1
«СƏБИЛЕР ҮШІН ЖАҢА ЖЫЛҒЫ СЫЙЛЫҚТАР!»
ЖАРНАМАЛЫҚ АКЦИЯСЫН ӨТКІЗУ ЕРЕЖЕЛЕРІ МЕН ҚАТЫСУ ШАРТТАРЫ
1. «Сəбилер үшін жаңа жылғы сыйлықтар!» жарнамалық акциясы (əрі қарай – Акция) Қазақстан
Республикасының аумағында соңғы күнді қоса 2017 ж. 16 желтоқсаны мен 2017 ж. 30 желтоқсаны
аралығындағы кезеңде өткізіледі.
2. Акцияны ұйымдастырушы «Кимберли-Кларк Қазақстан» ЖШС болып табылады: Қазақстан
Республикасы, Алматы қ., Фурманов к-сі, 240в.
3. Акцияға жеке тұлғалар – 18 жасқа толған жəне Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты
тұратын Қазақстан Республикасының азаматтары (əрі қарай – Қатысушылар) қатыса алады.
Акцияға кəмелетке толмаған, əрекет етуге қабілеттілігі шектеулі, əрекет етуге қабілетсіз
тұлғалардың қатысуы қолданыстағы заңнамамен белгіленген тəртіпте, олардың заңды өкілдері
арқылы жүзеге асырылады.
4. Акцияға келесі тұлғалардың қатысуына рұқсат берілмейді:
4.1. осы Ережелердің 3-тармағында баяндалған талаптарға сай емес тұлғалар.
4.2. Акцияны Ұйымдастырушының, онымен үлестес тұлғалардың қызметкерлері мен өкілдері
жəне олардың отбасы мүшелері, Акцияны Ұйымдастырушымен шарттық қарым-қатынаста
тұрған жəне Акцияны дайындаумен, ұйымдастырумен жəне өткізумен байланысты үшінші
тұлғалардың қызметкерлері мен өкілдері.
4.3. Акцияға қатыса отырып, Қатысушы осы Ережелермен толық танысқанын, онымен
келісетінін растайды, атап айтқанда, бірақ төмендегілермен шектелмей, өз келісімін растайды:
і. Акцияға қатысу туралы жарнамалық сұхбаттарға қатысуға, соның ішінде радио жəне
теледидар, сондай-ақ өзге бұқаралық ақпарат құралдарына жарнамаға түсуге,
сондай-ақ Ұйымдастырушының жəне/немесе Ұйымдастырушының тапсырмасы
бойынша үшінші тұлғалардың Қатысушының фото- жəне бейнетүсірілімдерін жүзеге
асыруына, сондай-ақ Қатысушы түскен фото- жəне бейнежазбаларды, алдын ала
рұқсат алмай жəне ол үшін қандай да бір сыйақы төлемей, соның ішінде бұқаралық
ақпарат құралдарында, сонымен қатар, жарнамалық мақсаттарда, үшінші тұлғаларға
Қатысушының аталған фото- жəне бейнежазбаларын беру мүмкіндігімен
пайдалануға.
іі. Ұйымдастырушының, сондай-ақ ол уəкілеттік берген тұлғалардың Акцияны өткізу
мақсатымен, Қатысушылардың өз жеке деректерін заңсыз таратудан қорғауға
қажетті шараларды қолдана отырып, осындай жеке деректерді жинауына, өңдеуіне
(соның ішінде автоматтандырылған құралдарды пайдаланып), сақтауына,
пайдалануына, таратуына.
Қатысушы Ұйымдастырушыға осы Ереженің 2-тармағында көрсетілген мекенжайы
бойынша осы келісімді кері қайтару туралы қол қойылған жазбаша хабарлама
жолдай отырып, осындай келісімді кері қайтаруға құқылы.
Келісімді қайтарып алу туралы хабарлама алған жағдайда, Ұйымдастырушы мен ол
уəкілеттік берген тұлғалар Қатысушының осындай жеке деректерін өңдеуді
тоқтатады жəне кері қайтаруды алған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде жеке
деректерді жояды.
Ұйымдастырушының Акцияны өткізумен байланысты əрекеттерді орындамауы
Қатысушының жеке деректерді өңдеуге келісімін кері қайтаруы нəтижесінде,
Қатысушының жеке деректерін жою салдарынан болса, Ұйымдастырушы мұндай
əрекеттерді орындамағаны үшін жауапты болмайды.
ііі. Қатысушы өзінің жеке деректеріне қол жеткізуге құқылы. Аталған құқықты жүзеге
асыру үшін Қатысушы осы Ережелердің 2-тармағында көрсетілген мекенжай
бойынша сауал жолдау арқылы Ұйымдастырушыға жүгінуге құқылы.
іv. Қатысушының Акцияның өткізілу барысында үшінші тұлғалардың құқықтарын
бұзуымен байланысты үшінші тұлғалар тарапынан Ұйымдастырушыға қандай да бір
наразылықтар болған жағдайда, Қатысушы осындай дауларды өзі шешу бойынша
жауапкершілікті өз мойнына алады.
5. Акцияға қатысушының құқықтары:
- Акцияның өткізілу шарттарымен танысу.
- осы Ережелермен белгіленген тəртіпте Акцияға қатысу.
2
- Акцияның өткізілу шарттарына сəйкес Жарнамалық Кəдесыйды беруді талап ету.
6. Акцияға қатысушының міндеттері:
- Акцияның өткізілу шарттарын сақтау, соның ішінде Акцияның өткізілу шарттарымен
белгіленген мерзім ішінде Акцияға қатысумен жəне Жарнамалық Кəдесыйларды алумен
байланысты барлық əрекеттерді орындау.
- Жарнамалық Кəдесыйды алған сəтте ондағы кемшіліктердің болу/болмау жағдайын тексеру
жəне кемшіліктерді анықтаған жағдайда, бұл туралы Ұйымдастырушы өкіліне дереу
хабарлау.
7. Қатысушылардың осы Ережелерде мазмұндалған Акцияның өткізілу шарттарымен жəне
Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен қарастырылған өзге де құқықтары мен
міндеттемелері болады.
8. Ұйымдастырушының міндеттері:
- Акцияны осы Ережелерге сəйкес өткізу.
- осы Ережелерде мазмұндалған Акцияның өткізілу шарттарына сəйкес жеңімпаз деп
танылған Қатысушыларға, осы Ережелермен қарастырыған жағдайларды қоспағанда, тиісті
Жарнамалық кəдесыйлар беру.
- Акцияның өткізілуі тоқтатылған жағдайда, осы Ережелермен белгіленген тəртіпте бұл
туралы тиісті ақпарат орналастыру.
- салық агенті ретінде Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен белгіленген
жағдайларда, Акцияның Жарнамалық кəдесыйларды алумен байланысты барлық салықтарды
төлем көзінен ұстап қалу жəне Қазақстан Республикасының бюджетіне Акцияға
Қатысушылар үшін төлеу.
9. Ұйымдастырушының құқықтары:
- осы Ережелерге өзгертулер жəне/немесе толықтырулар енгізу; бұл туралы Қатысушылар
Ережелермен көзделген тəртіпте хабардар етілетін болады, соның ішінде осы Ережелердің
13.2-тармақшасында көрсетілген Жарнамалық Кəдесыйларды өз қалауынша өзге тең бағалы
мүлікке айырбастау. Бұл ретте осындай айырбастау кезінде Акцияға Қатысушылардың
Акцияны Ұйымдастырушыдан қандай да бір қосымша өтемақы талап етуге құқығы жоқ.
- Қатысушының Акцияның өткізілу шарттарын орындамау фактісі анықталған жағдайда,
Қатысушыға Жарнамалық Кəдесыйды беруден бас тарту.
- осы Ережелерде мазмұндалған, Акцияның өткізілу шарттарымен көзделген жағдайларды
қоспағанда, Қатысушымен жазбаша келіссөздер жүргізбеу жəне кез келген өзге
байланыстарға түспеу.
- егер Қатысушы Жарнамалық Кəдесыйды алудан бас тартса, Қатысушының оны алмауымен
байланысты шағымдарын қараудан бас тарту (Жарнамалық Кəдесыйды Қатысушы қайтадан
талап ете алмайды).
- Қатысушылардан осы Ережелермен көзделген қажетті ақпарат пен құжатты талап ету.
- осы ережелердің 4.3-тармағында баяндалған Акция жеңімпаздарының Акцияға қатысу
туралы жарнамалық сұхбаттар жүргізу, соның ішінде радио, теледидар үшін, сонымен қатар
бұқаралық ақпарат құралдары үшін Акция жеңімпаздарының Акцияның Жарнамалық
Кəдесыйларын ұтып алуына байланысты Акция жеңімпаздарына қатысты фото- жəне
бейнетүсірілімдер ұйымдастыру жəне жүргізу, жеңімпаздардың қатысуымен жасалған дайын
фото- жəне бейнематериалдарды бұқаралық ақпарат құралдарына, сондай-ақ интернет
желісіндегі ақпарат ресурстарына (соның ішінде
www.maminclub.kz
сайтында) жариялау.
10. Акцияны Ұйымдастырушының осы Ережелермен жəне Қазақстан Республикасының
қолданыстағы заңнамасымен көзделген жағдайларды қоспағанда, Акцияны өткізумен байланысы
жоқ мақсаттар үшін үшінші тұлғаларға Акцияның Қатысушысы туралы ақпарат беруге құқығы
жоқ.
11. Акцияның Қатысушысы болу үшін осы Ережелердің 3 жəне 4 тармақтарымен белгіленген
талаптарға сай келетін жеке тұлғалар Акцияның өткізілу кезеңі бойы мыналарды жасауы қажет:
11.1. Осы ережелердің 11.4-тармақшасында көрсетілген “Magnum” дүкендер желісінің кез
келгенінен Huggies
®
Elite Soft труси-жөргектерінің кем дегенде 1 (бір) қаптамасын жəне
“Huggies
®” сауда маркасының ылғалды сулықтарының кем дегенде 1 (бір) қаптамасын (əрі
қарай — Тауар) сатып алу жəне Тауардың сатып алынғанын растайтын фискалдық чекті
алу.
3
11.2. Осы Ережелердің 11.4- тармақшасында көрсетілген Акция Промоорталығына келіп,
осы Ережелердің талаптарына сəйкес келетін фискалдық чекті көрсету жəне 1 (бір) скретч-
карта алу.
11.3. Скретч-картадағы күңгірт қорғаныш жабынды өшіріп, осы Ережелерде
қарастырылған тəртіпте, жағдайларда жəне шарттарда Қатысушы Жарнамалық
Кəдесыйлардың қайсысын алатынын білу.
11.4. Осы Ережелерде қарастырылған тəртіп бойынша скретч-картаны Жарнамалық
Кəдесыйға айырбастау.
Акцияның Промоорталығы – Акцияның өткізілу шарттары туралы Қатысушыларды
хабарландыратын, сондай-ақ Қатысушыларға Акцияның Жарнамалық Кəдесыйларын беруді
жүзеге асыратын промоқызметкер жұмыс істейтін Алматы қаласының сауда нүктесіндегі
Акцияның өткізілу орны.
Акцияның Промоорталықтарының мекенжайлары мен жұмыс уақытын
www.maminclub.kz
,
www.magnum.kz
интернет-сайттарынан, сондай-ақ 8 800 070 89 10 телефоны бойынша білуге
болады;
Акцияның Промоорталықтарының мекенжайлары мен жұмыс уақыты:
Дүкен
Мекенжайы
Промотоптардың жұмыс кестесі
Күндер
Жумыс уақыты
“MAGNUM
CASH&CARRY”,
АФ 1
Абай даңғ., Момышұлы көш. қиыл.
16, 17, 18, 19, 22, 23,
24, 28, 29, 30
желтоқсан
22, 28, 29 желтоқсан:
16:00–20:00.
16–19, 23, 24 жəне 30
желтоқсан:
13:00–17:00.
“MAGNUM
CASH&CARRY”,
АФ 4
Талғар трассасы, Думан ы/а кейін
“MAGNUM
CASH&CARRY”,
АФ 5
Төле би көш., Өтеген батыр көш.
қиыл., "City Plus" СҮ
“MAGNUM
CASH&CARRY”,
АФ 7
Ақбұлақ ы/а, АЗТМ көш., 273
“MAGNUM
CASH&CARRY”,
АФ 10
Гагарин көш., Есқараев көш. қиыл.
“MAGNUM
CASH&CARRY”,
АФ 14
Сүйінбай даңғ., 2, Райымбек даңғ.
қиыл., «Мерей» СҮ
11.5. Қатысушыға осы Ережелерде көрсетілген талаптарға сəйкес келетін 1 (бір)
фискалдық чекте көрсетілген Тауар саны 1 (бірден) асатын болса да, оның орнына ең көбі 3
(үш) скретч-карта беріле алады. Жарнамалық Кəдесый 1 (бір) Қатысушыға 1 (бір) скретч-
картаның орнына беріледі.
12. Сатып алу туралы растау ретінде мыналар қабылданбайды:
12.1. осы Ережелердің 11.4-т. көрсетілген “Magnum” дүкендер желісінен сатып алынбаған
тауарларға берілген фискалдық чектер.
12.2. осы Ережелердің 3 жəне 4 тармақтарының талаптарына сай келмейтін тұлғалардың
Промоорталықтарға алып келген фискалдық чектері.
4
12.3. Промоорталықтарға 2017 жылдың 16 желтоқсанына дейін келіп түскен фискалдық
чектер.
12.4. Промоорталықтарға 2017 жылдың 30 желтоқсанынан кейін келіп түскен фискалдық
чектер.
12.5. Тауардың Акция кезеңінде сатып алынбағанын растайтын фискалдық чектер.
13. Жарнамалық Кəдесыйлар қоры:
13.1. Осы Ережелерде «Жарнамалық Кəдесый» ретінде келесілер түсініледі:
13.1.1. балалар ойыншықтары мен аксессуарлары түріндегі Жарнамалық кəдесый,
ал атап айтқанда: ойыншықтар, сылдырмақтар жəне балалар жастықтары.
Жарнамалық кəдесый — Huggies
®
тауар белгісі бар балаларға арналған ылғалды
сулықтардың 1 (бір) қаптамасы.
Жарнамалық Кəдесыйлар қоры Акция Ұйымдастырушысының қаражаттары
есебінен қалыптастырылады. Бұндайда Жарнамалық Кəдесыйлар қоры Акцияны
өткізу басталмай тұрып қалыптастырылады.
13.2. Жарнамалық Кəдесыйлардың жалпы саны – 1600 (бір мың алты жүз) дана, соның
ішінде:
• ойыншықтар – 1400 дана;
• сылдырмақ – 100 дана;
• балалар ойыншығы – 100 дана.
Акцияның Жарнамалық Кəдесыйларының саны Ережелердің жоғарыда көрсетілген осы
тармағымен шектеулі. Акцияның Жарнамалық Кəдесыйларының Параметрлері мен
сипаттамалары Ұйымдастырушының қалауы бойынша анықталады жəне Қатысушылардың
күткеніндей болмауы мүмкін, сондай-ақ жарнама-ақпараттық материалдардағы олардың
суреттерінен өзгеше болуы мүмкін.
13.3. Акцияның Жарнамалық Кəдесыйлары ақшалай баламада берілмейді жəне
айырбастауға жатпайды.
14. Акцияның Жарнамалық Кəдесыйларын айырбастау тəртібі:
14.1. Акцияның Жарнамалық Кəдесыйлары Акцияға лайықты түрде жəне осы Ережелерге
сəйкес Акцияға қатысқан Қатысушыларға беріледі.
14.2. Осы Ережелердің 11-тармағында көрсетілген əрекеттерді орындаған Қатысушылар
2017 жылдың 16 желтоқсаны мен 2017 ж. 30 желтоқсаны аралығында Акцияның кез келген
Промоорталықтарының біреуінен оның жұмыс уақыты кезінде осы Ережелердің 13.2-
тармақшасында аталған, 1 (бір) скретч-картаның өшірілетін қабатының астынан табылған
«ОЙЫНШЫҚ», «СЫЛДЫРМАҚ» немесе «ЖАСТЫҚ» жазуына сəйкес келетін 1 (бір)
Жарнамалық Кəдесыйды алуға болады.
Жарнамалық Кəдесыйлардың бар-жоғы туралы ақпаратты скретч-картаны берер алдында
Акцияның Промоорталығындағы промоқызметкерлерден алуға болады.
14.3. Егер белгілі бір түрдегі бір (соңғы) Жарнамалық Кəдесыйға екі немесе одан да көп
Акцияға Қатысушы үміттенсе, промоқызметкерге осы Ережелерге сəйкес скретч-картаны
басқа Қатысушылардан бұрын берген Қатысушы осы Жарнамалық Кəдесыйдың иегері
болады.
14.4. Акцияның Жарнамалық Кəдесыйын алған сəттен бастап Акцияға Қатысушы оның
иесі болып табылады, сондай-ақ оның абайсызда жойылу немесе зақымдалу тəуекелін өз
мойнына алады.
14.5. Акцияға Қатысушы Жарнамалық Кəдесыйды алудан кез келген себеппен бас тартқан
жағдайда, Ұйымдастырушы Жарнамалық Кəдесыйлардың жалпы санын сəйкесінше азайту
құқығын өзіне қалдырады. Сонымен бірге осы тармақта көрсетілген Жарнамалық
Кəдесыйлар Акцияның аяқталу күнінен бастап берілмейді жəне Ұйымдастырушы оларды
өз қалауы бойынша пайдаланады.
15. Жарнамалық Кəдесыйларды бөлу нəтижелері Акцияның өткізілу кезеңінде жасалатын жəне
Ұйымдастырушы өкілінің қолы қойылған тиісті хаттамаларда белгіленеді.
16. Акцияға Қатысушыларға Акция Ережелері туралы хабар беру тəртібі:
16.1. Акцияның толық шарттарымен Қатысушылар
www.maminclub.kz
интернет-сайтында,
сондай-ақ 8 800 070 89 10 тегін жедел желі телефоны арқылы таныса алады (Акцияның
өткізілуінің бүкіл кезеңі ішінде тəулік бойы).
16.2. Акция туралы ішінара ақпаратты орналастырылатын жарнама-ақпараттық
материалдардан білуге болады. Жарнама-ақпараттық материалдардан алынған ішінара
5
ақпарат бойынша/онымен байланысты шығатын қандай да бір даулар туындаған жағдайда
Қатысушы жарнама-ақпараттық материалдардан алынған ішінара ақпаратқа сілтеме
жасауға құқығы жоқ.
16.3. Акция шарттарының өзгеруі, Акция өткізуді тоқтату туралы, соның ішінде мерзімінен
бұрын тоқтату туралы ақпарат
www.maminclub.kz
,
www.magnum.kz
интернет-сайттарында
орналастырылатын болады.
17. Өзге шарттар:
17.1. Акцияның өткізілуіне байланысты барлық мəселелер бойынша Акцияны
Ұйымдастырушының шешімі соңғы шешім болып есептеледі жəне барлық Қатысушыларға
қатысты болады.
17.2. Ұйымдастырушы келесі жағдайлар үшін жауапты болмайды:
i. Акцияға Қатысушылардың осы Ережелермен танысу мүмкіндігінің болмауы.
ii. Акцияға Қатысушылардың осы Ережелермен көзделген міндеттемелерді
орындамауы немесе уақтылы орындамауы.
iii. Акцияға Қатысушылар Акцияға Қатысушылар сауалнамаларының жыртпалы
купондарында көрсеткен жеке деректердің, байланыс жəне басқадай ақпараттың
дұрыстығы, дəлдігі жəне дəйектілігі, сонымен қатар, осыған байланысты
Қатысушылармен өздері көрсеткен байланыс телефондары арқылы хабарласу
мүмкіндігінің болмағаны, сондай-ақ Ұйымдастырушыға байланысты емес
себептерден, сондай-ақ байланыс операторларының жұмыс сапасына байланысты
себептерден, бірақ онымен шектелмейтін себептерден Қатысушылардан алынған
ақпаратты оларға Жарнамалық Кəдесыйларды беру мақсатымен пайдалану
мүмкіндігінің болмағаны үшін.
iv. Акцияға Қатысушылардың Акцияның Жарнамалық Кəдесыйларын сұранымсыз
қалдырған жағдайда немесе олардан бас тартқан жағдайда оларды алмауы үшін.
v. Қатысушылардың Акцияға қатысуымен байланысты олардың өміріне,
денсаулығына, моральдық жəне/немесе психикалық зақым келгені үшін.
Достарыңызбен бөлісу: |