Microsoft PowerPoint программасы



жүктеу 469,14 Kb.
бет2/4
Дата10.12.2017
өлшемі469,14 Kb.
#3753
түріПротокол
1   2   3   4

Дайын болған презентациядағы мәтіндерді өз ыңғайымызға қарай өзгертіп, арнайы эффектілер қосып,көркемдеу элементтерін қолдана аламыз.Автомазмұн шеберін презентациямен жұмыс істеп отырған кезде қосу қажет болса,Файл-Құру(Файл-Создать)командасын орындап,ашылған сұқбат терезенің Презентациялар ішкі бетінде Автомазмұн шебері шарт белгісінде тышқанды екі рет шерту жеткілікті.

3.Шаблондар көмегімен және бос презентация құру



Power Point программасында презентация құру әрекетін автомазмұн шебері көмегімен басқа екі түрлі тәсіл арқылы орындауға болады.Оның бірі алдын-ала безендіру элементтерін пайдалана отырып құру болса,екіншісі ешқандай безендіру элементтері қарастырылмаған бос презентация құрып алып,одан кейін көркемдеу болып табылады. Power Point программасының бір ерекшелігі осы екі жағдайда да,құрылған презентацияны,алдын ала безендіру элементтері сақталынып қойылған басқа шаблон түріне алмастыруға болады.

3.1 Презентацияны шаблондар көмегімен құру



Power Point программасында безендіріліп,дайындалған презентациялар шаблондар түрінде сақталынып қойылған.Кез келген уақытта осы шаблондарды пайдалана отырып,өз презентациямызды құруға болады.
Шаблондарды пайдаланып құру әрекетін Power Point программасы іске қосылған мезетте ашылған сұқбат терезеде Презентациялар шаблоны(Шаблоны презентаций)опциясын таңдау арқылы құру мүмкіндігі бар. Осы опция таңдалғаннан кейін Жалпы(Общие), Презентациялар дизайндары(Дизайны презентаций), Презентациялар,Web-парақтар(Web-страницы)астарлы беттерінен тұратын,Презентацияны құру сұқбат терезесі ашылады(1.3-сурет).Осы сұқбат терезе Файл-Құру командасын орындағаннан кейін де ашылады.Сұқбат терезенің оң жақ шетінде орналасқан үш батырма”””” көмегімен презентациялар тізімін ірі шарт белгілер, ұсақ шарт белгілер және кесте түрінде көруге болады.

Презентацияның шаблонын тышқан көмегімен белгілеген кезде шығатын үлгіден қарап отырып, өзімізге ұнағанын таңдап ОК батырмасын шертеміз.Осы мезетте экранға Слайд құру сұқбат терезесі шығады(1.4-сурет).Бұл сұхбат терезеде қажетті слайдтың түрін көрсетуіміз қажет.Экранда таңдалған шаблонға сәйкес бос презентация пайда болады.Осы презентацияға тиісті мәтіндерді енгізіп,арнайы эффектілер қосып, көркемдейміз.



3.2Бос презентация құру

Бос презентация, яғни ешқандай көркемдеу элементтері қолданылмаған таза презентация құру әрекетін :



  • Power Point программасын іске қосу мезетінде экранда пайда болған сұқбат терезенің Презентация құру өрісіндегі Боспезентация(Пустую презентацию) опциясын таңдау арқылы;

  • Файл-Құр укомандасын орындағанда ашылған сұқбат терезенің Жалпы(Общие)астарлы бетінде Жаңа презентацияны(Новую презентацию) шарт белгісін таңдау арқылы;

  • Стандарттар саймандар тақтасындағы Құру(Создать) батырмасында тышқанды шерту арқылы орындауға болады.

Осы әрекеттердің бірі орындалған соң экранда Слайд құру сұқбат терезесі ашылады (1.4-сурет).

Презентация слайдтарын құрастыру, үйлестіру схемасын таңдау әрекетін Слайд құрусұқбат терезесінде жүзеге асыруға болады.

“””””

Power Point программасында слайдтар белгіленуінің 24 түрлі варианты бар.Осы варианттар ішінен өзімізге қажеттісін таңдаған соң ОК батырмасын шертеміз.

4.Слайдқа мәтін, сурет, графикалық объектілер енгізу

Шаблон көмегімен немесе бос презентацяны құру командалары орындалған соң, Слайд құру сұқбат терезесі ашылады.Осы сұқбат терезеде слайдтағы мәтін, графикалық объектілер, диаграммалардың орналасу схемасын таңдай аламыз.Қажетті схеманы таңдап,ОК батырмасын шерткен соң, экранда слайд пайда болады(1.5-сурет).Әрбір өрісте әрекеттің орындалуына байланысты қандай элемент енгізілетіні көрсетіліп тұрады.Мысалы,слайдтың жоғарғы жағындағы өріс аймағында тышқанды бір рет шертсек тақырып енгізіледі т.с.с.Бастапқы уақытта слайд схемасы дұрыс таңдалмай қалса, оны кейін өзгертуге болады.

Тышқанды бір рет шертіп, тақырыпты және сол жақтағы өріске мәтінді енгізген соң, олардың қаріп түрін,түсін т.б. өзгертуге, яғни форматтауға болады.Форматталатын мәтінді ерекшелеп,белгілеген соң,Формат-Қаріп(Формат-Шрифт)командасын орындағанда ашылған сұқбат терезеде”””немесе форматтау саймандар тақтасындағы батырмалар көмегімен тиісті әрекеттерді орындаймыз.Форматтау әрекетін өріс ішіндегі бүкіл мәтінге қатысты орндау үшін, өріс жақтауында тышқанды шертіп,алдымен оны ерекшелеп аламыз.

Мәтін енгізу өрісінде оны таңбаланған тізім түрінде жазған ыңғайлы.Әдетте таңба ретінде қара дөңгелектер немесе төртбұрыштар қолданылады.Осы стандартты таңбаларды өзгерту үшін, таңбаланған тізім жазылған өрісте тышқанды шертеміз де Формат-Таңба(Формат-Маркер)командасын орындаймыз.Таңбалар(Маркеры)сұқбат тезесі ашылады.Қаріптің Wingdings деген түрін ашсақ,бірнеше символдар тізімі шығады. Осы тізімнен кез келгенін таңдап,ОКбатырмасын шерту арқылы таңба ретінде қолдануға болады.

Таңбаланған тізімнің соңында Enter пернесін басатын болсақ,келесі жолға таңба қойылады.Бос таңбадан кейін осы пернені қайта бассақ бұл таңба өшіп қалады.Ал, тұтас тізімнің таңбасын алып тастау үшін,оны ерекшелеген соң Ctrl+A қос пернесін басамыз немесе саймандар тақтасындағы Таңбаланған тізім батырмасын шертеміз.””””

Сондай-ақ,слайдқа кесте,диаграмма,сурет

сияқты объектілерді слайд схемасын таңдаған

кезде шығатын,өріс аймағында тышқанды екі

рет шерту арқылы негізе аламыз.

Енгізу-Сурет(Вставка-рисунок)командасын

орындап:



Картинкалар(Картинки)- Microsoft Clip Gallery объектілерін;

Файлдан(Из файла) –файл түрінде сақтаулы тұрған суреттерді;

Автофигуралар-әртүрлі автофигуралар;

Бірнеше тармақтан тұратын диаграмма(Организационная диаграмма), Word Art объектілерін,сканерден көшірме(со сканера), Microsoft Word кестесін енгізу мүмкіндігі бар.

Енгізу-Объект(Вставка-Объект) командасын орындап,ашылған сұқбат терезеде қажетті типін таңдау арқылы объект енгізуге болады(1.7-сурет).Мысалы,слайдқа Microsoft Excel кітабының бір парағын орналастыруға болады т.с.с.Слайдқа Excel программасында құрылған дайын диаграмманы буферге көшіріп алып,енгізуге де болады.Ол үшін Excel программасында қажетті диаграмманы ерекшелеп,Түзету-Көшіру(Правка-Копировать)командасын орындау арқылы,буферге аламыз. Power Point программасына оралып,Түзету-Енгізу(Правка-Вставить)немесе жанама менюдегі Енгізу командасын орындаймыз.

Microsoft Office құрамындағы Microsoft Graphарнайы””””программасының көмегімен қарапайым диаграммаларды құру мүмкіндігі бар.Енгізу-Диаграмма (Вставка-Диаграмма) командасын орындаймыз немесе слайдқа диаграмма енгізу схемасы таңдалса,диаграмма өрісінде тышқанды екі рет шертеміз.Саймандар тақтасындағы диаграма енгізу батырмасында тышқанды шертуге де болады(1.8-сурет) .Меню қатарындағы командалар мен саймандар тақтасында болған өзгерістерді бірден байқауға болады.Кестедегі мәліметтерді тұтас белгілеу үшін,қатарлар мен бағаналардың тақырыптары қиылысқан сол жақ жоғарғы бұрышта тышқанды шертеміз.Del пернесін басу арқылы оларды өшіріп,өзімізге керекті мәліметтерді енгіземіз де, меню қатарынан Диаграмма-Диаграмманың типі (Диаграмма-Тип диаграммы) командасын орындап,диаграманың типін таңдаймыз.Диаграмма-Параметрлер(Диаграмма-Параметры) “””””

Командасын орындап,қажетті параметрлерді тағайындаймыз(түсініктеме,тақырып,жазбалар қосу т.с.с.).Диаграманы слайдқа орналастыру үшін,слайдта тышқанды шертіп, Мәліметтер кестесі терезесін жабамыз.




5.Power Point программасында слайдпен жұмыс істеу режимдері

Power Point программасының графикалық объектлерді бейнелеуге арналған басқа программалардан айырмашылығы, бір мезгілде бірнеше слайдтардан тұратын презентациялармен жұмыс істеу мүмкіндігін береді.Осы себепті слайдтарды қараудың бірнеше режимдері бар:

  • Слайдтар режимі(режим слайда);

  • Құрылымдық режим(режим структуры);

  • Слайдтарды сұрыптау режимі(режим сортировщика слайдов);

  • Бетке ескертпе жазу режимі(режим страниц заметок);

  • Слайдтарды көрсету режимі(режим Показ слайдов);

Бұл режимнің әрқайсысы слайдты әртүрлі етіп көрсетеді және бір режимде жасаған өзгерту барлық режимде де іске асады.

Слайдтар режимі-презентацияның әр слайдын жеке қарауға және өңдеуге өте ыңғайлы.Осы режимде мәтін енгізуге және өндеуге,графикалық объктілер мен кестелер енгізуге болады.Сонымен бірге өзіміз дайндаған немесе дайын суреттер,мәтіндік түсініктемелер енгізу мүмкіндігі бар.

Құрылымдық режим презентацияның тек мәтіндік мазмұнын көрсетеді.Бұл режимде презентациядағы мәтінді өзгертуге немесе жаңа мәтін енгізуге болады.Слайд режимінде жасаған безендіру әрекеттерін құрылымдық режимде орындай алмаймыз.

Слайдтарды сұрыптау режимінде- презентацияның барлық слайдтары тізбектеліп, терезеде орналасады.Тұтас презентацияның түріне арналған слайдтардың фоны,түстерді таңдау сияқты ортақ параметрлерді тағайындай отырып , болған өзгерістерді бақылауға ыңғайлы.Нақты бір слайдтын мазмұнын өзгерту мүмкін емес болғанымен, оларды өшіру, қайталау, көрсету ретін өзгерту әрекеттерін орындауға болады.

Бетке ескертпе жазу режимі- презентация кезінде баяндамашы қолдану үшін беттерге ескертпелер құруға арналған.Бүл режимге көшкен кезде слайдтын кішірейтілген көшірмесі беттің жоғарғы бөлігіне орналасады да төменгі бөлігін мәтіндік түсініктемемен толтыруға болады.

Слайдтарды көрсету режимі- дайындалған презентация слайдтары бірінен кейін бірі экранда көріне бастайды. Бұл режимінде қолданылған барлық анимациялық эффектілер экранда көрінеді (графикалық объектілер немесе мәтіннің әріптері бірінен кейін бірі жоғарғы, төменгі немесе т.б. жақтан ұшып келуі, түсі өзгеруі т.б.).

Осы режимдердің біріне көшу үшін, Typ (Вид) командасының ішкі менюіндегі қажетті режимнің бірін таңдаймыз немесе программа терезесінің сол жақ төменгі шетінде орналасқан режим батырмасының тиістісін шерту жеткілікті




жүктеу 469,14 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау