Microsoft Word История. №3,2010



жүктеу 5,07 Kb.
Pdf просмотр
бет19/66
Дата28.11.2017
өлшемі5,07 Kb.
#2117
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   66

Абай атындағы ҚазҰПУ-дың ХАБАРШЫСЫ,  «Тарих жəне саяси-əлеуметтік ғылымдар» сериясы, № 3 (26), 2010 ж. 
 
 
37
Мағлұматарды  сараптау  нəтижесінде,  сегіз  аумақта  да  облыс  əкімшілігі  мен  облыстық  кəсіби 
одақтар  кеңесі,  жұмыс  берушілер  мен  кəсіпкерлер  бірлестіктерінің 2009-2011 жылға  бағытталған 
келісімдерге  қол  қойылғаны  анықталды [2]. Жеке  облыстарда  жұмыс  берушілер  мен  кəсіпкерлерді 
облыстық  ұйымдар  танытады,  ал  басқа  жерлерде – Қазақстан  Республикасының  ұлттық-экономикалық 
палатасының бірегей ұлттық одағының облыстық филиалдары «Атамекен Одағы», ШҚО-да – үш одақ ЗТБ 
ҰЭП «Атамекен Одағының» филиалы, ЗТБ ШҚ Ассоциациясы «Өндірісшілер мен өндірістер Одағы» жəне 
АҚ «Қазақстан шаруалары Одағы». 
Аудандық жəне ірі қалаларда үш жақты комиссиялардың қызметін ұйымдастыру шарасы нəтижелі 
атқарылып 
жатыр. 
Қазақстан 
Республикасының 
«Əлеуметтік 
серіктестік» 
заңына 
сəйкес 
республикамыздың  барлық  аудандары  мен  қалаларында  аудан  жəне  қала  əкімшіліктерінің  қаулысымен 
аудандық жəне қалалық үш жақты комиссияның əлеуметтік-еңбек қарым-қатынастарын реттеу бекітілген.  
Комиссия  аясында  əлеуметтік-экономикалық  мəселелерді  зерттеу,  комиссия  шешімдерінің 
орындалуын  бақылау  жəне  аумақтық  үш  жақты  келісімнің  міндеттемелері  жөніндегі  жұмыс  топтары 
немесе кеңестер ұйымдастырылды. 
Аумақтық  келісімдер  əлеуметтік-экономикалық  саласындағы  сан  алуан  мəселелерді  қамтиды: 
экономикалық  даму,  халықтың  айлық  кірісі,  еңбекпен  қамтамасыз  ету  нарығы,  еңбек  жағдайларын 
жақсарту мен қорғау, жұмыскерлердің кəсіби біліктіліктерін арттыру, əлеуметтік қорғау жəне əлеуметтік 
сала, азаматтардың еңбек құқықтарын қамтамасыз ету, əлеуметтік серіктестік.  
Егер  кəсіподақтар  үшін  үш  жақты  келісім  –жұмыскерлердің  жағдайларын  заңды  түрде  жақсарту 
болса,  ал  жұмыс  берушілер  үшін  елдің  əлеуметтік-экономикалық  саясатының  қалыптасуына  белсенді 
қатысу  болып  табылады.  Ал  аумақ  үшін  күштер  консолидациясы  арқылы  өз  мүделерін  алға  тарту, 
мемлекеттік тапсырыстар алу, жеңілдікпен несиелер алу болып табылады. 
Үш  жақты  келісімдерден  басқа,  ауданда  салалық  тарифтік  келісімдерге  қол  қойылады,  олар 
жұмыскерлер  мен  жұмыс  берушілер  арасындағы  əлеуметтік-еңбек  қарым-қатынастарын  реттейді, 
еңбекақы нормаларын жəне басқа да еңбек жағдайларын,  жұмыскерлерге арналған əлеуметтік кепілдіктер 
мен жеңілдіктерді белгілейді. Салалық келісімдер білім беру, денсаулық сақтау, көлік салаларында жəне 
агроөндіріс  кешенінде  жүзеге  асырылады.  Облыстағы  энергетика,  машина  жасау  салалары,  АҚ 
«Қазақтелеком»  жəне  АҚ  «Қазпошта»  жүйесінің  ұйымдары  республикалық  салалық  келісімдермен 
қамтылған.  Үш  жақты  келісімнің  басты  тармағы  ретінде  бизнестің  əлеуметтік  жауапкершілігі  болып 
табылады.  Бұл  терминнің  қолданылуына  көп  уақыт  болғанына  қарамастан, 2009-шы  жылдың 17-ші 
шілдесінде Қазақстан Республикасының «Жеке кəсіпкерлік» туралы заң қабылданбай тұрғанға дейін бұл 
жөнінде туралы нақты жəне бірегей ұғым болған емес. Енді Заңда «бизнестің əлеуметтік жауапкершілігі 
бұл – жеке  кəсіпкерлерлік  объектілерінің  қоғамның  əлеуметтік,  экономикалық  жəне  экологиялық 
салаларының дамауына өз еркімен үлес қосқаны» деп анықталып бекітілген.  
Алматы  облысында  көптеген  кəсіпкер  жергілікті  қауымдастықтың  қоғамдық  өміріне  белсенді 
қатысуда.  Əлеуметтік  жауапкершіліктің  ішкі  механизмдерін  өз  кезегімен  қалыптастырып  отырған 
беткеұстар  компаниялар  тəжірибелерінің  ілгері  басуы  бар.  Оларға  мынандай  компанияларды  жатқызуға 
болады:  ЖК  «Санат  Сервис»,  АҚ  «Қазақстан  Қағазы»,  АҚ  «Трансстроймост»,  ЖШС  (жауапкершілігі 
шектелген серіктестік) «Құрылыс», Текелідегі ГОК АҚ  «Қазцинк», ЖШС «Кнауф Гипс Қапшагай», АҚ 
«Бент», ЖШС «Филипп Моррис Қазақстан», ЖШС «Галлахер Қазақстан», АҚ «Қазақтелеком», АҚ «Тас-
Құм»,  ЖШС  «Тоқжайлау»,  ЖШС  «Алкан  Пэкеджинг».  Осы  кəсіпорындардағы  бизнестің  əлеуметтік 
жауапкершілік  элементтері  барлық  бағыттарда  байқалады:  өндірісте,  кадрлық  саясатта,  жергілікті 
қауымдастықпен қарым-қатынаста жəне ұлттық тəсілдерді өндіруге белсенді қатысады. Жеке кəсіпкерлер 
тұрмыс жағдайы төмен азаматтарға, соғыс ардагерлеріне, жетімдерге, мүгедектерге, көп балалы аналарға, 
балалар үйлеріне, интернаттарға жəне білім беру мекемелеріне қол ұшын беріп жатыр.  
2008  жылдың  бірінші  кварталында  бизнестің  əлеуметтік  жауапкершілігі  шеңберінде  Алматы 
облысында 1 млрд. 125 млн. 920 мың  теңге  сомасында,  оның  ішінде 31 – білім  беру  саласына, 4 – 
денсаулық  сақтауға, 12 – мəдениет  пен  спортқа, 48 – халықты  əлеуметтік  қорғауға  жəне 23 – басқадай 
қажеттіліктерге  жұмсалатын 118 меморандумға  қол  қойылды.  Соның  ішінде 2009-шы  жылдың  бірінші 
кварталында 1970,0 теңге құрайтын 5 меморандумға қол қойылды [3].  
Халықты əлеуметтік жəне еңбекті қорғау Министрлігі мен Атырау облысының əкімі жəне ЖШС 
«Теңізшевройл»  арасында  бизнестің  əлеуметтік  жауапкершілігі аясында əлеуметтік  жоспарларды  жүзеге 
асыру үшін ортақ одақ туралы Меморандумға қол қойылды.  


ВЕСТНИК  КазНПУ им.Абая, серия «Исторические и социально-политические науки», № 3 (26), 2010 г. 
 
 
38
ЖШС  Теңізшевройл», «Игілік»  бағдарламасына  сəйкес,  Құлсары  қаласындағы    №6  өндіріс 
техникалық мектептің құрылысына 1 148076,19 мың теңге көлеміндегі қаражатты өз мойнына алды [4]. 
БҰҰ-ның  əлеуметтік  еңбек  қарым-қатынастары  саласында  бизнестің  əлеуметтік  жауапкершілігі 
жөніндегі  Жаһандық  келісімді  енгізу  мақсатында  халықты  əлеуметтік  жəне  еңбекті  қорғау  Министрлігі 
жəне  əлеуметтік  бизнес-құрылым  арасында 9 жұмыс  берушімен  келісімге  қол  қойылды.  Олар:  ЖШС 
«Өнерпаз»,  ЖШС  «Қазкоминжиниринг»,  ЖШС  «Батыс  транспорт  СИМ»,  АҚ  «Теңізмұнайқұрылыс», 
ЖШС «Диар», АҚ « Медицина», ТОО «Дана», ЖШС «Жылыой», ЖШС «МК Бизнес». 
Павлодар  облысында  бизнестің  əлеуметтік  жауапкершілігі  жөніндегі 181 Меморандум  бар. 
Солардың ішінде: 
-Павлодар  облысының  əкімшілігі  мен  АҚ  «Павлодарэнерго»  арасындағы 655,0 млн.  теңге 
құрайтын сомаға; 
-Қазақстан  Республикасының  Еңбек  жəне  халықты  əлеуметтік  қорғау  Министрлігі,  Павлодар 
облысының əкімі жəне АҚ «Трансұлттық компания «Қазхром», тұрғын үйлер салу жөніндегі əлеуметтік 
жобаны жүзеге асыратын Ақсу ферроерітінді зауыты жəне əлеуметтік салада; 
Солтүстік-Қазақстан  облысында 2008 жылы 1122,8 млн.  теңге  құрайтын 78 меморандумға  қол 
қойылған.  2009 жылдың  қаңтар-наурыз  айларында 55 млн.  теңгені  құрайтын 20 меморандумға  қол 
қойылды [5]. Қол қойылған меморандумдарда мектептерді, ауыл клубтарын, стадиондарды, жолдарды, ем-
дом амбулаторияларын жөндеу, тұрғын үйлер салу жəне су құбырларын өткізу мəселелері көрсетілген.   
Республикалық  Форумда  «Ұжымдық  келісімге  қол  қойыңдар!»  деген  республикалық  акция 
басталған.  Бұл  кəсіпорындар  мен  жұмыс  берушілерге  барлық  кəсіпорындарда  жекеменшік  түрлеріне 
қарамастан,  Еңбек  Кодексінің  нормаларына  сəйкес  кəсіподақтық  ұйымдары  бар  жерлердің  барлығында 
ұжымдық келісімдерге қол қоюға түрткі болды. Осы акцияның арқасында көптеген кəсіподақтар бизнестің 
əлеуметтік  жауапкершіліктеріне  ден  қойылған  мəселелерде  ұжымдық  келісімдерге  мұқият  қарайтын 
болды.  Акция  өткізілген  уақыт  кезінде  тек  ОҚО-да  4517 ұжымдық  келісімдерге  қол  қойылып, 5000 
адамнан тұратын 78 жаңа кəсіптік ұйымдар құрылған болатын [6-32]. Ұжымдық келісімге жұмыс беруші 
мен  жұмыскердің  өзара  міндетемелері  енгізіледі.  Олар  мынандай  мəселелерді  қамтиды:  өндіріс 
орындарын  жетілдіру,  біліктілікті  арттыру  мен  еңбекақыны,  жəрдемақыны,  өтемақыны,  қосымша 
төлемдерді  төлеу  формалары  мен  мөлшері,  ақшаның  құнсыздануы  мен  бағалардың  көтерілуіне 
байланысты еңбекақы механизмдерін реттеу, ұжымдық келісімдердің шарттарын орындау жəне т.б болып 
табылады.  
Кəсіпорындар  мен  кəсіподақтар  арасындағы  бір-екі  жылға  бағытталған  ұжымдық  келісімдер 
наразылық  шараларын  алдын  алатын  еңбек  қарым-қатынастарын  реттейтін  нəтижелі  форма  екендігін 
айшықтайды.  
Аумақтағы жұмыс берушілер кəсіпорындармен ара-қатынастарында еңбекақыны төлеу, еңбекпен 
қамтамасыз  ету,  əлеуметтік  кепілдіктер  мəселесінде  келісілген  саясатты  ұстануға  тырысады.  Осылайша, 
екі  əлеуметтік  серіктес – кəсіпорындар  мен  кəсіпкерлер  бірлестіктері  арасындағы  сұхбат  еңбек  қарым-
қатынастарын реттейтін басты құрал болуы тиіс.  
Əлеуметтік  серіктестік  мемлекеттің  жəне  атқарушы  органдар  мен  өкілдерінсіз  жүзеге  аспайды. 
Мемлекеттің  қызметі  басқа  серіктестер – кəсіподақтар  мен  кəсіпкерлердің  қызметтерінен  ерекше. 
Мемлекет  серіктес  тарапы  ретінде  төреші,  делдал,  үйлестіруші,  заң  шығарушы  қызметтерін  атқарады. 
Сонымен  қатар,  мемлекет  еңбек  қарым-қатынастарына  (кəсіподақтар  құқықтарын  шектеу,  ереуілдерге 
тыйым салу, бизнеске шарт-талаптар қою) əкімшілік жағынан шектен тыс араласса, нəтижелі сұхбаттың 
болуы  екіталай.  Алайда  мемлекеттің  əлеуметтік  консенсустағы  қажетті  мүше  екенін  жоққа  шығаруға 
болмайды. Кəсіпорындарда ұжымдық келісімге қол қойғанда, мемлекет бұл шараға тікелей араласпайды, 
бірақ  қатысады.  Бұл  мемлекеттің  кез  келген  келісім  шарттарға  қол  қойған  кезде  еңбекақы  мен  еңбек 
жағдайын  қамтамасыз  етудегі  белгіленген  ең  аз  деген  төлем  деңгейінен  түспеуін  заңды  түрде 
белгілегенінен байқалады. 
Осы  мақаладағы  мəліметтер  сараптамасы  аумақтағы  əлеуметтік  серіктестіктің  дамуы  мынандай 
басты мақсаттарға бағытталғанын көрсетеді: 
- аумақтағы экономикалық өзгерістердегі əлеуметке бағытталған саясатпен қамтамасыз ету; 
- өмір сүру деңгейінің кепілдік жүйесін құру жəне орындалуына жауап беру; 
-  əлеуметтік-еңбек  жəне  сонымен  байланысты  экономикалық  қарым-қатынастарды  реттейтін 
нəтижелі механизммен қамтамасыз ету; 


жүктеу 5,07 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   66




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау