Microsoft Word История. №3,2010



жүктеу 5,07 Kb.
Pdf просмотр
бет58/66
Дата28.11.2017
өлшемі5,07 Kb.
#2117
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   66

Абай атындағы ҚазҰПУ-дың ХАБАРШЫСЫ,  «Тарих жəне саяси-əлеуметтік ғылымдар» сериясы, № 3 (26), 2010 ж. 
 
 
115
Африканы айналып өтіп Үндістанға баратын теңіз жолдың ашылуы (1498 ж.) жəне Əмір Темірдің 
билігінен  кейін  Орта  Азиядағы  саяси  өмірдегі  дағдарыс  Түркістан  арқылы  өткен  сауда  байланыстарын 
ұзақ уақытқа тоқтатты [2]. 
Уақыт  өте  келе,  Ресей  империясының  күшейіп,  Қазақ  даласы  арқылы  Шығыс  елдерімен  сауда 
байланыстарын жандандыруына байланысты, керуен жолдардың маңызы артты. 
Ең алғашқы орыс керуені Ташкентке 1738 ж. жіберілді, жəне ол  айтарлықтай нəтижелі болмады. 
Ең  алғашқы  Ташкент  керуені  де  Орынборға  дəл  осы 1738 ж.  жіберілді.  Тройцк  кедені  бұдан  кейінгі 
мезгілде ашылды, дəл айтқанда 1752 ж. Хиуа хандығына ең алғашқы орыс керуені императрица Елизавета 
Петровнаның тұсында жіберілді, ал ең алғашқы хиуалық керуен Орынборға 1738 ж. жетті [3]. 
Г.В.  Колмогоровтың  еңбегінде  көрсетілгендей,  ортаазиялық  хандықтардың  керуендері  үлкен, 
орташа жəне кіші керуендер болып бөлінді. 
Үлкен  керуендер  жылына  бір  рет  тікелей  Семей,  Петропавл,  Тройцк  жəне  Орынбор  қалаларына 
барды. Олар 2000-2500 түйеден тұрды, əдетте жолды үш айда жүріп отырды, егер де далалы аудандарда 
айырбас жасау үшін тоқтайтын болса, жолға 4 немес 5 ай уақыт кетірді. 
Орташа  керуендер 300-1000 түйеден  тұрды,  жылына  екі-үш  рет  келіп,  орыстардың  кедендік 
шекараларына көрінбеуге тырысқан. 
Кіші  керуендер  көбіне 100 түйеден  тұрды,  бұл  капиталы  аз  қоқан  бұхар  жəне  хиуа  көпестерінің 
керуендері, жылына бірнеше рет келіп, көбіне орыс ауылдары жоқ аудандарға келуге тырысты. Аталған 
үш  керуендердің  барлығы  қазақ  болыстықтарына  тоқтап,  тауарларын  қарызға,  қойдың  есебінен  беріп 
отырды [4]. 
Керуен  түйелері  бір  бірімен  тізбектеліп  байланған  арқанмен  жалғасты,  көш  басында  керуен 
қожайыны  жүрді  (керуен-басы).  Түйе  керуендерімен  жүк  тасымалдауды  кəсіп  қылған  адамдарды 
кірешілер деп атады. Əр түйе, орташа есеппен, он алты-он сегіз пұт жүкті көтерді. Жүздеген шақырымға 
созылған  шөлді  жерлер  арқылы  өткен  керуен  жолдардың  бойында  құдықтар  орналасты,  бұл  жерлерде 
керуен  демалып,  түнеген.  Далалы  керуен  жолдардың  бойында  тұратын  халықтың  ең  басты  міндеті  бұл 
құдықтарды жөндеп, тазалау етін. 
Далалық керуен жолдарда түйенің маңызы қаншалықты жоғары болса, таумен өткен жолдарда да 
жылқының маңызы соншалықты жоғары болды. Себебі түйе табаны жұмсақ болғандықтан, таудың тасты 
жолдарына жарамаған. 
Жол бойында керуендер, керуен-сарайларға тоқтаған, керуен-сарайлардың сауда жағынан алғанда 
маңызы өте жоғары болды, себебі онда барлық тауарлардың, шикізаттың экспорты мен импорты жүзеге 
асты,  сонымен  қатар  керуен-сарайлардың  ақпарат  пен  жаңалық  орталығы  ретінде  маңызы  болды,  себебі 
онда келген саудагерлер өздерімен бірге, елде, шетелде болып жатқан өзгерсітер мен жаңалықтарды алып 
келді. Керуен-сарайларда əр түрлі саяси жəне басқа да оқиғалар талқыланып, сауда келісімдері жасалды 
[5]. 
П.И.Пашиноның  еңбектерінде  көрсетілгендей  Оңтүстік  Қазақстандағы  басты  сауда  жолдары 
төмендегідей болды. 
Солтүстікте  үш  сауда  жолы  орналасты:  Орынбор  шебіне  Орынбор,  Тройцк  қалаларына,  Сібір 
шебіне  Петропавловск  қаласына  жəне  Семей  қаласына  бағытталды.  Орынбор,  Тройцк  қалаларына 
Нижегородтық  жəрмеңкеге  арналған  тауарлар,  Петропавл  қаласына – Ірбіт  жəрмеңкесіне  арналған 
тауарлар  жіберілді,  Семей  қаласына – Сібір  тұрғындары  мен  Құлжа  мен  Чугучак  қалаларына  арналған 
керуендер жіберілді [6]. 
П.И Пашиноның мəлімдеуінше №1 Қазалы форты,  Бұхар мен Хиуадан келетін екі керуен жолдың 
түйіскен жерінде орналасты. Ресейге барар жолда керуендердің кейбір бөлігі, фортқа соқпай, тікелей Орал 
бекінісіне  барып,  одан  кейін  Орск  пен  Орынборға  екі  жолмен  жетіп,  əкелінген  тауарға  салық  төледі, 
алайда қайтар жолда керуендердің барлығы форт арқылы өтіп, жергілікті қазақтармен базарда саудаларын 
жасап, жүктерді тасымалдау бағаларын анықтап, келесі жылдың көктемі мен күзіне жүк тасымалдайтын 
түйелерді жалдау келісімдерін жасап кететін болған [7]. 
Хиуа  хандығынан  келетін  керуендер  Арал  теңізінен 80 км.  қашықтықтағы  Майлыбас  өткелі 
арқылы Сырдариядан өтетін. 1842 ж. дейін өткелге иелік еткен қазақтар жүргінші саудагерлерден  белгілі 
мөлшерде  төлем  алған.  Соңынан  төлеу  алу  билігі  Сырдарияның  бірнеше  жерінен  өткел  жасаған 


ВЕСТНИК  КазНПУ им.Абая, серия «Исторические и социально-политические науки», № 3 (26), 2010 г. 
 
 
116
хиуалықтар  қолына  көшкен. 1848 жылдан  бастап  тауар  өткізуді  Арал  қамалының  қазақтары  өз  қолына 
алады. Сол сияқты олар Шірін жəне Ақжар өткелдеріне де қожа болды.  
Бұқарадан  Троицкіге  баратын  керуендер  Ақмешіт  яки  Үшқайық  өткелдерінен  өтті.  Бұл 
өткелдердің  иесі  Қоқан  зекетшілері  болған.  Олар  өздерінің  Сыр  бойындағы  қамалдарына  арқа  сүйеп, 
жергілікті  көшпелі  қазақтарды  жəне  шеттен  келген  керуендерді  аяусыз  тонап  жүргіншілерге,  ауыр 
салықтар салған. Мəселен, үстіне жүк артылған əр түйеден 40 тиын күміс ақша алым алған. 
Шымкент қаласының керуен саудасы саласындағы ролі ерекше болды. Ташкентте тұратын керуен 
басыларының  бəрі  дерлік  Бестамғалы  руынан  (Ұлы  жүз)  шыққан  адамдар  болған  осыған  орай  қазақ 
арасында: «Бестамғалы  барса,  келмеске  де  барады»  деген  мақал  тараған – барлық  керуендерді 
бестамғалықтар  басқарған.  Олар  Орынбор,  Тройцк,  Петропавл,  Семей,  Құлжа,  Чугучак  қалаларына 
керуендерді жеткізу тапсырыстарын көптеп алды. Бестамғалықтар өте адал, əділ əрі ұқыпты халық болған. 
Керуендердің  барлығы  Шымкент  арқылы  өтпеген,  Сібір  шебіне  бағыт  алған  керуендер  Сайрам  арқылы 
өткен. Орынбор шебіне бағыт алған керуендер міндетті түрде Шымкент арқылы өткен [8]. 
Əулиеата қаласы  арқылы солтүстікке – Ақмола жəне Петропавл арқылы Омскіге баратын керуен 
жолы өтті. 
Осылайша,  Ресейдің  қол  астына  өткеннен  кейін,  бірте-бірте  Түркістан  генерал-
губернаторлығының  оның  ішінде,  Оңтүстік  Қазақстан  өңірінің  Ресей  мен  Орта  Азия  хандықтары  сауда 
қарым-қатынасындағы  маңызы  артты.  Оңтүстік  Қазақстан  өңіріндегі  №1  Қазалы,  Перовск  форттары, 
Əулиеата, Шымкент, Түркістан уездері Ресей мен Орта Азия хандықтарының сауда қарым-қатынасының 
дамуында зор роль атқарды. Əсіресе, № 1 Қазалы фортының Ресей империясы мен Орта Азия хандықтары 
арасындағы  сауда қарым-қатынасында алатын орны ерекше, себебі Орта Азиялық хандықтар мен Ресейді 
байланыстыратын басты керуен жолдары осы жерден өткен, осыған байланысты форттың  саудада оның 
ішінде транзиттік саудадағы маңызы жоғары  болды. 
Губаревич-Радобыльскийдің  еңбегінде  көрсетілгендей, XIX ғасырдың 50-жылдары  бес  миллион 
халқы бар Орта Азия мен Ресей арасындағы сауда байланысында сауда айналымы капиталының аз болуы 
ең  алдымен  қатынас  жолдардың  нашар  болуына  байланысты  болды.  Орта  Азия  орталықтары  мен 
Орынбордың  арасында, 2000 вёрстке  созылған  ұлан  байтақ  кеңістік  жатты.  Керуендер  жылына  екі  рет 
Бұхар  хандығынан, 2-3 рет  Ташкенттен  шыққан,  олардың  əрқайсысында  бірнеше  мың  түйеден  болды. 
Бірінші керуен Бұхар хандығынан 15 ақпан айынан бастап шықты.  
Бірінші  керуен  Орынборға  тек  мамыр  айының  екінші  жартысында  кейде  маусымның  ортасында 
жеткен.  Екінші  керуен  Бұхар  хандығынан  мамыр  айының  басында  шығып  Орынборға  шілде  айының 
ортасында жеткен. 
Бұл керуенмен неғұрлым құнды тауарлар келген, олар көбіне Орынбор шептеріне емес, Төмендегі 
Макарьев  жəрмеңкелеріне  шығарылды.  Тройцкіге  керуендер  Бұхар  хандығы  мен  Ташкенттен  дəл 
Орынбордыкімен  бірдей  мерзімде  шыққан.  Ресейден  Бұхараға  керуендер  күз  мезгілінде  шыққан,  екеуі 
Орынбордан,  үшеуі  Тройцкіден.  Ташкентке  керуендер  Тройцк  бекінісінен  басқа  Сібір  шебіндегі 
Петропавловск арқылы да барған. Сібір жолы арқылы Ташкентке əкелінген тауарлар мөлшері басқалармен 
салыстырғанда  аз  болды.  Бұл  кезеңде  Ресей  мен  Орта  Азиялық  хандықтар  арасындағы  барлық  сауда 
айналымның 75%-ы Бұхар хандығы үлесіне тиді. 
Тауар  екі-үш  ай  бойы  түйемен  тасымалданған,  сауда  байланысының  осындай  жағдайында  тауар 
айналымды қарқынды дамыту мүмкін емес етін. 
XIX ғасырдың екінші жартысында Ресей мен Орта Азия арасындағы  сенімді жəне экономикалық 
жағынан  рентабельді  көлік  байланысының  болмауы  сауданың  қарқынды  дамуына  кедергі  жасаған 
факторлардың  бірі  болды.  Жүкті  тасымалдаудың  керуен  əдісі  метрополия  мен  отар  ел  арасындағы 
экономикалық байланысты кеңейтуде негізгі кедергіге айналды. 
Жүкті тасымалдудың керуен əдісінің тиімсіздігі жайында, көптеген мұрағат деректерінен алынған 
мəліметтер растайды. 
Ташкенттен  Орынборға  барған  керуендер  жолға  кем  дегенде,  үш  ай  уақыт  жұмсаған.  Ал  Орта 
Азиядан Мəскеуге жəне Нижний Новгородқа тауар тасымалдау үшін  5-6 ай мерзім қажет болды.  
Тасымалдың  қымбат  болуы  тауар  айналымға  кедергі  жасады,  тауардың  кейбір  түрлері  мүлдем 
сыртқа  шығарылмады,  себебі  тасымалға  кететін  шығындар  ол  тауардың  өз  бағасынан  бірнеше  есе  көп 


жүктеу 5,07 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   66




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау