Морф сессия (НС)


 Есту мүшесінің гистофизиологиясы. Кортиев мүшесі. Гистология. Препарат №8



жүктеу 8,23 Mb.
Pdf просмотр
бет63/297
Дата06.02.2022
өлшемі8,23 Mb.
#37359
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   297
2 курс,Сессия НЕРВ

3. Есту мүшесінің гистофизиологиясы. Кортиев мүшесі. Гистология. Препарат №8 
Есту  және  тепе-теңдік  сақтау  мүшесі,  немесе  кіреберіс-ұлу  мүшесі  сырткы,  орталық 
және  ішкі  құлақтардан  тұрып,  дыбысты,  гравитация  және  вибрация  стимулдарын, 
сызықтық және бұрыштық жылдамдықтарды қабылдауды жүргізеді. 
Сыртқы  құлақ  құлақ  қалқанынан,  сыртқы  есту  жолынан  және  дабыл  жарғағынан 
тұрады.
 

Құлақ қалқаны
 эластикалық шеміршектің жұқа табақшасынан құралып, сыртынан 
құрамында аздаған жіңішке шаштары мен май бездері бар терімен капталған. Онын 
құрамында  тер  бездері  өте  аз.  Сыртқы  есту  жолы  құлақ  қалқанының 
эластикалық  шеміршегінің  жалғасы  болып  табылатын  шеміршектен  және 
сүйектен  тұрады.  Жолдың  үстіңгі  бет,  құрамында  шаштары  және  олармен 
біріккен май бездері бар, жұқа терімен қапталған. Май бездерінен тереңіректе 
түтікшелі церуминозды (майлы) бездер орналасады, олар бактерицидті қасиеті 
бар  құлыкты  өндіреді.  Олардың  өзектері  есту  жолдарына  немесе  май 
бездерінің шығару өзектеріне жеке ашылады. 

Дабыл  жарғағы
  сопақша,  сәл  ішке  ойысқан,  қалыңдығы  0,1  мм.  Орта  құлақтын 
сүйектерінің  бірі  —  балғашық  өзінің  сабымен  дабыл  жарғағының  ішкі  беткейімен 
байланысқан.  Балғашықтан  дабыл  жарғағына  қан  тамырлары  және  жүйкелер  өтеді. 
Дабыл жарғағы орталық аймағында екі қабаттан тұрады, ол қабаттар коллаген және 
эластикалық  талшқтардың  шоғырларынан  және  олардың  араларында  орналасқан 
фибробласттардан  құралады.  Сырткы  қабаттың  талшықтары  радиалды  бағытталған, 
ал  ішкінін  талшықтары  айналмалы  орналаскан.  Дабыл  жарғағының  үстінгі  бөлігінде 
коллаген  талшықтарынын  көлемдері  азаяды  (Шрапнель  жарғағы).  Оның  сыртқы 
беткейінде  өте  жұқа,  қалыңдығы  (50—60  мкм)  көп  қабатты  жазық  эпителий,  ал 


ішінде, орталық құлаққа қараған бетінде қалындығы 20—40 мкм болатын шырышты 
қабықша, бір қабатты жазық эпителиймен қапталған. 
Ортаңғы  құлақ  дабыл  қуысынан,  есту  сүйекшелерінен  және  есту  (евстахий) 
түтікшесінен тұрады.
 
-  Дабыл  қуысы  —  көлемі  2  см3  шамасында  болатын,  жайпақтанған,  шырышты 
қабықшамен  қапталған  кеңістік.  Эпителий  бірқабатты  жазық,  кей  жерлерде  текелі 
немесе  цилиндр  тәріздіге  ауысады.  Ортаңғы  құлақтың  шырышты  қабықшасында 
және  сүйектен  құралған  қабырғаларында  бет,  тіл-жүткыншақтық,  кезбе  жүйкенің 
тармактары  өтеді.  Дабыл  кеңістігінің  медиалды  қабырғасында  екі  тесік  немесе 
«терезелер»  болады.  Біріншісі  —  сопақ  терезе.  Ол  жерде  үзеңгішенің  негізі 
орналасады,  оны  терезенің  шеңбері  бойымен  орныққан  жіңішке  байлам  ұстап 
тұрады.  Сопақ  терезе  ұлудың  вестибулярлық  баспалдағынан  дабыл  қуысын  бөліп 
тұрады.  Екінші  терезе  дөңгелек,  сопақ  терезенің  сәл  артқы  жағында  орналасады. 
Терезе  талшықты  мембранамен  жабылған.  Дөңгелек  терезе  ұлудың  дабыл 
баспалдағын дабыл қуысынан бөліп тұрады. 
-  Есту  суйекшелері  —  балғашық,  төс,  үзеңгіше  сыртқы  құлақтың  дабыл  жарғағының 
тербелісін,  ішкі  құлақтың  вестибулярлық  баспалдағынан  басталатын,  сопақша 
терезеге  жеткізетін  тетіктер  жүйесі  тәрізді  болып  табылады.  Дабыл  қуысын 
жұтқыншақтың  мұрын  бөлігімен  байланыстыратын  есту  түтігінің  анық  байқалатын, 
диаметрі  1—2  мм  шамасында,  қуысы  болады.  Дабыл  қуысымен  жанаса  орналасқан 
бөлігінде есту түтігі сүйектен құралған қабырғамен қапталады, ал, жұтқыншакка таяла 
түскенде,  гиалинді  шеміршектің  аралшықтары  анықталады.  Түтіктің  қуысы 
көпқатарлы  призмалық  кірпікшелі  эпителиймен  қапталған.  Оның  құрамында  бокал 
тәрізді  безді  жасушалар  болады.  Эпителийдің  үстіне  шырышты  бездердің  өзектері 
ашылады.  Есту  түтігі  арқылы  ортаңғы  құлақтың  дабыл  қуысындағы  ауаның  қысымы 
реттеледі. 
Ішкі  құлақ  сүйек  лабиринтінен  және  оның  ішінде  орналасқан  жарғақты  лабиринттен 
тұрады, кейінгінің ішінде ренепторлық жасушалар — есту және тепе-теңдік сақтаудың 
қылшықты  жасушалары  орналасады.  Есту  мүшесінде  рецепторлық  жасушалар  (даму 
негізі  бойынша  сенсоэпителийлік)  ұлудын  иірімді  немесе  спиралды,  мүшесінде,  ал 
тепе-тендік  сактау  мүшесінде  эллиптикалык  және  сферикалық  қапшыктардың 
дақтарында  және  жартылай  иірімді  түтікшелердің  үш  ампулярлық  айдаршаларында 
орналасады. 
Иірімді  немесе  кортиев  мүшесі,  ұлудың  жарғақты  лабиринтінде  базилярлық 
мембранада  орналасады.  Бұл  эпителийлік  құрылым  ұлудың  жолын  қайталайды. 
Оның  көлемі  ұлудың  базальды  иірімінен  апикалды  иіріміне  қарай  кеңейеді. 
Құрамында екі топ жасушалар болады: қылшықты (сенсоэпителиалды, кохлеоциттер) 
және  тіректік.  Бұл  топтардың  әркайсысы  ішкі  және  сыртқыларға  бөлінеді. 
Жасушалардын бұл екі тобын туннель бөліп тұрады. 


Иірімді  немесе  кортиев  мүшесі,  ұлудың  жарғақты  лабиринтінде  базилярлық 
мембранада  орналасады.  Бұл  эпителийлік  құрылым  ұлудың  жолын  қайталайды. 
Оның  көлемі  ұлудың  базальды  иірімінен  апикалды  иіріміне  қарай  кеңейеді. 
Құрамында екі топ жасушалар болады: қылшықты (сенсоэпителиалды, кохлеоциттер) 
және  тіректік.  Бұл  топтардың  әркайсысы  ішкі  және  сыртқыларға  бөлінеді. 
Жасушалардын бұл екі тобын туннель бөліп тұрады 
Ішкі  сезімтал  эпителиоциттері  –  пішіні  құмыра  тәрізді  бір  қатар  болып  орналасқан, 
астында  ішкі  тіректік  саусақ  тәрізді  эпителиоциттер  орын  алады.  Адамда  бұлардың 
мөлшері  350-дей.  Сезімьал  эпителиоциттердің  апикальды  бөлігінде  30-60  қысқа 
микробүрлер  –  стереоцилийлері  болады.  Ішкі  эпителиоциттердің  апикалді  бөлігі 
кутикуламен  жабылған.  Циоплазмасында  көптеген  митохондриядлары  мен  актин, 
миозин  филаменттері  бар.  Базальді  бөлігіне  афферентті,  эфферентті  нерв  ұштары 
келеді. 
Сыртқы  сезімтал  эпителиоциттер  –  пішіні  цилиндр  тәрізді,  3-5  қатар  болып 
орналасады, сыртқы тіректік жасушаларға бекінген. Адамдардағы саны 12000-20000-
дай. Ішкі жасушалары кутикуламен тысталған, стереоцилийлері болады, пішіні V әріпі 
түрінде. Цитоплазмасында тотықтырушы ферменттер, гликоген, ацетилхолинэстераза 
болғандықтан сезімтал  келеді. 
Тіректік  эпителиоциттер  –  базльді  мембранаға  бекінеді.  Цитоплазмасында 
тонофибриллалары  болады.  Бұлардың  апикальды  бөлігінде  жіңішке  саусақ  тәрізді 
өсінділері  де  бар.  Осы  өсінділері  арқылы  бұлар  рецепторлы  эпителиоцттердің 
ұштарынан  бөлініптұрады.  Базальы  мембранада  бұлардың  арасында  үшбұрышты 
канал    туннель  құуысы  эндолимфаға  толы  орын  алады.  Туннел  арқылы  миелинсіз 
нерв талшығы спиральді ганглийден сезімтал эпителиоциттерге өтеді.   
 



жүктеу 8,23 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   297




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау