15
3.4. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы негізгі іс-шаралар
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың мемлекеттік моделі келесі жүйелік
бағыттардан тұрады, олардың шеңберіндемынадай іс-шаралар жүзеге асырылады:
1) Этика нормаларын сақтайтын кәсіби мемлекеттік аппарат:
a) Мемлекеттік қызметтің мәнсаптық моделі;
b) Мемлекеттік қызметке қабылдаудың үш сатылы іріктеу жүйесі;
c) Мемлекеттік қызметшілердің этикалық нормаларын және этика жөніндегі
комиссарларды енгізу.
2) Заң үстемдігі мен құқықтық мемлекет:
a) Сот ісін жүргізуді автоматтандыру;
b) Судьяларды полиграфпен іріктеудің жаңа жүйесін енгізу;
c) Үш сатылы сот жүйесі;
d) 5 жыл сайын судьялардың қызметін бағалау;
e) Жаңа судьяның бір жылдық тәжірибе жинақтауы;
f) Сот отырысының қатысушыларына СМС хабарлама жіберу;
g) Прокуратура қызметіндегі «ортақ бақылауды» алып тастау;
h) Қылмыстың геокарталары;
i) Құқыққорғау органдарына қызметкерді - мемқызметке алу моделімен іріктеу.
3) Мемлекеттік институттардың ашықтығы, транспаренттілігі және есеп беруі:
a) «Ашық үкімет» және оның азаматтар үшін 5 қызметін құру;
b) Қоғамдық кеңес институтын енгізу және республикалық және жергілікті дәрежеде
229 кеңестің жұмысын жүргізу.
4) Қызмет көрсету мемлекеті:
a) Мемлекеттік қызмет көрсетудің бірқатар түрін электронды форматқа ауыстыру;
b) «Бір терезе» жүйесіне толық ауысу;
c) Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын әрдайым бақылау.
16
4. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама
4.1. Жалпы мәлімет
4.1.1. Заң жинағы
Қылмыстық кодекстегі
1
сыбайлас жемқорлық қылмыстары мен оларға қатысты
жазалар «Мемлекеттік қызмет пен мемлекеттік басқару мүдделеріне қарсы сыбайлас
жемқорлық және басқа да қылмыстық құқық бұзушылықтар» оның 15-тарауында
сипатталған. Онда 11 бап бар:
361-бап. Лауазымдық өкілеттігін асыра пайдалану.
362-бап. Билiктi немесе қызметтiк өкiлеттiкті асыра қолдану.
363-бап. Лауазымды тұлғаның өкілеттігін иемдену.
364-бап. Кәсіпкерлік қызметке заңсыз қтысу.
365-бап. Заңды кәсіпкерлік қызметке кедергі келтіру.
366-бап. Пара алу.
367-бап. Пара беру.
368-бап. Парақорлықта делдал болу.
369-бап. Қызмет бабында жалған құжат жасау.
370-бап. Қызметтегіәрекетсіздік.
371-бап. Немқұрайлылық.
Әрбір қылмыс үшін айыппұл мен түзеу жұмыстарынан басталып, бас бостандығын
шектеу, бас бостандығынан айыру жазалау шаралары қолданылады. Әдетте, жазалау
шарасы, сондай-ақ, белгілі бір лауазымды иеленуге немесе белгілі бір қызметпен
айналысу құқығынан өмір бойы айырады.
Сондай-ақ, әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексте сыбайлас жемқорлық құқық
бұзушылық көрсетілген - бұл 34-тарау, «Әкімшілік сыбайлас жемқорлық құқық
бұзушылықтар»
2
. Онда 6 бап бар:
676-бап. Жеке тұлғалардың заңсыз материалдық сыйақы ұсынуы.
677-бап. Мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілетті адамның немесе оған
теңестірілген адамның заңсыз материалдық өтемақы алуы.
678-бап. Заңды тұлғалардың заңсыз материалдық сыйақы тағайындауы.
679-бап. Заңсыз кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру және мемлекеттік органдар мен
жергілікті өзін-өзі басқару органдарының заңсыз кірістерін алу.
680-бап. Мемлекеттік билік органдарының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл
жөніндегі шараларды қабылдамауы.
681-бап. Бұрын сыбайлас жемқорлық қылмысын жасаған адамдарды жұмысқа алу.
Барлық баптар айыппұлдың әртүрлі мөлшеріменде жазалау түрін білдіреді.
1
Уголовный кодекс Республики Казахстан. Кодекс Республики Казахстан от 3 июля 2014 года № 226-V ЗРК.//
http://adilet.zan.kz/rus/docs/K1400000226
2
Об административных правонарушениях. Кодекс Республики Казахстан от 5 июля 2014 года № 235-V ЗРК.//
http://adilet.zan.kz/rus/docs/K1400000235#z0
17
4.1.2. Заңдар
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестегі ең маңызды екі заң – «Сыбайлас
жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» және «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік
қызмет туралы» Заңы. Біріншісі сыбайлас жемқорлықпен күресуге бағытталған болса,
екіншісі жемқорлық негізінен пайда болған саланы реттейді:
1. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы»
3
Заң - сыбайлас жемқорлыққа
қарсы іс-қимыл саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейді және Қазақстан
Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатын жүзеге асыруға
бағытталған.
2. «Мемлекеттік қызмет туралы»
4
Заң - Қазақстан Республикасының мемлекеттік
қызметіне кіруге, оның өтуіне, тоқтатылуына байланысты қоғамдық қатынастарды
реттейді, мемлекеттік қызметшілердің құқықтық мәртебесін, материалдық
қауiпсiздiгiн және әлеуметтiк қорғауын, сондай-ақ мемлекеттiк органдардағы басқа
адамдардың қызметiн айқындайды.
Бұдан басқа, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте мынадай заңдар да маңызды:
1. «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы»
5
Заң - жеке
және заңды тұлғалардың өз құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерiн
жүзеге асыру және қорғау мақсатында өтiнiштер беру және қарау жөнiндегi
қоғамдық қатынастарды реттейді.
2. «Мемлекеттік қызмет көрсету туралы»
6
Заң - мемлекеттік қызмет көрсету
саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейді. Сәйкесінше, мемлекеттік қызмет
қызмет алушыларының өтініші бойынша жеке құқықтары, бостандықтары мен
заңды мүдделерін іске асыруға, оларға тиісті материалдық немесе материалдық
емес пайданы қамтамасыз етуге бағытталған жеке мемлекеттік функцияларды
жүзеге асырудың бір түрі болып табылады.
3. «Әкімшілік рәсімдер туралы»
7
Заң - әкімшілік рәсімдерді белгілеуге, басқару
қызметін жетілдіруге ықпал ететін, мемлекеттік органдардың үздіксіз жұмысын
қамтамасыз ету, басқарушылық шешімдерді жылдам қабылдау, азаматтардың
құқықтары мен бостандықтарын сақтау, мемлекеттік мүдделерді қорғау,
мемқызметкерлердің қызметтiк мiндеттерiн тыс мақсаттарда пайдалануын
болдырмауға бағытталған.
4. «Рұқсаттар мен хабарламалар туралы»
8
Заң - жекеше кәсіпкерлік субъектілерін іске
асыруға рұқсат беру немесе хабарландыру тәртібін енгізумен байланысты
қоғамдық қатынастарды реттейді, сондай-ақ, осы Заңда көзделген басқа да қызмет
түрлерінің немесе іс-әрекеттерінің жекелеген түрлерін жүзеге асырады.
3
О противодействии коррупции. Закон Республики Казахстан от 18 ноября 2015 года № 410-V ЗРК.
//http://adilet.zan.kz/rus/docs/Z1500000410
4
О государственной службе Республики Казахстан. Закон Республики Казахстан от 23 ноября 2015 года №
416-V ЗРК.// http://adilet.zan.kz/rus/docs/Z1500000416
5
О порядке рассмотрения обращений физических и юридических лиц. Закон Республики Казахстан от 12
января 2007 года N 221. //http://adilet.zan.kz/rus/docs/Z070000221_
6
О государственных услугах. Закон Республики Казахстан от 15 апреля 2013 года № 88-V. //
http://adilet.zan.kz/rus/docs/Z1300000088
7
Об административных процедурах. Закон Республики Казахстан от 27 ноября 2000 года N 107.
//http://adilet.zan.kz/rus/docs/Z000000107_
8
О разрешениях и уведомлениях. Закон Республики Казахстан от 16 мая 2014 года № 202-V ЗРК.//
http://adilet.zan.kz/rus/docs/Z1400000202
Достарыңызбен бөлісу: |