Microsoft Word модуль нерв жүйесі толық



жүктеу 1,85 Mb.
Pdf просмотр
бет12/18
Дата26.09.2022
өлшемі1,85 Mb.
#39407
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   18
модуль 1. нерв жүйесі толық

 
 
 
Ми қыртысының нейрондары 
Ми қыртысындағы нейрондар–мультиполярлы, көбі 
пирамидалді.
Пирамидалді 
нейрондардан басқа пішіні 
жұлдыз тəрізді 
жəне
 жіп тəрізділерде
баршылық. 
Ми қыртысының цитоархитектоникасы 
1. Пирамида тəрізді нейрондар
қыртыстағы барлық нейрондардың 90% түзеді. 
Мөлшері əртүрлі, 10 нан 15 мкм-ге дейін. Пішіні үшбұрышты денесінің жоғарғы 
ұшынан ұзын апикальді дендрит шығып, қыртыстың молекулярлы қабатында "Т" 
əріпі тəрізді болып тармақталады. Нейрон денесінің бүйір бөлігінен 20 шақты 
дендриттер тарап, өз қабаттарында қалып отырады. Нейрондардың төменгі 
қабырғасынан (табанынан) бір ғана аксон шығып мидың басқа аймақтарына өтіп
коллатералды тармақтарға айналады. Бұлардың біразы пирамидалы нейрондар 
орналасқан қабатқа қайта келіп, көршілес нейрондармен түйісіп көптеген 
синапстар түзеді. 
2. Жұлдыз тəрізді нейрондар 
ми қыртысының барлық қабаттарында кездеседі. 
Бұл нейрондар өте майда, ұсақ, денесінен көптеген қысқа дендриттер мен аксондар 
тарап, қыртыстың ішінде байламдар түзеді. Жұлдыз пішіндес нейрондардың тағы 
бір түрі "канделябр" жасушалары. Бұл жасушалардың денесінде екі букет тəрізді 
болып, тығыз тармақталған дендриттері болады. 
Қызметі: 
Нерв импулісін тежейді. Жұлдыз пішіндес нейрондардың тағы бір 
қызметі эфферентті пирамидалді нейрондардың қызметін қоздырады. 


МЕББМ ҚАЗАҚСТАН-РЕСЕЙ 
НУО КАЗАХСТАНСКО
-
РОССИЙСКИЙ
МЕДИЦИНАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
МЕДИЦИНСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ 
3. Жіп тəрізді нейрондардың
денесінен горизонтальді кейде вертикалді 
бағытталған ұзын аксон шығады да мидың ақ затына өтеді. 
Дамуы:
Бас миының ең белсенді дамуы эмбриогенездің 20-аптасында 
байқалады.Бұл уақытта мидың тіректік глиоциттерінің қалыптасуымен глиальді 
талшықтардың 
пайда 
болуынан 
болашақ 
ми 
қыртысының 
кортикальді 
пластинкасы түзеледі.Пайда болған пластинкаға алғашқыда VІ жəне І ми 
қабаттарының нейрондары, V, ІV, ІІІ ең соңынан II қабаттардың нейроциттері 
түзіледі. Нейроциттер немесе нейрондардың көбеюіне байланысты ми қыртысы 
қалыңдай бастайды.Бас ми қыртысындағы нейрондардың орналасуы мен құрылыс 
ерекшелектерін-цитоархитектоникасы, ал нерв талшықтарының орналасу ретін-
мидың миелоархитектоникасы дейді. 
Бас ми қыртысында шегі анық білінбейтін мына қабаттарын ажыратуға болады. 
1.Молекулярлы (сыртқы қабат);
2.Сыртқы дəнді; 
3.Пирамидалді (ең жалпақ); 
4.Ішкі дəнді; 
5.Ганглионарлы (ірі пирамида тəрізді нейрондары бар); 
6.Полиморфты жасушалар қабаты; 
1.Молекулярлы қабатта
нейрондары аз,керісінше көптеген горизонтальді 
орналасқан талшықтар болады. Бұл қабатқа мидың басқа қабаттарынан келген 
дендриттер шоғырлары орын алады. Майда жіп тəрізді нейрондардың өсінділері 
осы қабатта қыртыс бетіне параллель орналасады. Бұларды
тангенциальді нерв 
талшықтарының өрімдері
 
дейді

Молекулярлы қабатқа таламустағы ядролардан 
таламокортикальді талшықтары
келеді. Аталмыш қабаттағы нейрондар 
қыстырма жіп тəрізді Рамон-Кахаль жасушалары болып табылады. Бұл 
жасушалардан басқа глиальді жасушаларда баршылық. 
2.
Сыртқы дəнді қабатта
майда, пішіні əртүрлі: пирамидалы, жұлдыз тəрізді 
нейрондар орналасқан. Пирамидалы нейрондардың мөлшері 10мкм шамасында. 
Нейрондардың апикальді дендриттері жоғарғы молекулярлы қабатқа өтіп 
таламокортикальді нерв талшықтарымен синапстар түзеді. Аксондары ΙΙΙ, V жəне 
VI қабаттардағы нейрондармен түйісіп, синапстар түзеді. Қабаттың қызметі 
ассоциотивтік. 
 
3.Пирамидалы нейрондар қабаты
көбінесе өлшемі 10-40 мкм-дей орташа жəне 
майда нейрондардан түзіледі. Бұлардың дендриттері қыртыстың молекулярлы 
қабатына, аксондары мидың ақ затына өтіп, кортико-кортикальді талшықтарды 
түзеді. 
 
4.Ішкі дəнді қабаттағы
жасушалар көбінесе жұлдыз тəрізді болып келеді. Бұл 
қабатта майда пирамидалді нейрондар да баршылық. Қабаттың негізгі қызметі 
сенсорлық. 
Бұл қабатта таламокортикальді талшықтардың ең негізгі құрамы 
аяқталған (нейрондармен синапс түзе келе). Мұндай нерв талшықтары қалың 
сыртқы Белларж жолағын түзеді. 
Аталмыш қабат ми қыртысының көру жəне 
есту аймақтарында жақсы дамыған.
 



жүктеу 1,85 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   18




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау