96
16.2 тапсырма. Жиынтық табысты есептеу кестесін құру.
Бастапқы деректер 16.7 суретте көрсетілген.
1.
Парақ 2-ге көшіңіз, Парақ 2 жарлығын тінтуірмен бассаңыз электрон-
ды кітаптың жаңа парағы ашылады.
2.
Парақ 2-де жиынтық табысты есептеу кестесін үлгі бойынша құрыңыз.
А4 ұяшығында мерзім форматын 16.7 суреттегідей құраңыз (Формат
/Ұяшықтар/Сан қосымша парағы/Сандық пәрменінен Мерзім форматын, «1
мамыр, 2004 жыл» мәтін түріндегі мерзім түрін таңдаңыз). Одан кейін авто-
көшіру арқылы мерзімді төмен қарай көшіріңіз.
3.
В3 ұяшығында «Бөлімше 1» сөзін теріңіз және оны оңға қарай С3 және
D3 ұяшықтарына көшіріңіз.
4.
В4:Е24 ұяшықтар облысын белгілеп, үтірден кейін екі белгісі бар
ақшалай форматты таңдаңыз. Сандық деректерді енгізіңіз.
5.
«Е» бағанасында есептеуді орындаңыз.
Есептеуге арналған формула
Барлығы бір күнде = Бөлімше 1 + Бөлімше 2 + Бөлімше 3, Е4 ұяшығында
келесі формуланы теріңіз: В4 + С4 + D4. Формуланы кестенің барлық
бағанасына көшіріңіз.
16.7
.сур. 16.2 тапсырмасына арналған бастапқы деректер
97
Есептік формулалар бағанның тек жоғарғы ұяшықтарына енгізілетінін есте
сақтаңыз, ары қарай олар бағана бойынша көшіріледі.
6.
В24 ұяшығында «В» бағанасы деректері сомасының есебін орындаңыз
(«Бөлімше 1» бағанасы бойынша сома). Деректердің үлкен көлемін сома-
лауды орында үшін құралдар тақтасындағы Автосомлау (X) батырмасын
пайдаланған ыңғайлы болып табылады. Ол үшін меңзерді В24 ұяшығына
апарыңыз және тінтуірдің сол жақ батырмасымен X батырмасын басыңыз.
«В» бағанасындағы деректер сомасы шығады.
7.
В24 ұяшығындағы формуланы С24 және D24 ұяшықтарына авто-
толтыру маркерінің көмегімен автокөшіру арқылы көшіріңіз.
8.
Кесте маңына сызықтар сызып, құрылған кестеге және тақырып атына
пішімдеу жүргізіңіз.
14.
Парақ 2 жарлығының атауын «Пайда» деп өзгертіңіз. Ол үшін жарлық-
ты екі рет басып, жаңа атауды енгізіңіз. Жарлықтың контекстік мәзірінің
Атауын өзгерту пәрменін пайдаланыңыз (тінуірдің оң жақ батырмасымен
шақырылады).
15.
Жұмыс нәтижесі бойынша, біз екі парақтан және екі кестеден тұратын
электронды кітапты құрдық. Құрылған электронды кітапты өзіңіздің папка-
ңызда «Есептер» атауымен сақтаңыз.
Қосымша тапсырмалар
16.3 тапсырма. Кестені толтыру, есеп жүргізу және кестені пішімдеу
(16.8 сурет).
Есептеуге арналған формулалар:
Барлығы цех бойынша = Тапсырыс №1 + Тапсырыс №2 + Тапсырыс №3;
Барлығы= әр бағана бойынша мәндер сомасы.
Қ ы с қ а ш а а н ы қ т а м а . Автосоманы орындау үшін құралдар тақтасын-
дағы Автосомолау (X) батырмасын немесе СУММ функциясын пайдаланған
ыңғайлы
16.8 сурет. 16.3 тапсырмасына арналған бастапқы деректер
98
Алғашқы сан ретінде соманы есептеу деректері бар ұяшықтар тобын
белгілеңіз.
16.4 тапсырма. Кестені толтыру, есептер жүргізу және кестені пішімдеу
(16.9 сурет).
Қ ы с қ а ш а а н ы қ т а м а . Электронды кітап парақтарын қосу үшін келесі
пәрменді орындаңыз:Қою/Парақ.
16.9
.сур. 16.4 тапсырмасының бастапқы деректері
Есептеу формуласы:
Үстемақы сомасы = Үстемақы пайызы х Жалақы сомасы.
Ескерту. «Үстемақы пайызы» бағанысына сандардың пайыздық форма-
тын орнатыңыз.
17-практикалық сабақ
Тақырып: MS EXCEL ДИАГРАММАЛАРДЫ
ҚҰРУ ЖӘНЕ ПІШІМДЕУ
Сабақтың мақсаты. MS Excel диаграммалар түріндегі деректерді ұсыну-
дың ақпараттық технологиясын игеру.
17.1 тапсырма. «Құжаттық тексерілген ұйымдардың меншікті салма-
ғын есептеу» кестесін құру және есептеу нәтижелері бойынша диаграм-
ма құру.
99
Бастапқы деректер 17.1 суретте, жұмыс нәтижелері 17.6 суретте көрсе-
тілген.
Жұмыс тәртібі
1.
Microsoft Excel электронды кестелер редакторын іске қосыңыз (MS
Office стандартты орнатуда Қосу/Бағдарламалар/Microsoft Excel орындаңыз).
2. 16-
практикалық жұмыста ашылған Есептер файлын ашыңыз (Файл
/Ашу).
3.
Парақ 3 жарлығының атауын «Меншікті салмақ» деп өзгертіңіз.
4.
«Меншікті салмақ» парағында «Құжаттық тексерілген ұйымдардың
меншікті салмағын есептеу» кестесін 17.1 суреттегі үлгі бойынша құрыңыз.
Е с к е р т у . Сызықша немесе басқа математикалық белгіден басталатын
мәтіндік деректерді енгізуде алдымен Аралық пернесін (мәтіндік деректер
белгісі), одан кейін — сызықшаны және мәтінді (— мемлекеттік — жергілікті
және т.б) басыңыз.
5.
Кестеде есептеу жүргізіңіз. Есептеу формуласы.
Меншікті салмақ = Тексерілген ұйымдар саны/Өтеушілердің жалпы
саны.
«Меншікті салмақ» бағанасында сандардың пайыздық форматын орнаты-
ңыз, бағдарлама деректерді 100-ге көбейтеді және пайыз белгісін қосады.
17.1
.сур.17.1 тапсырмасына арналған бастапқы деректер
Достарыңызбен бөлісу: |