Microsoft Word Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі. docx



жүктеу 0,81 Mb.
Pdf просмотр
бет5/9
Дата10.11.2018
өлшемі0,81 Mb.
#18888
түріКоллективный договор
1   2   3   4   5   6   7   8   9

 10

комиссиясының  техникалық-ұйымдастырылуын  қамтамасыз  етуді  Әкімшілік 

жүзеге асырады. 

Келісім  комиссиясы  өз  құрамы  ішінен  комиссия  төрағасы  мен  хатшыны 

тағайындайды.  Келісім  комиссиясы  өз  қызметінде  нормативтік  құжаттардың 

негізінде әзірленген Регламентті басшылыққа алады.  



 

6. ШАРТТАР ЖӘНЕ ЕҢБЕК ҚОРҒАУ  

 

 



6.1. Университет Әкімшілігі міндетіне алады: 

6.1.1.  Еңбек  қорғау,  қауіпсіздік  техникасы,  өндірістік  тазалық  бойынша, 

қызметкерлерге  қауіпсіз  еңбек  және  тұрмыстық  жағдайлар  жасау  жөніндегі    

іс-шараларды толығымен орындауды (2-қосымша)

6.1.2.  2009  жылғы  18  қыркүйектегі  Қазақстан  Республикасының    «Халық 

денсаулығы  және  денсаулық  сақтау  жүйесі  туралы»  Кодексіне,  ҚР  Денсаулық 

сақтау  министрлігінің  2009  жылғы  16  қарашадағы  №  709  «Медициналық 

тексеруден  өткізу  ережесін,  міндетті  медициналық  тексеру  өткізілетін  кәсіп, 

зиянды  өндірістік  факторлар  тізімін  бекіту  туралы»  бұйрығына  және  ректор 

бекіткен  «Жұмыс  орындары  мен  қызметкерлердің  қызметке  (жұмысқа  тұру 

кезінде)  алдын-ала  міндетті  түрде  және  кезеңдік  медициналық  тексеруден  өту 

үшін  жасалған  тізімдеріне»  (3-қосымша)  сәйкес,  кезеңдік  медициналық 

тексеруден  өту  Университет  қаражаты  есебінен,  ал  алдын-ала  медициналық 

тексеруден өтуді жұмысқа тұрушылар қаражаты есебінен жүргізуді. 

6.1.3.  Химиялық  зертханаларды,  шеберханаларды,  оқу  ғимараттары  мен 

жатақхана  вахталарын  медициналық  көмек  құралдарымен  (аптечкалармен) 

қажетті нормаларға сәйкес қамтамасыз етуді. 

6.1.4. Жыл сайын 1 қазанға дейін ғимараттарға қысқы мерзімге дайындық 

жүргізу,  жылу  беру  жүйелері  мен  желдеткіш  қондырғыларға  жөндеу 

жұмыстарын жүргізуді, есіктерді жылылауды, әйнектерді орнатуды аяқтауды. 

6.1.5.  Жыл  сайын  15  қазанға  дейін  ректоратта  Инфрақұрылымды  дамыту 

департаментінің  Университеттің  қысқы  жағдайдағы  жұмыс  мерзіміне 

дайындығы туралы есебін тыңдауды. 

6.1.6.  Тозу  мерзіміне  сәйкес  қызметкерлерді  тиісті  сападағы  және 

мөлшердегі  арнайы  киімдермен,  арнайы  аяқ  киімдермен,  сақтандыру 

құралдарымен ұдайы қамтамасыз етуді (4-қосымша)

6.1.7.  Еңбек  жағдайының  зияндылығы  бар  жерлерде  жұмыс  істейтін 

қызметкерлерді  Қазақстан  Республикасындағы  заңды  күші  бар  кесімдермен 

және  Еңбек  зияндылығы  бар  өндірістік  орындар  мен  жұмыс  орындарының 

тізімі мен Тізімге сәйкес олардың өтемақысы туралы ректор бекіткен бұйрыққа 

сәйкес жеңілдіктермен қамтамасыз етуге (5-қосымша)

6.1.8.  Тазалық  нормаларының  талаптарына  сәйкес  дәретханалардың  және 

басқа  да  тұрмыстық-тазалық  қондырғыларының  дұрыс  жұмыс  істеуін 

қамтамасыз етуге. 

6.1.9.  Университеттегі  өрт  қауіпсіздігі  шараларын  үнемі  жүзеге  асыруды, 

оқу-өндірістік  және  қосалқы  орындарды  тиісті  өртке  қарсы  құралдармен,            

өрт  қауіпсіздігі  нұсқаулықтарымен  және  ережелермен  қамтамасыз  ету,  күзет 



 11

қызметкерлерімен  нұсқаулық  жүргізуді  және  қызметшілерді  техникалық-             

өрт минимумдарына үйретуді ұйымдастыруды. 

 

6.2. Кәсіподақ комитеті міндетіне алады: 

-  еңбек  ұжымының  еңбек  қорғау,  техникалық  қауіпсіздік,  өндірістік 

тазалық,  қауіпсіздік  шараларын  жасауды  және  қызметкерлер  тұрмысы 

жөніндегі  өкілеттілігі  мен  қоғамдық-әкімшілік  бақылау  комиссиясының  еңбек 

қорғау  жөніндегі  шараларын  орындауына  ұдайы  бақылау  жасауға  көмектесу 

және жүзеге асыруды. 

 

7. ЖҰМЫС БЕРУШІ МЕН УНИВЕРСИТЕТ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ 

МАТЕРИАЛДЫҚ 

 ЖАУАПКЕРШІЛІГІ 

 

7.1.  Еңбек  шарт  жақтары  екінші  жаққа  залал  (зиян)  тигізген  кезде 

Қазақстан  Республикасының  қолданыстағы  заңдарына  сәйкес  оның  орнын 

толтырады.  

Залал  (зиян)  тигізгеннен  кейін  еңбек  шартын  тоқтатқан  кезде  тараптар 

материалдық жауапкершіліктен босатылмайды.   

7.2.  Ол  жасаған  залал  (зиян)  үшін  еңбек  шартындағы  жақтардың 

материалдық жауапкершілігі кінәлі құқыққа қарсы мінез-құлық (әрекет немесе 

әрекетсіздік)  нәтижесінде  және  құқыққа  қарсы  мінез-құлық  пен  себепті  залал 

(зиян) арасындағы байланыстың себебінен пайда болады.  

7.3.  Жұмыс  беруші  қызметкерлер  алдында  Қазақстан  Республикасының 

заңдарына сәйкес материалдық жауапты болады. 

7.4.  Келтірілген  залал  үшін  қызметкерлер  жұмыс  беруші  алдында 

материалдық жауапкершілік алады: 

1) жұмыс берушінің мүлкін жоғалтып немесе залал келтіргенде; 

2)  қызметкердің  құқыққа  қарсы  әрекеті  (әрекетсіздігі)  нәтижесінде  пайда 

болғанда.  

7.5.  Қызметкерлер  тигізген  залалы  үшін  өзінің  айлық  жұмысақысы 

шегінде материалдық жауапкершілік алады. 

7.6.  Университетке  тигізілген  толық  мөлшердегі  залал  қызметкерлерге 

келесідей жағдайда жүктеледі: 

1)  толық  материалдық  жауапкершілік  туралы  жазбаша  келісім-шарт 

негізінде  қызметкерге  берілген  мүліктер  мен  басқа  да  құндылықтардың 

сақталуын қамтамасыз етпегенде; 

2) бір реттік құжат бойынша қызметкермен есеп беруге алынған мүліктер 

мен басқа да құндылықтардың сақталуын қамтамасыз етпегенде; 

3)  алкоголь,  наркотик  немесе  таксикоманиялық  мас  болу  (олардың 

аналогтары) жағдайында келтірілген залал; 

4)  Университет  қызметкерлеріне  пайдалануға  берілген  материалдар, 

жартылай өнімдер, бұйымдар (өнімдер) құралдар, өлшеуіш аппараттар, арнайы 

киімдер мен басқа заттар кем болғанда, қасақана жойылғанда; 

5)  Қазақстан  Республикасының  заңдарымен  белгіленген  тәртіпте 

расталған қызметкердің заңсыз әрекетінен тиген залалы үшін. 



жүктеу 0,81 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау