4
- ақы төлеу және еңбек шарттарын реттеп отыратын кесімдерді
қабылдау;
- материалдық және моральдық марапаттаулар;
- баспана беру;
- Университеттің Ішкі еңбек тәртібі ережесін қабылдауға.
2.1.14. Кәсіподақ комитетінің өкілі аттестациялық және конкурстық
комиссияның құрамына енгізілсін.
2.2. Кәсіподақ комитетінің міндеттері:
2.2.1. Кәсіподақ комитеті барлық қызметкерлердің әлеуметтік-кәсіптік
мүдделерін қорғайтын және жүзеге асыратын және олардың осы келісім-
шартты және басқа да ҚР заңдарына қарсы келмейтін нормативтік кесімдерді
реттейтін өз өкілеттігі шегінде қызмет атқаратын жеке дара өкіл болып
табылады.
2.2.2. Кәсіподақ комитеті Университеттің оқу процесінің, ғылыми-
өндірістік қызметінің және әлеуметтік саясатының жалпы мақсатты түрде
жүзеге асыру жауапкершілігін мойындайды.
2.2.3. Кәсіподақ комитеті:
- жұмыс беруші алдында қызметкердің мүддесін қорғауды;
- Келісім-шарт жағдайын, еңбек қорғау бойынша ереже мен нормаларды,
Қазақстан Республикасындағы Еңбек кодексінің нормаларын сақтауға
қоғамдық бақылауды;
- шығармашылық белсенділік пен еңбек тиімділігін арттыруды, еңбек
тәртібін ұстауды, Университеттің Еңбек тәртібі ережесімен, ұжым мүшелерінің
орындауына бағытталған ықпалды тәрбиелік шаралармен қамтамасыз етеді.
2.3. Еңбек ұжымының міндеттері:
Еңбек ұжымы мүшелері міндетті:
- Жарғы ережелерін, Келісім-шартты, лауазымдық міндеттерді қатаң
сақтауға, адал еңбек етуге, Университеттің беделін сақтау және нығайтуға;
- еңбек тәртібін қатаң сақтауға, әкімшілік өкімдерін өз уақытында және
бұлжытпай орындауға, өнімді еңбек үшін барлық жұмыс уақытын пайдалануға,
басқа қызметкерлердің еңбек міндеттерін орындауға кедергі жасайтын
әрекеттерден өзін-өзі тежеуге;
- еңбек қорғау, техника қауіпсіздігі, өрт қауіпсіздігі, өндірістік санитария
және еңбек гигиенасы жөнінде қарастырылған ереже мен нұсқаулықтар
талаптарын сақтауға; кәсіби керек-жарақтарға сәйкес берілген арнайы киімдер,
арнайы аяқ-киімдермен жұмыс істеуге;
- қалыпты жұмыс
істеуге (апат) келтіретін кедергілер немесе
қиыншылықтардың себебі мен шарттарын дереу жою шараларын қабылдау,
әкімшілікке болған жағдай туралы дереу хабарлауға;
- материалдық құндылықтар мен құжаттарды сақтаудың белгіленген
тәртібін сақтауға;
- өз жұмыс орнын реттеп, таза ұстауға, Университет аймағында тазалық
сақтауға;
- Университет мүлкін құнттап ұстауға (соның ішінде Университеттің
жауапкершілігінде тұрған үшінші тұлғалар мүлкін), жабдықты тиімді және
5
қажетті жағдайда пайдалану, қызметкерлерге пайдалануға берілетін аспаптар,
өлшеу аспаптары, арнайы киімдер, басқа да заттарды құнттап ұстау, шикізат,
материалдар, энергия, отын және басқа да материалдық ресурстарды үнемді
және тиімді жұмсауға;
- жұмыс берушіге мүліктік залал келтірілген жағдайда қызметкер оны
ҚР Еңбек кодексімен қарастырылған тәртіпте өтейді.
2.3.2. Профессорлық-оқытушылар құрамы (ПОҚ) және Университеттің
ғылыми қызметкерлері міндетті:
- педагогикалық этика нормаларын және әдеп ережелерін сақтауға;
- мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарының талаптарына
сәйкес берілген қызмет сапасын қамтамасыз етуге;
- білім алушыларды жоғары адамгершілік рухта, ата-аналарын сыйлауға
тәрбиелеу, этномәдени құндылықтарға, қоршаған ортаға ұқыптылықпен
қарауға;
- өзінің кәсіби шеберлігін, ойлау, шығармашылық және жалпы ғылыми
деңгейін үнемі жетілдіріп отыруға;
- кем дегенде бес жылда бір рет аттестациядан өтуге;
- міндеттер мен норма және педагогикалық этика нормаларын бұзғандығы
үшін педагогикалық қызметкерлер Қазақстан Республикасының заңдарында
қарастырылған жауапкершілікке тартылуы мүмкін;
- білім алушылар сабаққа келмеген немесе кейбір себептермен сабақ
болмаған жағдайда кафедра, институт және Академиялық мәселелер
департаментінің басшыларына хабарлап қою керек;
- жүйелі негізде білім алушылардың (ПОҚ үшін) сабаққа қатысуы мен
үлгерімінің ағымдық есебін жүргізу.
2.3.3. Университет зертханалары, шеберханалары, Департаментттері,
Орталықтары, бөлімдері мен қызметтерінің қызмет көрсету, оқу-көмекші,
инженер-техникалық және басқа қызметкерлердің міндеттері 2.3.1-тармақта
көрсетілгендермен толықтырылуы тиіс:
- топпен және тапсырма бойынша жұмыстарды өз уақытында және
ұқыпты орындау;
- технологиялық тәртіпті сақтау, жұмыста ақау болдырмау және жұмыс
сапасын жақсарту;
- кезең бойынша өз жұмыс орнын, жабдықтар мен құрылғыларды дұрыс
күйде тапсыру.
2.3.4. өз лауазымы, кәсібі, мамандығы бойынша әрбір қызметкер
орындайтын міндеттер аясы (жұмыстар) белгіленген тәртіпте бекітілген
лауазымдық нұсқаулықтар мен ережелермен анықталады.
3. УНИВЕРСИТЕТТІҢ ӨНДІРІСТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТІ
3.1. Университет әкімшілігі мен еңбек ұжымы жоғары білікті
инженерлік және ғылыми кадрлар даярлауды, ғылым мен техника аясында
ұтымды іргелі және қолданбалы зерттеулер жүргізуді, Университеттің
жиынтық табысын арттыруды қамтамасыз етуге міндетті.