар, Эгмонт бастаған күресті жалғастырып, 1576 ж. жеңіп шығады, сонымен, 1609 ж. өздерінің теңсіздігін алып, халық күресі жеңіспен аяқталады.

Увертюра бір бөлімді шығарма, кіріспеден басталады. Халық тағдыры суреттеледі. Ақын Гетенің жазған халық тағдырын ауыртпашылығын, композитор музыка тілінде жазған.

Увертюрада өз мазмұнын анықтап дәл сүреттеді. Увертюра “Сонаталық аллегро” түрінде жазылған. Негізгі тақырып фа минорда, жалғас тақырып ля бемоль мажорда жүреді. Өңдеу тақырып темалары да осы тональдықта, негізгі шығарманың мазмұнын ашып, оның ішінде халық және олардың күш-қуатын, халық батыры Эгмонттың батылдығын сүреттейді. Увертюра үлкен кодамен, халықтардың жеңісімен, қуанышты салтанатпен бітеді.

Композитор өз шығармаларында, жігер күрес, батылдық тақырыппен халыққа өте жақын екендігін, және өзінің де үлкен күрескер батыл композитордың бірі екенін көрсетеді.

Сонаталық форманың аллегросы.

Соната-қазіргі біздің ұғымымызда, сонаталық цикл ретінде жазылған, бір немесе екі аспапқа арналған шығарма.

Цикл” дегеніміз, шығарманың көп бөлімділігі яғни жиынтығы.

Соната итальян сөзі, аспаптың бір түрінде ойнау деген мағнаны береді. Осы түрінде жазылған, фортепиано, скрипка, виолончелге арналған: Гайдн, Моцарт, Бетховен, Шуберт, Шуман, Шопен, Лист, Чайковский, Прокофьев тағы басқа композиторлардың көптеген сонаталық шығармалары бар.

Сонымен қорыта айтқанда, сонаталық цикл- көп бөлімді музыкалық шығарма болды. Бұл форма, 18-ші ғасырдың 2-ші жартысында Вена классиктері: Гайдн, Моцарт, Бетховеннің шығармаларында толығымен бекіген.

Сонанаталық циклдық шығармада төрт бөлім болады:

1 бөлім “Сонаталық аллегро”- шығарманың драмалық қайшылықтары өрістейтін ең басты бөлім.

11 бөлім “Ақырын жүретін бөлім”- лирикалық және филисофиялық ойдын суреттемесі- орындалады.

111 бөлім “Менуэт”- Гайдн, Моцарт шығармаларында, ал “скерцо”- Бетховен шығармаларында орындалады.

1V бөлім” “Финал” - шапшаң, салтанатты музыкасымен, барлық бөлімдерді қортындылайды.

Барлық бөлімдердің мазмұны: күрес, ой-арман, жеңіске жету. “Сонаталық аллегро формасы”- циклдық шығарма ретінде, шетелдерде 17-ші, 18-ші ғасырлардан басталған. Нақтылы бекігені жоғарыдағы айтқандай Вена классиктерінің шығармасында 18-ші ғасырдың 2-ші жартысы.

Сонаталық форманың аллегросы”- қарама қарсы екі тақырыптық, драмалық дамуымен жүреді: қайырымдылық, қастық, қуаныш-азап, шегу, батырлық-лирика.

Сонаталық форманың 1-ші бөлімі,“Сонаталық аллегро”- іш ара үш тақырыпшаға бөлінеді.



  1. Экспозиция- үш тақырыптың ішіндегі ең негізгі бөлімі, барлық шығарманың мазмұнын баяндап өтеді.

  2. Өңдеу- темасы, экспозициядан соң жүреді. Мұнда, негізгі партия мен жалғас партия, сұраққа жауап беріп, сөйлеп тұрғандай өтеді және экспозициясындағы барлық темалардың /кіріспе, негізгі жалғастырушы, жалғас, қорытынды/ негізінде өңделіп бір-бірімен өте байланысып кетеді.

  3. Репризаныңда, экспозиция темалары өзгеріп қайталанады. Кей уақытта, экспозицияның алдында кіріспе темасы, соңында кода темасы қайталанып барып, тақырыпты қосымша бекітеді. Шығарма бітуге айналғанда, ширығып, тез, шапшаң темпте, жоғарғы шыңына жетіп аяқталады.

Сонаталық циклдық шығармада үш бөлімі.

Сонаталық форма- қарама-қарсы екі теманың негізінде құрылады:

1-ші бөлім “Сонаталық аллегро”

1-ші темасы- бастапқы тональдықты және мазмұн байланыстығын сақтайды.

2-ші темасы- бастапқы тональдықтың маңайында өрбиді, арасында өрістейді.Бұл “күшті” мен “әлсіздің” күресі үлкен дауылға ұласып, соңынан біртіндеп алыстап төменгі регистрде аяқталады.

3-ші тақырыпта “Реприза”. Мұнда, экспозициядағы барлық до минорда қайталанады. Өзгеріс, жалғастырушы тақырыбында ғана болады. Бітер кезде, қайтадан “Кіріспе” тақырыбы өтеді. Соңынан “Негізгі” тақырып тез, ұшқыр екпінмен ерік, күш, жігер жеңеді деп қорытындылайды.

11-ші бөлім ” Adagio cantabile”. Ля бемоль мажорда жүреді.

111-ші бөлім. Финал. Ұшқыр, 1-ші бөлімге ұқсас, до минорда жүреді. Финал, рондо-соната формасында жазылған.

Тақырыптың аты: ФРАНЦ ШУБЕРТ.

Сабақ мақсаты: романстарының мәнін ашу.

Негізгі сұрақтар, тапсырма:


  1. Шуберт қанша симфония жазды?

  2. “Си минор” симфониясы қай уақытта табылып, қай уақытта орындалды?Неге аты “Неоконченный” деп қойылған? Симфонияның ерекшелігін анықта.

  3. Шуберттің қандай өлеңдерін білесің?

  4. Фортопианолық шығармалар

Сабақ материалдарының тезистік берілуі:

Бар-жоғы 31-ақ жыл өмір сүрген Австриялық композитор. Шуберттің еңбек жолы, Бетховеннің еңбектерінің жалғасы сияқты. Бетховен музыкасы, Шуберт шығармаларына революциялық мазмұн берді.

Франц Шуберт 1797-ші жылы Вена маңындағы Лихтенталь деген жерде туды. Әкесі мектепте муғалім, шешесі қол ұсташысының қызы болатын. Бұл жанұя ағаларымен қоса өнерді сүйетін адамдар болған. Оның музыкалық дарыны ерте байқалады. 11 жасында оны шіркеуге әншілер дайындайтын мектепке береді. Ол өзінің орындаушылығымен мұғалімдерді таң қалдырады. Осы кезде оған өнер жолына мектеп болған Бетховеннің музыкасы еді. Алғашқы шығармаларын жастайынан шығара бастады және композитор Сальер баланың ерекшілігіне көңіл аударды. Францтың таланты әкесін қатты қабалжытты. Ол Гайдн, Моцарт, Бетховеннің өмірін жақсы білетін, себебі музыканттардың өмірі ауыр болатын. Шуберттің шығармашылығының шыңы, 19-шы ғасырдың 20-шы жылдарына Француз революциясының “Бостандық”, “Теңдік” идеяларын тұншықтыра басқан кезеңге дәл. Шуберт өмірі қиыншылықпен жан толғанысының сәтсіздігімен өтеді. Көзі тірісінде жазылған тоғыз симфонияның біреуі-де орындалмайды. 600 әндерінен 200-і ғана жарық көреді. 20 фортопиянолық сонаталарынан үшеуі ғана басылады.

Шуберттің өлеңдері веналықтардың жүрегіне жол тапты. Сол кездегі атақты әнші Иоганн Михаэль Фогль композитор Шуберттің сүйемелдеуімен, Австрия қалаларына үш рет концерттік сапармен аралап шықты. Досы Шоберге жиырма жеті жасында “Бұл жалғандағы ең бақытсыз жан мен”-деп жазған хаты көп нәрсені аңғартатын еді.

1828-ші жылы жолдастарының ұйымдастыруымен тек Шуберттің шығармаларына арналған концерт қойылды. Бұл концерт үлкен үміт және қуаныш әкелгенмен, 1828-ші жылдың күзінде Шуберт сүзекпен ауырып қайтыс болды. Шуберттің ескерткіш тасына мына жолдарды жазып қалдырды: “Бұл жерде үлкен қазына және одан да үлкен үміт жерленді” –деп. Бұл жолдардан ерте үзілген өмірдің қайғысы, зары, арманы, қиын тағдырын сеземіз.

Шуберт әндері.

Шуберттің шығармаларында, өлеңдерінің өте көптігі /600-ден астам/,және

Шуберт өлеңдерінің басты кейіпкері. Ол өте бақытсыз болып көрсетілді. Жалғыз ғана серігі- табиғат. Өлеңдерінің ішіндегі ең ерте жазылған әні “Маргарита за прялкой” 1814-ші жылы жазылған. Ұршық жанындағы Маргарита, “Лесной царь” 1815-ші ж. жазылған. Екеуі-де Гётенің өлеңдеріне арналған.

1-ші әнінде “Маргарита за прялкой”, алданған қыз өзінің сүйіктісін есіне алады. Ол жалғыз іштей қиналады. Әні сағынышты, қайғылы.

2-ші әні “Лесной царь”, күрделілеу, драмалық көрініс, сцена түрінде жазылған үш образ: әкесі, ауру бала және қатыгез орман патшасы. Әкесі алдына алып, атқа мініп, орманмен келе жатады. Әрбір бейне, өзінің әуенімен мінезін дәл тез танытады.

Одан кейінгі әндері “Форель”, “Серенада”, “Баркарола”, “Утренняя серенада”. Бұл әндер өте көркем байланысы мол, табиғатт өрнектейді.

Форель” әні, куплетті- вариациалық түрінде жазылған. Әр бір куплетте композитор мазмұнына байланысты өзгеріс беріп, жаңалап отырады.

Қысқа мазмұны: таудан аққан таза суда, күмістей жарқыраған балықтың қозғалысы сүреттеледі. Ол өзіне төніп тұрған қауіпті сезінеді. Қатыгез балықшы суды лайлап, балықты ұстап алады. Ағын судың ағысын, балық қозғалысын білдіретін арпеджиолық дыбыстар жиынтығы, өлеңнің мазмұнын нақ ашып тұрады.

Зимний путь”. Бай қызына ғашық болған, кедей жігітінің қөңіл-күйі суреттеледі.

Қапаланған жігіт, ауылын тастап ел кезіп кетеді. Ол жалғыз, оның жолдастары тек жел,дауыл, қара қарға болады. Өлеңнің сазы, жігіттің көңіл-күйін ашық жеткізеді. Шуберт өз өлеңдерінде куплеттік форманы көп пайдаланған. Өз кейіпкерлерінің көңіл- күйлерін көрсеткенде, әртүрлі музыкалық бояулар, ойлар, бейнелер толықтырып отырыды.

Соңғы өлеңдері: “Прекрасная мельничиха”, “Весенний сон”, “Шарманщик” т.б.

Фортепианолық шығармалары.

Шуберт фортепианоға арнап, шығарма жазғанды жақсы көрген және көптеген шығармаларын жазғанда, шығармалары күнделікті өмірге арналған, жағымды, түсінікті, естеушілерге жеңіл мазмұнда жеткізілген. Негізгі жанырлары: пьесалары, марштық және соңғы жылы жазылған- экспромтары, музыкалық моменттері, сонаталары.

Оның ішінде 15 аяқталмаған сонаталары бар.

Вена көрермендерін, жаңа үлгідегі Шуберт вальстері таң қалдырды. Ол модалық/сәндік/ музыкаға бас ұрмай, халық сүйетін, халыққа түсінікті тілмен, халықтық өрнегі бар, вальс стилімен көзге түсті.

Осындай вальстің бірі “си минор” өзінің әндік жұмсақ әуенімен, жүрекке жағымды. Минорлық лад асықпайтын қозғалыс, музыкаға ойлы әуенді жалғастырады. Соңында бір аттас мажорға ауысады. Бұл қалайда алда жақсылық , болашақтағы армандар орындалады дегендей болады.

Содан кейінгі, фортопиянолық шығарма “Музыкалық моменттері” –оның ішінде “фа минор”-билік характірдегі, лирикалық пьеса және “Экспрмт”- ми бемоль мажор- күрделілеу шығарма. Бұл екі шығармада дүние жүзі пионистерінің, сүйіп ойнайтын шығармалары.

Симфония “Си минор”.

1822-ші жылы еңбек жолының ең шыңдалға кезеңінде жазылған. Барлығы тоғыз симфония. Соның 7-ші симфониясы осы “си минор” аяқталмаған, бар-жоғы екі бөлімнен тұрады.

Лирикалық характерде жазылған, барлық темалары “әндік стильмен” жүреді.

Симфонияның ашық гармониялық көркемдігі, негізгі темалардың “әнмен байланыстылығымен” мазмұндық фактурасы, оркестірдегі әрбір аспаптар және партияларын ойнағанда, өздері де “әнші дауыстың” міндетін атқарып кететіні, шығарманың жаңа сырын көрсетеді.

Шуберттің өзі, бұл шығармасын симфониялық оркестірдің орындауында тыңдай алмай кетті.

Көп жылдар, бұл шығармасы досы А. Хюттенбреннерде сақталып, тек кейіннен 1865-ші жылы бірінші рет дирижер И. Хербектің басқаруымен орындалып, содан бері бірде-бір концерттік программадан қалған жоқ. Шуберттің “Неоконченная симфониясы” концерттік программалардың көркіне айналды.

1-ші бөлім темпі “Аллегро модерато” /тез емес/ сонаталық аллегро түрінде жүреді.

Негізгі партияның алдында төменгі регистрде виолончельмен контробас аспаптарында сақтықпен, мазасыз кіріспе темасы өтеді де, соңынан көңілді аллегро жалғастырады. Ал шекті аспаптарында өтетін тақырыптар симфониядағы бастапқы темаларды сақтап жалғастырып өтеді, жалғас/побочная/ партиясы қоңыр жұмсақ дауысты виолончель аспабында сазды әнмен өтеді де, соңынан билік характерге соль мажорға ауысады. Өңдеу /разработка/ темасы бастапқы кіріспе тақырыбының негізінде жүреді де соңынан реприза- қайталау темасымен жалғастырылады.

2-ші бөлім. Анданте /асықпай/. Мұнда екі тема өңделеді, екеуі де лирикалық шындықты көрсететін мазмұн. 1-ші тема ашық жарқын, 2-ші тема минорда.Екі тема да бір-бірімен өте байланысты. Шуберттің си минор симфониясы осындай еді. Енді 3-ші бөлімге жоспар құрылады- бұл қайсарлығы мен еркін көрсетеді. Әнімен айтылатын шығарма адам бойындағы терең сезім толқындарын көрсете алған. Өкінішке орай бұл жоспар орындалмай Шуберттің “Неоконченная” симфониясы ең жақсы деген симфонияларының қатарында. Замандастары дер кезінде өздерінің бағаларын бере алмады.
Тақырыптың аты: ФРИДЕРИК ШОПЕН.

Сабақ мақсаты: әкелген жаңалықтарын анықтау, фортепианолық шығармаларын талдау.

Негізгі сұрақтар, тапсырма:


  1. Прелюдия деген не?

  2. Шопен прелюдиясының циклында, үндестік үйлесімділік негізі қалай жоспарланған?

  3. Ми минор, ля мажор және до минор прелюдиясындағы өзіндік әуеннің характері, әуендік жолы, әдістемесі және мәнерлілігін айтып шық.

  4. Этюд, ноктюрн дегеніміз не?

  5. Шопен бұл жанрдың мәнерлілігін қалай ұлғайтты?

  6. Фа минор ноктюрннің құрылысын, мүзыкасының характерін түсіндір.

Сабақ материалдарының тезистік берілуі:

Фридерик Шопен- поляк халқының ұлы композиторы. Пианизмнің жаңа үлгісін, әртүрлі әдістерін енгізген. Басқа композиторларға қарағанда ерекшілігі, шығармаларын тек фортопияноға орындалу үшін жазған. Артына бірде бір опера, симфония немесе увертюра қалдырған жоқ. Онда бар жоғы бір трио /фортопияно, скрипка және виолончель/, виолончельге арналған соната, және жиырмаға жуық әндері ғана.

Еңбектері көзінің тірісінде үлкен бағасын алған, тіпті дүние жүзі пионистерінің сүйікті композиторына айналды. Шопен музыкасын сүйіп, орындап, жер жүзіне әйгілі еткен Совет елінің пионистері Софроницкий, Нейгауз, Рихтер болды.

1927-ші жылдан бастап Варшавада Шопен атындағы конкурс ұйымдастырылған. Бірінші конкурста бірінші орынды совет елінің пионисі Лев Оборин жеңіп алды.



Өмір жолы.

Фридерик Шопен 1810-шы жылы Польшаның астанасы Варшаваның жанында Желязова Воля деген жерде дүниеге келді. Шешесі поляк қызы, әкесі француз еді. Әкесі мұғалім, скрипка мен флейтада ойнаса, шешесі өлең айтатын фортопианада ойнайтын.

Бес жасында Фридерик те жеңіл пьесаларды апайсы Людвиктің басқаруымен ойнай бастады. Жеті жасында Варшавада алғаш рет өнерін көрсетіп, үлкен жетістікке ие болды. Таланты кісілерді таң қалдырды.

Мұғалімі Живный сабақ беруден бас тартты. Себебі 12 жасында ең күшті деген пионистерден шебер ойнай бастаған еді. 13 жасында лицейге оқуға түсті, үш жылдан кейін жоғарғы музыка мектебіне түсіп, Иосиф Эльснер деген композитордан сабақ алды.

Эльснер аз уақыттың ішінде оқушысының жәй талант емес, кемеңгер дана екеніне көзі жетті. Себебі 1829-1830-шы жылдары шығармаларына арналып қойылған екі концерт осыған айғақ еді.

Бағын санымақшы болып 20 жасында Парижге жолға шығады. 1831-ші жылы күзде Парижге келіп, Париждіктерді пионисшы ретінде жаулап алды. Шопен өзіндік ерекшілігін париждіктерге мойындатты.

Немістің сыншы, композиторы Роберт Шуман былай жазған болатын “Мырзалар, қалпақтарыңды алыңдар, алдарыңда данышпан”-деп.

Адамдардың жан-дүниесін баурап алатын даналығы неде? Замандастары былай еске алушы еді- ойнау шеберлігінің кереметі;оны рухты, жігерлі, поэзиялық әсем, өнерлі көркем жеткізуінде – деп. Егерде Польшадан жерлестері, жолдастары келе қалса, ата-анасына деген сағынышын жасырмай сұраумен болатын. Ауылына деген сәлемдемесі шығарған шығармалары еді.

Жылдар өте концерт қоюуын азайтып, бір жола шығармашылыққа көшті. Соната, скерцо, баллада, экспромтер, этюд, ноктюрн, прелюдии, мазурка, полонездер жазылса келесі шығармалары терең ой, шиленіске толы драмалық, қайғылы оқиғаларды бейнеледі. Парижде Шопен талантының шырқау шынына шықты. Кімде кім Шопеннен сабақ алса,өзін бақыттымын деп есептейтін.

Композитордың соңғы жылдары қайғылы өтті. Жақын жолдасы Ян Матушиньский, оның артынан әкесі қайтыс болды. Жорж Сандпен ажырасты. Жалғыздықтың қайғы-зары әл-қуатын әлсіретіп, өкпе ауруы қабына бастады. Композитордың соңғы жазып қалдырған шығармасы фа минор.

Өзінің өтінші бойынша Польшадан апайсы Людвика келді, апайының қолында қайтыс болды. Шопен Парижде жолдасы Белинидің бейітінің жанында жерленді.

Жүрегі, өзінің өтінші бойынша елінде Польшаның Варшава қаласында католиктердің “Киелі крест”- деген шіркеуінде сақтаулы.



Шопеннің фортепианолық шығармалары.

Мазурка “до мажор”



Мазурка 3/4 өлшемінде жүретін, поляк халқының биі. Ритмі өзгеріп отырады, өте шапшаң, акценті соңғы үлеске түсіп отырады.

Поляк аристократтарының сүйіп билейтін биі болған. Мұнда, ескі халық билері: мазур, куявяк, оберек пайдаланылады. Көптеген мазуркалары концерттік программаға арналған, лирикалы- сыршыл нәзік сезімді болып келеді. Шетте жүрген композитордың көңіл-күйі, елге деген сағынышы суреттеледі.

Барлығы 58 мазурка жазған. До мажорда ауыл тойының суреттемесі көрсетіледі. Поляктар бұл мазурканы- -“Мазурканың мазуркасы” деп атаған.

Бірнеше жеке-жеке билік мелодиялардан тұрады. Бірнеше тактылар бойы, квинталық мелодия, ауыл оркестрінің көрінісін береді. Осы фонда, өткір ритммен ауылдағы той-думанды көрсетіп жатқандай болады.

Көппен биленетін би, жеке бишіге ауысып кетеді де, ол өзінің өнерін жеке-дара билеп шығады. Соңынан сүйкімді қыздар биімен жалғасады. Ары қарай, негізгі мазуркалық әуенге ауысып, шығарманың аяқталатынын білдіреді.

Мазуркалары өте көп деп жоғарыды айтылды. Соның ішінде, лирикалы-“ля минор”.

Бальный биге арналған “си бемоль мажор”, т.б. көптеген мазуркалары.

Полонез “Ля мажор”

Шопен барлығы 16 полонез жазған. Негізгі тақырыбы- поляк халқының ұлыттық биіне құрылған, кейіннен “полонез” деп аталған.

Полонез, бұрынғы уақытта әскери рыцарлардың қатысуымен орандалса, кейіннен белгілі бой адамдардың, балдық кештерінде биленетін биі ретінде қалыптасады.

19-шы ғасырдағы бал кештері, полонез музыкасымен ашылған. Шопеннің полонездері де мазуркалары секілді, концерттік формада орындалуға арналған. Характері жағынан әр түрлі болып келеді. Ең көрнекті полонезі- “Ля мажор”.

“Ля мажор”-өзінің күшті, сәулетті оркестірлік үнімен көзге түседі. Бұны, бірнеше күшті дыбыстардың шыңына жеткен, кульминациялық формасынан байқауға болады.

ff-fortissimo /фортиссимо/. Негізгі тақырыбы асқақ, жеңіс, шаттық характерде жүреді. Оған қосымша үндеу, фанфарлық 2-ші тақырып шығарманың ортаңғы бөлімімен жалғастырылады. Керемет музыкалық дыбыс байланыстары, әртүрлі оркестірдің орындауында түрленіп кетеді.

Вальс” до диез минор”

Шопен, барлығы 17 вальс жазған. Билік характердегі шығармасына, вальстері жатады. 17 вальстің ішіндегі ең көрнекті вальсі “до диез миноры”.

Вальстің үш тақырыбы- темасы да бір-бірімен тығыз байланыста, көркем, бірқалыпты темпте жүреді. Жұмсақ шалқыма тема- вальстің қалқып, жеңіл жүретін сәтін көрсетеді. Біраз темптің жылдамдауы 2-ші теманы жалғастырады.

Сегіздіктен тұратын бірнеше мелодиялық фигуралар айналып жүретін жеңіл, ұшқыр қозғалысты көрсетеді. Ең соңғы 3-ші темасы үш рет қайталанып, басқа бөлімдермен байланысып кетеді де, осындай құрылысы қайырмасы құсап көрінеді. Мұндай құрылыс вальске, рондо секілді сипат береді.



Прелюдия, ноктюрн және этюдтері.

Шопен барлығы 26 прелюдия, 21 ноктюрн, 27 этюд жазған.



Прелюдия латын сөзі “бастама” деген сөзді білдіреді. Прелюдия Бахтың заманында жеке пьеса ретінде орган мен клавирға арналып жазылған. Тұңғыш рет көп бөлімді 24 циклдық прелюдия жазған Шопен болды, және екі жеке прелюдиясы болған.

Мажорлық, минорлық тональністе жазылған. Прелюдиялары мазмұны жағынын өте бай, көлемі жағынан үлкен.

Антон Рубенштейн /орыс композиторы/ Шопеннің прелюдияларын, “Жемчужный”-”Інжу” асыл тастай –деп баға берген.

Прелюдияларының ішіндегі ең көрнектілері: ми минор, ля мажор, до минор.



Этюд –деген сөздің мағнасы, қандайда болмасын бір аспапта /инструментте/ техникалық қабылетті ширатып, жаттықтыратын пьеса дегенді білдіреді.

Шопен этюдтерінің “пианизмдік” техникада өзіндік ерекше жолы бар. Техниканы жаттықтыратын аккорд, арпеджиолық пассаж, двойной октавалар т.б.

Этюдтері мазмұны жағынан өте күрделі концерттік пьесалармен бірдей. Этюдтерінің ішінде, ең көрнектісі “до минор”- революциялық этюд.

Көптеген ноктюрндер де жазылды, бұл сөз- француз сөзі, мағнасы “түнгі ән”. Соның ішінде, “фа минор” ноктюріні ерекше.

Барлығы 21 ноктюрн жазған.

Тақырыптың аты: ОРЫС ХАЛҚЫНЫҢ XVIII-ШІ ҒАСЫРДЫҢ АЯҒЫМЕН XIX-ШЫ ҒАСЫРДЫҢ ЖАРТЫСЫНДАҒЫ МУЗЫКА МӘДЕНИЕТІНІҢ ДАМУЫ.

Сабақ мақсаты: сол замандағы халық тіршілігінде музыканың алатын орнын анықтау.

Негізгі сұрақтар, тапсырма:

Сабақ материалдарының тезистік берілуі:

Орыс музыкасы өзінің даму жолында әр қилы кезеңдерден өтті . ХУП ғасырда орыс халқының арасында көп тараған әндер тұрмыстық салт-санаға арналған әндер еді. Бұл әндер шаруашылықпен шұғылданған ауыл адамдарының көңіл-күйін көтеретін.

Ал біртіндеп, халық арасындағы айтылып жүрген әндер, қала халқының көп жиын ортасында да орындалатын болды. Ең бірінші халық әндерін нотаға түсіріп, жинаған әнші, Гусли аспабында ойнайтын В.Трутовский. Жас композитор халық әндерінің негізінде романстар жазды, скрипка мен фортепианоға арналған пьеса, спектакльдерге арналған музыкалар жарық көрді.

Ал орыс мәдениетінде, ең бірінші операның негізін жазған композитор Е.И.Фомин, хорға арнап музыка жазған Д.С.Бортнянский, аспаптарға арнап музыка жазған И.Хондошкин.

ХІХ-шы ғасырдың жартысында романс жанрындағы ең үлкен композиторлар Алябьев, Варламов, Гурилев, Верстовский,Булахов.

Тағы осы жылдары дүниеге келген, орыс музыкасының негізін қалап, мазмұнын байытқан атақты композиторлар Глинка, Доргомыжский, Бородин, Мусоргский, Скрябин, Рахманинов болды.

ХІХ-шы ғасырда орыс музыкасы жан-жақты дамыды. Музыканың негізі, ғасырға жалғасқан халықтың өмірі, тарихы, салт-санасы туралы жырлаған әндермен, поэма жырлардан алынып, оларды жинақтап, өңдеп, қайтадан халыққа жеткізген, орыс классик копозиторлары; Балакирев, Бородин, Лядов.

Композиторлар; Чайковский, Бородин, Мусоргский өз шығармаларына, орыстың ұлттық интонациясын, өзгертпей сақтап, кейбір мелодиялық бөлшектерін халыққа жеңіл, тыңдаушыға ұғымды болу үшін ежелгі әндерді құрметпен пайдаланып, қайтадан үлкен-үлкен музыкалық шығармалар жазып, халыққа ұсынды.



ӘН ЖӘНЕ РОМАНС.

ХУШ-ші ғасырдың аяғы ХІХ ғасырдың бірінші жартысында музыка өнерінің ең сүйіктісі романс еді.

Романс әндері фортепиано, арфа және гитараның с,йемелдеуімен орындалатын. Романста да халық әндері сияқты адамдардың көңіл-күйі, ой-арманы көрінетін.

ХІХ ғасырда орыс романсының өркендеуіне композиторлар; Алябьев, Варламов, Гурилев, Верстовский, Булахов көптеген еңбек сіңірді. Көрнекті орынға ие болған осы романс жанрында камертондық өлеңде, және музыкалық шығармаларда классик-композиторлар Глинка мен Даргомыжский еді.



А.А.АЛЬЯБЕВ / 1787-1851 /.

1787 жылы Тобольск қаласында Александр Александрович Алябьев дүниеге келді. Көптеген ақсүйектің балалары сияқты ол мектапте емес, уйінде сабақ алып, артынан Москваның университетін бітірді. Әскер қызметін атқарды. 1812 жылы Азамат соғысында өз еркімен орыс армиясына қосылды. Соғыстан соң Петербургке оралды. Онда орыстың алдыңғы интелегенциясымен араласады. Оның жолдастары Грибоедов, Одоевский, болашақ декабристер Муханов, Бестужев,Марлинский болды.

Композиторлардың сол кездегі шығарған әні *Соловей* осы күнге дейін концерттерде орындалып, халық сүйіспеншілігіне ие. Алябьевтің құбылмалы тағдыры шиеленісті сәттерге толы болды. 1825 жылы кісі өлтірдің деген айыппен тұтқындалып, 3 жылын түрмеде өткізді. Соңында Сібірге жер аударылды. Ауыр қиыншылық Алябьевті жасыта алмады. «Военный духовой оркестр» құрды, романс, әндер жазды. Соның ішінде өзінің өмірін баяндайтын «Иртыш» атты романс және симфониялық, камералық шығармалары бар еді.

Денсаулығына байланысты Кавказда емделуге рухсат алды.

Осында жазған әндер: «Грузинская песня», «Кабардинская песня», опера, «Аммалат бек», мелодрама «Кавказский пленник» Пушкиннің поэмасына арнайы жазылған.

Сонымен қатар башкир, украин әндер жинағының шығуына көмектесті. 1851 жылы Москвада қайтыс болды. Алябьевтің ең кең тараған өлеңі «Соловей». Бұл әннің ерекшелігі жәй әндерден – ре минордан-фа минорға ауысып жарқын түр беруінде.



жүктеу 1,07 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау