Постреквизиттер: жоқ
Оқытушы: Ахметова Ж.Ш
1.3. Жалпы және әлеуметтік педагогика – 3 кредит (135 сағат)
Оқытудың мақсаты: Болашақ әлеуметтік қызметкерлердің бойында жалпы және әлеуметтік
педагогика теориясы мен тәрбиесі туралы түсінік қалыптастыру.
Қысқаша мазмұны: Жалпы педагогиканың теориялық негіздері. Тәрбие қоғамдық құрылыс
ретінде. Біртұтас педагогикалық үрдіс: негізі, ұйымдастыру формалары, жүзеге асыру әдістері.
Әлеуметтік педагогиканың пайда болуы мен дамуы. Баланы қоғамда дамыту. Әлеуметтік тәрбие.
Әлеуметтендіру жіне оның факторлары. Әлеуметтік-педагогикалық виктимология. Әлеуметтік
педагогикалық қызмет, әдістемесі мен технологиялары. Халықтың әртүрлі топтарымен әлеуметтік-
педагогикалық жұмыстар жүргізудің ерекшеліктері. Отбасыларымен жүргізілетін әлеуметтік-
педагогикалық жұмыстар. Балалықты әлеуметтік қорғау – жалпы адамзаттық проблема ретінде.
Девианттық мінез-құлық әлеуметтік проблема ретінде. Ерекше білім беруді қажет ететін балалар
туралы әлеуметтік қамқорлық. Мектептер және әлеуметтік орта: өзара іс-қимыл жасау жолдары.
Күтілетін нәтижелер: Жалпы және әлеуметтік педагогикалық жалпы мағынасын түсіндіру.
Пәнді оқу барысында жалпы және әлеуметтік педагогика ілімін тәжірибеде қолдана отырып,
әлеуметтік процестердің қазіргі таңда білуге және оны қажет уақытта тиімді қолдану. Жалпы
әлеуметтік педагогика оқудың тек теориялық тұрғыдан ғана емес, сонымен қатар дағдылық маңызы
бар. Оқу әдістерінде негізінен әлеуметтанудың өзге үрдістерімен салыстырғанда ерекшелігіне мән
беріп, студенттер тарапына баяндамалар, кешендік сұрақтарға жауап беруге дағдылануы тиіс.
Студенттердің кәсіби шеберлігін көтере отырып, өз бетімен қажетті ақпарат жинау мен әзірлеуге
дағдылану.
Пререквизиттер: Қазақстанның қазіргі заман тарихы
Постреквизиттер: жоқ
Оқытушы: Жанысбеков Ә.Ж
2.1. Экономикалық теория негіздері – 2 кредит (90 сағат)
Оқытудың мақсаты: Нарыққа өту жағдайында экономикалық теорияның практикалық
функциясы елеулі күшейді. Бүгінде экономикалық теория мен шаруашылық жүргізудің
практикасындағы қол үзуді болдырмау міндеті қойылым отыр. Шаруашылық жүргізу механизімінің
радикалды реформасы экономикалық теория алдында жаңа міндеттер ұсынды. Ол қазіргі
экономикалық дамудың ерекшеліктеріне сүйене отырып, өмірдің өзі қойған сұрақтарына жауап беру
қажет.
Қысқаша мазмұны: Микро (тұтынушылар, фирмалар, жеке нарықтар) макро (жалпы экономика)
және әлемдік шаруашылық пен халықаралық экономикалық қатынастар деңгейінде нарықтық
экономиканың әрекет етуінің заңдары мен принциптері туралы білім алуы тиіс; Экономикалық
ситуациларды талдауда, болжауда және мемлекеттің экономикалық саясатының салдарын алды алуды
экономикалық үлгілерді пайдалана білуі тиіс.
Күтілетін нәтижелер: Өз бетімен ізденіс жұмыстарның қырсырын игеріп, өзінің тұжырымдарын
дәлелді және экономикалық сауатты жеткізе білуі керек.
Пререквизиттер: жоқ
Постреквизиттер: жоқ
Оқытушы: магистр Алиева Ф.У.
2.2. Мемлекет және бизнес
– 2 кредит (90 сағат)
Оқытудың мақсаты:
болашақ басқару мамандығы бүгінгі күнгі менеджмент
тұжырымдаланылады сапалы ұғынып, оларды кәсіпорын тәжірибесінде ұтымды қолдана білу.Бұл
пәннің оқытылуындағы басты мақсат, жас экономист-басқарушы кадрларды Қазақстан
Республикасының экономикасының, жекелеген салаларының, кәсіпорындардың тиімділігін
жоғарылату үшін, қолдағы бар ресурстарды оңтайлы пайдалануды қамтамасыз ететін, менеджменттің
5
жүйелік ыңғайы мен функцияларын, әдістерін, техника мен технологияларын, ұйымдастырушылық
формалары мен құрылымдары білімді игеруге көмек беру.
Қысқаша мазмұны: «Мемлекет және бизнес» пәнінің міндеті студенттерге инновациялық
жобаларды басқару механизімін түсіндіру, заңдылықтарын анықтай отырып, нақты
ұйымдастырушылық тапсырмаларды шешу тәсілдері мен әдістерін дайындау жөнінде ұсыныстар
беру, яғни менеджментті басқару саласында маманданған, қажетті кәсібті иеленетін адамға түсінікті
болатын ғылыми жүйеге айналдыру.
Күтілетін нәтижелер: Студенттердің инвестициялар саласынан ғылыми және машықтарды алу;
Капиталды салымдардың экономикалық негіздеуін білу; инвестициялық тәуекелдерді табу және
бағалау
әдістемесін
үйрену;
оларды
қысқарту
жолдарын
үйрену.
Пререквизиттер: жоқ
Постреквизиттер: жоқ
Оқытушы: магистр Мырзахметова Ж.Ж.
2.3. Экономикалық ілімдер тарихы
– 2 кредит (90 сағат)
Оқытудың мақсаты: Жалпы экономиканы зерттеудің алғы шарты экономикалық ілімдер
тарихын зерттеу. Экономикалық ілімдер тарихы пәні мен әдістері. Классикалық саяси экономиканың
пайда болуы мен дамуы. Маржинализм және неоклассикалық экономикалық теорияның қалыптасуы.
Неолиберализм. Кейнсиандық. Институционалдық. Социалисттік ойлардың пайда болуы. ХХ
ғасырдың экономикалық теориясына кеңес ғалымдарының үлесі. Қазақстандағы экономикалық
ойлардың пайда болуы мен дамуы.
Қысқаша мазмұны: Экономикалық ілімдер тарихының пәні және әдісі. Ежелгі дүние мен
ортағасырдың экономикалық ілімдері. Экономикалық ілімдер тарихының пәні. Экономикалық
ілімдер тарихының әдістері. Экономикалық ілім тарыхының дамуының жалпы сипаттамасы.
Экономикалық ойлардың және олардың таптық табиғатының пайда болуына әсер ететін әлеуметтік-
экономикалық тарихи жаздайлар. Шығыс және көне дәуірдегі экономикалық ой-пікірлер. Орта
ғасырдағы экономикалық ілімдер. Мануфактура кезеңінен кейінгі дәуірдегі смитшіл классиктердің
еңбектеріндегі өзін-өзі реттейтін экономика. С.Сисмонди мен П. Прудон - мануфактурадан кейінгі
кезеңнің алғашқы сыншылары. К.Маркстің экономикалық теориясы.
Күтілетін нәтижелер: Экономикалық ілімдер тарихының әдістері. Экономикалық ілім
тарихының дамуының жалпы сипаттамасы. Экономикалық ойлардың және олардың таптық
табиғатының пайда болуына әсер ететін әлеуметтік-экономикалық тарихи жағдайлар танып білу.
Пререквизиттер: жоқ
Постреквизиттер: жоқ
Оқытушы: э.ғ.к., аға оқытушы Мауленкулова Г.Е.
3.1. Құқық негіздері – 2 кредит (90 сағат)
Оқытудың мақсаты: Қазақстан Республикасындағы құқықтық мемлекеттілікті жетілдірудің
қажетті шарты ретіндегі қазақстандық патриотизмді тәрбиелеу, окушылардың әлемдік танымын
қалыптастыру, қоғамдық және құқықтық мәдениет және жеке құқық танымын жоғарылату.
Оқу пәнін оқыту мақсаты қазіргі қоғамның қажеттілігі мен мүддесінен туындап отыр.
Оқутыдың негізгі мақсаты заң мамандығын алмайтын студенттерге мемлекет және құқық
теориясының негіздерін меңгеру, ұлттық құқықтың жетекші салаларының шеңберінде қажетті
білім беру. Бұдан басқа міндет ретінде: қоғам өміріндегі мемлекет пен құқықтың орны мен ролін
анықтау, Қазақстан Республикасының құқықтық жүйесінің дамыуның алғышартымен және
мәселелерімен таныстыру, қазақстандық мемлекеттік- құқықтық механизмнің жетілдірілуінің
саяси- құқықтық жолдарын анықтау, субъективтік құқықтар мен субъективтік юридикалық
міндеттерді жүзеге асыруға қажетті тәжірибені жинақтауға үйрету.
Қысқаша мазмұны: Құқық негіздері болашақта өздерінің азаматтық құқықтары мен
міндеттерін іске асыру үшін, еңбекке құқығын жүзеге асыру, қоғамның және еліміздің қоғамдық-
саяси өміріне белсенді қатысуға, оқушыларға заң білімдерін кешенді нысанда меңгеруге
мүмкіндік береді.
6