Зертханалық жұмыс № 2
MS-DOS операциялық жүйесі. Қолданушы қарым-қатынасы.
Жұмыстың мақсаты: MS-DOS жүйесінде файлдармен жұмыс жасау командаларымен танысу
Қолданушының DOS-пен қарым-қатынасы команда түрінде жүзеге асады. Команда DOS-тың шақыруына жауап ретінде еңгізілетін символдар жолы. Қолданушының әр командасы DOS орындауы қажет әрекеттер, мысалы: Файлды басып, экранға каталогтың тақырыбын шығару.
DOS командасы. Команда атынан және шақырылатын бағдарламадан тұрады және параметрі болуы мүмкін. Әрбір команданы енгізу Enter батырмасын басу арқылы аяқталады. Команда аты немесе бағдарлама, параметрлері де латын әріптерінің бас немесе кіші әріптерімен берілуі мүмкін.
DOS қолданушымен қарым-қатынасқа дайын болса, ол экран бетіне А:\> немесе C:\> шақыруын шығарады. Бұл DOS-тың команда қабылдауға дайын екенінің белгісі.
DOS командалары жайлы анықтама алу.
DOS командалары немесе бағдарламалары жайында қысқа анықтама алу үшін сіз сол команданы /? параметрлерімен енгізуге болады. Мысалы: ren командасы жайлы анықтама алу үшін ren/? командасын енгізу қажет. Экран бетінде оны шақыру форматы мен бағдарламаның тағайындалуының анықтамасы шығады.
Dir командасының көмегімен диск каталогының тақырыбын экран бетіне шығару.
MS-DOS командалық жолында теріңіз: Dir және {Enter} басыңыз, экран бетіне С: түбірлі каталогының жеке және ішкі каталогтарының тізімі шығады. Мүмкін ол экран бетіне сыймай қалады, онда команданы Dir/Р кілтімен қайтадан еңгізіп көріңіз. Тізім экран бетіне бөлшектеніп шығады. Тізімнің келесі фүзіндісін көру үшін кез-келген батырманы басу керек.
Әр бір каталог үшін (< Dir > (күн, ай, жыл) және (сағат, минут) форматындағы шығу күні мен уақыты көрсетіледі) әр файлға ұзындығы (байтпен), құрылған күні мен уақыты немесе ақырғы жаңартылуы көрсетіледі. Қорытындысында дисктегі бос орынның көлемі мен каталогтың барлық файлдарының көлемі көрсетіледі.
MS-DOS-пен жұмыс кезінде файлдардың ат үлгілері деп аталатын - > <*> символдары жиі қолданылады. Үлгілер командаларда бірден бірнеше файл белгілеуге қолданылады. Файлдың атындағы немесе типіндегі * белгісі - кез-келген бірнеше символдарды, ал ? белгісі - кез келген бір символды ауыстырады. (Р*.* - барлық аты Р-дан басталатын, *.PAS – барлық PAS типті файлдар.)
Dos командаларының енгізу-шығаруларын қайта бағыттау.
Кейде DOS бағдарламалары мен командалары экран бетіне шығаратын мәліметтерді дисктегі файлға көшіру керек болса немесе принтерге шығару керек болса және т.б. Кейде мәліметтерді пернетақтадан еңгізгенше, сәйкес мәліметтерді дисктегі файлдан алған ыңғайлы болады. DOS-қа кіретін командалар мен бағдарламалар үшін енгізу-шығаруды қайта бағыттау құралдар көмегімен жасауға болады.
Енгізу-шығаруды бағыттауды DOS командалық жолында беру керек:
команда>файл аты көрсетілген команданың көмегімен экранға шығарылатын хабарды файлға бағыттау. Егер файл бар болса, ол жаңа файлмен өзгертіледі.
команда>>файл аты көрсетілген команданың көмегімен экранға шығарылатын хабарды файлға бағыттау. Егер файл бар болса, онда хабар осы файлдың соңына қосылып жазылады.
команда<файл аты команда ның (бағдарламаның )енгізу мәліметтерін пернетақтадан емес, файлдан оқуы;
команда | команда –экран бетіне бірінші команда шығаратын хабарларды екінші команда үшін кіріс мәліметтері болатындай тапсыру.
Мәтіндік файлдарды құру
Мәтіндік файл құру үшін, мәтіндік файлмен жұмыс істей алатын кез-келген редакторды қолдануға болады, мысалы Norton Commander редакторы. Ыңғайсыз болсада кішкентай мәтіндік файлдарды пернетақтадан енгізуге болады. Ол үшін copy con файл аты командасын енгізу жеткілікті.
Бұл команданы еңгізгеннен кейін файлдың әр жолын жеке енгізу қажет. Әр жолдың соңында Enter пернесін басу керек, ал мәтінді толық еңгізіп болғаннан кейін –F6 (Ctrl+Z) батырмаларын басып, содан кейін Enter пернесін басу керек. Дискте сіз берген аты бар файл пайда болады.
Файлдардың атын өзгерту, көшіру, қосу
Файл аттарын өзгерту үшін REN (Rename) командасы қолданылады.
Команда форматы: ren файл аты1 файл аты2
файл аты1параметрі аты өзгертілетін файл аттарын береді (немесе * және ? белгілері бар аттар үлгісі), файл аты2 параметрі файлдардың жаңа атын береді.
Файлдарды көшіру үшін COPY командасы қолданылады.
Команда форматы: copy файл аты1 файл аты2
немесе copy файл аты1 (каталог аты2)
copy командасында файл аттарының орнына DOS құрылғыларын қолдануға болады, мысалы:
Достарыңызбен бөлісу: |