Microsoft Word 3 ҚР азаматтарды есепке алу стандарты. Doc



жүктеу 51,85 Kb.
Pdf просмотр
Дата14.05.2018
өлшемі51,85 Kb.
#12893


         Қазақстан Республикасы 

        Сыртқы істер Министрінің  

       міндетін атқарушының 

        2015 жылғы «8» мамырдағы 

       № 11-1-2/177 бұйрығына  

                                                                                               3 - қосымша 

 

 

«Шетелде Қазақстан Республикасының азаматтарын есепке алу» 

мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты 

 

 



1. Жалпы ережелер 

 

1.  «Шетелде  Қазақстан  Республикасының  азаматтарын  есепке  алу» 



мемлекеттік  көрсетілетін  қызметі  (бұдан  əрі  –  мемлекеттік  көрсетілетін 

қызмет). 

2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы 

Сыртқы істер министрлігі (бұдан əрі – Министрлік) əзірледі. 

3.  Мемлекеттік  қызметті  Қазақстан  Республикасының  шетелдердегі 

мекемелері (бұдан əрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді. 

Құжаттарды  қабылдау  жəне  мемлекеттік  қызмет  көрсету  нəтижелерін 

беру көрсетілетін қызметті беруші арқылы жүзеге асырылады. 

 

 

2. Мемлекеттiк қызметті көрсету тəртiбi 



 

4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі: 

1) құжаттар топтамасын тапсырған кезден бастап – 3 (үш) жұмыс күні; 

2)  құжаттар  топтамасын  тапсыру  үшін  кезек  күтудің  рұқсат  етілген  ең 

ұзақ уақыты – 60 минут; 

3) қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 10 минут. 

5. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: қағаз түрінде. 

6.  Мемлекеттік  қызмет  көрсету  нəтижесі  -  Қазақстан  Республикасының 

азаматтарын консулдық тіркеуге алу немесе одан шығару. 

Мемлекеттік қызмет көрсету нəтижесі беру нысаны: қағаз түрінде. 

7.  Мемлекеттiк  көрсетілетін  қызмет  жеке  тұлғаларға  (бұдан  əрі  – 

көрсетілетін қызметті алушы) тегін көрсетіледі. 

8.  Көрсетілетін  қызметті  берушінің  жұмыс  кестесі:  Қазақстан 

Республикасының еңбек заңнамасына сəйкес демалыс жəне мереке күндерінен 

басқа,  дүйсенбіден  бастап  жұманы  қоса  алғанда,  сағат  13.00-ден  14.30-ға 

дейінгі түскі үзіліспен сағат 09.00-ден 18.30-ға дейін. 




Құжаттарды  қабылдау  сағат  09.30-дан  12.30-ға  дейін,  ал  мемлекеттік 

қызмет  көрсету  нəтижелерін  беру  сағат  16.00-ден  17.00-ге  дейін  жүзеге 

асырылады. Сəрсенбі қабылдамайтын күн.  

Мемлекеттік  көрсетілетін  қызмет  алдын  ала  жазылусыз  жəне  жедел 

қызмет көрсетусіз, кезек күту тəртібімен жүзеге асырылады. 

9. Көрсетілетін қызметті алушы жеке өзі немесе оның заңды өкілі өкілдік 

етуге құзыреттілігін растайтын құжаттар ұсына отырып, көрсетілетін қызметті 

берушіге  жүгінген  кезде  мемлекеттік  қызметті  көрсету  үшін  қажетті  құжаттар 

тізбесі: 

1) еркін нысандағы өтініш; 

2) мөлшері 3х4 сантиметр бір түсті фотосурет; 

3)  жеке  басты  куəландыратын  есепке  алу  карточкасы  (түпнұсқасы  жəне 

көшірмесі); 

4)  осы  мемлекеттік  көрсетілетін  қызмет  стандартына  1  немесе  

2-қосымшаларға сəйкес нысан бойынша толтырылған есепке алу карточкасы. 

Көрсетілетін  қызметті  алушы  көрсетілетін  қызметті  берушіге  барлық 

қажетті  құжаттарды  тапсырған  кезде,  қағаз  жеткізгіштегі  өтініштің 

көшірмесіндегі қабылдау күні, қабылдаған адамның тегі, аты, əкесінің аты жəне 

құжаттар  топтамасын  қабылдаған  уақыты  көрсетілген  белгі  оның 

қабылданғанын растау болып табылады. 

9-1.  Көрсетілетін  қызметті  беруші  мемлекеттік  қызметті  көрсетуден 

мынадай негіздер бойынша бас тартады: 

1)  көрсетілетін  қызметті  алушының  мемлекеттік  көрсетілетін  қызметті 

алу  үшін  ұсынған  құжаттарының  жəне  (немесе)  олардағы  деректердің 

(мəліметтердің) анық еместігінің белгілі болуы; 

2)  көрсетілетін  қызметті  алушының  жəне  (немесе)  мемлекеттік  қызмет 

көрсету  үшін  қажетті  ұсынылған  деректердің  жəне  мəліметтердің  «Қазақстан 

Республикасының  азаматтығы  туралы»  Қазақстан  Республикасы  Заңының, 

«Қазақстан  Республикасынан  тыс  жерде  тұрақты  жəне  уақытша  тұратын 

Қазақстан  Республикасы  азаматтарының  есебін  жүргізу  қағидаларын  бекіту 

туралы»  Қазақстан  Республикасы  Сыртқы  істер  министрінің  м.а.  2016  жылғы 

14 маусымдағы  №  11-1-2/263  бұйрығының  (Нормативтік  құқықтық  актілерді 

тіркеу тізілімінде № 14093 болып тіркелді) талаптарына сəйкес келмеуі. 

Көрсетілетін  қызметті  алушы  осы  мемлекеттік  көрсетілетін  қызмет 

стандартының 9-тармағында көзделген тізбеге сəйкес құжаттардың топтамасын 

толық  ұсынбаған  жəне  (немесе)  қолданылу  мерзімі  өтіп  кеткен  құжаттарды 

ұсынған  жағдайларда  көрсетілетін  қызметті  беруші  өтінішті  қабылдаудан  бас 

тартады,  бұл  ретте  көрсетілетін  қызметті  беруші  құжат  қабылдаудан  бас 

тартқаны туралы қолхат береді. 



 

 

3. Орталық мемлекеттік органның, сондай-ақ көрсетілетін қызметті 

берушінің жəне (немесе) олардың лауазымды адамдарының мемлекеттік 




қызмет көрсету мəселелері жөніндегі шешімдеріне, əрекеттеріне 

(əрекетсіздігіне) шағымдану тəртiбi 

 

10.  Көрсетілетін  қызметті  берушінің  жəне  (немесе)  оның  лауазымды 



адамдарының  мемлекеттік  қызмет  көрсету  мəселелері  бойынша  шешімдеріне, 

əрекеттеріне (əрекетсіздігіне) шағымдану: шағым осы мемлекеттік көрсетілетін 

қызмет  стандартының  12-тармағында  көрсетілген  мекенжай  бойынша 

көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына беріледі. 

Шағым  көрсетілетін  қызметті  берушінің  кеңсесі  арқылы  қолма-қол, 

пошта арқылы жазбаша түрде немесе «электронды үкімет» веб-порталы арқылы 

беріледі. 

Шағымды  қабылдаған  адамның  тегі  мен  аты-жөні,  берілген  шағымға 

жауап алу мерзімі мен орны көрсетіле отырып, көрсетілетін қызметті берушінің 

кеңсесінде тіркеу (мөртаңба, кіріс нөмірі мен күні) шағымның қабылданғанын 

растау болып табылады.  

Көрсетілген қызметті алушының шағымында оның тегі, аты, əкесінің аты, 

почта  мекенжайы  шығыс  нөмірі  жəне  уақыты  көрсетіледі.  Шағымда 

көрсетілетін қызметті алушының қол таңбасы болу керек.  

Көрсетілетін  қызметті  берушінің  атына  келіп  түскен  көрсетілетін 

қызметті  алушының  шағымы  тіркелген  күнінен  бастап  бес  жұмыс  күні  ішінде 

қаралуға жатады. 

Көрсетілген  мемлекеттік  қызмет  нəтижелерімен  келіспеген  жағдайда, 

көрсетілетін  қызметті  алушы  мемлекеттік  қызметті  көрсету  сапасын  бағалау 

жəне бақылау жөніндегі уəкілетті органға шағыммен жүгіне алады. 

Мемлекеттік  қызмет  көрсету  сапасын  бағалау  жəне  бақылау  жөніндегі 

уəкілетті  органның  атына  келіп  түскен  көрсетілетін  қызметті  алушының 

шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралады. 

11.  Көрсетілген  мемлекеттік  қызметтің  нəтижелерімен  келіспеген 

жағдайларда,  көрсетілетін  қызметті  алушының  Қазақстан  Республикасының 

заңнамасында белгіленген тəртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.   

 

 

4. Мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып 



қойылатын өзге талаптар 

 

12.  Мемлекеттік  қызметті  көрсету  орындарының  мекенжайлары 



Министрліктің www.mfa.gov.kz интернет-ресурсында орналастырылған. 

13.  Мемлекеттік  қызметті  көрсету  тəртібі  мен  оның  мəртебесі  туралы 

ақпаратты  көрсетілетін  қызметті  алушының  мемлекеттік  қызмет  көрсету 

мəселелері  жөніндегі  бірыңғай  байланыс  орталығы  арқылы  алуға  мүмкіндігі 

бар.  

14.  Мемлекеттік  қызметті  көрсету  мəселелері  бойынша  анықтама 



қызметтерінің  байланыс  телефондары  www.mfa.gov.kz  интернет-ресурсында 


«Мемлекеттік  көрсетілетін  қызмет»  бөлімінде  көрсетілген,  мемлекеттік 

қызметті  көрсету  мəселелері  жөніндегі  бірыңғай  байланыс  орталығының  

нөмірі - 1414, 8 800 080 7777. 

 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 



«Шетелде Қазақстан 

Республикасының азаматтарын есепке 

алу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет 

стандартына 1-қосымша 

 

нысан 



____________________________________________________________________

_________________ 

(есепке қабылдаған Қазақстан Республикасының шет елдегі мекемесінің атауы) 

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНАН ТЫС ЖЕРДЕ ТҰРАҚТЫ ТҰРАТЫН  

ҚАЗАҚСТАНРЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ АЗАМАТТАРЫН  

ЕСЕПКЕ АЛУ КАРТОЧКАСЫ 

 

 

Фото  



сурет 

орны 


 

 

1. Тегі, аты, əкесінің аты (егер тегіңізді, атыңызды ауыстырсаңыз, пайдаланған 



барлық тектеріңізді атаңыз) ____________________________________________ 

2. Туған күні ________________________________________________________ 

3. Туған жері ________________________________________________________ 

4. Ұлты _____________________________________________________________ 

5. Білімі мен мамандығы, қашан жəне қандай оқу орнын бітірдіңіз ___________ 

____________________________________________________________________ 

6. Шетелге шығудың мақсаты жəне күні _________________________________ 

7. Қазақстан Республикасында бұрынғы тұрғылықты мекенжайы ____________ 

____________________________________________________________________ 

8. Шетелдегі тұрғылықты мекенжайы мен телефон нөмірі (e-mail)____________ 

____________________________________________________________________ 

9. Жұмыс орны жəне атқаратын лауазымы _______________________________ 

____________________________________________________________________ 

10. Қазақстанда туыстарыңыз бар ма, олардың тектері мен мекенжайлары 

____________________________________________________________________ 

11. Паспорттың нөмірі, қашан жəне кім берді, қолдану мерзімі ______________ 

12. Паспортқа енгізілген адамдар ______________________________________ 

13. Паспорттың мерзімін ұзарту жəне ауыстыру туралы белгілер ____________ 

14. Жергілікті билік берген құжаттардың көшірмелері _____________________ 

15. Ерекше белгілер __________________________________________________ 

   

 Қолы____________                



 

 

20___ жылғы ___________ 



 


«Шетелде Қазақстан Республикасының 

азаматтарын есепке алу» мемлекеттік 

көрсетілетін қызмет стандартына 

2-қосымша 

 

нысан 



_______________________________________________________________ 

(есепке қабылдаған Қазақстан Республикасының шет елдегі мекемесінің атауы) 

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНАН ТЫС ЖЕРДЕУАҚЫТША ТҰРАТЫН  

ҚАЗАҚСТАНРЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ АЗАМАТТАРЫН  

ЕСЕПКЕ АЛУ КАРТОЧКАСЫ 

 

Фото  



сурет 

орны 


 

 

1.  Тегі,  аты,  əкесiнiң  аты  (бар  болғанда)  (егер  тегіңізді,  атыңызды 



ауыстырсаңыз, 

пайдаланған 

барлық 

тектеріңізді 



атаңыз)______________________________________________________________

__________________________ 

2.  Туған  жерi  жəне  күнi  _______________________________________________ 

3. Паспорттың №, қашан жəне кiм бердi _________________________________ 

4. Паспорттың қолдану мерзiмi жəне ұзарту туралы белгiлер ________________ 

____________________________________________________________________ 

5.  Паспортқа  енгiзiлген  адамдар  ________________________________________ 

____________________________________________________________________ 

6. Болу елдерi визаларының жарамдылығы немесе рұқсат мерзiмi ____________ 

____________________________________________________________________ 

7. Сапардың мақсаты: _________________________________________________ 

8.  Жұмыс,  оқу,  тағлымдамадан  өту  жəне  т.б.  _________________________ 

9. Тұрғылықты жерiнiң мекенжайы жəне телефон нөмiрi ___________________ 

10.  Қазақстан  Республикасындағы  тұрақты  тұрғылықты  мекенжайы 

____________________________________________________________________ 

11. Ерекше белгiлер __________________________________________________ 

 

Қолы___________ 



 

 

 



 

20__ жылғы «____» __________ 



 

 

 



жүктеу 51,85 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау