Хабарландыру
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер
комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер
департаменті, 150000, Петропавл қ., К. Сүтішев көшесі, 56, анықтама
телефоны, факс 8(7152) 46-45-07, 50-00-51, электронды мекен-жайы
icherepanova@taxsko.mgd.kz, Экономикалық тергеу қызметінің жедел-тергеу
бөлімшесінің бос орнына конкурс жариялайды.
Жедел-іздестіру қызметі басқармасы көлеңкелі экономикаға қарсы іс-
қимыл, салықтық және қаржылық қылмыстарды ашу бөлімінің жетекші
маман-офицері, С-GDО-6 санаты, 1 бірлік.
Қызметтік міндеттері: Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес
жедел-іздестіру қызметін іске асыру.
Білімі мен мамандығы деңгейіне қойылатын талап: Нақты лауазымның
функционалдық бағыттарына келетін жоғары кәсіби білімі.
Жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар: Осы лауазым бойынша
функционалдық міндеттерін атқару үшін қажетті міндетті білімінің, икемінің және
дағдысының болуы.
Денсаулық жағдайына қойылатын талаптар: Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрлігінің 2010 жылғы 31 наурыздағы «Ішкі істер органы қызметі
үшін тұлғалардың денсаулық жағдайына сәйкес келетін талаптарды бекіту
жөнінде» № 132 бұйрығымен анықталған құқық қорғау органында қызметті өтеуге
жарамды санатына сәйкес.
Конкурсқа қатысушылар медициналық және психофизиологиялық
куәландырудан міндетті түрде өтуі тиіс, оның ішінде әскери-дәрігерлік
комиссиясының полиграфиялық зерттеуі, дене шынықтыру дайындығы
бойынша нормативті тапсыру, әңгімелесу.
Департаменттердің Экономикалық тергеу қызметі аумақтық бөлімшелері
қызметкерлерінің
лауазымдық
жалақысы
Қазақстан
Республикасы
Президентінің 2004 жылғы 17 қаңтардағы «Қазақстан Республикасы Ұлттық банк
мемлекеттік бюджет және сметасы (бюджет) есебінен ұсталған Қазақстан
Республикасы органының қызметкерлерінің еңбек ақысының бірыңғай жүйесі
туралы» №1284 жарғысына сәйкес белгіленеді.
Санаты
Еңбек өтіліне қарай
min
max
С-GDО-6
81937
110783
Конкурсты жүргізу ережесі және құжаттар үлгісі Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігінің 2014 жылғы 17 қарашадағы № 498 бұйрығымен бекітілді.
Қажетті құжаттардың тізімі:
1. Нысан бойынша өтініш (персоналмен жұмыс бөлімінде);
2. Кадрлар есебі бойынша толтырылған жеке парақ (нақты тұрған орнының
мекенжайы мен байланыс телефондарының көрсетілуімен) нысан бойынша
(персоналмен жұмыс бөлімінде);
3. Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігінің көшірмесі;
4. Білімі туралы құжаттардың (диплом мен қосымшаның) көшірмесін;
5.
Әскери қызмет өткерген немесе Қазақстан Республикасы Қорғаныс
министрлігінің мамандандырылған ұйымдарында әскери оқытылған резервті
даярлау жөніндегі әскери даярлықтан өткені, сондай-ақ "Әскери қызмет және
әскери қызметшілердің мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына
сәйкес мерзімді әскери қызметке әскерге шақырудан босатылған немесе кейінге
қалдырылғаны туралы құжаттарының көшiрмесiн;
6. Өлшемі 3*4 фотосуретін (4 дана);
7. Нысан бойынша (персоналмен жұмыс бөлімінде) жақын туыстарын, оның
ішінде бұрынғы жұбайларын көрсете отырып, өз қолымен жазылған және А4
форматында басылып шығарылған өмірбаянын;
8. Еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесін;
9. Құқықтық статистика және арнайы есепке алу органдарының соттылығы,
бір жылдың ішінде қасақана құқық бұзушылық жасағаны үшін сот тәртібінде
әкімшілік жауапкершілікке, сыбайлас жемқорлықтық құқық бұзушылық жасағаны
үшін тәртіптік және әкімшілік жауапкершілікке тартылмағандығы туралы
анықтама;
10.
Үміткердің
және
оның
жұбайының
(зайыбының)
"Сыбайлас
жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасының Заңына
сәйкес тұрғылықты жері бойынша мемлекеттік кірістер органдарына табыстары
мен мүлкі туралы декларациялар тапсырғанын растайтын құжаттар;
11. Құжаттар тапсыру сәтінде жарамды мемлекеттік қызмет жөніндегі
уәкілетті органнан заңнамаларға біліктілігін тестілеуден шекті деңгейден төмен
емес нәтижеде өткендігі туралы сертификат;
12. Құжаттар тапсыру сәтінде жарамды мемлекеттік қызмет жөніндегі
уәкілетті органнан жеке құзыреттерін бағалаудан өткендігі туралы қорытынды.
Құжаттардың көшірмелерін қабылдау кезінде салыстыру үшін олардың
түпнұсқалары қарастырылады немесе нотариалды куәландырылған көшірмелері
қабылданады.
Құжаттардың толық емес пакетін ұсыну конкурстық комиссиямен оларды
қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.
Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, және кәсiби шеберлiгiне қатысты
(бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми (академиялық) дәрежелер мен атақтар берiлуi
туралы
құжаттардың
көшiрмелерi,
мiнездемелер,
ұсынымдар,
ғылыми
жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын
мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.
Құжаттарды
қабылдау
мерзімі
–
конкурс
жүргізу
туралы
хабарламаның жарияланған күнінен бастап 10 жұмыс күні.
Құжаттар К.Сүтішев к., 56 мекенжайындағы, тел. 8(7152) 46-45-07,
Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Адам
ресурстары басқармасында құжат тігілетін мұқабада қолма-қол тәртіпте немесе
пошта арқылы қабылданады.
Құжаттардың толық емес пакетін ұсыну оларды қараудан бас тартуы үшін
негіз болып табылады.
Конкурстың кезеңдері туралы ақпарат жалпылық шолуға ыңғайлы орында
СҚО бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің ақпарат стендтарында,
сонымен қатар оның
www.sko.kgd.gov.kz
интернет-ресурсына орналастырылатын
болады.