121
сіндегі белгіні қоюды ұмытпаңыз. Парақтарды көшіру және ауыстыру үшін
түптерін тасымалдауға болады (көшіру үшін [Ctrl] пернесін басып, ұстап
тұрыңыз).
Сүзгілеуді орындау үшін Деректер/Сүзгі/Автосүзгі пәрменін және бірін-
ші бөлімшеге арналған 3000 р аз немесе тең шартын таңдаңыз.
20.4 тапсырма. Доллар бағамын белгілеу кестесін көшіру және сатып
алу, сату бағмы мәнін шартты пішімдеуді орындау (тапсырма 16.1,
«Доллар бағамы»).
Деректер пішімін орнатыңыз:
31,5 аз — қаріптің жасыл түсімен (қалың),
31,5 тең немесе көп — қаріптің сарғыл түсімен (қалың курсив).
21-практикалық сабақ
Тақырып: ҚҰЖАТТАР ҚҰРУДА MS EXCEL
МҮМКІНДІКТЕРІН КЕШЕНДІ ПАЙДАЛАНУ
Сабақтың мақсаты. Орнатылған есептік кестелері және графиктері бар
мәтіндік кешенді құжаттарды құрудың дағдыларын тексеру және бекіту
(орындау уақыты – 1 сағат 20 минут).
Жұмыс тәртібі
Мәтіндік және кестелік құжаттарды құру мен пішімдеудің өзіңізге белгілі
барлық тәсілдерін қолдана отырып, үлгі бойынша тапсырманы орындаңыз.
Құжатты сыртқы түрі бойынша тапсырма түпнұсқасына ұқсатуға
тырысыңыз.
Әрбір тапсырманы «Есептер» электроны кітабының жаңа парағында
орындаңыз. Файлды сақтап отырыңыз.
21.1 тапсырма. 17.4 тапсырмадағы «Бір айлық еңбекақыны есептеу»
кестесін пайдалана отырып, 21.1 суреттегі тапсырмаға ұқсас бір тоқсанға
арналған еңбекақыны есептеудің кешенді кестесін құрыңыз.
17.4 тапсырмасындағы кестені электронды кітаптың жаңа парағына
көшіріңіз.
17.4 тапсырмасындағы кестенің көшірмесін пайдаланып, наурыз және
ақпан айларына арналған есеп кестесін құрыңыз, сыйлықақыны есептеу
формуласын өзгертіңіз:
қаңтарда = 20 %;
ақпанда = 27 %;
наурызда = 35 %.
Әр айға арналған еңбекақының орташа мәнін есептеңіз.
122
21.1
.сур. 21.1 тапсырмасына арналған бастапқы деректер
Орташа мәндерді пішімдеңіз, қаріп – 12 пт курсив, ұяшықты сары түспен
бояңыз.
Тақырыпқа пішімдеу жүргізіңіз – ұяшықтарды біріктіріңіз және кестенің
ортасына орнатыңыз, қаріп – қалың курсив 14 пт, жасыл түсті.
Наурыз айына арналған қызметкерлер еңбекақысының гистограммасын
құрыңыз.
Сіздің дағдыларыңыз бен икемдеріңіз «Қанағаттанарлық» деп бағала-
нады.
Жаңа кесте құрыңыз және әрбір қызметкердің тоқсандық еңбекақысын ай
сайынғы айлық сомасы ретінде есептеңіз.
МАКС және МИН функцияларын пайдалана отырып, максималды және
минималды тоқсандық еңбекақыдағы қызметкерлерді белгілеңіз.
Сіздің дағдыларыңыз бен икемдеріңіз «Жақсы» деп бағаланады.
Ақпан айына арналған еңбекақыны есептеу кестесіне шартты пішімдеу
жүргізіңіз:
сыйлықақы (27 %) 3000 р. аз — көк түспен;
сыйлықақы (27 %) 3000 р. көп— қызыл күрең түспен.
123
Өсу ретімен ақпан айына арналған қызметкерлердің еңбекақысына сұ-
рыптау жүргізіңіз.
Қызметкерлердің тоқсандық еңбекақыларына дөңгелек диаграмма құры-
ңыз.
Сіздің дағдыларыңыз бен икемдеріңіз «Өте жақсы» деп бағаланады.
Қосымша тапсырма
21.2 тапсырма. Брокерлік фирма акциясын сату бойынша кесте құру.
Тапсырма бойынша барлық есептеулерді жүргізу. Фирма бөлімшелері
және акция түрлері бойынша табыс диаграммасын құру.
A3 ұяшығында БҮГІН мерзім функциясын орнатыңыз.
Бастапқы деректер 21.2 суретте көрсетілген.
21.2
.сур. 21.2 тапсырмасына арналған бастапқы деректер
Есептеу формуласы
жалпыс табыс % = Бөлімше пайдасы/Барлық пайда (есептеу нәтижесі —
пайыздық пішімде).
21.3 тапсырма. Брокерлік фирма қызметкерінің табыстар мен шы-
ғындар кестесін құрыңыз. Тапсырма бойынша барлық есепті жүргізу.
Табыстар мен шығындар графигін құру.
Бастапқы деректер 21.3 суретте көрсетілген.
Есептеу формуласы
Сальдо = Барлық табыс – барлық шығың
21.3.
сур. 21.3 тапсырмасына арналған бастапқы деректер
21.4
тапсырма. Сұрау нәтижелері бойынша талдау жасау кестесін
құрыңыз. Тапсырма бойынша барлық есептерді жүргізіңіз. 41 жастан
жоғары сұралғандар санына қызығушылық түрлері бойынша дөңгелек
диаграмма құрыңыз.
Бастапқы деректер 21.4 суретте көрсетілген.
21.4
.сур. 21.4 тапсырмасына арналған бастапқы деректер
125
5 - Б Ө Л І М
ДББЖ MS ACCESS-2000 ЕНГІЗУ
22-практикалық сабақ
Тақырып: ДББЖ MS ACCESS-2000 ДЕРЕКТЕР
БАЗАСЫН ЖОБАЛАУ
Сабақтың мақсаты. Microsoft Access деректер базасын басқару жүйесін-
де (ДББЖ) шебер құралдарының шаблондары арқылы және қолмен бос
деректер базасын құрудың ақпараттық технологиясын игеру. «Борей» оқу
базасының объектілерін игеру.
22.1 тапсырма. Бос деректер базасын құру.
Жұмыс тәртібі
1.
ДББЖ Microsoft Access бағдарламасын іске қосыңыз. Ол үшін MS
Office стандартты орнату кезінде Қосу/Бағдарламалар/ Microsoft Access орын-
даңыз. Microsoft Access ашылған терезесінде деректер базасын таңдауға және
ашуға арналған терезеде Болдырмау батырмасын басыңыз.
2.
Тінтуірді экранның әртүрлі элементтеріне апарып, бағдарлама интер-
фейсін игеріңіз.
3.
Файл/Құру пәрменін таңдаңыз.Экранда Құру терезесі пайда болады,ол
Жалпы және Деректер базасы деген екі қосымша парақтан тұрады ( 22.1
сурет):
Жалпы қосымша парағы жаңа бос деректер базасын құруға арналған;
Деректер базасы қосымша парағы шебер көмегімен деректер
базасын құруға және деректер базасындағы объектілердің қажетті
тематикаларынан тұратын үлгіні таңдауға мүмкіндік береді.
4.
Жалпы қосымша парағына көшіңіз,терезенің төменгі бөлігінен ОК
батырмасын басыңыз. Экранда Жаңа деректер базасы файлының терезесі
ашылады.(22.2 сурет).
5.
«Папка» ашылған тізімінен сіз деректер сақтайтын «Менің құжат-
тарым» папкасын таңдаңыз, ал Файл атауы жиегіне «Менің бос деректер
базам» деген атауды енгізіңіз (база атауы ретінде өзіңіздің тегіңізді пайда-
лануға болады).Файл атауына арналған (mdb) кеңейтуді көрсетпеуге бола-
ды,себебі
Достарыңызбен бөлісу: |