Microsoft Word История. №3,2010



жүктеу 5,07 Kb.
Pdf просмотр
бет54/66
Дата28.11.2017
өлшемі5,07 Kb.
#2117
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   66

Абай атындағы ҚазҰПУ-дың ХАБАРШЫСЫ,  «Тарих жəне саяси-əлеуметтік ғылымдар» сериясы, № 3 (26), 2010 ж. 
 
 
107
РК(б)П  Орталық  Комитетінің  Ұйымдастыру  Бюросының  шешімімен  танысқан  соң  Т.  Рысқұлов  
РКФСР Ұлт істері жөніндегі халық комиссарының орынбасары ретінде комиссариат коллегиясының 1922 
жылы 26 қыркүйекте  өткен  мəжілісіне  соңғы  рет  қатынасып[7],  күн  тəртібіндегі  бес  мəселе (1. Проект 
постановления  ВЦИК  и  Федкомпроса; 3. Проект  положения  о  Восточном  Рабфаке; 4. О  Редакционной 
коллегии по азербайжанско-турецкой секции; 5. О помещении  для  Востиздательства; 6. Об  организации 
Дома  трудящихся  Востока)  бойынша  баяндама  жасайды.   Бірнеше  күннен  кейін  жаңа  қызметіне  кірісу 
үшін Ташкентке аттанады. 
 Қазан  айының  басында  Ташкентке  келген  Т.  Рысқұловты    РК(б)П  Орталық  Комитетінің  Орта 
Азия Бюросы 1922 жылғы 5 қазандағы мəжілісінде бюро мүшелігіне жəне қызметінен алынып, Мəскеуге 
ауыстырылған Қайғысыз Атабаевтың орнына Түркістан Республикасының Халық Комиссарлар Кеңесінің 
уақытша  төрағасы  етіп  тағайындайды[8],  ал  Түркістан  Орталық  Атқару  Комитетінің 8 қазандағы 
мəжілісінде  Т.  Рысқұлов  Түркістан  Республикасының  Халық  Комиссарлар  Кеңесінің  төрағасы  болып 
ресми  түрде  бекітіледі.  Халық  Комиссарлар  Кеңесінің 1922 жылы 11 қазанда  жарияланған  №479 
қаулысында Т. Рысқұлов былай деп атап көрсетеді: «Түркістан Орталық Атқару Комитеті төралқасының 8 
қазандағы  №142  қаулысын  орындау  үшін,  мен  бүгіннен  бастап  Түркістан  Республикасының  Халық 
Комиссарлар Кеңесінің төрағасы қызметін атқаруға кірістім. Т. Рысқұлов»[9].  
Осылайша, 1922 жылы қазан айында қызыл империя көсемдері қазақ ұлт-азаттық қозғалысының 
қос  жетекшілерінің  бірі – Əлихан  Бөкейхановты    Қарқаралыда  тұтқындап,  абақтыға  жапқан  болса,  ал 
екіншісі – Тұрар Рысқұловқа екі жылға созылған қуғын-сүргіңнен кейін Түркістанға қайта келуге рұхсат 
береді.  Т.  Рысқұловтың  Түркістанға  кеткендігі  себепті  РКФСР  Ұлт  істері  жөніндегі  халық 
комиссариатының  коллегиясы  И.  Сталин  оқып,  комиссариатқа  қайтарып  берген    Ə.  Бөкейханов 
жеделхатының  түпнұсқасын  арнайы  поштамен  Ташкенттегі  Т.  Рысқұловқа  жолдайды.  Жеделхатпен 
танысқан  соң  Т.  Рысқұлов  ұлт-азаттық  күрес  жетекшісінің  қиын  жағдайын  жете  түсініп,  Орталыққа 
жолданатын арнайы хатты күтпей, телеграф лентасы желімделіп, И. Сталиннің пікірі жазылған парақтың 
төменгі жағына өз қолымен: «Алиханов – Букейханов, крупная личность из кадет, глава Алашордынской 
организации,  лично  знающий  Ильича  и  многих  старих  работников.  Работать  с  Советской  властью 
отказывается, имеет много стороников в Семипалатинской области»[10], - деп жазып, поштамен Мəскеуге 
шұғыл  түрде  кері  жөнелтеді.  Əрине,  Т.  Рысқұловқа    И.  Сталиннің  Ə.  Бөкейхановтың  кадеттер 
партиясының  Орталық  Комитетінің  мүшесі  жəне  Алашорда  үкіметінің  төрағасы  болғанын  жақсы 
білетіндігі  аян  болатын,  сондықтан  да  ол    И.  Сталинге  Қазақстан  басшыларының  тапсырмасымен 
тұтқындалған  Ə.  Бөкейхановтың  большевиктер  көсемі  В.И.  Ленинге  жəне  Ресейдің  басқа  да  ардагер 
қайраткерлеріне танымал саяси тұлға екендігін жəне оның кеңес билігіне қарсы болса да, қазақ даласында  
көптеген жақтастары барын, сондықтан да Ə. Бөкейханов сияқты белгілі тұлғаның негізсіз тұтқындалғаны 
халық ортасында түсінбеушілік тудыратындығы туралы пікірді нақтылап жеткізген. 
Əлиханның  тұтқындалғаны  туралы  жағымсыз  хабарды  Тұрарға  келген  жеделхаттан  естіп-білген 
Түркістан  қайраткерлерінің  ортасында  үлкен  алаңдаушылық  орын  алып,  олар  Ə.  Бөкейхановты 
тұтқындауға нұсқау берген Қазақстан басшыларының əрекетіне наразылық танытады. Ташкенттегі қазақ 
қайраткерлері  өзара  кеңесе  келе  Əлиханды  ГПУ  тырнағынан  арашалап  алуға  бел  байлап,  оны  босатуды 
талап  еткен  хатты  даярлауды    Түркістан  Республикасының  басшылығындағы  жастар – Тұрар  мен 
Сұлтанбекке  тапсырады.  Олар  РК(б)П  Орталық  Комитетіне  жолданатын  наразылық  жеделхатты 
даярлауды өз мойындарына алады. 1922 жылы қазан айының екінші жартысында (шамамен қазан айының 
23-не дейін) Т. Рысқұлов пен С. Қожанов төмендегідей мазмұндағы жеделхатты Мəскеуге жолдайды: «ЦК 
РКП(б). Распоряжением властей Кир[гизской] республики 14 октября [в] Каркаралинске арестован Алихан 
Букейханов.  Принимая  во  внимание  декрет  [об]  амнистии  алашординцам,  слабую  связь  Сов[етской] 
власти  [с]  массой  коренного  населения  Киргизии,  атмосферу,  создавшуюся  [в]  результате  работ 
последного  съезда  Советов  Киргизии,  также  учитывая  возможность  неблагоприятного  отражения  этого 
сообщения [на] массы кир[гизского] населения, считаем необходимым просить вас вмешаться [в] это дело 
и [в] случае отсутствия основания предложить немедленно освободить Букейханова из-под ареста» [11]. 
Тұрар  мен  Сұлтанбектің  Əлихан  Бөкейхановты  түрмеден  босату  туралы  жеделхатын  РК(б)П 
Орталық Комитетінің Секретариаты 1922 жылы 2 жəне 4 қарашада екі дүркін талқылап, Қазақ облыстық 
партия  комитеті  мен  Мемлекеттік  Саяси  Басқармаға  Ə.  Бөкейхановтың  тұтқындалуының  себептерін 
түсіндірулерін талап еткен  жеделхат жолдайды[12].  
Қазақстан  тарапынан  бұл  жеделхатқа 1922 жылы 11 қарашада  облыстық  партия  комитетінің 


ВЕСТНИК  КазНПУ им.Абая, серия «Исторические и социально-политические науки», № 3 (26), 2010 г. 
 
 
108
хатшысы Г.А. Коростелов төмендегідей мазмұндағы жеделхатпен жауап берген: «Вашу 17743/тире 6127 
дробь [...] арест Букейханова вызван систематическим неподчинением распоряжениям КЦИК, намерением 
бежать  [в]  Туркестан,  ликвидацией  руководящей  нелояльной  части  Алаш-Орды  Семипалатинской 
губернии,  имеющей  связь  [с]  Монголией,  разлагающей  киргизскую  молодежь.  Секретарь  Киробкома 
Коростелов» [13]. 
Қарқаралыда тұтқындалған Ə. Бөкейхановты ГПУ өкілдері күшейтілген күзетпен Семей түрмесіне 
əкеліп  қамайды,  артынан  Орынбордағы  арнайы  абақтыға  аттандырады. «Бөкейханов  ісі»  Мемлекеттік 
Саяси Басқарманың орталық жəне республикалық органдарының қырағы бақылауында болды. 1922 жылы 
20-21  қарашада  «Бөкейханов  ісімен»  РК(б)П  Орталық  Комитетінің  бөлім  меңгерушісі  С.И.  Сырцов 
танысып,  жинақталған  материалдарға  қорытынды  жазады[14].  Көп  кешікпей  Ə.  Бөкейханов  түрмеден 
босатылып, Орынбордан Мəскеуге жіберіледі.  
Осылайша,  Тұрар  мен  басқа  азаматтардың  араласуымен  абақтыдан  босанып  шыққан  Əлиханға 
Қазақстанда тұруға тиым салып, Мəскеуге  қоныс аударады. Əлихан Бөкейханов «сталиндік үлкен террор» 
уақытында  қайта  тұтқындалып,  атылғанға  дейін  сонда  тұрды.  Соңғы  тұтқындауда  Əлекеңе  араша  түсер 
ешкім қалмаған еді, өйткені Тұрар да, Түркістанның басқа да тарландары  Мəскеу зыңдандарында өздері 
де азап шегіп жатқан болатын.  
Əлихан Бөкейхановқа араша түсіп, абақтыдан алып шыққан Тұрар мен Сұлтанбек бірден-ақ ГПУ-
дің  қара  тізіміне  ілігеді.  ГПУ-дің  Қазақстандағы  өкілетті  өкілі  И.Д.  Каширин  мен  Құпия  бөлім  бастығы 
Якубовскийдің ГПУ-дің Шығыс бөлімінің бастығы Я.Х. Петерске 1923 жылы 14 наурызда жолдаған құпия 
есепті  баяндамасында  Тұрар  мен  Сұлтанбектің  іс-əрекеттеріне  үлкен  саяси  мəн  беріп,  былай  деп  атап 
көрсеткен: «На  арест  Букейханова  ташкентские  алашординцы  отозвались  очень  горячо.  Во  главе  с 
Рыскуловым  и  Ходжановым  и  за  их  подписами  они  подали  Сталину  телеграмму,  в  который  просили 
повлиять на соответстствующие органы, так как беспричинный арест Букейханова может вызвать в степи 
беспорядки  и  негодование  в  среде  киргизской  массы,  а  также  оттолкнет  последнюю  от  Сов[етской] 
власти» [15]. 
 
 
1.  Əлихан  Нұрмағамбетұлы  Бөкейхан.   Шығармаларының 7 томдық  толық  жинағы.  ППС  в 7 
томах. 1 том.  Монографиялар,  ғылыми  ізденістер,  мақалалар,  əдеби  аудармалар). 1889-1903. Омбы-
Қарқаралы-С.-Петербор-Омбы.  Құрастырушы:  Жүсіп  Сұлтанхан  Аққұлұлы. – Астана: «Сарыарқа» 
баспа  үйі,  2009.  – 564 б.; 2 том.  Монографиялар,  ғылыми  ізденістер,  мақалалар,  əдеби  аудармалар). 
1904-1906. Омбы-Қарқаралы-С.-Петербор-Омбы.  Құрастырушы: Жүсіп Сұлтанхан Аққұлұлы. – Астана: 
«Сарыарқа»  баспа  үйі,  2009.  – 566 б.;  Рысқұлов  Тұрар.  Шығармаларының  толық  жинағы.  Полное 
собрание сочинений. Том-1. – Алматы: Қазығұрт, 2007. – 392 б.; Том-2.  – Алматы: Қазығұрт, 2007. – 
368 б.; Том-3. – Алматы: Қазығұрт, 2007. – 360 б.; Том-4. – Алматы: Қазығұрт, 2007. – 368 б.; Том-5. – 
Алматы: Қазығұрт, 2007. – 360 б.; Нұрпейісұлы К. Алаш ақиқаты. – Алматы: «Ан Арыс» баспасы, 2010. 
– 424 б.;  Қойгелдиев  М.  Алаш  қозғалысы.  Бірінші  том.  Өңделіп,  толықтырылып  екінші  басылымы.  – 
Алматы:  Мектеп, 2008. - 480 б.;  Аманжолова  Д.А.    На  изломе.  Алаш  в  этнополитической  истории 
Казахстана. – М.: 2009. – 412 с.; Қоңыратбаев О. Тұрар Рысқұлов: қоғамдық-саяси жəне мемлекеттік 
қызметі. Түркістан кезеңі. – Алматы: Қазақстан,1994. - 448 б.  
2.  Агзамходжаев  С.С.  Туркестан  Мухторияти:  Миллий – демократик  давлатчилик  курилииш 
тажрибаси. – Ташкент:  Магнавият, 2000. - 168 б.;  Агзамходжаев  С.С.  История  Туркестанской 
Автономии  (Тукестон  Мухторияти). /Отв.  ред.  Д.А.  Алимова. – Ташкент:  Изд.-полигр.  объединение 
«Ташкент ислом университети», 2006. - 268 с.   
3. ӨРОММ (Өзбекстан Республикасының Орталық Мемлекеттік Мұрағаты).  Р-17-қор,  1-тізбе, 
37-іс, 147-п. 
4. ГАРФ (Государственный Архив Российской Федерации). Ф. Р-1318. Оп. 1. Д. 144. Л. 374.  
5. Архив новейшей истории России. Серия «Каталогии». Т. VII.  Протоколы руководящих органов 
народного комиссариата по делам национальностей РСФСР. 1918-1924 гг.: Каталог документов. – М.: 
РОССПЭН, 2001. -  296 с. 
6. РГАСПИ  (Российский Государственный архив социально-политический истории). Ф.62. Оп.1. 
Д.4. Л.7.  (Из постановлении: «1.6. Удовлетворить просьбу Председателя Средазбюро ЦК т. Рудзутака 


жүктеу 5,07 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   66




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау