count
айнымалысы тек
Main
функциясының орындалуы
кезінде ғана жұмыс істей алады. Сондықтан
for
цикліндегі
count
айнымалысының өзгеру
нәтижесі
Main
функциясындағы
count
айнымалысына ешқандай әсерін тигізбейді.
Айнымалының жұмыс істеу аймағын қарастыру кезінде локальдық және глобальдық
айнымалылар түсінігі жиі пайдаланылады.
Локальдық (жергілікті) айнымалы
– бұл белгілі бір функцияның ішкі
операторларында ғана белгілі болып табылатын, әрекет ету аймағы шектеулі айнымалы.
Глобальды (ауқымды) айнымалы
– бұл программаның барлық аймақтарында толық
белгілі болып саналатын айнымалы.
Жоғарыла мысалда көрсетілген
count
айнымалыcы тек қарастырылған функция
ішінде ғана анықталған локальдық айнымалы болатын.
Достарыңызбен бөлісу: |