Мүгедектігі бар балалардың жағдайына талдау: Қазақстан республикасында инклюзивті қоғамды дамыту балалар үшін бірігейік



жүктеу 3,63 Mb.
Pdf просмотр
бет41/47
Дата30.12.2019
өлшемі3,63 Mb.
#25459
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   47

әлеуметтік қамтамасыз ету, ақысыз білім алу (ба-
стауыш, орта білім және кәсіптік даярлық, соны-
мен қатар конкурстық негізде ақысыз жоғары 
білім алу), денсаулық сақтау мекемелеріндегі 
мамандандырылған ем қабылдау, сонымен 
қатар мүгедектігі бар балалардың белгілі бір 
қажеттіліктерін қанағаттандыратын бірқатар 
жеңілдіктер мен қызметтер құқықтарын 
белгілеу арқылы мүгедектігі бар балалардың 
белгілі бір деңгейде қорғалуын қарастырады. 
Мүгедектігі бар баланың/адамның 
құқықтарына қатысты соңғы екі онжылдықта 
қабылданған заңдар мен қаулылар, мүгедектігі 
бар балаларды әлеуметтік қорғауға арналған 
сенімді нормативтік-құқықтық негіз құруға 
мүмкіндік беріп қана қойған жоқ, сонымен бірге 
елімізде әлеуметтік жұмыстарды енгізу кезінде 
осындай адамдар ұшырасатын қиындықтарды 
айқындауға көмектесті. Мұның бәрі, әсіресе ХХ 
ғасырдың 90-шы жылдарындағы мүгедектікті 
шектеулі мойындау және талқылау ісін ескер-
сек, Қазақстан Республикасының маңызды 
жетістіктерге жеткенін көрсетеді.
Қазақстан Республикасының соңғы 
жылдардағы мүгедектігі бар балаларды ем-
деуге қатысты бірқатар жетістіктерін атап 
айтуға болады. Қазақстан жүктіліктің ерте 
сатысындағы мүгедектікті уақытында анықтауға 
көмектесетін жаңа қаулы қабылдады. Жаңа 
қаулылар антенатальдық, перинаталдық 
және неонаталдық скринингке қатысты 
қолданылады. Жаңа әдіс сонымен қатар 
баланың сәби кезіндегі және жас шағындағы 
сырқаттарын интеграциялау үшін де енгізілді. 
Білім алу, денсаулық сақтау және әлеуметтік 
қорғау сияқты мұндай секторлар мүгедек ба-
лаларды анықтау, қорғау және интеграциялау 
тұрғысында жаңа аспектілер мен рөлдерге ау-
ысты. Білім беру саласындағы педагогикалық 
скрининг дамуы шектеулі балаларды 
анықтауға көмектеседі. Әлеуметтік қорғау 
жүйесі шеңберінде баланың мүгедектік тобы 
анықталады; әлеуметтік интеграциялау пер-
спективалары, соның ішінде еңбек нарығына 
қамту мүгедектік деңгейінің ауырлығы негізінде 
бағаланады. Күш-қуат барлық секторлар бой-
ынша интеграцияланды, балаға және маманға 
өмір бойғы мүмкіндіктер теңдігі мен әділдікті 
қамтамасыз ету бойынша стратегия әзірлеуде 
көмек беретін ерте жаста даму кемшіліктерін 
анықтау үшін балаларға жаппай стандарталған 
скрининг жасау бастамасы көтерілді.
Қазақстандағы мүгедектікке қатысты 
көтерілген шешілмеген мәселелердің бірі 
елдегі мүгедектікке берілетін ресми анықтама 
қандай екеніне байланысты. Мүгедектікті 
анықтау тұтас жүйенің «инклюзивтілігінің» және 
кемсітуге ұшырамауының бірінші белгісі болуы 
тиіс. Осы есепте Қазақстан Республикасындағы 
заңнамада пайдаланылатын екі негізгі 
айырмашылық белгіленген. Біріншіден, заң 
«мүгедектігі бар бала» және «мүмкіндігі шектеулі 
бала» деген терминдерді бөліп көрсетеді, 
біріншісіне мүгедектік бойынша жәрдемақы алу 
құқығын, ал екіншісіне ақысыз медициналық 
көмек алу құқығын береді. Екіншіден, әсіресе 
әлеуметтік мүгедектік моделінде екі анықтама 
да ескірген. «Мүгедектігі бар бала» деген 
сияқты мұндай терминдер медициналық 
мүгедектік моделіне жатады, мұнда мүгедектікті 
коррекциялау атап көрсетіледі. Қазақстан 
«мүгедектер» және «мүмкіндігі шектеулі бала» 
сияқты сөздерді өзгерту немесе болдырмау 
арқылы стигматизациядан және оқшаулау 
коннотациясынан арылу мақсатында заңды 
терминологияны қайта қарау туралы мәселені 
қарауы тиіс. Осыған байланысты, бала-
лар мен жастардың өмірі мен денсаулығын 
шектеудің Халықаралық топтастырғышы (БЖ 
– ХТ) мүгедектікке әлеуметтік модель ретінде 
қарауға бағдар дәрежесінде қызмет ете ала-
ды. БЖ-ХТ маңызды ерекшелігі жұмыс істеу 
және мүгедектік мәселелері қолданыстағы 
мүгедектік анықтамасы ағзаның әрекетін 
ғана емес, әлеуметтік фаторлар мен қоршаған 
ортаның да өзара байланысын ескеруі тиіс 
екендігі аса маңызды фактор болып табылатын 
әлеуметтік контекст шеңберінде туындайтынын 
оның құптайтыны болып табылады.
Осы есепте талдау жасалған деректер көрсетіп 
отырғандай, 2005 жылдан бастап 2012 жылға 
дейін Қазақстан Республикасындағы мүгедектігі 
бар балалардың жалпы саны ұлғайған. 
Ішінара мұны Қазақстан Республикасындағы 
балалардың жалпы санының ұлғаюына бай-
ланысты қарауға болады, бірақ мүгедектігі 
бар балалардың саны осы балалардың са-
лыстырмалы үлесі ретінде де ұлғайып отыр. 
Бұл мүгедектігі бар балалардың көбірек 
анықталғанын көрсететін оң беталыс болып та-
былады, осыған сәйкес, олар кепілдікті түрде 
қорғау жүйесімен қамтамасыз етіледі. Алайда, 
біраз адамдардың «жасырын мүгедектігі» бар 
екені немесе олардың ресми тіркелмегені ту-
ралы деректер де баршылық. Мүгедектік бой-
ынша жәрдемақы алуға сұраныс білдіргендегі 
кедергілер және мүгедектігі бар адамдарды 
жекелеген дискриминациялау оқиғалары бұл 
құбылыстың ықтимал себептері болуы мүмкін. 
Бұдан басқа, мүгедектігі бар балалардың 
әлеуметтік интеграциялануы бұрынғысынша 
90


Мүгедектігі бар балалардың жағдайына талдау:  ҚазаҚстан республикасында инклюзивті ҚоғаМды даМыту
Қазақстанның әлеуметтік саясатының 
маңызды қиындықтарының бірі болып қалып 
отыр. Мүгедектігі бар балалардың жалпы 
білім беру жүйесіне әлеуметтік интеграцияла-
нуы сияқты аспектілер міндетті коррекциялық, 
педагогикалық және психологиялық көмек 
тұрғысында көп күш-қуат жұмсауды талап етеді 
деп мәлімденді. 
Географиялық орналасу тұрғысында 
Қарағанды, Алматы, Жамбыл және Оңтүстік 
Қазақстан облысы мүгедектігі бар баалар 
саны өте жоғары (абсолютті) аймақтар болып 
табылады. Мұны осы аймақта тұратын халық 
санының жиілігінен деп түсінуге болады (жал-
пы республика халқының шамамен 40% жуық). 
Шығыс Қазақстан, Қызылорда, Маңғыстау об-
лысы, Астана және Алматы қалалары да са-
лыстырмалы түрде мүгедектігі бар балалар 
саны жоғары әкімшілік бірліктер болып табы-
лады. Мүгедектігі бар балаларды санаттарға 
бөлу осы үрдістер бойынша жүргізіледі. Осы 
денсаулық сақтау жүйесі 16 жасқа дейінгі 
мүгедектігі бар балалардың жалпы санының 
88,2%-ы алғашқы медициналық-санитарлық 
көмек көрсету деңгейінде емханаларда 
тіркелетінін көрсетті. Бұл кейбір мүгедектігі бар 
балалар үшін алғашқы медициналық көмек қол 
жетімсіз болып қалуы мүмкін екенін көрсетеді. 
Негізгі кедергілер – медициналық мекеме-
ге дейінгі қашықтық, нашар инфрақұрылым, 
стигматизация немесе баланы ауруханаға 
апаруға жұмысбастылығына байланысты ата-
аналардың уақытының жетіспеушілігі. 
Қолданыстағы заңнамалық база мүгедектігі бар 
балаларға ақысыз бастауыш және орта білім 
алуға, сонымен қатар әлеуметтік, медициналық 
және коррекциялық-педагогикалық қолдау 
көрсетілуіне кепілдік береді. Бұдан басқа, 
мүгедектігі бар балалар және олардың отба-
сылары мамандандырылған әлеуметтік қызмет 
және ең төменгі күнкөріс ақысы көлемінде ай 
сайынғы жәрдемақы ала алады. 2009 жыл-
дан 2012 жылға дейін мемлекеттік әлеуметтік 
жәрдемақы алатын мүгедектігі бар балалардың 
саны көбейді, бірақ мүгедектігі бар балалардың 
шамамен 3,28% жуығы мемлекеттік жәрдемақы 
алмайды, мұның өзі осы топтың әлі де дұрыс 
қорғалып отырмағанын көрсетеді.
Қазақстандағы мүгедектігі бар балаларға 
арналған бағдарламалар негізінен оқыту 
және оңалту шараларынан тұрады. Қазіргі 
уақытта Қазақстан Республикасы мүгедектігі 
бар балаларға қызмет көрсету үшін әлеуметтік 
және білім беру мекемелерінің теңгерімделген 
желісіне сүйенеді. Мүгедектік деңгейіне қарай 
мүгедектігі бар балалар жалпы білім беретін, 
инклюзивтік, мамандандырылған даярлық, 
бастауыш мектептеріне немесе әлеуметтік 
Спешиал Олимпикс ұйымдастырған спорттық 
жарыстардың көп дүркін жеңімпазы
91


жүктеу 3,63 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   47




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау