Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізу мәселесі бойынша таныстырылымға тезистер



жүктеу 145,27 Kb.
Pdf просмотр
Дата11.12.2017
өлшемі145,27 Kb.
#3995


Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізу мәселесі 

бойынша таныстырылымға тезистер   

 

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму 

министрлігі  (бұдан  әрі  -  Министрлік)  Қазақстанда  міндетті  әлеуметтік 

медициналық  сақтандыруды  (бұдан  әрі  -  МӘМС)  енгізу  бойынша 

тұжырымдамалық тәсілдемелерді әзірледі. 

Ағымдағы ахуалды талдау 

Қазіргі  уақытта  денсаулық  сақтау  жүйесінде  3  негізгі  жүйелі 

проблемалар бар:  

1. 


Денсаулықты  сақтауда  азаматтар  мен  жұмыс  берушілердің 

ынтымақтығының 

жоқтығы. 

Бұл 


ретте 

денсаулықты 

сақтау 

ауыртпалығы  мемлекетке  ғана  түседі.  Азаматтарға  денсаулығын 



сақтауға  тұтынушылық  қатынас  тән,  саламатты  ӛмір  салтына  деген 

нашар бейілділігі бар.   

2. 

Жүйенің 


қаржылық 

тұрақты 


еместігі. 

Кӛрсетілетін 

медициналық кӛмектің жеткілікті емес тиімді құрылымы, стационарлық 

кӛмекке  арналған  шығыстардың  жоғары  үлесі.  Халықтың  кӛлеңкелі 

тӛлемдерінің  жоғары  үлес  салмағы  (денсаулық  сақтаудың  жалпы 

шығыстарынан 37,4%-ы, ЭЫДҰ-да – орташа есеппен 17%). Қаржылық 

қаражат ағындарының фрагментациясы бар.   

3. 


Жүйені  тиімсіз  басқару.  Медициналық  ұйымдардың  тӛмен 

тиімділігі.  Нашар  тарифтік  саясат  және  қаражатты  бӛлудің  ашық 

еместігі.  Жүйенің  қызметтер  сапасының  және  құзыреттерінің  тӛмен 

деңгейі. 

Салада негізгі жүйелік қауіптер сақталып отыр: 

 



қызметтерді тұтыну ӛсімінің ӛсуі 

 



денсаулық сақтау құнының ӛсу қаупі   

 



мемлекеттік  бюджеттің  жеткіліксіздік  және  ӛтемақы 

мүмкіндіктерінің қаупі  

 

тиімсіздік қаупі – түпкілікті нәтижелерге қол жеткізбеу. 



Қолданыстағы  негізгі  проблемалар  мен  күтілетін  жүйелі  қауіптер 

денсаулық  сақтау  жүйесінің  моделін  түбегейлі  қайта  қарауды  талап 

етеді. 

Әлемдік тәжірибе 

Әлемде денсаулық сақтаудың 3 жаһандық моделі бар:  

−   мемлекеттік (Ұлыбритания, Испания, Италия, Швеция),  

−  қоғамдық сақтандыру (Германия, Франция, Бельгия), 

−  жеке сақтандыру (АҚШ). 

Елдердің  басым  бӛлігі  біреуіне  шоғырланғанға  қарағанда, 

оларды  үйлестіреді.  Жалпы  үрдіс  –  «бюджеттік»  және  «сақтандыру» 

модельдерін  жуықтату:  бюджеттіктер  қаражатты  бӛлудің  сақтандыру 

қағидаттарын  қабылдайды.  Сақтандырулар  қаражатты  жинау  мен 

жинақтаудың бюджеттік қағидаттарын қабылдайды.  

Сондай-ақ  сақтандыру  жүйелерінде  мемлекеттің  рӛлін  ұлғайту 

үрдісі байқалып отыр.  




Тиімділікті ұлғайту, басқаруды оңайлату және қаражатты біркелкі  

бӛлмеуді  қысқарту  мақсатында  МӘС  қорларын  орталықтандыру  және 

ірілендіру үрдісі айқын. 

Әлемдік үрдіс: неліктен МӘМС таңдап алынды? 

Кірістердің  түрлі  деңгейі  азаматтарға  медициналық  кӛмекке  тең 

қолжетімділікті  қамтамасыз  етпейді.  Бай  адамдар  кедей  азаматтар 

үшін жарналарды ерікті түрде аудармайды. Осыған байланысты ЭЫДҰ 

елдерінің  кӛпшілігі  мұқтаждығы  аз  адамдардан  мұқтаждығы  кӛп 

адамдарға қаражатты қайта бӛлуге мүмкіндік беретін МӘМС таңдады.  

Әлемдік үрдіс: неге бір Қор? 

Бірыңғай  тӛлеушінің  моделі  Орталық  және  Шығыс  Еуропа 

елдерінде абсолютті түрде басым және оны ДСҰ ұсынады.   

Бірыңғай сатып алушы үлгісінің артықшылықтары: 

•  мұқтаждығы  аз  адамдардан  мұқтаждығы  кӛп  адамдарға 

ресурстарды қайта бӛлген кезде ынтымақтастықты қамтамасыз ету. 

•  Медициналық  кӛмектің  бірыңғай  пакеті  және  елдің  әрбір 

тұрғынына қолжетімділіктің теңдігі. 

•  Бір қорға барлық сақтандыру қауіптерін шоғырландыру. 

•  Ӛңірлер 

бойынша 

қаражатты 

бӛлудің 

және 


қызмет 

берушілерден  медициналық  кӛмекті  сатып  алу  бойынша  бірыңғай 

қағидалар. 

•  Стратегиялық сатып алу барысында келіссӛздердің қуаты және 

денсаулық сақтау жүйесінің тиімділігін арттыруға әсер ету мүмкіндігі. 

•  Денсаулық  сақтаудың  ұлттық  саясатын  іске  асырудың  тиімді 

құралы ретінде мемлекеттік монополияны сақтау. 

•  Барынша жоғары тиімділік (тӛмен әкімшілік шығыстар). 

Ағымдағы  ахуалдың  талдауына  және  оң  әлемдік  тәжірибеге 

сүйене отырып, Қазақстан Республикасы Конституциясының 29-бабын, 

Мемлекет 

басшысының 

Институционалдық 

реформаларының              

80-

қадамын іске асыруда Қазақстанда 2017 жылдан бастап денсаулық 



сақтауды қаржыландырудың араласқан жүйесі енгізілетін болады. 

МӘМС енгізудің мақсаттары мыналар болып табылады: 

−  ӛз  денсаулығын  нығайту  және  халықтың  денсаулығын  сақтау 

ауыртпалығын бӛлу жолымен қоғамдық ынтымақтастыққа қол жеткізу; 

−  жүйенің  сыртқы  факторларға  және  шығындардың  ӛсуіне 

тұрақтылығын  қамтамасыз  ету  және  жүйенің  ашықтығы  мен  әділдігін 

қамтамасыз ету жолымен қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету; 

−  кӛрсетілетін  қызметтердің  қолжетімділігі,  толықтығы 

мен 

сапасының  түпкілікті  нәтижелеріне  қол  жеткізу  және  жоғары 



құзыреттілікті  және  жүйенің  бәсекеге  қабілеттілігін  қамтамасыз  ету 

арқылы жүйенің тиімділігін арттыру. 

МӘМС  жүйелерінің  негізгі  қағидаттары  мыналар  болып 

табылады:   әмбебаптылық, әлеуметтік әділдік және ынтымақтастық. 




ҚР-да  МӘМС  енгізу  кезінде  Министрлік  пен  ӘМСҚ  функциялары 

мен  рӛлдерін  бӛлу  жүреді.  Негізін  қалаушы  реттеуші  құжаттарды 

министрлік 

айқындайтын, 

ӘМСҚ 


медициналық 

қызметтерді 

шоғырландыратын және сатып алатын болады.   

Мемлекет  тегін  медициналық  кӛмектің  кепілдік  берілген 

кӛлемімен  (бұдан  әрі  -  ТМККК)    қамтамасыз  ету  құқығын  ӛзінде 

сақтайды:  әлеуметтік  мәні  бар  аурулар,  шұғыл  жағдайларда,  жедел 

медициналық  кӛмек,  санитариялық  авиация  және  вакцинациялау 

кезінде медициналық кӛмек кӛрсету.  

2020  жылға  дейін  денсаулықты  сақатуға  арналған  жалпыға 

бірдей  құқықты  қамтамасыз  ету  мақсатында  «сақтандырылмаған» 

азаматтарға  амбулаториялық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ете отырып 

ТМККК шеңберінде амбулаториялық-емханалық кӛмек кӛрсетіледі.  

МӘМС шеңберінде мыналар ұсынылатын болады: 

«сақтандырылған» 

азаматтарға 

амбулаториялық 

дәрілік 

қамтамасыз етумен амбулаториялық-емханалық кӛмек; 

стационарлық медициналық кӛмек; 

жоғары технологиялық медициналық қызметтер, 

стационарды алмастыратын технологиялар; 

ұзақ мерзімді мейіргерлік күтім. 

Ерікті  медициналық  сақтандыру  МӘМС  жүйесінде  кӛзделмеген 

медициналық қызмет кӛрсетуге сақтандырылған адамның шығыстарын 

толық  немесе  ішінара  жабуға  мүмкіндік  береді.  ЕМС  полисі  жеке 

тұлғаларға  немесе  ірі  компаниялардың  қызметкерлеріне  сақтандыру 

компаниясының  есебінен  олар  таңдаған  клиникаларда  және 

талаптарда  (сервистік  қызметтер  және  т.б.)  зерттеліп-қаралуға 

мүмкіндік береді. 

МӘМС  кезінде  денсаулық  сақтауды  қаржыландыру  кӛздері 

мыналар болып табылады:  

мемлекет    (ОАЖ-дан  4%  (01.07.17  ж.  бастап)  -  2  жыл, 



халықтың  әлеуметтік  қорғалмаған  топтары  үшін  5%  (2018  ж. 

бастап), 6% (2023 ж. бастап), 7% (2024 ж. бастап)  (МӘМС туралы 

заңға сәйкес 15 санат)

−  жұмыс  берушілер  (кірістен  2%  (2017  ж.)  бастап  5%-ға  дейін 



(2020 

ж.)

−  жұмыскерлердің ӛзі кірістен (1% (2019 ж.) бастап 2% (2020 ж.)

«Міндетті  әлеуметтік  медициналық  сақтандыру  туралы»  Заңның 

28-


бабының  4-тармағына  сәйкес  мына  азаматтар  қорға  жарналар 

тӛлеуден босатылады: 

1

) балалар; 



2) 

«Алтын  алқа»,  «Күміс  алқа»  алқаларымен  наградталған 

немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған, сондай-ақ І және ІІ дәрежелі 

«Ана даңқы» ордендерімен наградталған кӛп балалы аналар; 

3) 

Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен оның мүгедектері; 



4) 

мүгедектер; 

5) 

жұмыссыз ретінде тіркелген адамдар; 




6) 


интернат  ұйымдарында  білім  алып  және  тәрбиеленіп  жатқан 

адамдар; 

7) 

орта,  техникалық  және  кәсіптік,  орта  білімнен  кейінгі,  жоғары 



білім  беру,  сондай-ақ  резидентура  нысанындағы  жоғары  оқу  орнынан 

кейінгі  білім  беру  ұйымдарында  күндізгі  оқу  нысанында  білім  алып 

жатқан адамдар; 

8) 


бала  (балаларды)  тууға,  жаңа  туған  баланы  (балаларды) 

асырап  алуға  байланысты,  бала  (балалар)  үш  жасқа  толғанға  дейін 

оның (олардың) күтіміне байланысты демалыста жүрген адамдар; 

9) 


жұмыс істемейтін жүкті әйелдер, сондай-ақ бала (балалар) үш 

жасқа  толғанға  дейін  оны  (оларды)  іс  жүзінде  тәрбиелеп  отырған 

жұмыс істемейтін адамдар; 

10) 


зейнеткерлер; 

11) әскери қызметшілер; 

12) 

арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлері; 



13) 

құқық қорғау органдарының қызметкерлері; 

14) 

қылмыстық-атқару  (пенитенциарлық)  жүйесі  мекемелерінде 



(қауіпсіздігі  барынша  тӛмен  мекемелерді  қоспағанда)  сот  үкімі 

бойынша жазасын ӛтеп жүрген адамдар; 

15) 

уақытша 


ұстау 

изоляторларындағы 

және 

тергеу 


изоляторларындағы адамдар. 

Бұл  ретте  мемлекет  әскери  қызметшілер,  арнаулы  мемлекеттік 

органдардың 

қызметкерлері, 

құқық 

қорғау 


органдарының 

қызметкерлері  үшін  жарналарды  аудармайды:  азаматтардың  бұл 

санаттары  ведомстволық  желінің  мекемелерінде  қызмет  кӛрсетуді 

алуын жалғастыратын болады.  

Заңның  27-бабының  3-тармағына  сәйкес  жұмыс  берушілер 

жоғарыда  кӛрсетілген  азаматтар  үшін  аударымдарды  тӛлеуден 

босатылады.   

Медициналық  әлеуметтік  сақтандыру  қоры  (ӘМСҚ)    2016  жылғы    

1  шілдеден  бастап  жұмыс  істейтін  болады  және  ТМККК  жӛніндегі 

қаржы  операторының  және  МӘМС  жӛніндегі  стратегиялық  сатып 

алушының функцияларын орындайтын болады.   

МӘМС 


негізгі 

функцияларының 

бірі 

қорға 


қаражатты 

шоғырландыратын  болады.  Әлемдік  тәжірибе  кӛрсетіп  отырғандай, 

әртүрлі елдерді қаражаттың түсімін жинауды және бақылауды әртүрлі 

жүзеге  асырады.  Венгрияда,  Словенияда,  Эстонияда  және  Латвияда 

мұны  салық  қызметтері  жасайды.  Литва  мен  Польшада  МӘМС 

қорларына одан әрі аударумен әлеуметтік сақтандырудың мемлекеттік 

қорлары.  Германия,  Молдова  мен  Словенияда  МӘМС  Қорларының 

ӛздері жарналарды жинайды.   

Бұл  ретте  осы  елдердің  бәрінде  түсімдерге  бақылауды  салық 

қызметтері жүзеге асыратыны ӛзіне тән ерекшелік.   

Қазақстанда  МӘС  қоры  жұмыскерлер  мен  жұмыс  берушілер 

тарапынан  жарналар  мен  аударымдарды,  сондай-ақ  ТМККК  үшін 

нысаналы трансферттерді шоғырландыратын болады.   



Жергілікті 

бюджеттен 

бұрыннан 

қаржыландырылатын 

медициналық  кӛмек  түрлерінің  басым  бӛлігі  қорға  берілетін  болады  – 

бұл  рәсімдердің  бірлігі  мен  сапасын  қамтамасыз  етеді  және 

бюджетаралық  қатынастар  бӛлігінде  (алып  қоюлар  мен  мақсатты 

жәрдем) Бюджет кодексіне ӛзгерістер енгізуді талап етеді. 

 

Қазақстанда  қазірдің  ӛзінде  қолданылып  жүрген  практикаға 



сәйкес  ӘМСҚ  түсімдерін  бақылауды  Мемлекеттік  кірістер  комитетіне 

бекіту  ұсынылады  –  мұндай  тәсілдеме  қоғамдық  сақтандырудың 

міндетті жүйесі бар кӛптеген елдерде қолданылып жүр. 

Сондай-ақ бұл жарналарды – ең аз әкімшілік шығыстар мен үлкен 

тиімділіктің  қайталама  желісін  құрмай,  салынған  және  жұмыс  істеп 

тұрған жүйені сақтауға мүмкіндік береді.   

Дербес 

ұйым 


ретінде 

мемлекеттік 

корпорация 

барлық 


түсімдердің атауландырылған есебін жүргізетін болады.   

Қажетті  мәліметтерді  ұсына  отырып  Мемлекеттік  кірістер 

комитеті  және  Мемлекеттік  корпорацияның  арасында  ақпарат  алмасу  

күнделікті  негізде  жүзеге  асырылатын  болады  –  ол  үшін    қордағы 

аударымдар мен жарналардың атауландырылған есебі бойынша МКК 

ақпараттық жүйелерін пысықтау (бақылау және мониторинг үшін) және 

тиісті  аударымдар  кезінде  бірыңғай  тӛлем  құжаттарын  қалыптастыру 

қажет.  


Кӛптеген 

шетелдерде 

МӘС 

денсаулық 



сақтауды 

қаржыландырудың  негізгі  кӛзі  болып  табылмайды.  Бұл  ретте  

мемлекет іс жүзінде МӘС бар барлық елдерде мемлекеттік бюджеттен 

алынатын  шығыстарды  қаржыландыруды  ӛзіне  қалдырады,  мысалы, 

Германияда, бұл қоғамдық денсаулық сақтауға, білім беруге, ғылымға, 

қарулы  құрылымдардың  медициналық  қызметтерін  қамтуға  арналған 

шығыстар,  күрделі  инвестициялар  мен  пайдалану  шығыстары,  олар 

денсаулық  сақтауға  арналған  жалпы  шығыстардың  шамамен  11%-ын 

құрайды. 

Осылайша, ҚР-да МӘМС қаржыландыру құрылымының болжамы 

жалпы  салықтар  есебінен  (МБ-дан  ТМККК-ге)  2017  жылы  32%-дан 

2020  жылға  қарай  10%-ға  дейін  қаржыландыруды  кезең-кезеңмен 

азайтуды,  МӘМС  жарналардың  есебінен  түсімдер  мен  жарналарды 

2017  жылы  28%-дан  2020  жылға  қарай  62%-ға  дейін  ұлғайтуды 

кӛздейді.  Мұның  бәрі  2017  жылы    36%-дан  бастап  2020  жылға  қарай 

25%-


ға дейін азаюы тиіс халықтың жеке тӛлемдеріне әсерін тигізеді.   

Медициналық  қызметтер  пакеті  МӘМС-тің  басты  компоненті 

болып табылады.  

Әлемдік  тәжірибе  әрбір  елдің  ӛз  елдерінің  мүмкіндіктері  мен 

ерекшеліктерін 

негізге 


ала 

отырып, 


қызметтер 

пакеттерін 

қалыптастыратындығын кӛрсетеді.   

Германияда  МӘС  есебінен  бірыңғай  және  кең  пакет  бар.  Бұл 

ретте жылына 49,5 мың Еуро (бұл ел халқының 11%-ы) астам табысы 

бар  адамның  құқығына  жеке  сақтандырудың  баламалы  пакеті  бар.  

Литвада,  Польшада,  Венгрияда  және  Молдовада    барлық 



сақтандырылған  МӘМС  үшін  кең  бірыңғай  пакет  қолданылады.  ЕМС 

осы елдерде ең аз рӛлді атқарады.  

Нидерландының МӘМС шеңберінде екі пакеті бар:  барлық халық 

үшін  стандартты  пакет  және  созылмалы  аурулар  жағдайына,  күтіміне 

және т.с.с. егде жастағы адамдар үшін қосымша пакет. 

Ресейде  барлық  азаматтар үшін  мемлекет  кепілдік  берген  пакет 

және сақтандырылған азаматтар үшін ММС шеңберінде базалық пакет 

қабылданды.  

Конституцияның  нормаларына  сүйене  отырып  Қазақстанда 

мыналар  айқындалды:  барлық  халық  үшін  ТМККК  пакеті  және 

сақтандырылған адамдар үшін МӘМС пакеті.  

Әлемнің  кӛптеген елдерінде  кӛрсетілетін  қызметтердің  пакеттері 

әлеуметтік мәні бар ауруларды қамтиды. Бұл ретте олар  ӘМА  кейбір 

елдерінде жеке тізбемен бӛлінді. Германия мен Францияда ӘМА жеке 

тізімнің  бар  екендігі  туралы  деректер  жоқ.    Литвада  жеке  тізім  жоқ, 

алайда олар МӘМС пакетіне МӘМС автоматты түрде  сақтандырылған 

болып  табылатын  науқастардың  қауіпті  жұқтыратын  ауруларының 

тізімі енгізілген,  мұнда 14 нозология енгізілген.  

Ресейде  ӘМА  тізіміне  9  ауру  және  ерекше  қауіпті  15  аурудың 

жеке  тізімі  кіреді.    Беларусияда  ӘМА  тізімі  жоқ,  6  нозологиядан 

тұратын  қауіпті  жұқпалы  аурулардың  тізімі  бар.    Біздің  елде  тізімнің 

екеуі де бар:  ӘМА – 12 ауру және АҚА – 15 ауру. МӘМС шеңберінде 

әлеуметтік  мәні  бар  ауруларды  МӘМС  пакетіне  кезең-кезеңмен  қосу 

болжанып отыр.  Қазіргі уақытта мұның бәрі ТМККК тізбесіне енгізілген.   

Жіті  мәселелердің  бірі  азаматтарға  шұғыл  медициналық  кӛмек 

кӛрсету болып табылады.  

Қазіргі  уақытта  ҚР-да  ТМККК  шеңберінде  шұғыл  медициналық 

кӛмек  кӛрсетілетін  кӛрсеткіштер  (ауруларға  да  және  зардап 

шеккендерге  де)  тізбесі  бар.    Алайда,  МӘМС  енгізумен  шұғыл  кӛмек 

жағдайлары  (асқынған  аурулар,  созылмалы  аурулардың  ӛршуі, 

босанулар, жарақаттар және т.с.с.) халықаралық оң тәжірибеге сүйене 

отырып, мемлекеттік бюджеттің есебінен ӛтелетін болады.   

МӘМС  шеңберінде  медициналық  кӛмектің  түрлерін  қайта  бӛлу 

экономикалық  белсенді  емес  халық  үшін  мемлекеттің  жарналардың 

мӛлшерлерін 

кезең-кезеңмен 

жоғарылатуын 

ескере 

отырып                 



ТМККК-дан МӘС-ке жүзеге асырылатын болады.   

Бұл  ретте  2017-2019  жылдар  аралығында  бірінші  кезеңде 

мемлекеттік  бюджеттің  есебінен  ӛнімсіз  жұмыспен  қамтылған  халық 

үшін  амбулаториялық-емханалық  кӛмек  ұсынылады  және  әлеуметтік 

мәні бар аурулардың 10 түрі ТМККК-ден МӘМС-ке ӛтеді.   

2019  жылдан  бастап  азаматтардың  кірістері  мен  шығыстарын 

барлық  жерде  декларациялауды  енгізе  отырып  МӘМС  жүйесіне 

қойылатын  талаптар  күшейтілетін  болады.    Азаматтардың  ӛздері 

МӘС-ке  жарналарды  тӛлей  бастайды  (2019  ж.  –  кірістен                        

1%,              2020 

ж. – 2%). Бұл азаматтарды олардың ӛз денсаулығына 

жауапкершілігін  арттыруға  ынталандырады.  Бұл  ретте  мемлекет 




сақтандырылған  азаматтар  үшін  МӘМС  пакетін  кезең-кезеңмен 

кеңейтетін болады.  

Медициналық қызметтерді сатып алу қалай ӛзгереді? 



Қазіргі  таңда  Медициналық  қызметке  ақы  тӛлеу  комитеті 

бірыңғай  тӛлеуші  ретінде  шығады.  Мұның  артықшылығы  мыналар 

болып табылады: 

 

БҰДЖ шеңберінде медициналық қызметтерді сатып алу бойынша 



бірыңғай қағидалар 

 

Ауыл тұрғындарына мамандандырылған медициналық кӛмектің 



қолжетімділігін қамтамасыз ету  

 

Жаңа технологияларды енгізудің есебінен тӛсектік қуатты 



оңтайландыру. 

Алайда мұндай тәсілдеменің ӛз кемшіліктері бар: 

 

Ӛнім берушіні таңдау кезіндегі формальды тәсілдеме 



 

Сатып алу процесі ашықтығының жоқтығы   

 

Сыбайлас жемқорлықтың жоғары деңгейі 



 

Сатып алудың автоматтандырылған жүйесінің жоқтығы  

Ертең  ӘМСҚ  Стратегиялық  сатып  алушы  ретінде  шығатын 

болады.  Жаңа  жүйенің  негізгі  құндылықтары  мыналар  болып 

табылады:   

 

сатып  алу  (МӘМС  +  ТМККК)  үшін  барлық  қаражатты 



шоғырландыру; 

 

ӛнім берушілерді іріктеуді және денсаулық сақтау жүйесін 



жетілдіру мақсатында ӛнім берушілерге әсер етуін қолдана 

отырып медициналық кӛмекті сатып алу (тұтынуды және 

инфрақұрылымды оңтайландыру); 

 

ӘМСҚ бас офисі арқылы қызметтердің барлық түрлерінің 



орталықтандырылған түрде қаржыландырылуын жүзеге асыру; 

 

денсаулық сақтау жүйесін жетілдіруде жергілікті атқарушы 



органдардың мүдделілігін азайту. 

Алайда  осы  жүйенің  бір  кемшілігі  бар:  бұл  қаржыландырудың 

бәрі  ӘМСҚ-ға  ӛтетіндіктен,  денсаулық  сақтау  жүйесін  жетілдіруде 

жергілікті атқарушы органдардың мүдделілігін  азайту. Осындай қауіпті 

жою үшін мемлекеттік саясатты іске асыру және денсаулық сақтаудың 

нысаналы  нәтижелері  мен  кӛрсеткіштеріне  қол  жеткізу  бойынша 

ӛңірлердің 

әкімдерімен 

келісімдер/меморандумдар 

жасалатын 

болады.   

Жаңа  жүйені  енгізген  кезде  Еуропа  елдерінің  әлемдік  озық 

тәжірибесі де зерттелді. 

Медициналық  қызметтерді  сатып  алудың  жаңа  жүйесі  мынадай 

түрде жұмыс істейтін болады:  

 

қызмет берушілерді таңдау және медициналық қызметтерді 



сатып  алу  ҚР  Денсаулық  сақтау  және  әлеуметтік  даму  министрлігі 

бекітетін  байланыс  жасаудың  бірыңғай  қағидаларына  сәйкес  екі 

кезеңдік модель арқылы жүзеге асырылатын болады; 



 

ӘМСҚ    МӘМС  шеңберінде  де  ТМККК  бойынша  да 



қызметтердің стратегиялық сатып алушы рӛлінде шығады; 

 

схема  барлық  медициналық  ұйымдардың  электрондық 



денсаулық  сақтаудың  біріктірілген  жүйесі  және  ақпараттық  жүйелері 

негізінде жасалатын болады – жүйелерді жаңғырту басталды; 

 

ӛз ақпараттық жүйелері және оларды құру мүмкіндіктері жоқ 



медициналық  ұйымдар  жеке  кабинет  арқылы  онда  жұмыс  істеу  үшін 

электрондық денсаулық сақтау жүйесіне рұқсат кілттерін алады; 

 

осылайша,  келіссӛз  бӛлімін  қоспағанда,  барлық  процесс 



автоматтандырылатын болады; 

 

қызмет  берушілердің  бірыңғай  тізіліміндегі  мәліметтер  де 



автоматты  түрде  жаңартылатын  болады,  оның  ішінде  қызмет 

берушілердің  оң  және  теріс  рейтингілері  бойынша  деректер  қорын 

жаңартқан  кезде  –  осындай  рейтингілер  кӛрсетілген  қызметтер 

сапасын  бағалау  нәтижелері  бойынша  ӘМСҚ  қалыптастыратын 

болады; 

 

бірегей медициналық қызметтердің ӛнім берушілері (жоғары 



мамандандырылған,  жоғары  технологиялық)  бір  кӛзден  тәсілімен 

схемадан тыс тартылуы мүмкін.  

Қызметтерді сатып алу мен ақы тӛлеудің бірыңғай қағидаларын 

іске  асыру,  сондай-ақ  сапаны  бақылау  үшін  жергілікті  бюджеттен 

бұрыннан қаржыландырылатын барлық медициналық кӛмектің түрлері  

МӘС  қорына  берілетін  болады.  Осыған  байланысты  бюджетаралық 

қатынастар  бӛлігінде  (алып  қоюлар  мен  жәрдемқаржы)  Бюджет 

кодексіне ӛзгерістер енгізу талап етіледі.   

2017 

жылы 


республикалық 

бюджеттің 

шығыстары                             

2,25  млрд.теңгені  құрады  (шетелде  емделуге,  СӚС  насихаттауға, 

инновациялық  технологияларды  қолдана  отырып  медициналық 

кӛмекке). 

Ӛңірлердің 

ағымдағы 

нысаналы 

трансферттері                   

14,4 

млрд.теңгені 



құрады 

(

екпелерді 



сатып 

алу, 


СӚС 

профилактикасы).  Жергілікті  бюджет  үшін  жалпы  22,7  млрд.  теңге 

кӛлемінде  (балалар  үйі,  арнаулы  медициналық  жабдықтау,  медицина 

колледждері  және  т.б.)  ӛзге  қызметтер  мен  іс-шараларды 

қаржыландыру сақталады. 

Қор  МӘС-ті    502,2  млрд.теңге  кӛлемде  медициналық 

қызметтерді,  оның  ішінде    359,8  млрд.теңге    (АЕК,  АЕҰ  және  ММК) 

сомасында Стратегиялық сатып алушы ретінде МӘМС пакеті бойынша 

қаржыландыратын болады. 

ТМККК  қаражаттары  142,4  млрд.теңге  сомасында  қаржылық 

оператор ретінде ӘМСҚ арқылы қаржыландырылатын болады: 

1. 


АЕК  және  АЕҰ  (МӘМС-те  медициналық  көмекке  құқығы  жоқ 

адамдарға)  – 10,9 млрд.теңге. 

2. 


Шұғыл стационарлық кӛмек (МӘМС-те медициналық көмекке 

құқығы жоқ адамдарға) – 6,6 млрд.теңге. 


3. 


Шұғыл 

стационарлық 

кӛмек 

(

пилоттық 

өңірлердегі 

стационарлардың  (3  сағатқа  дейін)  қабылдау  бөлімшелеріне  қысқа 

уақытқа келуі, 24 сағатқа дейін қадағалау) – 1,9  млрд.теңге. 

4. 


АЕҰ ӘМА – 24,5 млрд. теңге. 

5.      Онкология  –  21,8    млрд.  теңге  (ДЗ  қымбат  тұратын               



АЕҰ – 7,7 млрд.теңге, медкөмек -  19,7 млрд.теңге). 

6.   


ӘМА жанындағы медициналық кӛмек – 47 млрд. теңге. 

7. 


 

 

Жедел  медициналық  кӛмек  және  санитариялық                 



авиация – 22,9 млрд.теңге. 

8. 


Ӛзге де қызметтер – 8,1 млрд. теңге (қан, оның компоненттері 

мен 


препараттарының 

ӛндірісі 

– 

7,3 


млрд. 

теңге, 


ПАБ                    

қызметтері – 0,8  млрд. теңге. 

9. 

Лизингілік тӛлемдерді ӛтеу – 0,6 млрд. теңге. 



Бұдан 

басқа, 


кейбір 

басым 


бағыттар 

бойынша 


қаржыландырудың 

схемасы 


ӛзгертіледі. 

Қазіргі 


уақытта 

транспланттауды жүзеге асыратын 10 медициналық ұйым анықталды. 

Биылғы жылға белгіленген кӛрсетілетін кӛмек түрлері мен бағалардың  

жыл  сайын  ӛзгеру  мүмкіндіктері  талабымен  3  жылға  олармен  ұзақ 

мерзімді  келісімшарт  жасау  ұсынылады:  3  жылға  оларды  бір  кӛзден 

сатып алу ұсынылып отыр.  

Сондай-ақ  ауылдық  аудандық  ауруханалар  мен  емханалар  бір 

бірыңғай құрылымдық бірлікке біріктірілетін болады. МСАК деңгейінде 

амбулаториялық  дәрі-дәрмектік  қамтамасыз  ету  енгізілетін  болады.  

Мұндай ұйымдарға шығыстарды ӛтеу қағидатына ӛту ұсынылады.  

Медициналық  қызметтерге  ақы  тӛлеу  схемасы  ӛзгертілетін 

болады.  

Қазіргі 

уақытта 


ҚР-да 

келісімшартпен 

жұмыс 

істейтін 



медициналық  ұйымдар  күн  сайын  автоматтандырылған  тәртіппен  

МҚАК  уәкілетті  орган  белгілеген  форматта  стационарларда  емделген 

оқиғалар  туралы  ақпаратты  ұсынады.  МҚАК-ның  филиалдары 

қызметтердің  кӛлемі  мен  сапасын  таңдап  тексереді,  қабылдайды 

немесе  ақы  тӛлеуге  қабылдамайды.  Бұдан  әрі  филиалдар  ДСӘДМ 

МҚАК-ға  қаражат  қажеттілігін  ұсынады.  ДСӘДМ  МҚАК  медициналық 

ұйымдардың  есеп  айырысу  шоттарына  одан  әрі  аудару  үшін 

филиалдарға қаражат жібереді.   

Бұл ретте мұндай жүйенің ӛз кемшіліктері бар:   

 

МҚАК тек стационарлық кӛмекке ақы тӛлейді; 



 

емделіп шығу жағдайларын сапасыз бағалау; 

 

шешімдер  қабылдау  кезіндегі  ашықтықтың  тӛмен  болуы  және 



қаражатты пайдалану тиімділігін бағалаудың мүмкін еместігі; 

 

сыбайлас жемқорлықтың жоғары деңгейі; 



 

қаражатты қайта бӛлу проблемасы; 

 

әкімшілік шығыстардың жоғары деңгейі. 



Жаңа  жүйеде  оң  халықаралық  тәжірибені  зерттеп,  мыналар 

болжанып отыр: 




10 

 

Кӛрсетілетін  медициналық  кӛмектің  барлық  түрлері  Қор 



арқылы қаржыландырылатын болады: 

−  ТМККК  –  медициналық  кӛмектің  барлық  түрлері  (оператор 

ретінде Қор) 

−  МӘМС  –  медициналық  кӛмектің  барлық  түрлері  (сатып 

алушы ретінде  Қор) 

 

Келісімшарт 



жасаған 

медициналық 

ұйымдар 

күнделікті 

автоматтандырылған  режимде    Қордың  филиалдарына  да,  Қордың 

ӛзіне де қолжетімді ақпарат ұсынатын болады.  Бұл бүкіл ел бойынша 

халыққа кӛрсетілген қызметтерді күнделікті мониторинг жүргізуге және 

таңдап тексеруге мүмкіндік береді. 

 

Жалпы қажеттілік Қорға ай сайын 25-күнге ұсынылатын болады. 



 

Филиалдардың  деректерін  және  Қордың  тиісті  құрылымдық 

бӛлімшелерінің  қорытындыларын  ескере  отырып  Қордың  бас  офисі 

медициналық  ұйымдардың  есеп  айырысу  шоттарына  (қазір  осыған 

ұқсас МЗТО бойынша) орталықтандырылған қаражатты аударуда.   

Медициналық қызметтерді сатып алу кезінде тарифтік саясат та 

ӛзгеріске ұшырайды: 

Бүгінгі  таңда  мемлекеттік  медициналық  ұйымдарға  есептелген 

тарифтер  инвестициялардың  ӛтелуін  кӛздемейді,  қайта  қаралатын 

болады  және      шығындардың  нақты  құрылымы,  оның  ішінде  күрделі 

шығындар  мен  амортизациялық  аударымдар,  медициналық  қызмет 

кӛрсету  және  АТ  технологиялары,  қаржылық  қызметтердің  құны  және 

ӛзге де шығыстар да кӛрсетіледі: 

 

бұл  медициналық  ұйымдарды  дамыту  үшін  мүмкіндіктер 



жасайды,  қатаң  бақылау  практикасынан  жедел  мониторинг  жүйесіне 

ӛтуге мүмкіндік береді; 

 

жеке медициналық ұйымдарды ТМККК және МӘМС шеңберінде 



қызметтерді  кӛрсетуге  тартуға  ынталандыратын,  денсаулық  сақтау 

нарығына  кіру  үшін,  оның  ішінде  МЖӘ  бойынша  жеке  капиталдың 

мүддесін арттыратын болады; 

 

медициналық  ұйымдарды  профилактика  жүргізуге  және 



стационар  алмастыратын  кӛмекті  кеңейтуге  шоғырландыратын 

болады. 


Медициналық  қызметтерге  ақы  тӛлеу  әдістері  жетілдірілетін 

болады: 


1) 

 

медициналық-санитариялық  алғашқы  кӛмек  –  жан  басына 



шаққандағы норматив арқылы; 

2) 


консультациялық-диагностикалық 

қызметтер 

– 

қызметтердің түрлері бойынша тарифтер арқылы; 



3) 

жедел жәрдем – шақырулар саны бойынша; 

4) 

қабылдау  бӛлмесі  (пациентті  жедел  кӛмек  машинасымен 



жеткізген кезде); 

− 

кеңейтілген консультацияға бірыңғай орташаланған тариф; 



− 

24  сағаттан  аспайтын  қабылдау  бӛлімінде  пациент  болған 

кезде КШТ 67%-ы; 



11 

5) 


стационарды 

алмастыратын 

кӛмек 

– 

ауруханалық 



стационар кезінде КШТ 25%-ы, үй күтімі кезінде КШТ 17%-ы; 

6) 


стационарлық кӛмек – әр емделген оқиғаға КШТ 100%-ы. 

МӘМС  енгізу  кӛрсетілетін  медициналық  қызметтердің  сапасын 

арттыруға 

мүмкіндік 

береді. 

Қазірдің 

ӛзінде 

Медициналық 



қызметтердің  сапасы  бойынша  біріктірілген  комиссия  (Германия 

тәжірибесі  бойынша)  құрылды,  ол  диагностика  мен  емдеудің 

клиникалық  хаттамаларын  стандарттау,  медициналық  білім  беру,        

дәрі-дәрмектік  қамтамасыз  ету,  медициналық  ұйымдарды  тіркеу 

мәселелерін  реттейді.      Осы  ұйымға  жұртшылықтың,  медициналық 

ұйымдардың қоғамдық бірлестіктерінің және Қазақстанның дәрігерлер 

мен  провизорлар  қоғамдарының  ӛкілдері,  медициналық  бизнес 

ӛкілдері кірді.  

МӘМС  енгізу  кезінде  сапаны  бағалауға  арналған  параметрлер 

мыналарды қайта қарайтын және қамтитын болады:   

1. 

Сапаны  бағалауға  арналған  параметрлер  мыналарды  қайта 



қарайтын және қамтитын болады: 

а) пациенттердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету; 

б) клиникалық нәтижені; 

в) экономикалық тиімділікті; 

г)  медициналық  қызметтердің  қызмет  берушілерін  нысаналы 

кӛрсеткіштері мен индикаторларына қол жеткізуі. 

2. 

МФҚБК  мемлекеттік  бақылауды  жүзеге  асыратын  болады, 



оның ішінде: 

•  денсаулық  сақтау  саласындағы  стандарттардың  сақталуын 

бақылау; 

•  ұшу жағдайларын тексеру, оның ішінде ӘМСҚ сұрауы бойынша; 

•  шағымдарды тексеру. 

3. 


Қор  медициналық  ұйыммен  жасалған  шарттың  негізінде 

тексеруді жүзеге асыратын болады, оның ішінде: 

•  емделіп шығу жағдайларының кӛлемдері мен сапасын сараптау; 

•  ДЗ және ММБ тағайындаудың негізділігін сараптау; 

•  қызмет 

берушілер 

қызметінің 

түпкілікті 

нәтижесінің 

индикаторларын мониторингілеу. 

4. 

Тексеру  нәтижелері  бойынша  Қор  оң  және  теріс  рейтингілері 



бар  медициналық  ұйымдардың  деректер  қорын  қалыптастыратын 

болады. 


МӘМС 

негізгі 


функцияларының 

бірі 


оның 

қаржылық 

тұрақтылығын  қамтамасыз  ету  болып  табылады.  МӘС  ӛте  ертеден 

жұмыс  істейтін  Литваның,  Словакияның  және  Ресейдің  тәжірибесі 

зерттелді.    МӘМС  шеңберінде  халықаралық  тәжірибені  негізге  ала 

отырып, оның қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін мыналар 

кӛзделіп отыр: 

1. 


Қаржылық  тұрақтылықты  қамтамасыз  ету  үшін  МӘМС 

шеңберінде мыналар кӛзделеді: 

 

а)  мемлекеттің  жарналары  алдыңғы  жылдың  ресми  орташа 



жалақысынан  жүзеге  асырылатын  болады  (яғни  2017  жыл  үшін               


12 

2015  жылғы  кӛрсеткіш  алынады).  Олар  экономикалық  құлдырау 

жағдайында МӘМС жүйесінің шығынын мемлекеттің ӛтеуіне мүмкіндік 

береді.   

б)  Ұлттық  банк  арқылы  қаржы  құралдарының  стандарттық 

жиынына инвестиция беру; 

в) мынадай резервтерді құру ұсынылады: 

• 

50  млрд.теңгеден  кем  емес  кӛлемде  ай  сайын 



инвестицияланбайтын азайтылмайтын қалдық; 

• 

МӘС  қорында  жарналар  мен  аударымдар  кӛлемінен             



3% 

мӛлшерінде кездейсоқ шығыстарды жабуға резервтер; 

• 

ағымдағы  айға  25-күннен  кейін  берілген  ай  сайынғы               



шот-фактураларды жабуға арналған айналым қаражаттары, сондай-ақ 

шартта  кӛрсетілген  кӛлеммен  салыстырғанда  кӛрсетілген  қызметтер 

кӛлемін асырған жағдайларда. 

МӘМС жаңа жүйесін енгізген кезе ДСӘДМ және оның комитеттері 

және ӘМСҚ заңнамалық деңгейде шектелетін болады.   

ӘМСҚ барлық бизнес-процестері айқындалған және оларды іске 

асыру бойынша шаралар кӛзделген.  

МӘМС 


енгізу 

Қазақстанның 

денсаулық 

сақтау 


жүйесін 

реформалау  кешенінде  жүзеге  асырылады.  2016  жылғы  қаңтарда 

Мемлекет  басшысы  Н.  Назарбаев  денсаулық  сақтауды  дамытудың 

2016-


2019 

жылдарға 

арналған 

«Денсаулық» 

мемлекеттік 

бағдарламасын  бекітті,  мұнда    саланы  дамытудың  негізгі  міндеттері 

мен бағыттары кӛзделген.  

Сондай-ақ 

Дүниежүзілік 

банкпен 


бірлесіп 

жаңа                           

2016-

2020 жылдарға арналған «Әлеуметтік  медициналық сақтандыру: 



қолжетімділікті,  сапаны,  экономикалық  тиімділікті  және  қаржылық 

қорғауды  арттыру»  жобасын  іске  асыру  Қазақстанда  МӘМС  тұрақты 

дамуын қамтамасыз етеді.  

 

__________________________ 



жүктеу 145,27 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау