Морф сессия (НС)


Ортаңғы ми, оның бөлімдері, ішкі құрылысы. Су құбыры



жүктеу 8,23 Mb.
Pdf просмотр
бет38/297
Дата06.02.2022
өлшемі8,23 Mb.
#37359
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   297
2 курс,Сессия НЕРВ

1. Ортаңғы ми, оның бөлімдері, ішкі құрылысы. Су құбыры.
 
Ортаңғы ми, mesencephalon ортаңғы ми көпіршіктерінен дамиды. 
Топографиясы.
 
1. Төменгі беті: 
a) алдында: көру нервінін жолы, tractus opBcus, мен және емізік тәрізді дене, corpus 
mamillaria, мен; 
ә) артында: ми көпірінен көлденең жүлге арқылы шектелғен 
2. Жоғарғы беті: 
a)  алдында:  көру  төмпешікпен,  thalamus;  ә)  артында:  IV-жұп  шығыр  нервінің,  п. 
trochlearis, түбіршегімен шектелген. 
Ортаңғы ми орналасуына қарай

1. Ортаңғы мидың жамылғысынан, tegmentum mesencephali, немесе ортаңғы мидың 
төрт төмпешігінен немесе табакшасынан, lamina quadrigeminum; 
2. Мидын аяқшасынан, pedunculus cerebri; 
3.  Сол  маңындағы  нерв  түтікшесінен  дамыған  су  құбыры  немесе  Сильвиев  атты 
өзекшеден, aqueductus cerebri, тұрады. 
Оларға тоқталар болсақ: 
A.
 Ортаңгы мидың жамылгысы, tegmentum mesencephali, немесе ортаны мидың төрт 
төмпешігі.  Жоғарғы  беті  көлденең  және  бойлай  орналасқан  жүлгелер  арқылы  төрт 
төмпешікке бөлінген. 
1. жоғарғы төмпешігі, 
colliculi superior, II-жұп көру ми нервінің қыртысасты орталығы 
болып саналады. 
Қызметі. Ортаңғы мидың жоғарғы төмпешігі мен латералді иінді тдене II-жұп көру ми 
нервінің  қыртысасты  орталығы  болғандықтан,  мұнда  көру  ми  нерві  арқылы  келген 
сезімдер, бұлыңғыр, көмескі түрде қабылданады. 
2.  Ортаңғы  мидың  төменгі  төмпешегі
,  colliculus  inferior,  ортаңғы  мидың  жоғарғы 
төмпешігінің  астында  орналасқан.  Көлемі  жоғарғы  төмпешікке  қарағанда  кішілеу 
келген. IV жұп нервтің қыртысасты орталығы. 
Қызметі:  төменгі  төмпешік  пен  медиалді  иінді  дене,  есту  нервінің  қыртысасты 
орталығы  болғандықтан,  латералді  ілмек  аркылы  келген  дыбыс  толқындарды 
жартылай елес түрінде айқындау. 
Ә.  Мидың  аяқшасы,  pedunculus  cerebri
,  ол  ортаңғы  мидың  төменгі  бетінде  ми  көпірі 
мен  көру  төмпешіктін  аралығында  бұрыш  кұрап  орналасқан,  жартылай  цилиндр 
тәрізді дене. 
Топографиясы.
  Топографиялық  орналасуына  қарай,  ол  ми  бағанасының,  truncus 
encephalicus, тікелей жалғасы болып саналады. 
Құрылысы 
Ми аяқшасы, терең қабатында орналасқан қара түсті заты, substanBa nigra, арқылы: 
a) төменгі бөлігі, негізімен, basis pedunculi cerebralis, 
ә) жоғарғы бөлігі жамылғысына, tegmentum mesencephali, бөлінген. 
Қара түсті заттың, күнгірт түсті болуы, құрамындағы меланин затының көптеп болуына 
байланысты.  Бұл  заттың  негізгі  кызметі,  мишықтың  соңғы  мидың  базалді 
5-БИЛЕТ


ядроларымен  бірлесе  отырып,  экстрапи-  рамидалык  өткізгіш  жолдардың  орталығын 
құрауға қатысу. 
1.  Ми  аяқшасының  негізі,  basis  pedunculi  cerebralis,  эфференттік  проекциондық 
өткізгіш талшықтардан немесе жолдардан: 
a)  ми  қыртысы  -  жұлын  өткізгіш  жолдардан  немесе  нерв  талшықтардан,  fibrae  corB- 
cospinales; 
ә) ми қыртысы - ядролар өткізгіш нерв талшықтардан, fibrae corBconucleares; 
б) ми қыртысы - ми көпірі өткізгіш нерв талшықтардан, fibrae corBcoponBnae, тұрады. 
2. Ми аяқшасының жамылғысы, tegmentum mesencephali, проекциондық афферентік 
сезімтал  өткізгіш  жолдар  мен  III,  IV-ми  нервтердің  ядроларынан  және  бойлай 
орналасқан торлы құрылымнан, formaBo reBcularis, тұрады 
Оларға тоқталар болсақ: - Өткізгіш жолдары: 
a)  медиалді  імек,  lemniscus  medialis;  ә)  латералді  ілмек,  lemniscus  lateralis, 
орналасқан. 
Ядролары: 
a) қызыл түсті ядродан, nucleus ruber, және; ә) III-жұп көз-қимыл ми нервінің, 
n.  oculo  motorius,  ядролары  мен  IV-жұп  шығыр  ми  нервінің,  n.  trochlearis,  ядролары 
орналасқан 

жүктеу 8,23 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   297




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау