«Мұнайгаз саласындағы энергия қорларын үнемдеушілік технологиясы» пәні - Төлеуов Қалдыбай Төлеуұлы педогогикалық жұмыс стажы - 35 жыл
- Әбдікәрімов Садратдин Әбдікәрімұлы - педогогикалық жұмыс стажы - 30 жыл.
- «Мұнай және газ кәсіпшілігінің машиналары мен жабдықтар» кафедрасының профессоры мен доценті.
- Барлығы 2 кредит
- Курс 4
- Семестр 7
- Экзамен жазбаша
Аңдатпа - Аңдатпа
- «Мұнайгаз саласындағы энергия қорларын үнемдеушілік технологиясы» пәнінің оқу әдістемелік кешені,пәннің оқу-әдістемелік кешенін құрудың әдістемелік нұсқауларына сәйкес,кредиттік жүйе бойынша оқитын студенттер үшін Қ.И.Сәтбаев атындағы Қаз ҰТУ-тің ОЭД-ті дайындаған оқу-әдістемелік нұсқаулары бойынша құрастырылған.Оқу-әдістемелік кешен жұмыстық бағдарламаға сәйкес пәннің мақсаты мен мәселерінен.әсерлік үлестірілетін материалдардан тұрады,сондай-ақ дәрістердің тақырыптары тәжірибелік сабақтардың және семестрлік жұмыстардың тақырыптары,пайдаланалынатын әдебиеттердің тізімі келтірілген. Сонымен қатар студенттің өзіндік жұмыстарының әдістемелік нұсқауларымен өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар тізімі және емтихандық сұрақтардың тақырыптары келтірілген. Оқу-әдістемелік кешеннің мазмұны студенттерге пән бойынша толық мәлімет береді, сондай-ақ студенттерге керек кезде әртүрлі тақырыптар бойынша өзіндік үйренуде немесе білімін тереңдетуінде қосымша материалдар мен тапсырмаларды өзіндік орындауда көмек көрсетеді.Жүйелі тәртіппен келтірілген тесттік сұрақтар тізімі студенттерге пән бойынша кез-келген уақытта өздерінің білімдерінің деңгейін тексеріп,соған сәйкес қорытынды жасауға мүмкіндік береді.
-
Пәнді оқытудың мақсаты - Пәнді оқытудың мақсаты
- Пәнді оқытудың мақсаты – келешектегі мамандарды мұнай және газ кәсіпшілігіндегі кәсіпорындардағы энергия қорларын үнемдеушіліктің жолдарымен және ондағы басқа отын-энергетикалық және екіншілік энергия қорларын тиімді пайдаланудағы өзекті мәселелермен таныстыру.
- Пәнді оқыту міндеттері
- Пәнді оқыту міндеттерінде студенттерді мұнай және газ кәсіпшілігіндегі әртүрлі энергия қорларын үнемдеушілік технологиясымен және екіншілік энергия қорларының (ЕЭҚ)шығынын азайту жолдарымен,сондай-ақ мұнай және газ кәсіпшілігігдегі энергия үнемдеушіліктің мәселелерімен және проблемаларымен таныстыру.
- Пәннің роль мен мәні
- «Мұнай және газ кәсіпшілігінің технологиялық машиналары мен жабдықтар» мамандығы бойынша бакалаврларды дайындауға энергия қорларын үнемдеушілік технолог
- иясы ең бір маңызды пән болады. Энергия қорын үнемдеушілік мұнайшы мамандардыңтұрақты іс бағыты болады,өндірудің шығынын азайтуға себепкершілікте,жасалған мұнай өнімдерінің өзіндік қүнын және ондағы қызмет көрсетуді төмендетуде,отандық мұнай өнімділігінің бәсекелік қабілеттілігін жоғарлатуда.Пән төмендегі пәндердегі білімдерге негізделген: жылу техникасы,газтурбиналы қондырғылар,іштен жану қозғалтқыштары,технологиялық машиналардың жетектері,газды және мұнайды өндіру технологиясы,мұнайды және газды құбырөткізгіштік арқылы тасымалдау технологиясы,отын және арнаулысұйықтар;технологиялық машиналарды жинақтау және пайдалану; сонымен бірге және профильдік (мамандық) пәндермен байланысты.
Мұнайгаз кәсіпшілігіндегі энергия қорларын үнемдеу технологиясының проблемасы комплексті қарастырылған ( мұнай және газ ұңғыларын бұрғылауда, мұнайды және газды өңдіруде, мұнай және газ кәсіпшілігінде жылуэнергетикалық қондырғыларды пайдалануда). Мұнайгаз саласындағы энергия қорларын үнемдеудің технологиясының негізі – бұл пәнде, ойын-энергетикалық және екіншілік энергия қорларын мұнай және газ кәсіпшілігінде комплексті және тиімді пайдалануды оқыту. - Мұнайгаз кәсіпшілігіндегі энергия қорларын үнемдеу технологиясының проблемасы комплексті қарастырылған ( мұнай және газ ұңғыларын бұрғылауда, мұнайды және газды өңдіруде, мұнай және газ кәсіпшілігінде жылуэнергетикалық қондырғыларды пайдалануда). Мұнайгаз саласындағы энергия қорларын үнемдеудің технологиясының негізі – бұл пәнде, ойын-энергетикалық және екіншілік энергия қорларын мұнай және газ кәсіпшілігінде комплексті және тиімді пайдалануды оқыту.
- Оқу түрі және әдістері – күндізгілік және аудиториялық; теориялық, практикалық, өткізілетін сабақтардың түрлері – дәрістер, практикалық сабақтар, СӨЖ, СОӨЖ, семестрлік тапсырмалар; оқу процесінде интрактивтік тақталар, компьютерлер, плакаттар, схемалар, ОЭК қолданылады.
- Оқып – үйренудегі алынатын компоненттілік – мұнай және газ кәсіпшілігіндегі энергия қорларын үнемдеуліктің технологиясына байланысты теориялық және практикалық дағдыға ие болу; сондай-ақ әртүрлі энергия қорларын үнемдеушілік технодлогиясымен екіншілік энергия қорларының шығының азайту жолдары, Энергия үнемдеушіліктің мәселелері және проблемаларымен танысу.
- СТУДЕНТТЕР БІЛІМІН БАҒАЛАУ ЖҮЙЕСІ.
- Кредиттік технология арқылы оқытуда Қ.И.Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ-ның барлық курстары мен барлық пәндері бойынша студенттердің білімін тексерудің рейтингтік жүйесі қолданылады. Мамандықтың оқу жоспарына енген әрбір пәндер рейтингі 100% балдық шкала бойынша бағаланады. «Мұнайгаз саласындағы энергия қорларын үнемдеушілік технологиясы» пәні үшін бақылаудың төмендегі түрлері белгіленеді: ағымдық(тәжірибелік сабақтар,семестрлік тапсырмалар), аралық(тестілік немесе экспресс сұраулар), қорытынды (емтихан тестілік түрде) (1-кесте).
- 1-кесте
- Рейтингілік бақылау жүйелерді бөлу.
- Рейтингілік бақылау жүйелерді бөлу.
Негізгі ғылыми әрекеттердің бағыттары: - Негізгі ғылыми әрекеттердің бағыттары:
- Іштен жану қозғалтқыштарының өзгермелі режимдегі жұмыстарын зерттеу, сондай-ақ жылу агрегаттарындағы жұмыс процесстерін және жылу алмасуды анықтау. Ғылыми әрекеттердің бағыты жылу қозғалтқыштарының жұмыс процестерін және олардың тиімділігін жұмыс істеуін ары қарай дамыту.
- Дипломдық жобаның тақырыптары «Мұнай кең орындарын пайдаланғанда энергия қорын үнемдеу және қоршаған ортаны қорғау мәселелері », «Магистральдық газ құбырларындағы КС – дағы энергия қорларын үнемдеуліктің технологиясы», «Іштен жану қозғалтқыштарынан шығатын газдардың энергиясын, бұрғылауда және ұңғыны жөндеуде пайдалану».
- Пән бойынша студенттердің үлгерімдерінің орташа баллы 4,0 тең.
- Оқырмандарға талаптар:
- Пәндегі қарастырылатын тақырыптарл\дың теориясын және практикалық маңыздылығын білу қажет; пәннің негізгі жағдайларын практикалық шешімдерді шешуге қолдана білу; әр түрлі энергия қорларын азайту тәсілдерін, сондай-ақ мұнай және газ кәсіпшілігіндегі энергия үнемдеуліктің проблемаларымен танысу.
-
- Курстың политикасы және процедурасы
- * Міндетті түрде барлық дәрісханалық сабақтарға, соның ішінде күнтізбелік cабақ кестеге кіргізілген СӨОЖ дәрісханалық сабақтарға қатысу.
- * Студенттер СӨЖ орындауға берілген семестірлік жүмыстарын офистік СОӨЖ ың уақытында күнтізбелік сабақ кестесіне сәйкес қорғайды;
- * Аралық бақылаулар ( тестілік немесе сұраулар), күнтізбелік кестеге сәйкес СОӨЖ кезде аудиторияда орындалады.
- * Үй тапсырмаларын студент өзі СӨЖ шеңберінде орындайды және күнтізбелік графикке сәйкес СОӨЖ кезінде офиста тапсырады;
- * Студент қандай да бір бақылау түрі кезінде тапсырмаса, онда оны офисте СОӨЖ кезінде, бірақ осы бақылау түрі бойынша логикалық тізбек тәртібімен тапсыруына болады;
- * Күнтізбелік графикте келтірілген барлық бақылау түрлерін тапсыру реті пәнді оқу тәртібіне және оның модульдік жүйе құрылысына сәйкес болуы керек.
Достарыңызбен бөлісу: |