Монография / Аида Сағынтаева, Әсел Қамбатырова, Лаура Қарабасова


кезең. Кітапхана каталогтарымен және онлайн дерек-



жүктеу 2,34 Mb.
Pdf просмотр
бет39/149
Дата10.03.2023
өлшемі2,34 Mb.
#41684
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   149
Bilim-beru-zertteulerine-kirispe

2 кезең. Кітапхана каталогтарымен және онлайн дерек-
тер базасымен жұмыс
Әдебиеттерді іздеудегі кілт сөздерді анықтағаннан кейін кіта-
пхана каталогтары мен онлайн деректер базасын іздеп, олармен 
танысу жұмысы басталады. Әдебиеттер дереккөзінің қағаз нұсқа-
ларын қарастыру керек. Кез келген университеттің кітапханасын-
да деректердің алуан түрлі қоры болуы тиіс. Оған қоса, магистрлік 
және докторлық диссертациялардың жекелеген қорлары да зерт-
теу жұмыстарын ұтымды жүргізуге мүмкіндік береді, өйткені шолу 
диссертациялық зерттеулерді қамтуы мүмкін. Мәселен, кітапха-
на Repository-ге, яғни Назарбаев Университетінің академиялық 
қоғамдастығы ғылыми зерттеулерінің нәтижелеріне және олардың 
зияткерлік өнімдеріне үнемі қол жеткізуді ұзақ уақыт бойы сақтап, 
жинақтауға арналған институционалдық электрондық мұрағатқа 
қолжетімділікті реттеп отырады.
Ғылыми жұмыстың түрлері мен пәндердің ғылыми жарияла-
нымдарының толық мәтінін іздестіруде ең танымал әрі ыңғайлы 


66
Білім беру зерттеулеріне кіріспе: теория, әдістер және тәжірибелер
іздеу жүйелерінің бірі – Google Scholar мүмкіндіктерін пайдалануға 
болады (https://scholar.google.com).
Дерекқорлардың немесе каталог жүйесінің бірімен жұмыс істей 
отырып, кілт сөздер мен терминдерді пайдаланудан бөлек дереккөз 
түрін (кітап, журналдағы мақала, шолу), оның жарияланған күнін, 
ауқымын көрсететін сүзгілерді орнату арқылы іздестіру жұмысын 
нақтылап, тарылтуға болады. Әдебиетке шолу барысында жаңадан 
шыққандарын пайдаланған жөн. Зерттеліп отырған тақырып бой-
ынша дереккөздердің ауқымы кең болса, онда соңғы жылдардағы 
зерттеулерді қамтыған дұрыс. Сонымен бірге бірнеше ондаған 
жылдар бұрын жазылса да, белгілі бір ғылым саласының дамуына 
айтарлықтай үлес қосатын ірі теориялық еңбектердің болуы мүм-
кін екендігін жоққа шығаруға болмайтынын есте ұстау қажет. 
Әдебиеттерді іздестірудің жоғарыда келтірілген мүмкіндік-
тері мен жолдарын пайдалана отырып, теориялық және эмпи-
рикалық әдебиеттерді табу және тізімін шығаруға тырысыңыз. 
Зерттеу сұрағына сәйкестігіне көз жеткізу үшін әрбір материал-
дың мазмұнын қарап шығу да өте маңызды. Зерттеуші шолу, эн-
циклопедия немесе оқулық секілді қосымша дереккөздерін емес, 
бастапқы дереккөздерді, яғни зерттеушілердің түпнұсқа жұмы-
сын пайдалануы керек. Әдебиеттерді іздестіру барысында зертте-
летін тақырып бойынша ең қажетті немесе сілтеме жиі жасалған 
жұмыстарды анықтап және олардың шолу тізіміне қосуда мұқи-
яттылық таныту керек. Шолу аяқталғаннан кейін де жаңа зертте-
улер пайда болған-болмағанын білу үшін дерекқорға оралыңыз. 
Бұдан басқа, қолмен немесе EndNote, Citation немесе Mendeley-ді 
пайдаланып, оларды библиографиялық тізімге бірден қосып, жұ-
мыстың соңында дереккөздер тізімін рәсімдеу бойынша жасала-
тын жұмысты жеңілдетіңіз.


67
Назарбаев Университеті Жоғары білім беру мектебі

жүктеу 2,34 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   149




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау