§ 20. АЛМАЗДАР, АСА ҚАТТЫ МАТЕРИАЛДАР ЖӘНЕ ОЛАРДАН ЖАСАЛАТЫН БҰЙЫМДАР ӨНДІРІСІНДЕГІ БАҚЫЛАУШЫ
4-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Жұмыс беті алмаздар мен аса қатты материалдардан жасалған күрделі құралдың, күрделі бір кристалды құралдың негізгі геометриялық параметрлері мен сыртқы түрін бақылау. Алмаз түйіршіктерінің белгіленген сызбаға сәйкес дұрыс қойылуын, алмаздар мен аса қатты материалдардан жасалған микроұнтақтарда шлифұнтақтарды негізгі фракциялар мен қоспалардың болуын және ылғалдылығын бақылау. Сопақшаланған және сұрыпталған алмаз шикізатын мемлекеттік стандарттар мен нормалилер мен техникалық шарт талаптарына сәйкес бақылау. Синтетикалық ұнтақтардың күлгін түсті флюоресценциясын анықтау.
Білуге тиіс: алмаздар мен аса қатты материалдар ұнтақтарынан жасалатын күрделі профильді бақыланатын құралдың қолданылу саласын және пайдалану ережесін; күрделі бір кристалды құралдың геометриялық параметрлерін өлшеу тәсілдерін; алмаздар мен аса қатты материалдар түйіршіктерін орналастырудың технологиялық процестермен белгіленген сызбаларын; алмаздар мен аса қатты материалдардан жасалған шлифұнтақтарға арналған мемлекеттік стандарттар мен техникалық шарттарды; микроұнтақтардың түйіршік құрамының сапасыздығына әсер етуші себептерді; қолданылатын бақылау-өлшеу құралдарының құрылымын және жұмыс принципін; алмаздар мен аса қатты материалдардан жасалған микроұнтақтарды сыныптау ережесін және алмаз шикізатын сопақшалау дәрежесін; техникалық есеп құжаттамасын ресімдеу ережесін.
Жұмыс үлгілері.
1. Тегіс жылтыратуға арналған қайрақша – бақылау.
2. Дыбыстүсіргіштерге арналған алмаз инелер - алмаздардың орналасу дұрыстығын, түйіршіктердің беку беріктігін бақылау.
3. Долота, ұңғы қаптамалары, ұлғайтқыштар - алмаздардың орналасу дұрыстығын, түйіршіктердің беку беріктігін бақылау.
4. Күрделі профильді және кеспелі жылтырату шарықтастары – бақылау.
5. Өтпе, қайрақты кескіштер, бір кристалды бұрғылар, ұштар – бақылау.
6. Тік профильді таспалар – геометриялық параметрелрі мен алмаздардың салыну сыхбаларын бақылау.
§ 21. АЛМАЗДАР, АСА ҚАТТЫ МАТЕРИАЛДАР ЖӘНЕ ОЛАРДАН ЖАСАЛАТЫН БҰЙЫМДАР ӨНДІРІСІНДЕГІ БАҚЫЛАУШЫ
5-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Алмаздар мен аса қатты материалдардан жасалған ерекше күрделі құралдың, ерекше күрделі бір кристалды құралдың негізгі геометриялық параметрлері мен сыртқы түрін бақылау. Таспалар дайындауға арналған графитті ұңғыларды бақылау. Бақылау електерінің дәнекерін, басу жұмыстары мен ұя мөлшерлерін тексеру. Мемлекеттік стандарттар, нормалилер мен техникалық шарт талаптарына сәйкес бір кристалды құрал жасауға арналып сұрыптап алынған табиғи, синтетикалық алмаздар мен аса қатты материалдарды бақылау.
Білуге тиіс: қолданылатын бақылау-өлшеу аспаптары мен құралдарының құрылымын; алмаздарды жару мен кесудің технологиялық процесін; алмаз ұштармен жарақталған бақылау-өлшеу жабдықтарын реттеу тәсілдерін; сағат проекторының жұмыс және реттеу ережесін; алмаздар мен аса қатты материалдардың физикалық-химиялық және механикалық қасиеттерін.
Жұмыс үлгілері.
1. Алмазды және аса қатты материалдардан жасалған диаметрі 100 мкм жоғары тартпалар – бақылау.
2. Тегістеуіштер, компенсаторлар, тіс жылтырату шарықтастарын түзеуге арналған кескіштер – бақылау.
3. Баспалдақты ұңғы қаптамалары - геометриялық параметрелрі мен алмаздардың салыну сызбаларын бақылау.
4. Фасонды профильді таспалар – геометриялық параметрелрі мен алмаздардың салыну сызбаларын бақылау.
§ 22. АЛМАЗДАР, АСА ҚАТТЫ МАТЕРИАЛДАР ЖӘНЕ ОЛАРДАН ЖАСАЛАТЫН БҰЙЫМДАР ӨНДІРІСІНДЕГІ БАҚЫЛАУШЫ
6-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Алмаздар мен аса қатты материалдардан жасалған прецизиондық құралды мемлекеттік стандарттар, нормалилер мен техникалық шарт талаптарына сәйкес бақылау және қабылдау. Ерекше күрделі бақылау-өлшеу аспаптарын, электронды микроскоптарды, ренгендік және басқа да қондырғыларды тексеру және реттеу.
Білуге тиіс: алмаздар мен аса қатты материалдардан жасалған жоғары дәлдіктегі құралға мемлекеттік стандарттар, нормалилер мен техникалық шарттарға сәйкес қойылатын талаптарды; алмаздар мен аса қатты материалдардан жасалған прецизиондық құралды бапқылау әдістерін, олардың ақауларының негізгі түрлерін, оларды анықтау мен жою тәсілдерін; бақылау үшін қолданылдатын аспаптардың түрлерін, оларды реттеу және тексеру ережесін.
Жұмыс үлгілері.
1. Алмазды және аса қатты материалдардан жасалған диаметрі 100 мкм дейінгі тартпалар – бақылау.
2. Жылтырату ұштары, хонбрускалар, шеверлер – барлық параметрлері бойынша бақылау.
3. Прецизионды кескіштер - геометриялық параметрлерін бақылау.
4. Фасонды, ерекше күрделі профильді таспалар – геометриялық параметрлері мен алмаздардың салыну сызбаларын бақылау.
§ 23. АЛМАЗДАР МЕН АСА ҚАТТЫ МАТЕРИАЛДАР СИНТЕЗІ ҚОНДЫРҒЫЛАРЫН БАПТАУШЫ
4-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Алмаздар мен аса қатты материалдар синтезі жартылай автоматты қондырғыларын алмаздар мен аса қатты материалдар синтезі қондырғыларын анағұрлым жоғары білікті баптаушының басшылығымен баптау және жөндеу. Қондырғылардағы жабдықтың жарамдылық жай-күйін тексеру және қажет болған жағдайда оны ауыстыру.
Білуге тиіс: алмаздар мен аса қатты материалдар синтезі қондырғыларының құрылымын; гидравлика мен электротехника негіздерін (орындалатын жұмыс шегінде); алмаздар мен аса қатты материалдар синтезінің технологиялық процесін.
§ 24. АЛМАЗДАР МЕН АСА ҚАТТЫ МАТЕРИАЛДАР СИНТЕЗІ ҚОНДЫРҒЫЛАРЫН БАПТАУШЫ
5-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Алмаздар мен аса қатты материалдар синтезі жартылай автоматты қондырғыларын баптау және жөндеу. Қызмет көрсететін қондырғылардың жұмыс режимін және оларды сынама іске қосу режимін іріктеу. Тіреу тақталарын, тығыздағыштар мен жоғары қысымды құбырларды ауыстыру. Тіреу тақталарының қисаюын және қызмет көрсететін қондырғының басқа да ақауларын жою.
Білуге тиіс: алмаздар мен аса қатты материалдар синтезі жартылай автоматты қондырғыларының құрылымын, гидравликалық және электр сызбаларын; қызмет көрсететін қондырғының ақауларын жою тәсілдерін.
§ 25. АЛМАЗДАР МЕН АСА ҚАТТЫ МАТЕРИАЛДАР СИНТЕЗІ ҚОНДЫРҒЫЛАРЫН БАПТАУШЫ
6-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Алмаздар мен аса қатты материалдар синтезі бір және көп позициялы автоматты қондырғыларын баптау және жөндеу. Жоғары қысымды камераларға арналған жаңа үлгідегі жабдық элементтерін құрастыру. Бақылау аспаптарын тексеру.
Білуге тиіс: алмаздар мен аса қатты материалдар синтезі бір және көп позициялы автоматты қондырғыларының құрылымын; жоғары қысымды камераларға арналған жаңа үлгідегі жабдық элементтерін құрастыру тәсілдерін; қолданылатын бақылау аспаптарының құрылымын, олардың жұмыс принципін.
§ 26. АЛМАЗДАР МЕН АСА ҚАТТЫ МАТЕРИАЛДАР СИНТЕЗІ ҚОНДЫРҒЫЛАРЫН БАПТАУШЫ
7-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Алмаздар мен аса қатты материалдар синтезі бағдарламалық басқару режиміндегі жартылай және автоматты қондырғыларын баптау және жөндеу. Алмаздар мен аса қатты материалдар синтезінің оңтайлы режимдерін қамтамасыз ететін бағдарламаны дербес компьютерде іріктеу.
Білуге тиіс: алмаздар мен аса қатты материалдар синтезі режимін бағдарламалық басқаруы бар жартылай және автоматты қондырғылардың құрылымын; дербес компьтерде жұмыс істеу ережесін; алмаздар мен аса қатты материалдар синтезінің оңтайлы режимін іріктеу принципі мен әдістерін.
§ 27. АЛМАЗДАР МЕН АСА ҚАТТЫ МАТЕРИАЛДАР СИНТЕЗІ ҚОНДЫРҒЫЛАРЫНЫҢ ОПЕРАТОРЫ
3-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Алмаздар мен аса қатты материалдар синтезі процесін түрлі үлгідегі алмаздар мен аса қатты материалдар синтезі қондырғыларында алмаздар мен аса қатты материалдар синтезі қондырғыларының анағұрлым жоғары білікті опреаторының басшылығымен жүргізу. Жабдықтар мен жинақталған контейнерлерді транспортерге салу. Алмаздар мен аса қатты материалдар синтезі режимінің берілген параметрлерінің тұрақтылығын бақылау. Контейнерді дайын өнімнен босату.
Білуге тиіс: алмаздар мен аса қатты материалдар синтезі қондырғыларында жұмыс істеу ережесін; алмаздар мен аса қатты материалдар синтезі режимінің параметрлерін; қолданылатын бақылау-өлшеу құралдарын пайдалану ережесін.
§ 28. АЛМАЗДАР МЕН АСА ҚАТТЫ МАТЕРИАЛДАР СИНТЕЗІ ҚОНДЫРҒЫЛАРЫНЫҢ ОПЕРАТОРЫ
4-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Алмаздар мен аса қатты материалдар синтезі процесін түрлі үлгідегі алмаздар мен аса қатты материалдар синтезі қондырғыларында жүргізу. Алмаздар мен аса қатты материалдар синтезі режимін бақылау. Жабдықтарды қайталап пайдалану мүмкіндігін анықтау. Қызмет көрсететін қондырғылардың жұмыс көрсеткіштерін журналға жазу. Қызмет көрсететін қондырғылардың жұмысындағы ақауларды анықтау және жою.
Білуге тиіс: алмаздар мен аса қатты материалдар синтезі қондырғыларының құрылымын және пайцдалану ережесін; синтез теориясының негіздерін; алмаздар мен аса қатты материалдар синтезі кезінде қолданылатын материалдардың қасиеттері мен сипаттамасын.
§ 29. АЛМАЗДАР МЕН АСА ҚАТТЫ МАТЕРИАЛДАР СИНТЕЗІ ҚОНДЫРҒЫЛАРЫНЫҢ ОПЕРАТОРЫ
5-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Алмаздар мен аса қатты материалдар монокристалдары мен поликристалдары синтезі процесін түрлі үлгідегі алмаздар мен аса қатты материалдар синтезі қондырғыларында жүргізу. Жоғары қысым камераларын құрастыру және орталандыру. Алмаздар мен аса қатты материалдар синтезі процесінің параметрлерін түзеу. Қызмет көрсететін қондырғылардың жұмысындағы ақауларды жоюға қатысу.
Білуге тиіс: алмаздар мен аса қатты материалдар синтезі қондырғыларының конструктивтік ерекшеліктерін; түрлі синтетикалық материалдардың технологиялық ерекшеліктерін; синтезделген кристалдардың синтезі процесінің технологиялық параметрлеріне қарай, олардың морфологиялық ерекшеліктерін.
§ 30. АЛМАЗДЫ ҰНТАҚТАРДЫ, КРИСТАЛДАРДЫ ЖӘНЕ АСА ҚАТТЫ МАТЕРИАЛДАРДЫ ПЛАКИРЛЕУШІ
4-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Гексанит дайындамалары мен басқа да аса қатты материалдарды вакуумды қондырғыда одан әрі өңдеу үшін батырып алу әдісімен металды суспензиялармен алдын ала плакирлеу (жабу). Ұсақ дисперсті мелал ұнтақтары суспензиясын эфирде және целлюлозда дайындау. Өңделетін аса қатты материалдар дайындамаларының жұмыс және бекіту бөлігін анықтау. Оларды пластинаға орнату. Өңделген аса қатты материалдар дайындамаларын тартпалы шкафта кептіру.
Білуге тиіс: аса қатты материалдар дайындамаларын металды суспензиялармен плакирлеудің (жабудың) технологиялық процесін; жабуға жарамды, аса қатты материалдар дайындамаларына қойылатын талаптарды; аса қатты материалдар дайындамаларын плакирлеуге арналған жабын құрамын; ұсақ дисперсті мелал ұнтақтары суспензиясын дайындау тәсілдерін; өңделген аса қатты материалдар дайындамаларын кептіру режимін; тартпалы шкафтағы жұмыс өндірісі ережесін.
§ 31. АЛМАЗДЫ ҰНТАҚТАРДЫ, КРИСТАЛДАРДЫ ЖӘНЕ АСА ҚАТТЫ МАТЕРИАЛДАРДЫ ПЛАКИРЛЕУШІ
5-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Алмазды шлифұнтақтарды, алмаз кристалдары мен басқа да аса қатты материалдарды электр пештерінде шыны жабынмен плакирлеу. Гексанит пен басқа да аса қатты материалдар дайындамаларына алдын ала жағылған жабынды вакуумды қондырғыда қақтап жабыстыру. Электр пешті жұмысқа дайындау. Алмазды шлифұнтақтарды, алмаз кристалдары мен басқа да аса қатты материалдарды плакирлеу процесін бақылау-өлшеу құралдарының көрсеткіштері бойынша бақылау. Плакирленген дайындамалы контейнерлер мен асақатты материалдардр гранулалы табаларды пештерге тиеу және түсіру. Гранулдарды бөгде қоспалардан тазарту үшін жуу. Гранулдарды кептіру шкафтарында кептіру. Гранулдарды елеу әдісімен сыныптау. Дайын өнімді өлшеу, олардың караттілігін есептеу және буып-түюге тапсыру.
Білуге тиіс: алмазды шлифұнтақтарды, алмаз кристалдары мен басқа да аса қатты материалдарды шыны жабынмен плакирлеудің технологиялық процесін; қызмет көрсететін электр пештері мен вакуумді қондырғылардың құрылымын; қолданылатын бақылау-өлшеу аспаптарының құрылымын және оларды пайдалану ережесін; қызмет көрсететін жабдықты дайындау ережесін; гранулдарды сыныптау мен олардың караттілігін есептеу әдістерін.
§ 32. АЛМАЗДЫ ҰНТАҚТАРДЫ, КРИСТАЛДАРДЫ ЖӘНЕ АСА ҚАТТЫ МАТЕРИАЛДАРДЫ ПЛАКИРЛЕУШІ
6-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Алмазды шлифұнтақтарды мен микроұнтақтарды түрлі материалдарды қоса отырып, ұсақ дисперсті метал ұнтақтарымен қатты фазды және сұйық фазды әдістермен вакуумды қондырғыларда плакирлеу. Алмазды шлифұнтақтарды қиын балқыма металдар карбидімен берілген жабын қалыңдығында плакирлеу. Алмаз кристалының бекіту бөлігін, пасталар мен суспензиялар түрінде алдын ала дайындалған циркониймен және басқа да белсенді металдармен плакирлеу. Вакуум қондырғысын қосу және жұмыс режиміне шығару. Вакуумді қондырғысы жабдығының жұмысын бақылау. Плакирлеудің технологиялық жұмыс процесі параметрлерін бақылау-өлшеу аспаптарының көрсеткішетрі бойынша бақылау, реттеу және түзеу. Плакирленген алмаз ұнтақтары мен кристаллдарын түсіру және оларды буып-түюге тапсыру.
Білуге тиіс: вакумді қондырғының кинематикалық сызбасы мен қызмет көрсететін аппаратураны баптау тәсілдерін; алмазды шлифұнтақтарды мен микроұнтақтарды түрлі материалдармен плакирлеудің технологиялық процесін; алмазды шлифұнтақтарды мен микроұнтақтарды плакирлеу үшін қолданылатын материалдардың құрамы мен қасиеттерін.
Орта кәсіптік білім талап етіледі.
§ 33. АЛМАЗДАР МЕН АСА ҚАТТЫ МАТЕРИАЛДАРДАН ЖАСАЛҒАН ТАРТПАЛАРДЫ ЖЫЛТЫРАТУШЫ
3-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Алмаздар мен аса қатты материалдардан жасалған тартпалар арнасының жұмыс және кері конустарын жылтырату станоктарында Ra 0,16 - 0,08 бойынша алмаздар мен аса қатты материалдардан жасалған тартпаларын анағұрлым жоғары білікті жылтыратушының басшылығымен жылтырату. Алмаз кристалын технологиялық пластинкаға желімдеуші материалдармен бекіту. Технологиялық пластинкаларды тартапаларды жылтырату үшін станок планшайбіне орнату және жылтырату алдында тартпа арнасын станокта орталандыру.
Білуге тиіс: тартпаларды жылтыратуға арналған станоктардың құрылымы мен жұмыс принципін; алмаздар мен аса қатты материалдардан жасалған тартпаларын жылтыратудың технологиялық процесін; алмазды технологиялық пластинкаға бекіту тәсілдерін; желімдеу материалдарының құрамы мен қолдану ережесін; тартпаларды жылтырату кезінде қолданылатын алмаз ұнтақтарының түйіршіктілігін; микрометр мен микроскопты қолдану ережесін.
§ 34. АЛМАЗДАР МЕН АСА ҚАТТЫ МАТЕРИАЛДАРДАН ЖАСАЛҒАН ТАРТПАЛАРДЫ ЖЫЛТЫРАТУШЫ
4-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Алмаздар мен аса қатты материалдардан жасалған тартпалар арнасының жұмыс және кері конустары мен калибрлеуші аумағын жылтырату станоктарында Ra 0,16 - 0,08 бойынша жылтырату. Алмаз тартпаларын жылтырату үшін алмаз ұнтақтарын іріктеу. Жылтырату инелерін қайрау. Тартпа арнасын спиртпен және сығымдалған ауамен тазарту. Тартылған сымның диаметрін микрометрмен өлшеу. Тартпа арнасының пішінін микроскоппен тексеру.
Білуге тиіс: алмаздар мен аса қатты материалдардан жасалған тартпаларды жылтыратуға арналған станоктардың құрылымы мен оларды реттеу ережесін; жылтырату инелерін қайрау тәсілдерін; тартпаның калибрлеуші саңылауының диаметріне арналған шектеуді; алмаздар мен аса қатты материалдардан жасалған тартпалар арналған мемлекеттік стандарттар мен техникалық шарттарды; алмаздар мен аса қатты материалдардың физикалық-химиялық және механикалық қасиеттерін; микрометр мен микроскоп құрылымын; тартпа арнасы элементтерінің мөлшерін анықтама кестесі бойынша анықтауды.
§ 35. АЛМАЗДАР МЕН АСА ҚАТТЫ МАТЕРИАЛДАРДАН ЖАСАЛҒАН ТАРТПАЛАРДЫ ЖЫЛТЫРАТУШЫ
5-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Алмаздар мен аса қатты материалдардан жасалған прецизионды тарпалар арнасын арнаулы жылтырату станоктарында Ra 0,08 - 0,04 бойынша жылтырату. Алмаз ұнтаұқтарын іріктеу және жылтыратуға арналған суспензияларды дайындау. тартпаларын жылтырату үшін алмаз ұнтақтарын іріктеу. Жылтырату станоктарын реттемелеу.
Білуге тиіс: жылтырату станоктарының құрылымы мен кинематикалық сызбасын; алмаздар мен аса қатты материалдардың физикалық-химиялық және механикалық қасиеттерін; алмаз ұнтақтарының сыныптамасын; алмаздар мен аса қатты материалдардан тартпа жасаудың технологиялық процесін; микроскоптың, оптиметрдің және басқа да өлшеу құралдарының құрылымын және оларды қолдану ережесін; алмаздар мен аса қатты материалдардан жасалған тартпа арналарын өңдеу параметрлері туралы негізгі деректерді; жылтырату процесінде тартпа диаметрін өлшеуге арналған сымды іріктеу әдісін; қолданылатын микроұнтақтардың маркаларын.
§ 36. АЛМАЗДАР МЕН АСА ҚАТТЫ МАТЕРИАЛДАРДАН ЖАСАЛҒАН ТАРТПАЛАРДЫ ЖЫЛТЫРАТУШЫ
6-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Алмаздар мен аса қатты материалдардан жасалған субмикрон өлшемді тарпалардың арнасын арнаулы жылтырату станоктарында Ra 0,04 - 0,02 бойынша жылтырату және жетілдіру. Түрлі материалдардан жасалған, берілген қысу қалыңдығы бар сымды іріктеу. Тартпа диаметрін қажетті есептерді орындай отырып, тартылған сымды өлшеу әдісімен анықтау. Жылтырату станоктарын реттеу.
Білуге тиіс: әртүрлі үлгідегі және контрукциядағы жылтырату станоктарының құрылымы мен оларды қолдану ережесін; микронды мөлшердегі тартпаларды дайындаудың технологиялық процесін; тартпа диаметрін таразылау арқылы өлшеу әдістерін; тартпа арнасы параметрлерін өлшеу тәсілерін; түрлі материалдардан жасалған микронды мөлшердегі сымды тартпалау процесін.
§ 37. АЛМАЗДАР МЕН АСА ҚАТТЫ МАТЕРИАЛДАРДАН ЖАСАЛҒАН ҚҰРАЛДЫ ПРЕССТЕУШІ
2-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Органикалық байламдардағы диаметрі 50-ден 200 мм. дейінгі жылтырату шарықтастарын престеу және термиялық тұрақтандыру процесін жүргізу. Табиғи, синтетикалық алмаздар мен басқа да аса қатты материалдар ұнтақтарынан жасалған байламдардың барлық түріндегі шарықтарды престеу үшін дайындық-қосалқы жұмыстарды жүргізу. Престеу алдында пресс-қалыптар дайындау: пресс-қалып бөлшектерін майсыздандыру, майлау және тазалау. Қарапайым пресс-қалыптарды құрастыру және жүргізу. Шихтаны пресс-қалыпқа толтыру және тегістеу.
Білуге тиіс: органикалық байламдардағы жылтырату шарықтастарын престеу және термиялық тұрақтандырудың технологиялық процесін; пресс-қалыптарды құрастыру және жүргізу ережесін; майсыздандыратын және жағармай материалдарының құрамы мен пайлдалану ережесін; пресс-қалып бөлшектерімен жұмыс істеу ережесін; пресстерді пайдалану ережесі мен олардың жұмыс принципін.
Жұмыс үлгілері.
1А1, 2А2, 6А2, 11А2, 12А2 пішінді жылтырату шарықтастары - престеу және термиялық тұрақтандыру.
§ 38. АЛМАЗДАР МЕН АСА ҚАТТЫ МАТЕРИАЛДАРДАН ЖАСАЛҒАН ҚҰРАЛДЫ ПРЕССТЕУШІ
3-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Табиғи, синтетикалық алмаздар мен басқа да аса қатты материалдар ұнтақтарынан жасалған күрделілігі орташа құралдарды, түрлі үлгідегі диаметрі 5 мм. жоғары шарықтар мен ұштарды престеу және қақтап жапсыру. Метал және керамикалық байламдардағы диаметрі 50 мм жоғары және 200 мм. дейінгі жылтырату және кеспе шарықтастарын қақтап жапсыру. Алмаздар мен аса қатты материалдар синтезіне арналған реакциялық қоспалардан жасалған брикеттерді түрлі прсетерде престеу процесін жүргізу. Құралдың алмазды бөлігін құралдың корпусымен желімдеу. Желімделетін беттерді сықылау тақтасында қолмен немесе арнаулы айлабұйымдардың көмегімен ысқылау. Желімделген бөлшектерді термостатта кептіру.
Білуге тиіс: құралды жасау кезінде қолданылатын престердің құрылымын; пресс-қалыптардың құрылымы мен оларды пайдалану ережесін; табиғи, синтетикалық алмаздар мен басқа да аса қатты материалдар ұнтақтарынан жасалған күрделілі орташа құралдарды жасаудың технологиялық процесін; престеу процесінден пайдаланылатын байламдар мен толтырғыштардың құрамы мен қасиеттерін; алмаздардың, алмазды ұнтақтар мен басқа да аса қатты материалдардың физикалық-химиялық және механикалық қасиеттерін; алмаздар мен аса қатты материалдар синтезіне арналған реакциялық қоспалардың сапасына қойылатын талаптарды; құрал бөлшектерін желімдеудің технологиялық процесін; желім компоненттерінің құрамы мен оларды дайындау тәсілдерін; алмазды ұнтақтар мен басқа да аса қатты материалдармен құралдарға арналған мемлекеттік стандарттар, нормалилер мен техникалық шарттарды; қақтап жапсыру пештерінің, термостаттар мен қолданылатын бақылау-өлшеу аспаптарының құрылым мен жұмыс принципін; құралды қақтап жапсырудың технологиялық процесін.
Жұмыс үлгілері.
1. Алмаз брустар – брустың алмазды қабатын оның корпусымен желімдеу.
2. Алмаз шарықтастар –алмазды сақинаны корпусымен желімдеу.
3. 11V5, 12V5, 12R4 пішінді жылтырату шарықтастары – престеу және қақтап жапсыру.
4. 1А1, 2А2, 6А2, 11А2, 12А2 пішінді жылтырату шарықтастары – престеу және қақтап жапсыру.
5. Ысқылар мен брустар - престеу және қақтап жапсыру.
§ 39. АЛМАЗДАР МЕН АСА ҚАТТЫ МАТЕРИАЛДАРДАН ЖАСАЛҒАН ҚҰРАЛДЫ ПРЕСТЕУШІ
4-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Табиғи, синтетикалық алмаздар мен басқа да аса қатты материалдар ұнтақтарынан жасалған күрделі құралдарды, барлық байламдардағы диаметрі 200 мм жоғары және 300 мм дейінгі жылтырату және кеспе шарықтастарын мен диаметрі 5 мм дейінгі ұштарды престеу және қақтап жапсыру. Көп орынды прес-қалыптарда жасалатын шарықтарды престеу және қақтап жапсыру. Аспаптық подшипниктерді суперфиништеуге арналған брустарды престеу. Күрделі прес-қалыптарды құрастыру және бөлшектеу.
Білуге тиіс: табиғи, синтетикалық алмаздар мен басқа да аса қатты материалдар ұнтақтарынан жасалған барлық байламдардағы құралды жасаудың технологиялық процесін; алмазды ұнтақтар мен басқа да аса қатты материалдарлан жасалған құралдың нысанын.
Жұмыс үлгілері.
1. Алмаз брустар, құрастырмалы шарықтас элементтері, кеспе шарықтас сегменттері - көп орынды прес-қалыптарда престеу және қақтап жапсыру.
2. А8, 1FFIX, 9АЗ, 14ЕЕIХ, 14VI пішінді жылтырату шарықтастары – престеу және қақтап жапсыру.
§ 40. АЛМАЗДАР МЕН АСА ҚАТТЫ МАТЕРИАЛДАРДАН ЖАСАЛҒАН ҚҰРАЛДЫ ПРЕСТЕУШІ
5-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Диаметрі 300 мм жоғары жылтырату және кеспе шарықтастарын, арнаушы шарықтас пен арнаулы құралды престеу және қақтап жапсыру. Арнаулы прес-қалыптарды құрастыру және бөлшектеу.
Білуге тиіс: қызмет көрсететін жабдықтың және пресс-қалыптың құрылымы мен оларды реттеу әдістерін; ұнтақты металлургияны (орындайтын жұмыс шегінде).
Жұмыс үлгілері.
1. Сызбажылтыратқыш шарықтастар - престеу және қақтап жапсыру.
2. Арнаулы фасонды профильді шарықтастар - престеу және қақтап жапсыру.
3. Шеверлер - престеу және қақтап жапсыру.
§ 41. АЛМАЗДАР МЕН АЛМАЗДЫ ҰНТАҚТАРДЫ БӨЛІП САЛУШЫ
2-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Алмазды ұнтақтарды мемлекеттік стандартар мен техникалық шарттарға сәйкес бөліп салу. Алмазды шихтаны бөліп салу. Алмазды және алмазды шихтаны бөліп салу жөніндегі құжаттаманы ресімдеу.
Білуге тиіс: алмазды ұнтақтарға арналған мемлекеттік стандарттар мен техникалық шарттарды; аналитикалық таразыларда жұмыс істеу ережесін; есеп жүргізу және техникалық құжаттаманы ресімдеу тәртібін.
§ 42. АЛМАЗДАР МЕН АЛМАЗДЫ ҰНТАҚТАРДЫ БӨЛІП САЛУШЫ
3-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Белгілі бір құралды жасауға пайдаланылатын алмазды электронды есептегіш көмегімен бөліп салу. Іріктелген алмаз санын өлшеу және буып-түю.
Білуге тиіс: электронды есептегіштің құрылымы мен жұмыс принципін; алмаздар берілген сызба бойынша салынатын алмазды құралға арналған мемлекеттік стандарттарды, нормалилер мен техникалық шарттарды.
§ 43. АЛМАЗДАРДЫ КЕСУШІ
3-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Аттестатталған және бағыттары бойынша белгіленген алмаздарды құрал дайындамаларына кесу. Алмазды арнаулы станокке орнату. Кесу дискілерін станокке орнату және түсіру, олардың радиальді және сыртқы соғуын анықтау. Алмаз кристалдарын кесу процесін жүргізу және реттеу. Алмаздарды өлшеу. Паста әзірлеу және кесуші дискілерді шарждау. Алмаз кесу станоктарын реттемелеу.
Білуге тиіс: қызмет көрсететін алмаз кесу станоктарың құрылымы мен оларды реттемелеу ережелерін; алмаздың физикалық-механикалық қасиеттерін (орындайтын жұмыс шегінде); алмаз кесудің технологиялық процесін; кесуші дискілерге қолданылатын материалдарды; қолданылатын бақылау-өлшеу аспаптары мен құралдарының жұмыс принципін; алмазды пастаны әзірлеу процесін; алмазды ұнтақтарға арналған мемлекеттік стандарттарды; кесуші дискілерді алмазды пастамен шарждау процесі әдістерін.
Достарыңызбен бөлісу: |