Мотивациялық кітаптар жиынтығы
www.zhanaoi.kz
чемпионымен чемпион атағына бақталастыққа түседі. Гарри ойынды барлаусыз бастап,
қандай да болсын жолмен жетекшілікті алуға тырысады, міне, осы жерде ол үлкен
стратегиялық қателік жібереді. Бірінші тоғыз партияның төртеуінен ұтылады, біреуін де
жеңбей (қараңыздар: екі жылда үш-ақ жеңіліс, мына жерде қатарынан төртеу). Әлемдік
деңгейдегі бәсекелестікті түсінбегеннен шыққан қорытынды. Тарихта қалған ең ұзақ
шахматтық партия, яғни бес айға созылды. Қатарынан жиырма екі партия бір-бірін жеңе
алмады. 27-ші партияда Каспаров ұтылды, есеп 0:5. 32 және 47, 48-ші партияларды
Каспаров жеңіске жетті. 1985 жылы 15 ақпанда Халықаралық Шахмат Федерациясының
президенті Флоренсио Кампоманес «нәтижесіз» ойынды тоқтату жөнінде жарлық
шығарды, Карпов оған өз келісімін беріп, чемпион атағын ұстап қалды.
Осы матчтар барысында Каспаров баға жетпес тәжірибе алды: бес ай барысында,
оның жеке тренері әлем чемпионі Карпов болды! Гарри оның стилінің қыр-сырларын ғана
зерттеп қоймай, өзінің де стилінің ерекшеліктерін терең түсінетін болды. Қатесін дәл
тауып, оны ойын барысында қайтадан жібермеуге, өзінің ой-пікірін басқаруға, шешім
қабылдаудың үдерісін бақылауда ұстауды үйренді. Оның ары қарай әлем чемпионы
болуына, Карпов үлкен септігін тигізді. Дарынды болу, тынбай еңбектену, түнге дейін
жұмыс істеу жеткіліксіз. Шешім қабылдау кезінде қандай әдісті пайдаланатының
маңызды.
Мектеп
Арман болған мақсаттарымды ойлағанда, - дейді Каспаров, - он жасар бала кезімде
Ботвинник мектебіне қабылданғанымды еске түсіремін. Ботвинниктің даналығы – ол
ешқашан өзінің беделімен бізді көлеңкелемейтін, өзінің стилін бізге зорлап
міндеттемейтін, керісінше, бізге өзіміздің қабілетімізді дамытуға барлық жағынан
көмектесетін. Ол шахматтарды күнделікті өмірде шешетін мәселелерге теңеген. Шахмат
адамдардың қалай ойлайтынын көрсетеді дегенді де айтқан кісі. Барлық шахматшылар
ескі партияларды шет тілдерінің сөздерін жаттағандағыдай жаттайды. Бірақ
шығармашылық бастаманы бастау үшін бұл сөздік қорды қолданысқа әкелу керек.
Ботвинник мектебінде, Каспаров шахматтарды зерттеуді, жаңа идеяларды табуды және
олардың жетілуі үшін әр кез еңбектенуді үйренді.
Достарыңызбен бөлісу: