Фоторецепторлы нейрондар
: таяқша мен колба тәрізді болып жіктеледі.Таяқша
нейрондар- ымырт (кешкі) кезіндегі рецепторлары болса, ал колба тәрізді түрлері
күндізгі мезгілдің рецепторлары болып табылады. Құрылысы жағынан
фоторецепторлы нейрондардың пішіні цилиндр тәрізді, бірнеше бөліктері болатын;
дистальді-сыртқы сегметінде фооторецепторлы мембраналары болады. Бұл
мембраналар жарықты қабылдап, тітіркенеді.Сыртқы сегмент байланыстырушы
цилий деп аталатын бөлігімен ішкі сегментпен байланысады. Ішкі сегментте көптеген
митохондриялар, полисомалар, Гольджи комплекс т.б. болады.Бұл сегментінде белок
синтезі өтеді.Нейронның проксимальды денесінен бір аксон шығып биполярлы,
горизонтальды нейрондардың дендриттерімен синапс түзеді.
Достарыңызбен бөлісу: |