946. алынып тасталсын.
Бизнеске жүктемені төмендету
|
48
|
8-тараудың 5-параграфының 962, 966, 967, 972, 974, 975, 978, 983, 985, 994, 995-тармақтары
|
8. Газмұнайсукөрінісін ескерту
5-Параграф. Сағаны және ШҚЖ дайындау, монтаждау және пайдалану
962. Мұнай, газ және газконденсатты ұңғымалардың құрылысы, жөндеуі, тесуі, сынауы мен зерттеуі кезінде, атқылауға қарсы және бітеуіш жабдықтармен ұңғыманың аузын жалғау нақты сызбасы, әр бір ұңғымаға жеке жасалып, жердің бедері, электртасымалдау сымдары, жолдары, бұрғылау, қосалқы жабдықтар және коммуникация ескеріліп, АҚҚ келісіліп, ұйымның басшысымен бекітіледі.
966. ШҚЖ ұңғымалардың сағасына орнатуды жауапты тұлғаның және АҚҚ өкілінің басшылық етуімен бұрғылау бригадасы нақты сызбаға сәйкес жүргізеді, ШҚЖ монтаждау актісі дайындалады.
967. ШҚЖ манифольдасының жапқыштары нөмірленуі және бұрғылау орнындағы нақты сызбаға сәйкес болуы тиіс.
972. Монтаждаудан кейін превентор қондырғысы цемент стаканын бұрғылап орнатуға дейін қоршаулау бағанасының нығыздалу қысымына теңестіріліп сумен немесе ауамен нығыздалады. Нығыздау жұмыстары АҚҚ өкілінің қатысуымен жүргізіледі.
974. Дроссельдеу пультында көрнекі жерде рұқсат етілген қысымы көрсетілген тақталар қойылады, манометрлерде рұқсат етілген жұмысшы қысымның белгілерін салады.
975. Сағаға орнатқаннан кейін, бұрандалы кескішті превентор басқа превенторлармен бірге АА оқшаулау кезінде күтілген сағаға қысымнан 10 проценттен артық болған қысыммен нығыздалады.
978. ШҚЖ қоршаулау бағанасымен бірлесіп, монтаждаудан және нығыздаудан кейінгі ұңғыманы бұрғылау АҚҚ өкілінің рұқсатымен ғана жалғастырылады.
983. Апаттық құбыр ашық күйдегі кері қақпақшамен немесе шарлы кранмен және бұрғылау немесе қоршаулау бағанасына ұқсатып қызыл түске боялған аударғышпен жабдықталады.
985. ШҚЖ монтаждау және пайдалану кезінде, қажет:
1) Бастың бағаналық фланецті бұрандамен және УС-1 жағармайымен немесе ФУМ лентасымен бекітеді;
2) бағаналық фланецті орнату кезінде бағаналық фланецтің төменгі бүйіржағына жер бетінің деңгейіне дейін кемінде 200±50 миллиметр аралық қамтамасыз етіледі;
Бағаналық фланецтің корпусындағы тесіктер жабдықталады:
1) Бір жағы бітеуішпен;
2) Екінші жағы мұнараның едені шегінен шығарылған бұрамалы жапқышпен, оның ұшында жоғарғы қысымды краны бар манометр және цементтеу агрегатын қосу үшін жылдам құрылғы монтаждаудалады.
994. Монтаждау және пайдалану нұсқамасына сәйкес бойынша пакер аралық кеңістігі бағана басы арқылы ауамен нығыздалады, акті түзітіледі.
995. Техникалық бағананы ШҚЖ-мен біріктіру бағана басының көмегімен орындалады.
|
8. Газмұнайсукөрінісін ескерту
5-Параграф. Сағаны және ШҚЖ дайындау, монтаждау және пайдалану
962. Үлгі схемасынан ауытқыған жағдайда ұңғымаларды салу, жөндеу, тесу, сынау және зерттеу кезінде ұңғымалардың сағасын ШҚЖ немесе бекітпе жабдығымен байланыстыру АҚҚ ұсынымдарын есепке алып жүргізіледі. Нақты схема әрбір ұңғымаға жеке түрде жасалады және оны ұңғыманың салынуын және жөнделуін жүзеге асыратын ұйым басшысы бекітеді.
966. Ұңғымалардың сағасында ШҚЖ монтаждауды АҚҚ қатысуымен ШҚЖ монтаждау актісін жасай отырып, үлгі схемасына сәйкес пайдаланушы жабдықтың жауапты тұлғасының басшылығымен бұрғылау бригадасы жүргізеді.
967. алынып тасталсын.
972. Монтаждаудан кейін превентор қондырғысы цемент стаканын бұрғылап орнатуға дейін қоршаулау бағанасының нығыздалу қысымына теңестіріліп нығыздалады. Нығыздау жұмыстары актіні ресімдей отырып, АҚҚ өкілінің қатысуымен жүргізіледі.
974. Дроссельдеу пультында көрінетін жерде бағананы нығыздаудың рұқсат етілген қысымы көрсетілген тақталар қойылады, манометрлерде рұқсат етілген жұмысшы қысымның белгілері салынады.
975. алынып тасталсын.
978. ШҚЖ қоршаулау бағанасымен бірлесіп, монтаждаудан және нығыздаудан кейінгі ұңғыманы бұрғылау жұмыс басшысының рұқсатымен ғана жалғастырылады.
983. Өткелдерде жетекші құбырды (шаршыны) пайдалану кезінде бұрғылау қондырғысында ашық күйдегі кері қақпақшасы немесе шар тәріздес краны және бұрғылау немесе қаптама бағанасына аударғысы бар қызыл түске боялған апаттық құбыр болуы тиіс.
985. ШҚЖ монтаждау және пайдалану кезінде:
1) бағаналы фланецті бұрандамаға немесе сыналы қысқышқа орналастыру;
2) бағаналы фланецті орнату кезінде бағаналы фланецтің төменгі бүйіржағына жер бетінің деңгейіне дейін кемінде 200 мм аралықты қамтамасыз ету;
3) бағаналы фланецке манометрге арналған манометрлік фланеці бар кран орнату қажет.
994. Монтаждау және пайдалану жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес бағаналы бастиектің барлық тығыздау элементтері акт жасала отырып нығыздалады.
995. алынып тасталсын.
|
Тиімсіз норма
«Рұқсаттар және хабарламалар туралы» ҚР Заңымен көзделмеген АҚҚ келісу және рұқсат беру нормаларын алып тастау
Қауіпті өндіріс объектілерін қауіпсіз пайдалануды қамтамасыз ету мақсатында
|
49
|
8-тараудың 6-параграфының 1000, 1003, 1025, 1026, 1028, 1030-тармақтары
|
8. Газмұнайсукөрінісін ескерту
6-параграф. Апаттардың, ұңғымалардағы оқиғалардың алдын алу және жою ерекшеліктері
1000) Оқшаулаудан кейін ұңғымадағы қысым бақылауға алынады және тіркеледі, сағаның, ШҚЖ манифольданың, аумақтың жағдайы тексеріледі, рұқсатпен кіріп-шығу режимі енгізіледі.
1003) Технологиялық апаттарды және қиындықтарды жою үшін жұмыстардың жетекшісі, нысандағы қауіпсіздік іс-шаралары көрсетілуімен ЖҰЖ дайындалады, АҚҚ-мен келісіледі және қосымша нұсқама кезінде қызметкерлерге таныстырылады. Ұңғымаларда ұстау жұмыстары осы Қағидаларға сәйкес жүргізіледі.
1025) Өте жоғарғы (нормадан ауытқыған) қыртыстық қысымы (бұдан әрі – НАҚҚ) бар, құрамында күкіртсутегі бар кен орындарындағы газ ұңғымаларында қыртыстық флюидтың ұңғымаға түсуінің «шекті ауқымы» айқындалады.
1026) Шығарып алу кезінде ұңғымада қалдырылған болат арқан немесе каротажды кабель арқылы оны бастапқыда ілініп қалуына жол бермейтін шектемесіз ұңғымаға қармау құрал-сайманын төмен түсіруге рұқсат берілмейді.
1028) ФШ басталуының айқын белгілері бар кезде бұрғылау орнына тоқ беру тоқтатылады және қозғалтқыштар тоқтатылады. Бұрқақты ұңғымаға іргелес аумақта техникалық және тұрмыстық ошақтар өшіріледі, жанармай қозғалтқыштары тоқтатылады, ашық алаулар өшіріледі. Көліктің және жүргіншілердің қозғалысы тоқтатылады, АҚҚ, өртке қарсы қызмет шақырылады, ұңғымадан шыққан сұйықты жинап алу іс-шаралары жүргізіледі. Бұл операция денсаулыққа және өмірге қауіп төндіретін болса, АЖЖ ұйымдары хабарландырылады.
1030) Бұрғылау ерітіндісінің сіңіп кетуін жою алдын сіңіретін қабатының параметрлерін (сіңіру коэффициенті, фильтрлеу сипаты) айқындау, технологиясын таңдаумен оқшаулау жұмыстары үшін мақсатымен гидродинамикалық зерттеулер жүргізіледі.
|
8. Газмұнайсукөрінісін ескерту
6-параграф. Апаттардың, ұңғымалардағы оқиғалардың алдын алу және жою ерекшеліктері
1000) Ұңғыманы бітегеннен кейін қысым тіркеледі және бақылауға алынады, сағаның, ШҚЖ, манифольданың жай-күйі көзбен шолу арқылы тексеріледі және өткізу режимі енгізіледі
1003) Технологиялық апаттарды және кедергілерді жою үшін жұмыстардың басшысы, объектідегі қауіпсіздік іс-шаралары көрсетіліп, ЖҰЖ жасалады, қауіпті өндіріс объектісінің иесі бекітеді және қосымша нұсқама кезінде қызметкерлердің назарына жеткізіледі
1025) алынып тасталсын.
1026) Ұңғымада қалдырылған каротажды кәбілді шығарып алу кезінде оның сыналануының алдын алу үшін шектеусіз ұңғымаға қармау құрал-сайманын төмен түсіруге рұқсат берілмейді.
1028) ФШ басталуының айқын белгілері бар кезде бұрғылау орнына тоқ беру тоқтатылады және қозғалтқыштар тоқтатылады. Бұрқақты ұңғымаға іргелес аумақта техникалық және тұрмыстық ошақтарды өшіру, жанармай қозғалтқыштарын тоқтату, ашық алауларды өшіру қажет. Көліктің және жүргіншілердің қозғалысын тоқтату, АҚҚ шақыру, ұңғымадан шыққан сұйықтықты жинап алу іс-шараларын жүргізу қажет. Егер бұл операция денсаулыққа және өмірге қауіп төндірумен байланысты болмаса, АЖЖ сәйкес ұйымдарға хабарлау қажет.
1030) алынып тасталсын.
|
«Рұқсаттар және хабарламалар туралы» ҚР Заңымен көзделмеген АҚҚ келісу және рұқсат беру нормаларын алып тастау
|
50
|
8-тараудың 6-параграфы 996-тармағының 5) тармақшасы
|
8. Газмұнайсукөрінісін ескерту
6-параграф. Апаттардың, ұңғымалардағы оқиғалардың алдын алу және жою ерекшеліктері
996) Өнімді қыртысты және флюидтардың ықтимал көрінісі бар қыртыстарды аршу алдын апаттардың және оқиғалардың алдын алу іс-шаралары орындалады:
5) апатқа қарсы, бұрқаққа қарсы және өртке қарсы қорғаныс жүйелерін, қызметкерлерді эвакуациялау бағыттарын тексеру;
|
8. Газмұнайсукөрінісін ескерту
6-параграф. Апаттардың, ұңғымалардағы оқиғалардың алдын алу және жою ерекшеліктері
996) Өнімді қыртысты немесе флюидтардың ықтимал көрінісі бар қабаттарды ашу алдында апаттар мен оқиғалардың алдын алу іс-шаралары орындалады:
5) апатқа қарсы және бұрқаққа қарсы қорғау жүйелерін, қызметкерлерді эвакуациялау бағдарын тексеру.
|
|
51
|
9-тараудың 6-параграфының 1075-тармағы
|
9. Құбыр желілерді пайдалану кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету тәртібі
6-Параграф. Техникалық құжаттама
1075. Ұйым пайдаланатын құбырлар мынадай құжаттар жасалады:
1) жобалық құжаттама;
2) құбырдың төлқұжаты және пайдаланушылық құжаттар;
3) құбырлардың сызбалары шартты өтпелер, құбыр элементтерінің бастапқы және жарамсыздыққа жатқызу қалыңдығы, арматура, фланецтер, бітеуіштер және басқа да бөлшектер, ағызу, үрлеу және құрғату құрылғыларының орындары, пісірілген жіктердің, бақылау тесіктерінің (егер бар болса) және олардың нөмірлері көрсетіледі;
4) құбырдың элементтеріне ревизия жасау және жарамсыздыққа жатқызу актілері;
5) құбырлардың пісірілген қосылыстарын жылулық өңдеу барысында және жөндеу барысында қолданылған материалдардың сапасын растайтын, құбырларды жөндеудің сапасы туралы және пісірілген жіктердің сапасы туралы мәліметтер;
6) суы бар орталарда жұмыс істейтін құбырлардың металын бақылау бойынша материалдар;
7) құбырды мерзімділікпен көзбен шолып қарау актілері;
8) құбырды беріктігіне және тығыздығына қатысты сынау актілері;
9) арматураға ревизия жүргізу, оны жөндеу және сынау актілері;
10) құбырлардың пайдаланушылық журналдары;
11) жарамсыздыққа жатқызу актілері;
12) бітеуіштерді орнату-шешіп алу журналы.
13) атқарушылық-техникалық құжаттама;
14) пайдалануға қабылдау акті.
|
9. Құбыржолдарын пайдалану кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету тәртібі
6-Параграф. Техникалық құжаттама
1075. Ұйым пайдаланатын құбырларға мынадай құжаттар жасалады:
1) жобалау құжаттамасы;
2) құбырдың төлқұжаты және пайдалану құжаттары;
3) шартты өтпелер, құбыр элементтерінің бастапқы және жарамсыздыққа жатқызу қалыңдығы, арматура, фланецтер, бітеуіштер және басқа да бөлшектер, ағызу, үрлеу және құрғату құрылғыларының орындары, пісірілген жіктердің, бақылау тесіктерінің (егер бар болса) және олардың нөмірлері көрсетілген құбырлардың схемалары;
4) құбырдың элементтеріне тексеріс жасау және жарамсыздыққа жатқызу актілері;
5) құбырлардың пісірілген қосылыстарын жылулық өңдеу барысында және жөндеу барысында қолданылған материалдардың сапасын растайтын, құбырларды жөндеудің сапасы туралы және пісірілген жіктердің сапасы туралы мәліметтер;
6) суы бар орталарда жұмыс істейтін құбырлардың металын бақылау бойынша материалдар;
7) құбырды мерзімділікпен көзбен шолып қарау актілері;
8) құбырды беріктігіне және тығыздығына қатысты сынау актілері;
9) арматураға тексеріс жүргізу, оны жөндеу және сынау актілері;
10) бітеуіштерді орнату-шешіп алу журналы.
11) атқарушылық-техникалық құжаттамалар;
12) пайдалануға қабылдау актісі.
|
Норманы нақтылау мақсатында
|
52
|
9-тараудың 7-параграфының 1078, 1080-тармақтары
|
9. Құбыр желілерді пайдалану кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету тәртібі
7-Параграф. Құбырды пайдалану
1078. Әрбір қондырғы құбырларына, блок сызбаларға арналған пайдалану журналы жасалады.
1080. Жоғары қысымдағы құбырлар үшін, мерзімдік сынақтар мен куәландыруларды есепке алу журналы жүргізіледі.
|
9. Құбыржолдарын пайдалану кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету тәртібі
7-Параграф. Құбыржолдарын пайдалану
1078. алынып тасталсын.
1080. алынып тасталсын.
|
Тиімсіз норма
|
53
|
9-тараудың 8-параграфы 1090-тармағының бірінші бөлігі
|
9. Құбыр желілерді пайдалану кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету тәртібі
8-Параграф. Құбырларға ревизия жасау
1090. Газ құбырларының, төмен және жоғары қысымдық суарналардың, дайындалған мұнай тасымалдау құбырларының, технологиялық құбырлардың, мұнай жинау коллекторларының, ұңғымалардың шығу желілерінің сенімді әрі қауіпсіз жұмысын бақылаудың негізгі әдісі – мерзімдік ревизиялар жасау болып табылады, олардың барысында құбырлардың жағдайы, олардың элементтері мен бөлшектерінің жағдайы тексеріледі.
Ревизияны – мамандармен бірлесе отырып, техникалық бақылау қызметі жүргізеді.
Ревизияның нәтижелері – құбырдың жағдайын және оны одан әрі пайдалану мүмкіншілігін бағалаудың негіздемесі болып табылады.
|
9. Құбыржолдарын пайдалану кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету тәртібі
8-Параграф. Құбыржолдарына тексеріс жасау
1090. ұңғымалардың шығу желілерінің, мұнай жинау коллекторларының, технологиялық құбыржолдарының, дайындалған мұнай құбыржолдарының, төмен және жоғары қысымымы бар су арналарының, газ құбырларының сенімді және қауіпсіз жұмысын бақылаудың негізгі әдісі мерзімді тексерістер болып табылады, тексеріс кезінде құбыржолдарының, олардың элементтері мен бөлшектерінің жағдайы тексеріледі.
Тексерісті мамандармен бірлесе отырып, техникалық бақылау қызметі немесе пайдаланушы бөлімше жүргізеді.
Тексеріс нәтижелері құбыржолдарының жағдайын және оны одан әрі пайдалану мүмкіндігін бағалау үшін негіздеме болады.
|
Норманы нақтылау мақсатында
|
54
|
9-тараудың 8-параграфы 1094 тармағының 10) тармақшасы
|
9. Құбыр желілерді пайдалану кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету тәртібі
8-Параграф. Құбырларға ревизия жасау
1094. Құбырдың белгіленген теліміне ревизия жасаған кезде:
10) құбырларға ревизия жасау барысындағы жұмыстардың көлемін техникалық бақылау бөлімі анықтайды.
|
9. Құбыржолдарын пайдалану кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету тәртібі
8-Параграф. Құбыржолдарына тексеріс жасау
1094. Құбыржолының учаскесіне тексеріс жасаған кезде:
10) құбыржолдарын тексеру кезіндегі жұмыс көлемін қауіпті өндіріс объектісінің иесі белгілейді.
|
|
55
|
9-тараудың 13-параграфы 1134-тармағы
|
9. Құбыр желілерді пайдалану кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету тәртібі
13-Параграф. Байланыс және дабыл құралдарын пайдалану кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету тәртібі
1134. МГКО нысандары:
1) Ішкі өндірістік диспечермен және байланыс басқармасымен (директор);
2) Басқару-іздеумен, мобилді және дауыс зорайтқышпен, факс және электрондық байланыспен;
3)оперативтік-технологиялық, қүзетпен және «Дабыл» деген белгі беретін дыбыстық және жарықты өрт дабылдарымен, бейнебақылаумен қамтамасыз етілуі қажет.
|
9. Құбыржолдарын пайдалану кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету тәртібі
13-Параграф. Байланыс құралдарын және сигнализацияны пайдалану кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету тәртібі
1134. МГКО нысандары:
1) Ішкі өндірістік диспечермен және байланыс басқармасымен (директор);
2) Басқару-іздеумен, мобилді және дауыс зорайтқышпен, факс және электрондық байланыспен;
3) жедел-технологиялық, қүзет, дыбыстық және жарықтық «Дабыл» сигналын беру сигнализациясымен, бейнебақылаумен қамтамасыз етілуі қажет;
4) қауіпті өндірістік объектілерде технологиялық жабдықтарды қауіпсіз пайдалану электронды жүйемен қамтамасыз етілуі қажет.
|
|
56
|
9-тараудың 13-параграфының 1136, 1137, 1139, 1141-тармақтары
|
9. Құбыр желілерді пайдалану кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету тәртібі
13-Параграф. Байланыс және дабыл құралдарын пайдалану кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету тәртібі
1136) Ішкі өндірістік байланыс диспечерлерінің нысандармен және қызмет көрсетуші қызметкерлермен тұрақты байланысын, ұйым басшылығының және диспечерлердің, операторлардың жұмыс орны нысандарымен байланысын, АҚҚ, өрт және медицина қызметі байланысын қамтамасыз етеді.
1137) Бір уақытта жарлық ақпараттарын тарату үшін, Азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар туралы құлақтандырулар үшін радиофикация желісінің қезекші қызметкерінің тұрақты түрде үй-жайда болуы қарастыруы қажет.
1139) Байланыс, апат, өрт және күзет дабылы қондырғылары тиісті апатты-құтқару және өрт қызметі, нысанды күзету үй-жайларында орнатылуы қажет.
1141) МГКО нысандарының кешені үшін: сумен жабдықтаудың өндірістік, өртке қарсы және шаруашылық-ауыз су жүйелері көзделеді.
|
9. Құбыржолдарын пайдалану кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету тәртібі
13-Параграф. Байланыс құралдарын және сигнализацияны пайдалану кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету тәртібі
1136) Ішкі өндірістік байланыс диспечерлерінің объектілермен және қызмет көрсетуші қызметкерлермен тұрақты байланысын, ұйым басшылығының және объектілердің диспечерлердің, операторлардың жұмыс орындарымен және АҚҚ байланысын қамтамасыз етеді.
1137) Бір уақытта жарлық ақпаратын тарату, апатты жағдайлар туралы құлақтандыру үшін кезекші қызметкерлерінің тұрақты қатысуымен радиофикация желісі үй-жайда көзделуі қажет.
1139) Байланыс, апат және күзет сигнализациясы қондырғылары, тиісінше, апаттық-құтқару қызметінің, объектіні қорғау үй-жайларында орнатылуы қажет.
1141) МГКО әзірлеу объектілерінің кешені үшін: сумен жабдықтаудың өндірістік, өртке қарсы және шаруашылық-ауыз су жүйелері көзделеді.
|
-
-
-
-
-
|
57
|
9-тараудың 17-параграфының 1183-тармағы
|
1183. Апаттық ауа алмастырғыш жүйесінің өнімділігі қамтамасыз етеді:
1) Сорғы бекеті үй-жайлары және үй-жайдың толық ішкі көлемі бойынша 8-еселік ауа алмасудан кем емес айналмалы немесе сығылған газбен сақталатын өндірістік үй-жайлар үшін;
2) Мұнайдың сорғы бекетімен қоса, өндірістік үй-жайлар үшін, апатық ауа алмастыру жұмыстық мәжбүрлік ауа алмастырумен бірге үй-жайларда үй-жайдың толық ішкі көлемі бойынша 8-ден кем емес алмасуды қамтамасыз етеді.
|
1183. Апаттық ауа алмастырғыш жүйесінің өнімділігі қамтамасыз етеді:
1) Сорғы бекеті үй-жайлары және үй-жайдың толық ішкі көлемі бойынша 8-еселік ауа алмасудан кем емес айналмалы немесе сығылған газбен сақталатын өндірістік үй-жайлар үшін;
2) Мұнайдың сорғы бекетімен қоса, өндірістік үй-жайлар үшін, апатық ауа алмастыру жұмыстық мәжбүрлік ауа алмастырумен бірге үй-жайларда үй-жайдың толық ішкі көлемі бойынша 8-ден кем емес алмасуды қамтамасыз етеді.
3) бөлмелерде газдың СҚА мөлшері шектен асырылған жағдайда желдетпенің автоматикалық жүйеде қосылуын қамтамасыз етеді.
|
«Сандық Қазақстан» бағдарламасын жүзеге асыру аясында
|
58
|
3-қосымшаның 1-тармағының 8) тармақшасы
|
Мұнай және газ салаларындағы қауіпті өндірістік объектілер үшін өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидаларына 3-қосымша
1. Ұңғымаларды бұрғылау кезінде вахтаның әрекеттері:
8) атылудың көріністерін жоюдан кейінгі жұмыстары ұйым басшылығының нұсқауы бойынша, АҚҚ қатысуымен жүргізіледі, тіреушедегі қалдық қысымдардың арақатынасына және қоршаулау бағанасындағы ГМСШ жою әдістемесіне және АҚҚ-мен келісілген және ұйымның басшылығы бекіткен арнайы жоспарға сәйкес орындалады.
|
Мұнай және газ салаларындағы қауіпті өндірістік объектілер үшін өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидаларына 3-қосымша
1. Ұңғымаларды бұрғылау кезінде вахтаның іс-қимылдары:
8) көріністерді жою бойынша кейінгі жұмыстар АҚҚ қатысуымен қауіпті өндіріс объектісі иесінің нұсқауы бойынша жүргізіледі.
|
Рұқсаттар және хабарламалар туралы» ҚР Заңымен көзделмеген АҚҚ келісу және рұқсат беру нормаларын алып тастау
|
59
|
4-қосымша
|
Мұнай және газ салаларындағы қауіпті өндірістік объектілер үшін өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидаларына 4-қосымша
|
|