Михеева е. В информатика пәні бойынша жаттықтыру сабағЫ



жүктеу 9,21 Mb.
Pdf просмотр
бет34/42
Дата23.11.2018
өлшемі9,21 Mb.
#24163
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   42

145
 
 
 
24.3 сурет. Үстемақы жолын есептеуге арналған сұрау бланкісі 
 
3. 
Жолдар  тізімінен  сұрау  бланкісіне  жаңартылуы  тиіс  жолды  ауысты-
рыңыз  –Үстемақы;«Жаңартылу»  жолына  Үстемақы  жолын  толтыруға 
арналған есептік формуланы енгізіңі (24.3 сурет).  
Үстемақы Шәкіртақының 35 %-ын құрайтындықтан, «Жаңарту» жолында 
Үстемақыны есептеу үшін: 
[Шәкіртақы] * 0,35. 
Қ ы с қ а ш а   а н ы қ т а м а .   «Жаңарту»  жолында  формуланы  теру  кезінде 
жолдың атауы төртбұрышты жақшада болады. 
4. 
Сұрау бойынша жаңарту жүргізіңіз, ол үшін Сұрау/Іске қосу пәрменін 
орындауға  сұрауды  орындаңыз  немесе  құралдар  тақтасындағы  Іске  қосу 
батырмасын басыңыз (леп  белгі  түріндегі). Сұраудың  орындалуын ашылған 
терезеде Иә батырмасымен растаңыз. 
5. 
«Үстемақы» атауындағы сұрауды сақтаңыз (24.4 сурет).  
6. 
«Студенттер»  кестесін  ашыңыз  және  есептің  дұрыстығын  тексеріңіз. 
Егер  барлығы  дұрыс  болса,  онда  Үстемақы  жолы  157,50  р.  деректерімен 
толтырылады. 
7. 
Жолдар  кезектілігін  өзгеріңіз:  Мамандану  жолын  Шәкіртақы 
жолының алдына қойыңыз.  
 
 
 
 
24.4
.сур. Сақтау кезінде сұрауға 
атау беру 


146
 
Ауыстыру  ережесі  -  Windows  бағдарламаларындағыдай  (Ескерту жолын 
белгілеп, тінтуірмен жаңа орынға ауыстырыңыз). 
8. 
Кестедегі  өзгерістерді  сақтаңыз.  Қажет  болған  жағдайда  дискетте  ДБ 
резервті көшірмесін құрыңыз. 
24.3 тапсырма. «Студенттер» кестесінің «Аты» жолы бойынша қайта-
ланатын жазбаларды іздеу. 
Жұмыс тәртібі 
1. 
База  объектісін  таңдаңыз  —  Сұраулар.  Жаңа  сұрау  ашылған  терезе-
сінде  Құру  батырмасын  басыңыз,  сұрау  түрін  таңдаңыз  –«Қайталанатын 
жазбалар» (24.5 сурет).  
2. 
Деректер көзі ретінде «Студенттер» кестесін көрсетіңіз (24.6 сурет).  
 
 
 
24.5
.сур. Қайталанатын жазбаларды іздеу сұрауын құру 
 
 
 
24.6
.сур. «Студенттер» кестесін қайталанатын жазбалар ретінде таңдау 


147
 
3. 
Келесі терезелерден қайталанатын жазбаларды іздеу жүргізілетін Аты 
жолын таңдаңыз, қосымша жолдар ретінде Тегі және Мамандануы жолдарын 
таңдаңыз.  Жұмыс  нәтижесінде  студенттердің  есімдерін  қайталаушы  жазба-
лар іріктеледі, ал оларға студенттердің мамандықтары және  тектері туралы 
деректер  қосылатын  болады.  Сұрауды  «Қайталанатын  жазбалар»  атауымен 
сақтаңыз. 
24.4 
тапсырма. Шарт бойынша іріктемеге сұрау. 
Жұмыс тәртібі 
1. 
«Студенттер»  кестесінен  тегі  «С»  әріпінен  басталатын  барлық 
студенттердің аты-жөндерін, телефондарын таңдаңыз. 
Ол  үшін  база  объектісін  таңдаңыз  –  Сұраулар.  Құрылымдаушы 
режимінде іріктеме сұрауын құрыңыз (Құру/Құрылымдаушы). «Студенттер» 
кестесін қосыңыз. 
Кесте  жолдарының  тізімінен  Тегі,  Аты,  Телефоны  жолдарын  таңдаңыз. 
«Іріктеу»  шарты  жолынан  сұрау  бланкісінің  Тегі  жолында  «С*»  теріңіз 
(символ  *  «С»  әріпінен  кейінгі  ерікті  символдардың  болуын  дәлелдейді). 
(24.7 сурет).  
Аты  жолы  бойынша  сұрыптау  жүргізіңіз.  «Экранға  шығару»  жолынан 
компьютер  экранының  динамикалық  жинағында  жазбаларды  шығаруға 
жауап беретін белгілердің болуын тексеріңіз. 
Сұрау/Іске  қосу  пәрменімен  немесе  құралдар  тақтасындағы  Іске  қосу 
батырмасымен  («!»  —леп  белгісі)  сұрауды  іске  қосқаннан  кейін  шарт 
бойынша іріктеу жүргізіледі. Сұрауды «С тегі» атауымен сақтаңыз. 
2. 
«Технолог» мамандығындағы барлық қызметкерлерді таңдаңыз. 
 
 
 
24.7
.сур. «С» әріпінен басталатын тектерді іріктеу 


148
 
 
 
24.8
.сур. «Технолог» мамандығы бойынша студенттерді іріктеу 
 
Ол  үшін  сұрау  құрыңыз  (Құру/Құрылымшы).  «Студенттер»  кестесін 
қосыңыз.  Тегі,  Аты,  Әкесінің  аты,  Мамандануы  жолдарын  шығарыңыз. 
Мамандану  жолындағы  сұрау  бланкісінің  «Іріктеу  шартында»  «технолог» 
шартын теріңіз. Тегі жолы бойынша өсу ретімен сұрыптама жүргізіңіз. 
Сұрауды  орындау  үшін  Сұрау/Іске  қосу  пәрменін  таңдаңыз.  «Сұрау-
технолог» атауымен сұрауды сақтаңыз (24.8 сурет).  
Қосымша тапсырма 
24.5 тапсырма. ДБ-да «Студенттер мен тапсырмалар» кестесі бойын-
ша  барлық  студенттерге  іріктеме  жүргізуге  сұрау  жүргізіңіз.  Олар 
20.02.04  тапсырмада  («Бастапқы  мерзім»  жолында  >  20.02.04  іріктеме-
сінің шартын орнатыңыз). 
24.6 тапсырма. ДБ-да «Студенттер мен тапсырмалар» кестесіне сәй-
кес  «Шекті  мерзім»  жолы  бойынша  қайталанатын  жазбаларды  іздеуге 
сұрау құрыңыз. 
 
 
25-практикалық сабақ 
Тақырып: ДББЖ MS ACCESS ЕСЕПТЕР ҚҰРУ ЖӘНЕ 
ДЕРЕКТЕРМЕН ЖҰМЫС ІСТЕУ 
 
Сабақ  мақсаты.  ДББЖ  Access  есептер  мен  сұрау  құрудың  ақпараттық 
технологиясын игеру. 
ДББЖ  Microsoft  Access  бағдарламасын  іске  қосыңыз  және  өзіңіз  құрған 
«Менің бос деректер базам» ДБ ашыңыз. 
 


149
 
25.1 тапсырма. Жолдардың жиынтық мәнін есептеңіз. 
Жұмыс тәртібі 
1. 
«Студенттер» кестесінде сұрау көмегімен Шәкіртақы және Үстемақы 
жолдары бойынша жиынтық мәнді есептеңіз. 
2. 
Жолдардың жиынтық мәнін есептеу үшін Құрылымшыда сұрау құры-
ңыз және сұрау бланкісінен Шәкіртақы және Үстемақы жолдарын таңдаңыз. 
 
 
 
25.1.сур. Шәкіртақы және Үстемақы жолдары бойынша жиынтық мәнді есептеу 
 
3. 
Құралдар  тақтасындағы  Топтық  операциялар  (X)  батырмасын  басы-
ңыз.  Сұрау  бланкісінің  пайда  болған  «Топтық  операциялар»  жолынан  Sum 
функциясын таңдаңыз (25.1 сурет). Сұрау жүргізіңіз. Сұрауды «Сұрау-Сома» 
атауымен сақтаңыз.  
25.2 тапсырма. Мерзім аралығынды іріктемеге сұрау жүргізу.  
«Студенттер мен тапсырмалар» кестесі бойынша 01.05.04 -25.05.04 (шекті 
мерзім)  аралығында  курстық  жұмыстар  жазатын  барлық  студенттердің 
іріктемесіне  сұрау  құрыңыз  (25.2  сурет).  Бастапқы  мерзім  бойынша  өсу 
ретімен сұрыптама жүргізіңіз. Сұрауды «Сұрау-Нәтиже» атауымен сақтаңыз. 
Қ ы с қ а ш а   а н ы қ т а м а .   Шартты  теру  кезінде  AND  логикалық 
операторы пайдаланылады. Аталған сұрау шарты  
> = 01.05.04 AND < = 25.05.04. 
түрінде болады 
 


жүктеу 9,21 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   42




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау