1
САБАҚ ЖОСПАРЫ
Пəн
Химия
Мұғалім
Бодықова Гүлшат Зұлхарнаевна
Мектеп, сынып
Қызылорда облысы, Шиелі
ауданы, Байсын ауылы, №207
“Жаңатұрмыс” орта мектебі,
9-сынып
Сабақ тақырыбы
Металдардың адам өміріндегі
маңызы
Сабақтың мақсаты
Білімділік:
Оқушылардың
металдар
туралы,
олардың қасиеттері, адамға қажеттілігі туралы алған
білімдерін қорыту, бір жүйеге келтіру;
Тəрбиелік: Оқушыларды өзіндік жұмыс істеуге
баулу, ойлау жəне шығармашылық қабілеттерін
дамыту, алған теориялық білімдерін іс-жүзінде
қолдана білуге үйрету;
Дамытушылық: Жаңа компьютерлік технология
əдістері арқылы оқушылардың сабаққа белсенділігін
арттыру.
Құрал-жабдықтар, көрнекі
құралдар
Интерактивті тақта, комьпютер, химиялық реакция
теңдеулері. Химиялық реактивтер: темір, мыс,
кальций, сынап кең қолданылатын металл үлгілері,
металға бай тағам, бұйым түрлері, топтамалар, тірек
сызба, викториналық ребус,
http://bilimland.kz
сайты пайдаланылды.
Сабақ түрі
Аралас. Сайыс сабақ.
Əдіс-тəсілдер
СТО
жобасының
стратегиялары:
көрнекілік
символдар, викториналық ребус.
Пəнаралық байланыс
Биология, математика, қазақ тілі, экология.
Сайыс сабақ барысы
Сайысымыз 5 кезеңнен тұрады:
1-кезең. «Ойлы болсаң, озып көр»
2-кезең. «Мықты болсаң, тауып көр»
3-кезең. «Жүйрік болсаң, шешіп көр»
4-кезең. «Зеке болсаң,шешіп көр»
2
5-кезең. «Химик-сараман»
Тапқыр, білгір, дарынды
Жарыс бар бүгін арынды
Химия пəнінің сүйген сен
Ортаға сал барыңды – деп, сайысқа
қатысушыларға сəттілік тілей отырып,
сайысымыздың алғашқы кезеңін бастайық.
1-кезең «Ойлы болсаң, озып
көр», «Ой қозғау» стратегиясы
«Сырларым бар химиктерге аян, таба алсаң
қасиетімді етем баян» - жұмбақтарды жасыру
арқылы металдарды табу.
1
1. Күмістей ақшыл, жеңіл металл.
2. Мемлекет атымен аталатын элемент.
3.Магнитті қасиеті бар металл.
4.Сілтілік металл
5. Бағалы металл.
6. Радиактивті металл.
7. Ең ауыр металл.
8. Октан құрамына кіретін металл.
Шешуі: 1. Магний 2. Гарманий 3. Темір 4. Натрий 5. Алтын 6. Радий 7. Қалайы 8.
Қорғасын
м
е
2
3
т
4
а
5
л
6
д
7
8
а
р
2-кезең «Мықты болсаң, тауып
көр»
Металл туралы мақал-мəтелдер:
ü
Қойдың сүті – қорғасын.
ü
Темірші - көміршіге үйір.
ü
Темірді қызған кезде соқ
ü
От көмір жейді, тот темір жейді.
ü
Темірдің бір басы - ыстық, бір басы –
суық.
ü
Темір кессең қысқа кес, ұзартуың
оңай,
Ағаш кессең ұзың кес, қысқартуы
оңай.
3
ü
Алтынды еріте білмегендер - ірітеді,
Теріні илей білмеген – шірітеді.
ü
Арпа-бидай ас екен, алтын-күміс тас
екен.
ü
Мылтықтың күмісін айтпа, тиісін айт.
ü
Өлең алтын, сөз күміс.
3-кезең «Жүйрік болсаң, шауып
көр»
Полиглот. Адам ағзасында кездесетін металдарды
жазып шығу.
Натрий.
Натрийдің ең негізгі минералы –
натрий хлориді NaCl болып
табылатын галит.
http://bilimland.kz/index.php/kz/
видео көрсету
Көмір
жанғанда,
қара
металургия
кəсіпорындарының
қалдықтарында,
тұрмыстық тағам суларында, көшелерде,
жол бойында мұзды, қарды еріту үшін ас
тұзын
сепкенде
жəне
ауыз
суларды
жұмсартқанда пайда болады.
Натрий ағзаның өн бойына толық тараған;
қан сарысуында, арқажұлын сұйықтығында,
көз сұйықтығында, асқорыту сөлдерінде,
өтте, бүйректе, теріде, сүйек ұлпаларында,
өкпеде жəне мида.
Зиянды əсері. Натрий ионының ағзада
көп мөлшерде болуы ас тұзын мол
пайдалануға байланысты. Бұл су алмасуын
бұзады, қанды қоюлатады, бүйрекке əсер
етеді жəне зат алмасуға жүрек тамыр
жүйесіне зиянды.
Мыс.
Мыс
көптеген
минералдардың
құрамдас бөлігі болып табылады.
Мысалы, алтын сары халькопирит
CuFeS2, мыспен темірдің күрделі
сульфиді жəне жасыл малахит Cu2(OH)2CO3, химиялық құрамы бойынша
гидратталған мыс карбонаты
http://bilimland.kz/index.php/kz/
Тірі ағзада, адамда мыс, темір тəрізді қан құрамында кездеседі. Мыс элементі аз
болса жануарларда анемия, өсімдіктерде хлороз ауруы пайда болады. Бауыр мен мида
мыстың мөлшері көп болады.
Зиянды əсері. Мыс улы металдарға жатады. Нерв жүйесі, бауыр, бүйрек, тіс,
асқазанға əсер етіп, қызметін бұзады.
Литий. Адам ағзасындағы литий элементінің мөлшері орта есеппен 70 мг.
Жануарлардың ағзасындағы литий қосылыс күйінде бауырда, бүйректе, көкбауырда,
өкпеде, қанда жəне сүтте жинақталады. Литийдің ең көп мөлшері бұлшық ет құрамында
болады. Литий ионы асқазан-ішек қабырғалары арқылы қанға өтіп сонда жиналады.
4
Кальций. Цемент өндірісінде, қағаз, шыны, химия-фармацевтика,
тері, бояу, сыра өндірісі қалдықтарында, цемент, бетон ыдыстарды
пайдаланғанда түзіледі. Кальций хлораты мақтаны жинарда жапырақты
ерте түсіру үшін дефолиант түрінде қолданылады.
Биологиялық рөл. Са ионы қан тоқтату жəне зат алмасу, əсіресе
сүйектерге, тіс құралу үшін қажет. Са фосформен бірге сүйекті жəне
жүйке жүйесін құрайды.
Зиянды əсері. Ағзада Са құрамы көп болып кетсе, адам цистит ауруына шалдығады.
Егер Са цемент ұнтағы түрінде өкпеге енсе тыныс жолдарына зиян.
Мырыш. Мырыштың негізгі көзі мырыш алдамшысы ZnS болып
саналады.
Жануарлар мен өсімдіктер дүниесі үшін қажет элемент. Ересек
адамның ағзасындағы мырыш бұлшық еттерде 65 пайыз, сүйектерде 20
пайыз жиналған. Ал қалған бөлігі қан плазмасында, бауырда жəне
эритроциттерде болады. Мырыштың ең көп мөлшері қуықасты безінде
кездеседі. Негізгі мырыш қарабидай кебегінде көп болады. Адам ағзасы мырышты ет,
сүт жəне жұмыртқа тағамдарын пайдалану арқылы қабылдайды.
Зиянды əсері. Мырыш ағзада көбейіп кетсе Са-дің құрамы төмендеп остеопороз
(сүйек сынғыштығы) ауруы пайда болады. Ағзада жетіспесе тері аурулары жəне диабет
ауруына ұшырайды.
Калий. Калий ағзаның барлық бүйрек, жүрек, сүйек, бұлшық еттерде, қанда, мида
жəне т.б. кездеседі. Ағзадағы калий катионы К
+
физиологиялық қызметтер атқарады –
бұлшық еттердің жиырылуы, жүректің қалыпты жұмыс істеуі, жүйелік импульстардың
берілуі, алмасу ферменттердің белсенділігін арттырады. Ересек адам тəулігіне
тамақпен бірге 2-3 г калий қабылдайды. Ағзаға калий жетіспеген жағдайда күніне 4-5 рет
калий хлоридік КСІ 1,0 г мөлшерде пайдаланады.
Магний. Магний табиғатта магнезит минералы MgCO
3
түрінде
кездеседі.
Ағзадагы магнийдің ең көп мөлшері сүйек ұлпасында, тіс эмалінің
дентинінде жинақталған. Сонымен қатар, магний ұйқы безінде, қанда,
бұлшық еттерде, бұйректе, мида, бауырда жəне жүректе кездеседі. Ересек
адам тəулігіне массасы 0,7 г шамасындай магнийді пайдаланады.
Есептер шығару
Есеп №1.
Массасы 18 г темір пластинкасы мыстың (ІІ) сульфатының ерітіндісіне батырылды.
Оның беті мыспен қапталған соң, оның массасы 20 г болды. Темірдің қандай массасы
ерітіндіге өтті?
Есеп шешуі: Металдардың стандартты электродты потенциалдар мəнін пайдаланып
реакция теңдеуін жазамыз.
Fe + CuSO
4
= FeSO
4
+ Cu
Егер v (Cu) мəні x моль болса, ерітіндіге өткен теміірдің массасы мына мəнге тең
болады,
m=v ·M
m (Fe) = 56 ·x г..,
ал пластинканың бетінде бөлінген мыстың массасы, сəйкесінше 64x г..,
Ерітіндіге өткен темірдің массасын, мыстың массасын ескере отырып, пластинканың
бетіне қонған массаны ескере отырып, реакция теңдеуін құрамыз:
18 -56 ·x + 64 = 20
5
X= 0,25
m (Fe) = v ·Mm (Fe) = 56 ·0,25= 14(г)
Есеп №2. Құрамы 80% магнитті темірден тұратын əрбір тонна темір рудасынан
құрамында 95% Ғе бар 570кг шойын алуға болады. Теориямен салыстырғанда шыққан
темірдің массалық үлесінің шығымын анықтаңдар. Есеп талқыланғаннан кейін, оның
шарты жазылады. Жоспар құрылады.
Берілгені: Есепті шығару үшін шығымға байланысты
m (руда) =1т анықтамаларды еске түсіреді. Оны анықтайтын
m (шойын) = 570кг формуланы жазады.
ω(Ғе) = 0,95
ω(Ғе
3
О
4
) = 0,8 η = m
прак(Ғе)
/ m
теор (Ғе)
η(Ғе)-?
Практика жүзінде алынған темірдің массасын шойынның массасы мен ондағы
темірдің проценттік мөлшерімен анықтайды. Сонан кейін бір тонна рудадағы темірдің
массасын табу үшін алдымен бір тоннадағы Ғе
3
О
4
массасын табады. Сосын химиялық
формула арқылы Ғе
3
О
4
жəне оның молярлық массасы арқылы рудадағы Ғе массасын
табуға болады. Осындай талқылаудан кейін барып, есептің шығару жоспары құрылады.
1. Шойындағы темірдің массасын табу.
m = 570 · 0,95 = 541,5 кг.
2. Бір тонна рудадағы Ғе
3
О
4
массасын табу.
m (Ғе
3
О
3
) = 0,8· 1000 кг = 800 кг
3. Ғе
3
О
4
құрамындағы темірдің массасын табу (теориялық масса)
800 ----------------------- х
232 ----------------------- 168
х = 800 ·168 / 232 = 579
4.Темірдің массалық үлесінің шығымын анықтау.
η = m
прак(Ғе)
/ m
теор (Ғе)
= 541,5 / 579 = 0,94 = 94 %
Есеп №3. 1,2г Mg қышқылымен Н
2
SО
4
əрекеттесіп 5,5г тұз алынады. Алынған
өнімнің шығымының массалық үлесін табыңдар.
Шешуі:
m(Mg) =1,2г 1,2г
m MgSО
4
) =5,5г Мg + Н
2
SО
4
═ МgSО
4
+ Н
2
ή =? 24г 120
1моль 1моль
Теңдеу бойынша 1 моль Мg 1 моль қышқылмен əрекеттескен, 1,2г < 24г 20 есе, олай
болса m ( MgSО
4
) массасы 20 есе аз болу керек, яғни
m
теор
( MgSО
4
) =120 : 20 = 6 г.
6
Бұл алынған мəліметті формулаға қоямыз.
ή = 5,5г : 6 г = 0,92 = 92 %
Жауабы: 92%
4-кезең «Зерек болсаң, шешіп
көр»
Шапшаң ұтымды жауап беру керек.
І топ
1 кг темір кенінде 900 г темір(III) оксиді (Fe2 O3 )
бар, қалған 100 г –қоспалар. Темірдің кендегі
массалық үлесін анықтаңыз( %-бен).
Алдымен, 1 моль темір(III) оксидінің (Fe2O3)
массасын есептеңіз.
1 моль Fe2O3 массасы
=×г Fe +×г O
1 моль Fe2O3 массасы = г
Содан соң 1 моль темір(III) оксидінде (Fe2 O3 )
қанша темір барын анықтаңыз.
1 моль темір(III) оксидіндегі темір массасы = г
Енді темірдің оның 900 г оксидіндегі (Fe2O3) массасын есептеңіз.
x= г Fe× г Fe2 O3 г Fe2 O3= г
Енді кендегі темірдің массалық үлесін анықтаңыз(%).
= г г×100%
кендегі темірдің массалық үлесі = %
ІІ топ
7
Пириттегі FeS2 темірдің мөлшерін есептеңіз. Нəтижелерді ондық бөлшекке дейін
жуықтаңыз. Периодтық кестедегі атомдық массаны ондық бөлшекке дейін жуықтап
пайдаланыңыз.
темірдің мөлшері =
×
× 100% =
ІІІ топ
Темір минералдарының химиялық формулаларын тексеріңіз.
Олардың əрқайсысындағы темірдің мөлшерін есептеңіз.
Нəтижелерді ондық бөлшекке дейін жуықтаңыз. Периодтық
кестедегі атомдық массаны ондық бөлшекке дейін жуықтап
пайдаланыңыз..
Минерал
Сəйкес формула
Темірдің мөлшері
(% массасы)
гематит
Fe2 O3
магнетит
Fe3 O4
пирит
FeS2
сидерит
FeCO3
темірдің мөлшері=Fe атом саны×Fe молярлық массасықоспаның молярлық масс
асы×100%
Пиритте қанша Fe атомы бар екенін тексеріңіз.
Периодтық кестедегі Fe молярлық массасын тексеріңіз.
пириттің молярлық массасы = Fe молярлық массасы + (2 × S
молярлық массасы)
http://bilimland.kz/index.php/kz/
5-кезең «Химик сараман»
Қызықты тəжірибе
І топ. Судың ластануы.
Ізбес суының қаныққан ерітіндісіне көмірқышқыл
газын жібереміз. Ерітінді лайланады.
Түсіндірме:
калий
гидроксидінің
ерітіндісіне
көмірқышқыл газы еріп, кальций карбонатының ақ
8
тұнба түзілді:
Са (ОН)
2
+ СО
2
– СаСО
3
+Н
2
О
Ізбес суы көмірқышқыл газының бар екендігін
анықтайтын индикатор.
ІІ топ. Сүттің суға айналуы.
Кальций хлориді ерітіндісіне натрий карбонаты
ерітіндісін қосқанда ақ тұнба түзіледі. Түзілген ақ
тұнба 20 пайыздық тұз қышқылын қосқанда «ақ сут»
қайнап түссіз мөлдір сұйықтыққа айналады.
Түсіндірме: кальций хлориді ерітіндісі натрий
карбонат
ерітіндісімен
əрекеттескендеақ
түсті
кальций карбонаты түседі:
СаСІ
2
+ Na
2
CO
3
= CaCO
3
+ 2NaCІ
Түзілген тұнба тұз қышқылын қосқанда тұнба еріп
кальций хлориді, су жəне көміртек (ІҮ) оксиді түзілді,
көмірқышқыл газының бөлінуі қайнауды көрсетеді:
СаСО
3
+
2НСІ =СаСІ
2
+Н
2
О +СО
2
ІІІ топ. Мыстың түсі қандай?
Сынауықтың 1/3 көлемінде этил спирті құйылады.
Мыс пластинкасын қысқышпен алып, оны жалынға
ұстаймыз. Мыс пластинкасы қарайған соң, жалыннан
алып,
спирт
құйылған
сынауыққа
саламыз.
Пластинка ашық қызыл түс түзеді.
Түсіндірме: мыс пластинкасын қыздырғанда
оттекпен əрекеттесіп мыс (ІІ) оксидін түзеді:
2Сu + O
2
= 2CuO
Мыс (ІІ) оксиді спиртпен əрекеттесіп, альдегид
жəне мыс түзеді:
СН
3
—СН
2
ОН + СuO = CH
3
– COOH + H
2
O + Cu
Қорытынды
Металдардың адамзат қоғамындағы орны ерекше.
Оқушылар алдарында берілген шартты белгілерді
тақтада ілініп тұрған Қазақстанның картасына өз кен
орындарын орналастырады. Отанымыздың жер
қойнауы өте бай. Металдар – ғылым мен техниканың
қазіргідей дəрежеге жетуінің бірден-бір кепілі.
Сабақ соңында оқушылар білімдерін бағалайды.
Үйге тапсырма: §30. 5,6 – жаттығу.
Достарыңызбен бөлісу: |