39
толтыратын Ү тауарының саны;
MU
X
және MU
y
- X тауары және Ү тауарының тиісті шекті
пайдалылығы.
MRS
X
y, бір игілікті басқа игілікке айырбастау мүмкіндігін
кӛрсете отырып, сол уақытта тұтынушы ӛзі үшін барынша
пайдалы деп санайтын тауар жинағын анықтауға мүмкіндік
бермейді. Бұл ақпаратты бюджеттік сызық береді. Ол екі
игіліктер жинағының жиынын графикалық түрде бейнелейтін,
оларды қолданудың бірдей шығынын талап ететін, теріс кӛлбеуі
бар түзу сызықты білдіреді. Ол, яғни ақшаны4 аталған сомасына
қандай тұтынушы жинағын алуға болатынын кӛрсетеді.
Тұтынушы таңдауына әсер ететін екінші құрам, оның табысы (I)
болып табылады. Тұтынушы ӛзінің барлық табысын: X және Ү
тауарларын сатып алуға шығындайды деп жорамалдайық. Бұл
жағдайда бюджеттік шектеу теңдеуі мына түрде жазылады:
мұнда I - сатып алушы табысы,
Р
х
, Р
у
- X және Ү тауарларының тиісті бағасы.
Осы жағдаймен қанағаттанатын тауар жинақтарының барлық
жиыны бюджеттік шектеу теңдеуін түрлендіру жолымен алынған
бюджеттік сызық шекарасында орналасқан:
мұнда - бұл абcциссалар осіне қарай түзу кӛлбеу бұрышы.
Бюджеттік сызық берілген бағалар және берілген бюджет
кезінде тұтынушылардың сатып алуы мүмкін екі игіліктің
барлық мүмкін комбинациясын кӛрсетеді.
Бюджеттік сызық құру үшін X және Ү тауарлары санын
осьтер бойынша саламыз. А нүктесінің координатасы мына
40
формула бойынша анықталады.
Ал В нүктесіндегі абцисса:
А және В нүктелерін қоса отырып, 3.11-суретте кӛрсетілген
бюджеттік сызықты аламыз. Бюджеттік кеңістіктің ішіндегі кез
келген нүкте, яғни табыс толықтай шығындалмайтын тауар
жинағын сипаттайды. Кеңістіктен тыс нүкте тұтынушы үшін
неғұрлым қажетті, алайда аталаған табыс кезінде оған қол жеткізе
алмайтын тауар жинағын бейнелейді. А нүктесі, яғни табыс Ү
тауарына, ал В нүктесі X тиісті тауарға шығындалуын білдіреді.
3.11-сурет - Бюджеттік шектеу сызығы
Бюджеттік сызық барлық нүктелерде бірдей кӛлбеу болады,
сондықтан тұтынушы әрдайым X тауарына, осы тауарлардың
қолданыстағы бағасы кезінде қосымша бірлікті алу үшін Ү
тауарының бір санынан бас тартуы керек. Бюджеттік сызық
неғұрлым ширатылған болса, екі тауар бағаларының ара-
қатынасы соғұрлым биік және X қосымша бірлігін алу үшін
қажетті Ү санынан бас тарту қажет, яғни бюджеттік сызықтың
кӛлбеуі онда нарық Ү тауарын X тауарымен «ауыстыруға» дайын
41
ӛнімді кӛрсетеді. Тауардың бағаға ара қатысының ӛзгерісі кезінде
бюджеттік сызықтың кӛлбеу бұрышының ӛзгерісі болады,
бюджеттік сызықтың сатып алу қабілеттілігінің ӛзгерісі кезінде
тиісті тарапқа жылжытылады және 3.12-суретте кӛрсетілген
бастапқы параллель жағдайда болады.
3.12-сурет - Бюджеттік шектеу сызығының ӛзгерісі
3.3 Тұтынушы тепе-теңдігі. Тепе-теңдік шарттары
Тұтынушы
тепе-теңдігі
талғаусыздық
кисығының
картасымен
бюджеттік
шектеу
сызығының
қосарлану
нәтижесінде жетеді. Тұтынушының тепе-теңдік нүктесі, яғни
бюджеттік сызық кӛлбеуі 3.13-суретте берілген, талғаусыздық
қисығының біреуіне қатысты жағдайға сәйкес келеді.
3.13-сурет - Тұтынушы тепе-теңдігі
42
3.13-суреттен кӛрініп тұрғандай, тұтынушы тепе-теңдігінің
нүктесі бір уақытта екі шартты қанағаттандырады: біріншісі –
бұл баға қатынасына ауыстыру шекті нормасының теңдігі, яғни:
екіншісі - бұл барлық қолдағы табыстың шығындалғаны, яғни
теңдіктің орындалуы болады:
Ӛзін-ӛзі тексеруге арналган сұрақтар:
1. Веблен эффектісі нені білдіреді?
2. Бюджеттік сызықтың теңдеуі қандай?
3. Талғаусыздық қисығы нені білдіреді?
4. Талғаусыздық қисығынын картасын қалай құру керек?
5. Функционалдық сұраныс нені білдіреді?
6. Тұтынушы тепе-теңдігі қалай орнатылады?
7. «Ауыстырудың шекті нормасы» дегеніміз не?
8. Талғаусыздық қисығының касиеттері қандай?
9. Тұтынушының кардиналистік және ординалистік
теориясынын айырмашылығы неде?
10. Госсеннің
бірінші және екінші заңдары қалай
тұжырымдалады?
43
4 САЛЫСТЫРМАЛЫ СТАТИКА ЖӘНЕ
СҰРАНЫС ТАЛДАУЫ
Тұтынушының жеке сұранысына екі негізгі фактор әсерін
тигізеді:
1) табыстың ӛзгерісі;
2) бағаның ӛзгерісі.
44
4.1 «Табыс-тұтыну» қисығы және Энгель қнсығы.
Баға-тұтыну» қисығы. Нарықтық сұраныс қнсығы
Тұтынушы тәртібін талдаудың келесі қадамы - тұтынушы
сұранысына деген баға мен табыс ӛзгерісіне әсер ету. Ең бірінші
табыс ӛзгерісінің тұтынушының тәртібіне әсер етуін қараймыз.
Тұтынушының табысы баға ӛзгермеушілігі кезінде ұлғаяды және
бюджеттік сызықтың оң жағында параллель ығысуда графикалық
түрде бейнеленеді деп жорамалдайық. Табыстың әрбір жаңа
деңгейі кезінде тұтынушының тепе-теңдік нүктелерін қоса
отырып, «табыс - тұтыну» қисығын аламыз.
«Табыс-тұтыну» қисығы тепе-теңдік нүктелерін қосады және
табыстың ӛсуімен X және Ү тауарларды тұтыну қалай ӛзгеретін-
дігін кӛрсетеді.«Табыс-тұтыну» қисығының түрлері тауар
түрлерінен байланысты болады.
Қалыпты игіліктер үшін «табыс-тұтыну» сызығында оң
кӛлбеу, сапасыз тауарлар үшін - теріс кӛлбеу болады, ол бейтарап
тауарлар үшін (бірінші қажеттіліктегі тауарлар) вертикаль
болады.
Қалыпты тауарлар - бұл, халық табысының ӛсуімен бірге
оларға сұраныс ӛсетін тауарлар.
Сапасыз тауарлар - бұл, халық табысының ӛсуімен бірге
сұраныс түсетін тауарлар.
Бейтарап тауарлар - бұл, табыстың барлық деңгейі кезінде
оларды тұтыну ӛзгеріссіз қалатын игіліктер.
4.1-сурет - Қалыпты тауарлар үшін «табыс-тұтыну» қисығы
Достарыңызбен бөлісу: |