Себеп пен салдар
Егер өмір саз-батпаққа айналса, өзіміздің ойымыз бен әрекетімізді сараптамалап
көрейік. Біз ешкімнен былай естімейміз:
"Мен таң атпастан тұрып, жаттығу
жасаймын, жақсы оқып, адамдармен жақсы қатынаста болуға тырысамын, жұмысты
бар ынта-ықыласпен істеймін — бірақ өмірімде ешқандай жақсылық болып жатқан
жоқ".
Біздің өмір — қайраттылық жүйесі. Егер айналамыздан ешбір жақсылық көрмесек,
бар себепті өзімізден іздеу керек. Ана не мына жағдайды өзіміз жасағанын түсінгенде,
өзімізді жағдайдың құрбаны деп санамайтын боламыз.
Бәлкім, таныстарынызға қарап, айтатын шығарсыз:
"Себеп пен салдар заңы қалай
жүзеге асады?"
. Әріптесім қызметінде жоғарылады, несімен оған лайық болды? Көршім
жұбайымен бірге қырық жыл бақытты болғандығын тойлауда, ал біздің некеміз құрдымға
кетіп барады.
Біз өмірден сұрағанымызды аламыз.
Брюс әйелдерді қымбат сыйлықтармен
қызықтырады, оны ханымдар тастап кеткенде, оларға тек менің ақшам керек деп шағым
айтады.
Қысқаша айтсақ, шындыққа тік көзбен қарайық. Өз өткен және осы өміріңізді
сараптаңыз. Себеп және салдар заңы қалай іске асатынын сезінетін шығарсыз. Ол
адамдармен қарым-қатынас, кәсіби табыс және жеңілістер кезінде қалай жұмыс істейтінін
бақылаңыз. Жеткен нәрсеңіздің барлығын өздеріңіз жасағандарыңызды түсінесіз.
Көршілеріңіздің мазасын алмаңыз! Олардың өмірін ұғыну үшін рухани күштеріңізді
жұмсаудың қажеті жоқ. Өз өміріңізді ретке келтірудің пайдасы молырақ!
Ірі ұтысқа бас тігу.
Қарапайым ойыннан ұтысқа жетсек, тез арада одан ірі... кейін
одан бетер ірі ойынға көшеміз. Кіші сыныптан бастап оқимыз, кейін жоғарғы сыныпқа
Мотивациялық кітаптар жиынтығы
www.zhanaoi.kz
өтеміз. Сосын барып институтқа түсеміз. Бұл өте тиімді жүйе, оның қағидасы мынадай:
«Сіз жақсы ойын көрсеткен сайын, ол ойын ірілене береді».
Дэн әрең-әрең машинаға әр ай сайынғы төлемін жасайды. Жиырма жыл жұмыс
істеп, ол тек сексен жеті цент жинапты. Оның айтуынша:
«Менде миллион бакс болса, мен
ол ақшаны тиісті жұмсай алар едім!»
Дұрыс емес! Оның бүгінгі мақсаты – он долларды
сақтау. Одан жүз және мың доллар келеді... арты миллионға дейін алыс емес.
Кенди болса барда ән салатын әнші. Жұлдыз болуды армандайды. Ол айтады:
«Маған мың адамдық аудиторияны берсе, нағыз шоудың не екенін көрсетер едім. Ал
мұнда алты бақытсыз адамдардың алдында ән салғанды қаламаймын!»
Алайда Кенди
осы алты адам алдында, ұят үшін жұмыс істеп шыға алса, ертең олардын саны он екі,
кейін жүз, бір күндері мың адамдық та аудиторияны жинап алады.
Өмір үдемелі түрде алға жылжиды. Біздің алдымызда бірдей сұрақ тұрады. «БАР
НӘРСЕҢІЗДІҢ ҚАНША ПАЙЫЗЫН ҚОЛДАНАСЫЗ?» «көп емес» деген жауап жақын
болашақта еш нәрсе жақсы жаққа өзгермейді дегенді білдіреді. Өмір ешқандай
сылтауларды қабылдамайды, ол тек еңбекті ғана марапаттайды.
Достарыңызбен бөлісу: |