Музыка мұҒалімінің Ұйымдастырушылық Қабілеті


Музыка мұғалімінің педагогикалық кәсіби дайындығы



жүктеу 64,87 Kb.
бет2/2
Дата22.01.2022
өлшемі64,87 Kb.
#34569
1   2
Музыка м аліміні йымдастырушылы абілеті

Музыка мұғалімінің педагогикалық кәсіби дайындығы

Жас  ұрпақты музыка өнеріне баулып, олардың жан-жақты мәдениетті,  білімді, ақылды да сымбатты   тұлға  етіп тәрбиелеуде мектептің, оның ішінде шебер ұстаз - жетекшінің  атқарар жүгі мол.  Бүгінде білім саласында көптеген өзгерістер, жаңалықтар енгізіліп, авторлық бағдарламалар, әдістемелік жинақтар шығармашылық ізденіспен дамып келеді. Бәрінен де, жас ұрпаққа рухани дүниені дұрыс танытатын, адамдықтың, әлемдік мәдениеттің шырқау  шыңына бағдарлайтын  музыка пәні  мұғалімінің орны бөлек. Музыка мұғалімі өз бойына өнердің сан қырын сіңірген сөйлеу мәдениеті, кәсіби-педагогикалық, музыкалық орындаушылық дайындығы жоғары, қабілетті, іскер, ізденімпаз маман болуы тиіс. Бәрімізге аян, музыка балалардың қиялын, талғамын, мәдениетін, өнерге деген сүйіспеншілігін дамытады. Музыка пәнімен байланыста берілетін тәрбие шаралары  мазмұны мен көркемдігі арқылы  оқушылардың  идеялық көзқарасын, қоғамға,о Отанға деген сезімдерін қалыптастырады, өмір құбылыстарын дұрыс түсініп, қабылдауға  жәрдемдеседі. Жалпы музыкалық білім беру жүйесі жас ұрпақты музыка өнеріне баулып, олардың жан-жақты мәдениетті, білімді, ақылды да сымбатты болып өсу үшін, ең жоғары мүмкіндіктерді қолдануды мақсат тұтады.

 Бұл мәселелерді зерттеуші педагогтарымыз А.С.Макаренко, В.А.Сухомлинский, А.Г.Арчажникова, Д.Б.Кабалевский, Р.Р.Жәрдемалиева, Қ.М.Меңдаяқова, З.Абиевалардың және т.б. өз еңбектерінде кеңінен қарастырған.

 Тәрбиенің аса маңызды құралы - өнер. Оның ішінде өте кең, сан қырлы ұғым – музыка өнері. Ол – мәдени тағлым, асқақтаған күймен дамыған, ғасырлар үнінің жемісі. Музыка  жалпы  өмірдің, бүкіл дүниенің қимыл іс- әрекетін бейнелейтін, диалектикалық құбылыс. Музыка - әлем тіршілік ететін адамзат және әр түрлі құбылыстардың өз ара қарым-қатынасын, сырласа үндесуін сезіммен жеткізіп отыратын құрал. Қандай музыкалық шығарма болмасын, оның адам жанына әсері мол, эстетикалық, музыкалық талғамын дамытады.

Мұғалімнің негізгі міндеті - оқушының ешкімге ұқсамайтын даралығын, шеберлігін көрсету, оны дамыту, жарыққа шығару. «Баланы жан-жақты етіп тəрбиелеу үшін жан-жақты білу қажет» деген белгілі педагог К.Ушинский. Сол айтпақшы оқушыны жан-жақты білу үшін мұғалімнің өзі жан-жақты дамуы керек. Болашақ маманның кəсіби қалыптасуындағы қоғамдық факторлардың түрлері əр алуан. Болашақ маманның кəсіби қалыптасуы үшін, алдымен оның болмысында құндылықтарды қалыптасуы шарт, яғни гумандық, адамгершілік, рух, тəрбие. Қазіргі кездегі жаңа білім саласына қойылатын талап, жас маманның кəсіби білімділігін, біліктілігі мен дағдысын қойып отыр.

"Қоғамның ең басты талаптарының бірі - əр азаматтың өмірде өз орнында толық күш-жігерін жұмсап, қоғамдық байлықты еселей түсуге еңбек үлесін қосуы, еңбекке адал, саналы қатынасу-қоғамның өмір салтының алғы шарты болып табылады " [1].   

Мектептегі музыкалық тәрбиенің негізгі мақсаты мен міндеттерін іске асыруда орасан зор роль атқаратын – мұғалім.

Жас ұрпаққа тәрбие берудің бүкіл ісінің табысты болуы едәуір дәрежеде мұғалімнің іскерлігіне, шеберлігіне, сенімділігіне байланысты. Мұғалімнің еңбегі өте жауапты әрі күрделі. Ата- аналар  мұғалімге өздерінің балаларын, яғни өзінің үміті мен болашағын сеніп тапсырады. Мұғалімге балаларды оларға ықпал жасау бәрінен де жеңіл болатын кезінен бастап тәрбиелеуді, дүниеге көзқарасын дамытып, қалыптастыруды сеніп тапсырады. Бұл орасан зор сенім мұғалімдерге ұлы жауапкершілік жүктейді.

Музыка мұғалім мамандығы – біздің еліміздегі ең ардақты әрі қадірлі мамандықтардың бірі деуге болады. Қазіргі кезеңде – музыкалық тәрбие беру және жаңа адамды қалыптастыру ісіне аса маңыз беріліп отырғанда мұғалімнің рөлі  мен жауапкершілігі ерекше арта түседі.

Балаларды сүйетін, балалардан, біздің жастарымыздан ұлы еліміздің лайықты азаматтарын тәрбиелеп шығару үшін барлық күшін жұмсағысы келетін адам ғана нағыз мұғалім бола алады.

 Бүгінгі музыка мұғалімі – жан-жақты білім алған, оқушылардың бойында әсемдікке деген нәзік сезім қылдарын қозғай алатын шығармашылық тұлға болуы шарт.

Мұғалімнің  еркінің күшті болуының, жақсы мінезінің, әсіресе табанды болуының тәрбиелік мәнін өте жоғары бағалады. Мұғалім қатаң талапкер болуымен қатар, әділ болуы тиісті, сонда ғана ол  балалар алдында беделді бола алады.

Мұғалімнің ісі мектеп жұмысымен ғана шектеліп қоймай халық арасында саяси – ағарту жұмысын жүргізуін талап етті. Оқытушы өз пәнін  жете білуімен қатар , білімін жаңа еңбектермен үнемі толықтырып отыруы тиіс деді[3].         

Ы.Алтынсарин балаларды оқыту және тәрбиелеу ісінде мұғалімдер рөлінің айырықша зор екендігін ескертті. Ол өзінің бір хатында: «Халық ағарту жұмысы бұл   арада тек қана жаңа басталып келеді. Сондықтан   жаңа   салынып жатқан үйдің жақсы болуы оның іргесінің берік және мықты  қалануына   байланысты болатын сияқты, біздің  қолға алып отырған ісіміздің де , қазақ мектептерінің бар келешектері көбінесе, істің қазіргі басталуына байланысты. Сондықтанда мен қазір жақсы оқытушыны дүниедегі заттың бәріненде қымбат көремін...».

 Ыбырай Алтынсарин екі сөзінің   бірінде жастардың білімі   мен тәрбиесін  аузынан тастамады. Жастар – біздің келешегіміз, үмітіміз екенін жақсы білді.  Қазақ жастарын оқытып, тәрбиелеу, қоғам үшін қызмет ететін маман адамдар даярлап шығару мәселесін көтерді.

  Бұл күнде  өз халқының болашағы үшін күрескен, саналы да білімді азаматтарымыз, қазақ жастарын тұңғыш өнер мен білімге үндеген таңдаулы ұлдарының бірі – Ыбырай Алтынсаринді әр уақытта да есте ұстайды.

  Ыбырай Алтынсариннің педагогикалық мұралары ұлттық педагогика ғылымының алтын қорына қосылған елеулі үлес болып табылады[4].         

     Мектептің жалпы білім және тәрбие берудегі маңызын ескере отырып, Абай жас буынға мектепке жүйелі білім беру қажеттігін мойындайды. Абай оқыту ісіндегі схоластикалық әдіске , құрғақ жаттауға қарсы болды. Ол сапалы білім беруді қуаттады. Таяқ тәртібінің орнына, саналы тәртіптің болуын жақтады.

  Ғылымға шын құмартып аңсау білім алуға ең қажетті шарттың бірі деп санады. «Білсем екен, көрсем екен, үйренсем екен» деген – мұның бәрі жан құмары.

Абай Құнанбаев өзінің ең басты міндеті – халыққа қызмет ету деп түсінді, ол жастардан өзінің еліне және халқына зор махаббатпен қарауды талап етті. Абайдың айтуынша, адамгершілігі мол адам, батыл, ер жүрек болуға, қорқыныш дегенді білмеуге тиіс, қайткен күнде алдына  қойған мақсатқа жете білуге тиіс[5].

Жақсы музыка мұғалімі ең алдымен, өз жұмысының ерекшеліктерін, қиыншылықтарын терең білу жөн. Оның музыкалық-педагогикалық қызметінің негізінде ән айту, аспапта ойнау , дирижерлік іскерліктері жатыр. Сонымен бірге, оқушылардың ішкі жан-дүниесін ұға білетін психолог, еңбек процесін шебер ұйымдастыра алатын қабілеті болуы тиіс. Музыка мұғалімі әр уақытта өзіне де, өзгеге де қатаң талап қойып, оқушыларға үлгілі болуы керек.

 Кез-келген мамандықтың өзіндік ерекшеліктері болатын музыка мұғалімінің  де өзіне тән “құпиясы”  бар. Музыка мұғалімі әрдайым шығармашылық ізденісте жүреді. Өйткені, ол оқу-тәрбиелік жұмыстарын жүргізе отырып, балалардың көзқарастарын, сенім-нанымдарын, талғамдарын қалыптастырады. Ол тек жан-жақты дамыған білімді, өз пәнін жақсы меңгерген маман иесі болып қана қоймай, жеке тұлға болуы тиіс. Музыка өнері арқылы балаларды тәрбиелеуде, оның дүниетанымының, көзқарасының, түсінігінің мәнділігі қажет. Бұл мамандықты қалаған мұғалім әрдайым өзінің музыкалық қызығушылығы мен шығармашылық қабілеттерін жетілдіре түсуі тиіс. Мұғалімнің музыкалық аспапта орындауы, даусымен еркін ән салуы сабақтың қызықты, әрі  әсерлі, мазмұнды өтуіне себебін тигізеді. Әсіресе, қажет болған жағдайда кез-келген тактіні, музыкалық сөйлемді қайта қайталауға ыңғайлы болады. Сонымен қатар балалардың өздерінің орындауға қызығушылығын арттырады. Музыка мұғалімі кез-келген сауатты музыкант ретінде музыкалық әдебиетті, музыканың тарихын, музыка тілінің ерекшеліктері мен заңдылықтарын талдай білуі тиіс.       

Сонымен қатар, музыка мұғалімі “Музыка” пәніне арналған бағдарламалардың барлық түрлерімен танысып, оларға талдау жасап, оның ішіндегі қажеттілігін іс-жүзінде қолданып, өмір талабына сай шығармашылық тұрғыда түрлендіріп отыруы тиіс.


  1. Мұғалім үнемі бақылау жұмысын жүргізудің  арқасында педагогикалық сезімталдығын жетілдіріп, әр түрлі ситуацияларда тез шешім қабылдап, өздігінен педагогикалық ықпал жасауды үйренеді.

  2. Жеке тәжірибесін байыта отырып музыкалық сабақтарға жоспарлар жасап өзінің шығармашылығын дамытып, жобалау, конструкциялау тәжірибесін жинақтайды. Оның ішінде оқу – тәрбиелеудің озық шешімдері және мақсатты анықтау, әрбір сабақтың міндет, ой біліктілігі мен мүмкіндігінше  қойылған міндетті ұтымды шешуді пайдалану және әдістемелердің бірігуімен зейінді нақтылау, сонымен бірге өз пәнін ішкі дүниені кеңейтуге пайдалану мен музыкалық мәдениетті тәрбиелеу бар.

  3. Мұғалім музыканттың өзіндік ерекшелігі  оқушылармен қарым-қатынас өнерінде, яғни сабақта толық ашылады. Ол шығармаларды орындап қана қоймай музыка жайында ауызша түсіндірмелер жасап композиторды таныстырып, эмоцияға ықпал жасайды. Өзінің сезімталдығы, тыңғылықты ісі, талап қойғыштығы және оқушының жаңашыры болуының арқасында абырой, сенім, құрметке бөленеді. Оқушыға барлық уақытта мұғалімнің көмегі, жылы көңілі қажет.

  4. Жұмыста мұғалімнің ұйымдастырушылық қабілеті үлкен орын алады. Ол музыкалық жұмысында күш – жігерін жұмсап аспапта шебер ойнауы арқылы оқушыны баурап алады.  Бұл ерік пен мақсатқа,   талпынысқа жетуге  өте  қажетті.

 Мұғалім шығармашылығы, оның ұстаздық шеберлігі, тапқырлығы мектеп табалдырығынан алғаш аттаған күннен бастап қалыптаса бастайды. Өз ісінің білгірі, шебер педагог болу үшін мұғалім өзінің бойындағы жетістіктері мен кемшіліктерді дұрыс бағалап, өзін-өзі тәрбиелеуге міндетті.

         Өскелең ұрпақты туған халқының төл тумалық асыл қазыналарының бірегейі болып табылатын, ұлттық педагогиканың  озық үлгісі саналатын музыкалық мұраларынан сусындатып, соның негізінде мәдениетті, білімді шығармашыл бәсекеге қабілетті тұлға қалыптастыру, бүгінгі тәрбие жұмысының ең өзекті мәселесі болып отыр. Оқушыларды елжандылық, адамгершілік құндылықтарын меңгерген тұлғаға лайықты етіп тәрбиелеуде әрбір пәннің алатын орны ерекше.

       Музыка мұғалімі тек музыка пәнінен сабақ беретін маман емес, ол оқушыларды жан-жақты тәрбиелейтін өнегелі ұстаз болып саналады. Ол өзінің күнделікті жұмысында педагогикалық, психологиялық, дидактикалық принцип негіздерінен қолдана отырып, оқушыларды жалаң ән музыкаға үйрету міндетін іске асырумен шектелмей, оларды өнегелік негізге бағыттайтын тәрбиемен айналысады.

Сол себептенде, музыка сабағын беретін мұғалімнің бүгінгі ғылыми-әдістемелік жетістіктермен қаруланып, сабақты жан-жақты етіп жоспарлап өтуінің мәні зор. Осы айтылған мақсаттарды біртіндеп іске асыру үшін, мектеп мұғалімінің қолындағы бағдарламаға сәйкес музыка сабағын өткізуде әдістемелік кеңестерді еске ала отырып, сабақты ұйымдастырудың, жаңа формаларымен әдістерін пайдалану қажеттілікке айналады. 

Елімізде білім беру, жас ұрпақты тәрбиелеу мәселелері саласында түбегейлі, шұғыл бетбұрыстар жасалып жатқаны белгілі. Тәуелсіздік туын тіккен жас мемлекетіміздің болашағына тұтқа болар білімді де білгір, білікті азаматтар даярлау – бүгінгі күннің келелі мақсаттарының бірі. Сондықтан да мектептердегі оқу- тәрбие жұмыстары мен педагогикалық ғылым жүйесінде бұрыннан жинақталған мол тәжірибелердің тиімді жақтарын сұрыптай пайдалана отырып, қазіргі қоғамдық – әлеуметтік үрдістерге сай, жаңаша түсінік- таныммен жан-жақты білім беру, келешектің әмбебап маман мұрагерлерін дайындау міндеті қойылып отыр.

Мұғалім – мектептің ғана басты тұлғасы емес,ол – қоғамның да басты тұлғасы. Мұғалім беделі, ең алдымен оның өз жеке басының қасиеттеріне, ұстаздық келбетіне байланысты екені анық. Егер «Нені оқыту керек?»,- деген сауалға мемлекеттік білім беру стандарттары жауап беретін болса, «Қалай оқыту керек?»,- дегенге жауапты тек мұғалімнің кәсіптік даярлығынан, жаңа технологияларды пайдалана білуінен, өзінің нақты мақсатын айқын көре алуынан және сол арқылы баланы әлемдік ақпрараттың, қоғамның толыққанды мүшесі ретінде қалыптастыра білі шеберлігін іздеу қажет. Ұстаз мәртебесінің артуы, ең алдымен мұғалімдердің М.Әуезов айтқандай, «Ұстаз деген – ұлы есімге» қаншалықты лайықты болуына байланысты дер едік. Бүгінгі жаңа дәүірдің, жаңарған елдің мұғаліміне қойылатын талаптың жүгі ауыр. Олар білімдар да білікті, өз ісінің майталман шебері болуымен қатар жеке басының мәдениеті, адамгершілік тұлғасы, парасаттылығы азаматтығы тұрғысында жастарға үлгі боларлықтай биіктен көрінуі шарт.

Педагог-музыканттың кәсіби дайындығы оның қоғамдық, саяси, арнаулы және педагогикалық–психологиялық терең жан– жақты білімі болуымен анықталады. Қазіргі таңда білім шарттары бойынша оқушыларға музыкалық білім берудің мазмұны мен олардың музыкалық дамуы арасындағы байланысын, музыкадан сабақ берудің жаңа үрдісін тиімді пайдаланудағы ұмтылыс оқушыларға музыкалық білім берудің интеграциясы мен бағдарламалар нұсқаларында ерекше өзекті мәселе болып отыр. Қазіргі жас буын музыка пәнінің мұғалімі оқушылармен жұмыс жасау барысында танымал отандық және шетелдік прогресшіл қайраткерлердің ұсынған жаппай музыкалық білім беру идеясына сүйене отырып, оның мазмұнын жаңартуға тырысады.

Мұғалім-музыкант жұмысының жетістігі көпшілігінде балалармен арада орнатылған қарым-қатынас шеберлігіне де байланысты. Сыныппен жүргізілетін әр түрлі ара-қатынас тек айтылған сөзде, мимика мен қозғалыста ғана көрініс тауып қоймайды. Оның бояуының реңі тек өнер сабағына тән көптеген компоненттерден құралады: ішкі жан дүниеге әсер ететін, орындаушылық процестер кезінде, музыка тыңдағанда және музыка жайлы ой жүгірткенде туындайтын музыканың – өз тілі, сөзі, мимикасы, көзқарасы, жесттеры, үзілістері болады

Музыка мұғалімінің оқушылармен жұмыс істеу барсында яғни музыка сабағында эстетикалық тәрбие беру арқылы әрбір шәкірттің музыка өнеріне деген құштарлығын қалыптастырып, эстетикалық талғамын қанағаттандыруға, музыка жөніндегі түсінігін кеңейтуге, ішкі рухани байлығының ірге тасын өз беттерінше қалауға баулу, бағыттау.

Бүкіл дүниежүзілік білім беру кеңістігіне кіру барысында қазіргі кезде Қазақстанда білімнің жаңа жүйесі құрылуда. Бұл үрдіс педагогика теориясы мен оқу – тәрбие ісіне нақты өзгерістер енгізумен қатар елімізде болып жатқан түрлі бағыттағы білім беру қызметіне жаңаша қарауды, қол жеткен табыстарды сын көзбен бағалай отырып саралауды, жастардың шығармашылық іскерлігін дамытуды,музыка пән мұғалімінің іс-әрекетін жаңаша тұрғыда ұйымдастыруды талап етеді.

Еліміздің болашақта көркейіп өркениетті елдер қатарына қосылуы бүгінгі ұрпақ бейнесінен көрінеді.

Қазіргі білім беру саласындағы басты мәселе – әлеуметтік- педагогикалық және ұйымдастыру тұрғысынан білім мазмұнына жаңалық енгізудің тиімді, жаңа әдістерін іздестіру, оларды жүзеге асыра алатын мұғалімдерді даярлау.

Мұғалімдерді даярлау– қай уақытта да ең өзекті мәселелер қатарына кіретіні белгілі. Себебі қоғамның әлеуметтік- экономикалық міндеттері заманына сай өзгерістерге ұшырап, өскелең ұрпақты соған лайықтап өмірге бейімдеудің жаңа талаптары туындап отырады.

Қазіргі мектеп жағдайындағы білім берудің ұлттық моделіне өту, оқыту мен тәрбиелеудің соңғы әдіс -тәсілдерін, жаңа инновациялық педагагикалық технологияны игерген, психологиялық- педагогикалық диагностиканы қабылдай алатын, педагогикалық жұмыста қалыптасқан бұрынғы ескі сүрлеуден тез арада арылуға қабілетті және нақты тәжірибелік іс -әрекет үстінде өзіндік даңғыл жол салуға икемді, шығармашыл педагог – зерттеуші, ойшыл мұғалім болуын қажет етеді.

Оқу барысында музыка пән мұғалімі оқылатын пән мен оқушы арасындағы дәнекер түйін сияқты.Ол өз оқушысымен де, оқытатын пәнімен де тығыз байланыста. Осының өзі музыка пән мұғалімінің бүкіл іс-қимыл ерекетімен қызметіне оның тұлғасына, белгілі бір өріс аумағына сай талап қояды. Осыған орай музыка пән муғалімінің іс-әрекетінің, қызметінің өзіндік ерекшілігінің мәні зор екені байқалады. Оқытушы өзінің жұмысында әрбір оқушыға өз алдына жеке-жеке педагагикалық тәсілдер қолданады. Болашақ маманның ең негізгі міндеті – таңдаған мамандығы бойынша теориялық білім мен тәжірибелік дағдысын ұдайы меңгеру болса, кәсіби тұрғыдан қалыптасуына педагогикалық іс-тәжірибе кезеңінің зор көмегі болады. Мектепке музыка пән мұғалімдерін кәсіптік мамандыққа сәйкес даярлаудың негізгі мақсаты – музыка өнеріне баулу.

Музыка өнері тек эстетикалық тәрбие құралы емес, оның өзге де сипаттары бар: ұлттық болмыс, мазмұн, сипат. Сондықтан да жастардың тәрбиесіне ықпал ететіндей жаңаша түрін іздеу керек. Музыка өнері әр түрлі қызмет атқара алады:

1) Қатынастық қызмет.

2) Кәсіби бағытпен тікелей байланыста музыканы дамыту.

3) Жастар ойын, олардың жалпы білімдік деңгейін мамандыққа сәйкес дамыту.

4) Мамандыққа сәйкес тәрбиелік қызмет т.б.

Осылардың негізінде орындалатын біздің міндетіміз:


  • қазақтың ұлттық мәдениетінің жай-күйін зерттеу;

  • жастар арасындағы мәдени-рухани байлықтарды кеңейту;

  • музыка саласындағы жетістіктерін насихаттау;

  • жас ұрпақтың эстетикалық тәрбиесіне мейлінше көңіл бөлу.

Музыкалық білім мен тәрбие берудің негізі – ұлттық дәстүрде. Қазақ халқының мәдениетін, өнерін, салт-дәстүрін зерттеу мәселесі де жас ұрпақ тәрбиесінде ерекше маңызға ие болды. Оқушы музыка әуенінің өзіндік ерекшілігін, табиғатын түсінуі керек. Кез келген музыкалық шығарма мінездемесі, құрылымы, мазмұны, жанры,стилі, шығу тарихы жағынан бірінші кезеңде тұтастық талдау әдісіне бағынышты. Екінші кезеңдегі бөлшектеп талдау әдісі музыканы өңдеу,әуенді музыкалық құралдардың айқындылығын меңгеруді тереңдетеді. Ал, үшінші кезеңдегі тұтас талдау әдісі өнердің бір-біріне жақын түрлерін біріктіреді. Мектептегі барлық оқу және сыныптан тыс эстетикалық бағыттағы жұмыс барысы музыка пән мұғалімінің кәсіби білімін, іскерлігін талап етеді. Болашақ музыка пәнінің мұғалімдері кәсіби-педагог ретінде мамандыққа бағытталған оқу пәндері негізінде дайындалады.

Мұғалім – адамды қалыптастыратын, адамды адам етіп тәрбиелейтін мамандық иесі. Мұғалімнің еңбегі өте жауапты, әрі күрделі іс. Ы.Алтынсарин мұғалімнің қоғам алдындағы рөлін қарапайым, әрі нақтылы етіп айта келіп кезінде „жақсы оқытушыны дүниедегі заттың бәрінен де қымбат көремін“ – деді. Я.А.Коменский. „Мұғалімнің қызметі мәртебелі“,- деп бағалады. К.Д.Ушинский “Мұғалімнің жеке басы – жастар жаны үшін ешнәрсемен айырбастауға болмайтын жанып тұрған күн нұры“, – деп атап көрсетеді.

Қоғам дамуы мен адамның жеке басының дамуы бір-бірімен тығыз байланысты. Қоғам адамды қаншалықты дәрежеде жетілдірсе, жетілген адам қоғамды соншалық дәрежеде дамытады. Тәрбиесіз қоғам – қоғам болудан, адам – адам болудан қалады. Материалдық және рухани байлық жасап, қоғамды дамытатын адамдар. Ал адамдарды солған дайындайтын, тәрбиелейтін – ұстаздар. Олай болса мұғалім – қоғам мен қоғамды, ғасыр мен ғасырды жалғастыратын буын. Тарихты жасайтын – халық, халықтың мінезін ашып, көңілін оятатын, саяси қырағылыққа, сенімділікке, адамгершілікке, ізгілікке, имандылыққа, бауырмашылдыққа, Отаншылдыққа, азаматтыққа баулитын – ұстаз.

Оқу-тәрбие үрдісінің мазмұны оқушыларға адам, табиғат оның әсем сұлулығын қоғам құбылыстарының тығыз байланыстылығын меңгертуде, олардың дүниетанымын, эстетикалық көзқарастарын қалыптастырып, жан-жақты дамыған оқушыларды тәрбиелеуде барлық білім салаларымен әсіресе өнер пәндері өзара тығыз байланысуы қажет.

“Музыка тыңдатпайынша, тәрбие беру, балалық шақтың өзінде адамның сүйіп тыңдайтын ән-күйлерінсіз тәрбие беру деген менің басыма қонбайтын нәрсе”, – деп В. В. Сухомлинский тәрбие саласында музыканың алатын орнын ерекше бағалап өз пікірін осылай айтады.

Мектептегі оқушыларға берілетін тәрбие саласының бірі – музыкалық тәрбие. Музыкалық тәрбиенің негізгі мәні, мақсаты сапалық жағынан жеке адамның жан дүниесінің үйлесіп қалыптасуын және рухани байлығын дамыту болып табылады. Музыкалық тәрбие беру де мұғалімнің алдына негізгі үш міндет қойылады.

– музыкалық әртүрлі іс-әрекеттер арқылы оқушының сезімін ояту;

– музыканы сезім арқылы саналы түсінуге баулу;

– музыкалық шығарманы өз шамасына қарай орындай білуге үйретуде орындаушылық дағдыны меңгерту.

Музыка өнері жеке тұлғаның дамып, қалыптасуында аса маңызды роль атқарады. Музыка адам саласына, жүйке жүйесіне ықпал ететін ерекше психофизиологиялық құбылыс болып табылатын дыбыстар арқылы бейнеленеді. Ал ол дыбыстар-түрлі биіктік пен күштіліктегі жай дыбыстар емес, адам сезімін бейнелеуші, реттеуші сұлулық заңына сәйкестенген әсерлі әуен өрнектері.

Музыка өнері өмірдің ажырамас бөлігі ретінде эстетикалық, танымдық, тәрбиелік функциялар атқарады. Бұл туралы Д.Б.Кабалевский былай деп тұжырымдағанды: «Адам жасаған өнер сол адам туралы және сол адам үшін жасалады, музыка мен өмірдің байланысы осында жатыр. Міне, сондықтан да өнер үнемі адамдардың идеялық дүниесін байытып, рухтандырып, дүниетанымын бекітіп, күш қуатын арттырып келеді». Музыкалық шығармаларды тыңдау, ойнап үйрену, орындау барысында оқушылардың өмір тәжірибесі байытылады, болмысты байыптау өрісі кеңейеді, ойлау процестері жеделдетіледі. Музыкамен қарым-қатынаста болу әуен-саздың өзара байланысын, мәнерін, бірізділіктегі құрылымын танып білуге көмектеседі. Оқушылардың музыкалық іс-әрекеттерінде дамитын ойлаудың осы сферасы олардың болмысты тануына көмектеседі, дүниетанымын кеңейтеді, ақыл-ой қабілеттерін жетілдіреді. Қиялдың, фантазияның дамуы – тәлім-тәрбиенің маңызды жақтарының бірі. Осы ретте бала қиялын шарықтатып, арман-мақсатының өресін биіктетуде шығармашылыққа жетелеуде музыканың маңызы зор [1, 12-б].

Мектептегі музыкалық тәлім-тәрбиенің мақсаттары мен мазмұнын анықтау, оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту мәселелері қарастырылған Н.Я.Брюсова, музыка сабағын жобалау, құру мәселелерін талқылауға арналған мақалалары да музыкалық білім беру педагогикасы теориясының дамуына айтарлықтай үлес қосқан еңбектер деуге болады.

Бүгінгі болашақ музыка-мұғалімінің әлеуметтік білім беру кеңістігінде білім алу жолын оң шешіммен қарауы, он жүйелі түрде қарастыруы, ғылыми тұрғыдан өзінше тұжырым жасай отырып, оқу-тәрбие процесінде пайдалана білуі бастауыш сыныптарда өтілетін музыка сабағындағы негізгі мәселенің бірі болып саналады. Ұстаз-өзінің іс-әрекетін үнемі педагогикалық жаңашылдыққа, көркемдік құндылықтар мен білім берудің негізгі жолдарын меңгеруге, оны жеткізе білуі арқылы мектептегі тың бастамалардың қолдаушысы болуы тиіс [2, 81-б.].

Бүгінгі музыка мұғалімі-жан-жақты білім алған, оқушылардың бойында әсемдікке, көркемділікке деген нәзік сезімін шыңдай алатын шығармашылық бағыттағы тұлға болуы қажет. Болашақ ұрпақтың білімділігі мен оның рухани байлығын музыка сабағы арқылы байытуда мәдениетті, білімді, өзіндік ұстанымы мен таным-көзқарасы жетілген тұлға тәрбиелеудің маңызы зор.

Мектеп мұғалімі жеке тұлға ретінде өзін-өзі шығармашылықпен жүзеге асырған жағдайда ғана зерттеушілік мәдениеті қалыптасады, өзінің кәсіби шеберлігін шындауда өзін-өзі зерттеу, кәсіби іс-әрекетін талдау, оқу-тәрбие жұмысында қолданатын әдіс-тәсілдерінің тиімділігін пайымдау, музыкалық білім мазмұнын жобалау, болашақ нәтижелерді талдау сияқты толып жатқан іскерліктерін үнемі жетілдіріп отыруы тиіс. Педагогикалық талаптарына сайбалаларды ән өнеріне баулуда тәжірибеде қолданылатын арнайы ән жаттығуларының алатын орны ерекше. Болашақ музыка мұғалімі педагогикалық шеберлігінің негізі-ең алдымен, олардың ғылыми тұжырымдама жасау әдістемесін бойларына сіңіруіне байланысты. Танымдық қызығушылықтың өз уақытында пайда болып, дамуымен шығармашылық бесленділігі, қызығушылығы, өз бетінше жұмыс жасау қалыптасады.

Музыка мұғалімі-ұйымдастырушы, тәрбиеші ретінде жетекші өзінің педагогтық шеберлігін арттырып, барлық жағынан үлгі болуға міндетті. Ол дайындықты ұйымдастырудың барлық мәселелерін шешуге, оның жоспарын жасауға, музыкалық шығармамен жұмыс істеудің мазмұны мен әдістерін, жеке-дара және топтың сабақтардың формаларын, тәсілдері мен әдістерін құралдарын динамикалық келісімділігін және т.б. мұқият ойластыруға тиіс.

Бұл зерттеулерде болашақ мамандырдың педагогикалық шеберліктерін қалыптастыру мәселесі бойынша теориялық-әдістемелік бағалы ақпараттар мен тиянақты көмек бере алатын мәліметтердің бай қоры сақтаулы. Педагогикалық шеберлік әртүрлі теориялық білімдерден нәр алып, теория мен тәжірибе арасындағы өзінше бір жалғастырушы ролін атқарады. Сондықтан мұндай қабілеттерді жоғары оқу қабырғасында жүргенде қалыптастыру қажет. Бұл мәселелер кәсіпқой–педагогикалық музыға мұғалімдерін дайындаудағы жағдайды көтеру зерттеушілер О.А.Апраксина, Л.Г.Арчажникова, Э.Б.Абдуллин, т.б. зерттеушілердің еңбектерінде көрініс тапчан [3, 72–б.].

Шығармашылық ізденіс барысында, белгілі бір жағдайларда бұларды танымдық қызығушылықтың қалыптасуына және шеберліктің жаңа жолдарын табуға болатындығын мұғалімдердің жұмыстары көрсетіп отыр, бірақ бұл үшін алдыңғы қатарлы іс-тәжірибелерді байытып, педагогикалық және әдістемелік нанымды қалыптастыру, дамыту, жаңа ой түю қажет.

Күрделі сараптама жасай білу қабілеті музыка мұғалімі шеберлігін білдіреді. Бәрінен бұрын-музыка мен аудитория арасындағы қарым-қатынас орнату шеберлігі – әртүрлі жастағы оқушылар мен музыканы оқып үйренуде, әртүрлі қабілетті балалармен байланысты табу қасиеті. Музыка мұғалімі жетістігі көпшілігінде балалармен арада орнатылған қарым-қатынас шеберлігіне де байланысты. Сыныппен жүргізілетін әрбір сабақ ара қатынас тек айтылған сөзде, мимика мен қозғалыста ғана көрініс тауып қана қоймайды. Оның бояуының реңі тек өнер сабағына тән көптеген компоненттерден құралады, ішкі жан дүниеге әсер ететін, орындаушылық процестер кезінде, музыка тыңдағанда және музыка жайлы ой жүгірткенде туындайтын музыканың-өз тілі, сөзі, мимикасы, көзқарасы болады. Ал, Ю.П.Азаровтың пікірінше, «дәл сол жерде болашақ мұғалімдер педагогикалық шеберліктің алғашқы түп нұсқасын, жоғары педагогика мен мектептегі білім реформалары мен негізін қалыптастырады». Алайда, тек жалғыз білім педагогикалық санатты анықтай алмайды. Егер мұғалім осы айтылғандарды іс-тәжірибеде қолдана алса ғана олар жүзеге асады [4,16-б].

Егер мұғалім балалардың әнді қалай айтып жатқанын естімесе, былайша айтқанда, олардың бет әлпетіндегі өзгерістерді көрмесе, көңіл-күйлерін түсінбесе, сөйлемнің айтылу мәнерін байқамаса, музыка сабағы бүлінеді. Әсіресе, жоғары сынып оқушылар мұғалімнің жасанды қылығын бірден байқайды. Бұл жерде қарым-қатынасты ұйымдастыру және айтылатын сөздің мәніне тікелей әсер ететін сөйлеу өнері де маңызды. Барлық педагогтарға белгілі, бастауыш мектеп оқушылары ұзақ мазмұннан құралған, берілген тапсырманы толық игере алмайды. Көпшілігінде мұғалім бұл туралы ұмытып, ұзақ және көп сөйлеуге әуестеніп кетеді.

Музыка мұғалімі музыка сабағының өзіне тән белгілерін есепке ала отырып, дәстүрлі қарым-қатынас ретінде сұрақ қоюды белсенді түрде қолданып қоймай, айтылған сөз-ойлау, айтылған сөз-белгілі бір мәселе, айтылған сөз-қарым-қатынас деп қарастыру керек. Балалардың сабақта ойлануы-бұл әңгімелесу процесі сияқты музыкамен көркемдік байланыс кезінде туындайтын іс-әрекет. Оқушылар әрқашан тыныш ойлануға, ал мұғалім осы ойларды, пікірлер мен айтылған сөздерді шебер дамытуға үйренуі керек.

Музыка мұғалімінің мәнерлі сөзі, дыбыстау құралдарының барлық жиынтығы, дыбыс күшінің өзгеруі, биіктігі, дыбыстың ұзақтығы мен сапалы бояуы дауыс ырғағының арқасында жүзеге асады. Мұғалімнің рухани бай екендігі оның ойлау мәдениеті мен сөйлеу мәдениетінен көрініс табады. Бұл қабілет сонымен қатар, тұлғаның қалыптасуында басты құрал ретінде көрініс береді.

В.А.Сухомлинский өз сөзінде: «Мұғалімнің сөзі-тәрбиеленушілердің жанына әсер ететін ештеңемен алмастырылмайтын құрал. Атап айтқанда-тәрбие өнері-бәрінен бұрын сөйлеу өнері, адам жүрегімен байланыс жасау ісі» [5, 101-б.].

Адам санасына ғана емес, сонымен қатар, сезіміне де әсер ету педагогикалық шығармашылықтың шынайы шеберлігі. Қазіргі кезде мектептегі музыка сабағын беру әдіс-тәсілі мынадай сенімді көрсетіп отыр. Ойнаған шығармасын үзіліссіз байланыстыра, айтылған ой немесе айтылған сөздер ішкі жан-дүниесімен қабысса, өзінің дыбыстар үндестігіне деген қарым-қатынасының өзінің өмірлік тәжірибесімен жалғастырса мұғалім- сонда ғана өз ісінің шебері, жасаушысы. Шебер музыка мұғалімі алға қойылған тапсырманы, музыкалық сабақтың идеясын өз жүрегінің елегінен өткендей сезінуі қажет.

Белгілі зерттеушілердің айтқандарын негіздеп, саралай жеткізер болсақ, педагогикалық шеберлік-бұл педагог-музыкант тұлғасы, оның кәсіпқой білімі, педагогикалық қабілеті мен педагогикалық іс-әрекеттен тұратын тұтас жүйе. Болашақ маман келтірілген компоненттерді өз бетімен іс-әрекет еткенде игеру қажет. Өз бетінше жұмыс жасау жауапкершілігін түсінгенде ғана, алға қойған талапқа ұмтылу мен балаларға деген махаббат, оның кәсіпқой шеберлігін қалыптастыратын болады. Біздің пікіріміз бойынша, педагог-шебер-бұл педагогикалық техниканы әдістемелік дайындық барысында игерген, оқып үйретудің әдіс-тәсілдерін меңгерген және оны өзгерген жағдайларға байланысты шебер қолдана алатын жоғары кәсіпқой маман. Тұтас алғанда, әрбір мұғалімнің шығармашылық мүмкіншілігінің дамуына қажетті білім көзі мен белгілі бір әдістер жинақталады.

Болашақ мамандар мектепте оқытудың мақсаттары мен міндеттерін есепке алып, негізі бағдарлама материалдарының мазмұнын, оқушылардың шынайы мүмкіндіктерін, оқу процесінің қамтылу деңгейін, ең соңғысы өзінің қабілеті мен қазіргі музыка мұғаліміне деген талап олардың педагогикалық шеберліктерін арттыру себебінен екенін білулері керек.

Халықтың музыкалық творчествосын игеру – қыруар еңбекті талап ететін ең незізгі мәселе. Мұны жүзеге асыруда түрлі әдіс-тәсілдерді пайдалануға болады. Оқу процесінің нысаналы жүргізілуі, оның жүйелілігі, түсініктілігі, көрнекілігі, өмірмен байланыстылығы, оқыту мен тәрбиедегі сабақтастығы, әрбір адамды терең құрметтей отырып, ұжымның барлық мүшелеріне қойылатын талаптардың бірлігін қалыптастыру қажет. Шығармашылық ізденіс, өзін-өзі көрсету үшін оңтайлы жағдайлар жасау және ұжымның, жетекшінің талаптарына міндетті түрде бағыну, жоғары тәртіптілікті талап етеді. Музыкалық шығарманы ұжымдық үйренуге кірісуде, шығарманың музыкалық текстін дәлме-дәл орындау, әуенніңсипатын анықтау, музыка дыбысын шығаруда барлық тәсілдерді белгілеу, бүкіл шығарма барысында дыбыстың тепе-теңдігіне қол жеткізу,орындаушылық шеберлігініңдәлдігіне жетуде музыка мұғалімінің қосатын үлесі мол.

Музыка мұғалімі оқушыларды музыкалық шеберлігі пен дағдыларды игеруде белсенділік пен дербестікті дамыту және халық музыкалық творчествосының негіздерін оқып үйреніп, оларды жүйелі жүргізуді қамтамасыз етеді. Сонымен қатар, белсенділік пен дербестікті дамыту және халық музыкалық шығармашылығының негіздерін оқып үйреніп, іс-тәжірибеде қолдануды жүйелі түрде жүргізуді қамтиды.

Музыка мұғалімі шеберлігінің құпиясы-оны зерттеу ісінде ғана емес, жинақтаған мұраға және оқыту әдістеріне шығармашылық шабытпен келуі, оларды жаңа өзгерген жағдайларға байланысты қолдана білу, сонымен қатар, ғылыми жаңалыққа өз сараптамаларын жасай білу талаптары, кездескен қиыншылықтарға өз бетінше даяр бола білу мен оларды шешу болып табылады. Оқушыларды өз бетінше ізденуге, салыстыруға, талдау жасауға және зерттеу ісіндегі құбылыстарды қоршаған ортамен байланысын табуға, ақиқат іздеуге, шығармашылықпен ойлау қабілетін қалыптастыру музыка сабағыныңмақсаты болып табылады.

Резюме


Современный перподаватель музыки должен уметь со стороны социального образования- правильно рассматиривать образование и ее положительные виды систем и иметь личные выводы с научным подходом и уметь использовать навыки на уроках музыки в начальных класах, и это является самыми главными проблемами в учебно-воспитательном процессе музыки в начальных классах. Учитель должен регулярно направлять свои действия к педагогическому новаторству, усвоению основных путей в преподовании и художественных ценностей, и умея довести до сведения должен стать спутником инициатив в школе.

Summary


Modern teacher of music should be able to by the Social Education – the right opinion to education and to know its positive kinds of systems, and have a personal conclusions from the scientific approach and be able to use the skills of music lessons in primary schools, and this is the most important challenges in the educational process of music in primary classes. The teacher should regularly send their actions to the pedagogical innovation, absorption of the main ways of teaching and in art treasures, and being able to bring to the attention should be attendant initiatives at the school.

Қандай мамандық болсын өзіне тән ерекшеліктері бар. Музыка пәні мұғалімінің де жеке тұлға ерекшеліктері бар. Негізгі міндет: оқу, тәрбие жұмысын атқарып, оқушылардың көзқарастарын сендіруі қажеттілігін, мұратын қалыптастырады. Ол жай ғана білікті адам емес, өз пәнін жақсы меңгеріп және жоғары тұлғалы дәрежелі мұғалім болу керек. Қоғамның дамуына байланысты мұғалімнің де мұраты өзгеріп, халықтың мәдениеті мен идеологиясына байланысты. Сондықтан мұғалім жан-жақты білімділігі, жан дүниесі, ақыл-ойы, жылы жүзді, өнегесі баланың музыка сабағында қызығушылығын арттырады. Олардың бұл іске белсене араласуы дағдысын қалыптастырады.

Мектептегі музыка сабағының пән ретінде музыка мұғалімі тағдырын шешетін негізгі тұлға деп айтуға хақылымыз. Музыка мұғалімі өз сабағында шығармашылықпен ұйымдастыра отырып, әрбір сабақтың оқу-тәрбиелік міндетін, оның мақсатын алдын-ала бағдарлай біліп, қажетті әдіс-тәсілдерді таба білу, оқушының белсенділігін арттыру үшін өз сабағында баланың музыкалық музыкалық шығармашылық қабілетін қалыптастыратын рухани байытатын құрал ретінде қарау мәселесін сезіне білуге дағдылануы тиіс. Дауысымен, аспаппен жақсы меңгеру, дирижерлық шеберлікті жетілдіре отыра, музыканың теориялық дайындығы, халықтың мәдениетін, тарихын, музыка тілінің заңдылықтарын, ерекшеліктерін білу қажет. Мұғалім жұмысында ұйымдастырушылық қабілеті үлкен рөл атқарады. Музыканың іс-әрекетінің барлық түріне балаларды еліктіріп әкету үшін мұғалім төзе отырып, жігерлі болуы тиіс.

Мұғалім туралы қазақтың аса көрнекті қайраткері, ақын, аудармашы-ғалым Ахмет Байтұрсыновтың «Ең әуелі мектепке керек білімді, әрі педагогика, әдістемеден хабардар, оқытып білетін мұғалім» - деп баға бергені бүгінгі күнде де өз мәнін жойған жоқ.

Жас ұрпақ тәрбиесінің бір саласы – музыкалық-эстетикалық тәрбие болып саналады.

Жас баланың жан дүниесіне музыканың құдіретті сазымен әсер етіп, музыкалық қабілет тәсілдері арқылы парасаттылық, жоғары талғампаздық, адамгершілік, патриоттық сияқты ұлы сезімдерге тәрбиелейді.

Музыка пәні мұғалімі үшін бірнеше кезеңнен тұратын ұзақ оқыту процесінде мынадай міндет қойылады: оқушылардың музыка өнеріне қызығушылығын ояту, дамыту, олардың музыканы қабылдау қабілетін дамытуды жүйелі түрде ұйымдастыру және халықтық мұра – орындаушылықты насихаттау.

Музыка мұғалімінің қызметі – ұйымдастырушылық, танымдық, эмоционалдық т. б. біршене бағытта жүргізіледі.

Ұйымдастырушылық бағыт - мұғалімнің оқыту, тәрбиелеу процесін жоспарлау және ұйымдастыруға құрылады. Бұл оқу материалын іріктеу, оқу және тәрбие жұмыстарының түрлі формаларын, сабақ жүргізу барысын ұйымдастыру т. б. Бұл үшін мұғалім мынадай заңдылықтарды білуге тиіс:

а) мектептегі музыкалық қызметті ұйымдастырудың негізгі формаларын;

ә) ұлттық бағдарламаның мазмұнын, оның идеялық-теориялық негізін, дидактикалық принциптері мен әдістерін;

б) музыкалық шығарманың көркемдік және тәрбиелік мәнін;

в) оқушылардың жас ерекшеліктерін білуге;

г) оқыту-тәрбиелеу процесін ұйымдастырудың ормалары мен дістерін әр сынып деңгейіне байланысты таңдай білуге;

Танымдық бағыт мұғалімнің, оқушылардың ой-қызметін басқаруына байланысты құралады. Бұл үшін мұғалім:

а) ғылыми-теориялық, әдіснамалық және психологиялық- педагогикалық негіздерін білуге;

ә) білім мен дағдының дидактикалық принциптерінің қалыптасуын қадағалауға;

б) танымдық процестердің мүмкіншіліктерін және ақыл-ой қызметін бірте-бірте жетілдіру арқылы басқаруға;

в) оқытуды анық психологиялық түсініктемелер арқылы құра білуге;

г) пәнаралық байланысты қолдана отырып жүйелі білім беруге;

ғ) өткен метериал мен өтілетін материалды байланыстыра отырып логикалық шешімдер жасауға,

д) сабақта оқушының шығармашылық қабілетін, музыкалық білімді алуға өз еркімен ұмтылысын тәбиелеуге,

Эмоционалдық бағыт – мұғалімнің музыка өнеріне деген көзқара- сына және оның оқушылардың әсемдікті сезіну қабілетін қалыптастыруы- на байланысты анықталады.

Бұл үшін музыка мұғалімі мынаны ескеру қажет:

а) мектептегі музыкалық тәрбие жұмысының қоғамдық тәрбиедегі рөлін;

ә) эмоционалдық тәрбиенің жеке адамның жан-жақты қалыпта- суындағы маңызын;

б) музыка өнерінің адамға тигізер әсер ерекшеліктерін.

Сонымен қатар музыка маманы бала бойында музыка эмоционалдық көзқарасты тәрбиелеуге, эстетикалық талғамды және музыкалық форманың ең жетілген түрлері мен идеялық – образдық мазмұнының бірлігі арқылы қалыптастыруға міндетті және музыка өнері арқылы патриотизм, интернационализм сезімін тәрбиелеуге, музыкалық материалды толық игеру үшін сабақ барысында эмоционалдық қалыпты сақтауға, оқушылардың музыка өнерін терең ұғынуы ұшін эстетикалық толғаныс әлемін байыту, кеңейту үшін жұмыс жасауға міндетті.

Ізденушілік бағыт - мұғалімнің оқу процесін жетілдіру арқылы және профессионалдық шеберлігін көтеруі арқылы көрінеді.

Бұл мұғалімнің өзінің музыкалық-педагогикалық қызметін талдаумен және озат педагогтар тәжірибесін, жаңа әдістерді педагогикалық қызметке енгізуімен ұштастырылады.

Мұғалім ғылыми зерттеулердің теориялық негізін және зерттеу жұмысын өткізу әдістемесін білуге тиіс. Сонымен қатар педагогикалық кәсіби шеберлігіне мына талаптар қойылады:

а) оқу процесін бақылауға және талдауға;

ә) педагогикалық фактілерді бір жүйеге келтіруге;

б) кез-келген педагогикалық ситуацияға музыкалық білімін, педагогикалық біліктілігін қолдана білуге;

в) музыка сабағының құрылымына жаңа формалар, әдістер қолдану жолында үнемі ізденіс үстінде болу;

г) сабақтың тақырыбын ашу мақсатына сәйкес қосымша материалдар қолдануға;

ғ) өз еңбегінің жемісін болжай білуге;

д) оқушылардың музыкалық даму деңгейін білуге;

е) үнемі білімін жетілдіруге, орындаушылық тәжірибесін, музыкалық репертуарды толықтыруға, оқушылармен сөздік байланыс шеберлігін жетілдіруге міндетті.

Өз білімін табандылықпен жетілдіріп, тапсырылған іске адалдықпен, сүйіспеншілікпен қараған жоғары моральдық қасиеттері болған жағдайда ғана мұғалім бұған лайықты бола алады. Мұғалімнің оқу-тәрбие қызметіндегі табыстары көбінесе оның шеберлігіне байланысты. Ол өздігінен келмейді. Қайта мұғалімнің кәсіптік шеберлігін арттыруда, мәдени және саяси ой-өрісін кеңейту жөніндегі табанды және күнделікті жұмісінің нәтижесі болып табылады.



Қазіргі кезде оқу-тәрбие процесін ізгілендіруде, оқытудың тәрбиелік сипатының басымдылығына, сондай-ақ тұлғалық бағдарына назар аударыла бастады. Бір қунарлығы қазіргі балалар өте алғыр. Олардың қай-қайсысының бойынан дарындылықты табуға болады. Тек тұтанып тұрған отты мезгілінде үрлеп, дұрыс бағыт-бағдар беру талабын қанағаттандырып отыруда мұғалімнің асқан шеберлігі қажет: кәсіптік шеберлік өздігінен келмейді. Ол педагогикалық мамандығын арттыру жөніндегі мәдени және саяси ой-өрісін кеңейту жөніндегі табанды да күнделікті жұмысының нәтижесі болып табылады.

Пайдаланылған әдебиеттер


  1. П.Момынұлы. Музыкалы-эстетикалық тәрбие.-Алматы, 2000 ж.

  2. П.Момынұлы., И.Нүсіпбеков. Ән-музыка сабағы.-Алматы: Өнер,1957 ж.

  3. Б.Ғизатов. Ән әліппесі.-Алматы: Өнер,1966 ж.

  4. Меңдіаяқова Қ.М.,Қарамолдаева Г.Ж. Мектепте музыка тәрбиесін беру







жүктеу 64,87 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау